es
Feedback
KFF Team

KFF Team

Ir al canal en Telegram

Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️ 🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team 🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal 🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz 🔹 Twitter: @KFF_Team 🔹 TikTok: @kff.team

Mostrar más
7 058
Suscriptores
-1024 horas
-607 días
-20330 días
Archivo de publicaciones
Астанада ҚФФ «Батыр жолы» футбол конференциясы өтеді Бұл конференция отандық футбол басшыларын, кәсіби клубтардың өкілдерін,
Астанада ҚФФ «Батыр жолы» футбол конференциясы өтеді Бұл конференция отандық футбол басшыларын, кәсіби клубтардың өкілдерін, жаттықтырушыларды, ұлттық құрамалардың мамандарын және халықаралық деңгейдегі сарапшыларды бір алаңға жинайтын маңызды іс-шара болмақ. Конференцияның басты мақсаты – Қазақстан футболындағы ұлттық болмысын қалыптастыру мәселелерін және ойыншылар мен жаттықтырушыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін талқылау. Сонымен қатар іс-шара барысында «Батыр жолы» ұлттық футбол болмысы жобасының тұсаукесері өтіп, кәсіби пікірталастар ұйымдастырылады. Конференция стратегиялық мәселелерді талқылаумен қатар, білім беру тұрғысынан да маңызды. УЕФА-ның жарамды жаттықтырушылық лицензиясы бар отандық мамандар конференцияға қатысқаннан кейін UEFA Continuous Professional Development (CPD) бағдарламасы бойынша 8 сағаттық үздіксіз кәсіби даму сертификатын алады. Бұл сағаттарды ҚФФ жаттықтырушылық лицензияларды ұзарту кезінде есепке ала алады. ҚФФ үшін бұл конференция – әлемдік стандарттарды енгізуге және елімізде бірыңғай футбол философиясын қалыптастыруға бағытталған маңызды стратегиялық қадам.

Келесі кезеңге жолдама үшін күрес 👊🏻🇰🇿 🏆 Бүгін «Қайрат» сырт алаңда УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндег
Келесі кезеңге жолдама үшін күрес 👊🏻🇰🇿 🏆 Бүгін «Қайрат» сырт алаңда УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойынын өткізеді Кездесу Никшич қаласындағы черногориялық «Сутьеска» командасының «Край Бистрице» стадионында 00:00-де өтеді. Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿 #BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің матчына делегат болып тағайындалды Отандық маман Олжас Абраев Молдован
Олжас Абраев УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің матчына делегат болып тағайындалды Отандық маман Олжас Абраев Молдованың «Милсами Орхей» және Боснияның «Вележ Мостар» командалары арасындағы УЕФА Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінің матчына делегат болып тағайындалды. Ойын 16 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матч Молдованың Орхей қаласындағы «Дистрикт Спорт Комплекс» стадионында өтеді. Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бері ФИФА матч комиссары. Айта кетейік, УЕФА матч делегаты ойындарда УЕФА-ның ресми өкілі ретінде әрекет етеді, матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, сондай-ақ матчтың жүйелі ұйымдастырылуын және жарыс регламентінің, әсіресе стадион ішінде және одан тыс жерде матчқа дейін, матч кезінде және одан кейін тәртіп пен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапты болады. Сонымен қатар, делегат УЕФА әкімшілігінің сұрауы бойынша матчқа дайындық туралы есеп ұсынады және қажет болған жағдайда турнирдің ұйымдастырылу деңгейі мен мүмкіндіктерін бағалау үшін жарыс алдында нысанды аралап тексереді.

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына тағайындалды Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2
Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына тағайындалды Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындау алды. Беларусьтің БАТЭ және Албанияның «Эльбасани» клубтары арасындағы 16 шілдеде Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін кездесуге отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Матчтың бас төрешісі Данияр Сахи болады. Оған көмекшілер Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі, ал қосалқы төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады. Сонымен қатар, ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Черногорияның «Дечич» және Латвияның «Лиепая» командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды. Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласындағы стадионда өтеді.

