cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Alash.kz

Alash.kz ұлттық ақпараттық порталы

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
778
Suscriptores
-124 horas
-57 días
-1730 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Түркістанда 2006 жылғы тұрғын мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалдарын сәйкес, биыл 14 сәуірінде жігіт Түркістан қаласының орталық көшесімен көлік жүргізіп келе жатып, телефонына ілініп тұрған мемлекеттік туды камерасына түсіріп алған. Келесі күні ол роликті TikTok-та жариялаған. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының туын "шүберек" деп атаған. Видео ұнатпағандар көп болған. Пікір білдірушілер де мемлекеттік рәмізге деген мұндай көзқарасқа наразылық білдірген. Көп ұзамай автор жазбасын өшіріп тастаған, бірақ кейбір қолданушылар полиция мен прокуратураға арыз түсірген. Бұл факт бойынша тергеу басталды. Жігіттің жеке басы анықталып, ұсталды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Mostrar todo...
Қазақстанда салынатын ЖЭО көмірмен де, газбен де жұмыс істейтін болады Бұл туралы энергетика министрі Сәтқалиев айтты. Қазақстанның шығысын газдандыру жобасы жүзеге асса, көмірмен жұмыс істейтін жаңа жылу электр орталықтарын газға көшіруге болады екен. Құрылыс 2025 жылы басталады.
Mostrar todo...
00:21
Video unavailableShow in Telegram
Балабақша бітіргендерін атап өткен бүлдіршіндердің видеосы желіде қызу талқылануда. Олар лимузинге мініп, балабақша бітірулерін дүркіретіп тойлаған, деп хабарлайды Alash.kz. Видео Zhanaozen_online парақшасында жарияланған. Бейнежазбада бүлдіршіндер бірдей көйлек,лента,бантикпен отырғаны олардың ұзақ дайындалғанын байқатады Видео астындағы пікірге халық “аста төк ысырапшылдыққа ата-аналардың өздері жол береді” деп жарыса жазып жатыр. "Бұлай жасауға болмайды. Балалар дайын дүниеге үйреніп алады да, кейін нағыз өмірге дайын болмай шығады". "Олар 11 бітіріп жатқан жоқ қой, бұлай жасаудың қажеті қанша?" "Мектеп бітіргенде ұшақ жалдайтын шығар, ата-аналарының ақшасы қалтасына сыймай жүрген болар" деп жазысты желі қолданушылары.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары» форумының екінші панельдік сессиясында спикерлер атом энергетикасының пайдасы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атом электр энергиясының тұрақты көзін қамтамасыз етудің жолы ғана емес, сонымен қатар, экономиканың сабақтас салаларын дамытудың қуатты катализаторы екенін атап өтті. Атом электр стансасы сияқты ауқымды және білімді қажет ететін жобаны жүзеге асыру энергетиканың, құрылыстың, ғылымның және тағы басқа заманауи технологиялар сияқты салалардың дамуына септігі тиетіні айтылды. Толығырақ: https://alash.kz/kz/article/esh-zyyani-joq-xaliq-atom-elektr-stansasinin-paydasin-bilmeydi-banu-nurgazyeva.html
Mostrar todo...
Қоғам белсендісі, әйелдердің құқығын қорғап жүрген коуч Роза Әшірбаева бірқатар мемлекет зиялыларына маңызды сауал жолдады, деп хабарлайды Alash.kz. Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында, ол әйелдердің құқығын имамдардың өздері құртатынын жеткізген. Күнделікті жаңалықтарды ашып қарағанда жануарды да, адамды да зорлап жатқан ер адам екенін де тілге тиек етті.  Толығырақ: https://alash.kz/kz/article/oramal-taqpasa-aryne-zorlaydi-erkektin-napsisin-alga-tartip-zorliqti-quptaytin-ymamdarga-kim-shekteu-qoyadi.html
Mostrar todo...
Орамал тақпаса, әрине зорлайды: Еркектің нәпсісін алға тартып, зорлықты құптайтын имамдарға кім шектеу қояды?

Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында, ол әйелдердің құқығын имамдардың өздері құртатынын жеткізген.

Премьер-министр Олжас Бектенов министрлер кабинетіне депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды Alash.kz. Олжас Бектенов мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевпен кездескенін айтып, депутат қызметіне көңілі толғанын баяндады. 
«Оның ауыл шаруашылығын дамыту, шекаралас елді мекендер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарды қолдау және басқа да бағыттар бойынша көптеген идеясы бар. Айдарбек Сейпілұлы (ауыл шаруашылығы министрі), депутатпен кездесіп, бәрін егжей-тегжейлі талқылап, маған нақты ұсыныстар енгізіңіз. Жалпы, депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жасау керек», — деді  ол үкімет отырысында.
Mostrar todo...
01:00
Video unavailableShow in Telegram
Әлеуметтік желіде пәтер мен көлікті ұтысқа ойнатқан ең қымбат тойдың видеосы тарады TikTok желісінде тараған видеода тойға Иманғали Тасмағамбетов, Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та келген. Арнайы лоторея ойнатқан. Басты сыйлық Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер болған.
Mostrar todo...
Үкіметте заңдарды қазақ тілінде әзірлеу мәселесі қаралды Премьер-министр орынбасары Дүйсенова Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Әділет министрі Азамат Есқараев мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы баяндама жасады. Ғылым және жоғары білім инистрі Саясат Нұрбек қазақша жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, тілге қатысты заманауи IT-жобаларды әзірлеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Mostrar todo...
👍 2
Тәжікстан парламенті «Тәжікстан Республикасындағы салт-дәстүрлерді, мерекелер мен әдет-ғұрыптарды реттеу туралы» заңға түзетулер енгізіп, «ұлттық мәдениетке қайшы келетін киімдерді» киюге тыйым салды. Айта кетейік, заң жобасында киімнің нақты атауы жоқ, бірақ мамандар, ең алдымен, әйелдердің мұсылмандық киімдері туралы айтып отырғанына сенімді. Хиджабқа ғана емес, сатрға да тыйым салынады, деп жазады «Озоди» радиосы. Депутат Мавлудахон Мирзозода енгізілген түзетулерге сәйкес, енді Тәжікстан тұрғындарына ұлттық мәдениетті ұстану және ұлттық киім кию міндеттелетінін айтты. Толығырақ: https://alash.kz/kz/article/tajikstan-byligi-xydjab-kyyuge-zanmen-tiyim-saldi.html
Mostrar todo...
Тәжікстан билігі хиджаб киюге заңмен тыйым салды

Тәжікстан тұрғындары бір-бірімен хиджаб пен сатра киген әйелдерге бас киімді «дұрыс емес» кигені үшін 3500 сом айыппұл төлейтіні туралы ауруханалардың бірінің кіреберісінде ескертілген видеоны бөлісуде.

01:47
Video unavailableShow in Telegram
77 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ШПАГАТҚА ОТЫРДЫ Қандай кереме, иә?😍
Mostrar todo...