🇰🇿 eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды! Қазақстанның eFootball Mobile бойынша ұлтт
🇰🇿 eFootball Mobile бойынша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды! Қазақстанның eFootball Mobile бойынша ұлттық құрамасы тарихи жетістікке жетіп, FIFAe Continental Championship Europe турнирінің финалдық кезеңіне шықты. FIFAe eNations League аясында қазақстандық команда Португалия, Хорватия, Грекия, Босния және Герцеговина, Литва және Швейцария құрамаларын жеңіп, Еуропаның үздік 8 құрамасының қатарына енді. 🏆 Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 1-6 қыркүйекте Португалияда өтеді. Турнирде әлем чемпионатына берілетін екі жолдама сарапқа салынады. 👏 Қазақстан құрамасына алдағы Еуропа чемпионатында сәттілік тілейміз!

Қазақстан Премьер-лигасының 17-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар 11 шілде Ертіс – Жеңіс Бас төреші: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау) Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Азамат Ахметов (Қызылорда) Қосалқы төреші: Муродбек Халилов (Шымкент) VAR: Денис Измайлов (Талдықорған) AVAR: Наргис Магау (Алматы) Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда) Жетісу – Алтай Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда) Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Евгений Карлов (Павлодар) Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау) VAR: Саят Қарабаев (Астана) AVAR: Рустам Омаров (Алматы) Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал) Ұлытау – Қайсар Бас төреші: Сергей Ноженко (Талдықорған) Қапталдағы төрешілер: Нұржан Жүнісов (Астана), Максим Панин (Қостанай) Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл) VAR: Данил Горда (Көкшетау) AVAR: Сергей Калачев (Атырау) Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы) Каспий – Ордабасы Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал) Қапталдағы төрешілер: Иван Гриценко (Қостанай), Иван Навроцкий (Астана) Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда) VAR: Александр Затула (Өскемен) AVAR: Юрий Тихонюк (Ақтөбе) Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы) 12 шілде Тобыл – Оқжетпес Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана) Қапталдағы төрешілер: Станислав Лесив (Семей), Тимур Тұрсымбаев (Астана) Қосалқы төреші: Ануар Қазбеков (Қостанай) VAR: Антон Молтусинов (Өскемен) AVAR: Григорий Московченко (Павлодар) Инспектор: Құрманбек Ордабаев (Түркістан) Астана – Ақтөбе Бас төреші: Антон Кучма (Көкшетау) Қапталдағы төрешілер: Денис Лабашов (Атырау), Ринат Якбаров (Семей) Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана) VAR: Сәкен Байымбет (Тараз) AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау) Инспектор: Виктор Заякин (Семей)

🇰🇿⚽ Астанада UEFA «A Elite Youth» жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр Дарынды жас футболшылармен жұмыс істейт
+3
🇰🇿⚽ Астанада UEFA «A Elite Youth» жаттықтырушылар курсының екінші модулі өтіп жатыр Дарынды жас футболшылармен жұмыс істейтін жаттықтырушыларға арналған UEFA «A Elite Youth» курсы төрт күнге созылады. Оқыту бағдарламасында қатысушылар жас ойыншыларды даярлаудың заманауи тәсілдерін меңгеріп, жаттығу процесін жоспарлау мен өткізудің әдістерін жетілдіреді, сондай-ақ өздерінің практикалық жұмыстарын ұсынады. Бағдарлама теориялық сабақтарды, жаттығу процесін талдауды, тәжірибелік сессияларды және шағын топтардағы жұмысты қамтиды. Сонымен қатар команданың шабуыл әрекеттерін ұйымдастыру, ұлттық құрамалар ойыншыларын тестілеу, скаутингтің заманауи әдістері, таланттарды анықтау, жас футболшылардың әлеуетін бағалау және олардың дамуын сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Практикалық бөлімде тыңдаушылар командамен жаттығу өткізіп, кейін сарапшылардан жан-жақты кері байланыс алады. #KFF

Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻 Бүгін «Елімай» мен «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды. Қос ком
+1
Сәттілік, жігіттер! 🙌🏻 Бүгін «Елімай» мен «Астана» УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды. Қос командамыз да бірінші матчтарын сырт алаңда өткізеді: «Елімай» Армения астанасы Ереванда «Алашкертпен» ойнаса, «Астана» Албанияда «Динамо Тирана» ұжымымен күш сынасады. Командаларымызға жанкүйер болайық. Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿 #BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті ҚФФ Техникалық даму комитеті отырысының күн тәртібінде Қазақстан
ҚФФ Ұлттық құрама бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті ҚФФ Техникалық даму комитеті отырысының күн тәртібінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптар қаралып, бекітілді. Бекітілген профиль ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлерді қарастыру кезінде ескеруге ұсынылатын негізгі кәсіби және ұйымдастырушылық талаптарды айқындайды. Үміткерге қойылатын басты талаптар: Прессинг жағдайындағы жұмыс тәжірибесі: қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиындары, жауапкершілік пен ресми маңызды матчтар кезінде тиімді жұмыс істей білу. Тактикалық икемділік: ойын үлгісі мен матч жоспарын қарсыласқа, ойынға, құрамдағы өзгерістерге және кездесудің өту барысына қарай жедел бейімдей алу. Көшбасшылық және коммуникация: талапшыл, бірақ құрметке негізделген басқару стилі, қиын жағдайларда сабыр сақтай білу және команда мүддесін медиа кеңістікте тиімді қорғай алу. Көпсалалы бапкерлер штабы: талдаушыларды, дене даярлығы жаттықтырушыларды және қақпашылар бапкерін қамтитын мамандар тобын қалыптастыра білу. Бұл құжат ҚФФ басшылығына жолданып, түпкілікті шешім қабылдау үшін Атқарушы комитет қарауына ұсынылады.

🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды Іріктеу кезеңін
🏆 Бүгін Қазақстан чемпионы «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды Іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсылас – черногориялық «Сутьеска» ұжымы. Матч Алматының «Орталық» стадионында 20:00-де өтеді. Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿 #BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

🇰🇿 Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының соңғы үш жылдағы ең үздік матчтары 🔥 Жастарымыздың Еуропаның азулы командалары
+5
🇰🇿 Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының соңғы үш жылдағы ең үздік матчтары 🔥 Жастарымыздың Еуропаның азулы командаларына қарсы өткізген ең тартысты әрі есте қаларлық матчтарына шолу жасаймыз. #BizdinJigitter 💛💙

🇰🇿⚽ CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады Команда Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипаж
🇰🇿⚽ CP Football-дан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады Команда Алматыдағы «Алтын Қарғалы» шипажай базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олар 15–24 тамызда Англияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықтың шешуші кезеңіне кірісті. Дәл осы жиында маусымның ең маңызды халықаралық додасына қажетті физикалық және тактикалық дайындықтың негізі қаланады. Бұған Италия, Үндістан, Кения, АҚШ құрамалары қатысады. Ал біздің қай құрамамен кездесеріміз жеребе тарту рәсімінен кейін белгілі болады. Бұл Қазақстанның CP Football ұлттық құрамасы қатысатын алғашқы ірі халықаралық турнир, отандық парафутбол тарихындағы маңызды оқиға болып отыр. 💙💛 Командамызға сәттілік тілейміз! #KFF

🎙️ ҚФФ подкасының жаңа шығарылымы эфирде «Футбол ДНҚ» подкасының қонағы – ҚФФ атқарушы директоры Бекжан Сафинов. Сұхбат барысында Қазақстан футболындағы реформалар, федерацияның стратегиялық бағыттары, инфрақұрылымды дамыту, клубтарды жекешелендіру, жаңа академиялар, KFF Arena жобасы, ұлттық құрамалар, қаржыландыру, халықаралық серіктестік және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ Бекжан Сафинов ҚФФ жұмысының негізгі қағидаттары мен қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ашық пікір білдіріп, көрермендерді қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап берді. 📺 Толық шығарылым KFF YouTube-арнасында көре аласыздар. #KFF

Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымыны
Қазақстандық делегат УЕФА Еуропа лигасының матчында қызмет атқарады Аян Әлжанов УЕФА Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымының бірінші іріктеу кезеңіндегі матчқа делегат болып тағайындалды. 9 шілде күні Әзербайжанда «Қарабах» пен Исландияның «Вестри» командалары кездеседі. Матч Баку қаласындағы Тофик Бахрамов атындағы республикалық стадионда жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады. Аян Әлжанов аталған кездесуде УЕФА матч делегаты қызметін атқарады. УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда
👑 Чемпиондық тәж қайтадан «Қайратқа» бұйырды Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктіріп, өз тарихындағы 22-ші чемпиондық атағын еншіледі. Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты. 🏆 «Қайрат» – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы #BizdinJigitter💛💙

𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥 Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында «Семей» мен с арасындағы 5-ойын 😍 Бүгін ел чемпионын анықт
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 😍🔥 Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалында «Семей» мен с арасындағы 5-ойын 😍 Бүгін ел чемпионын анықтайтын күн! 📆 30.06 | 🕗 20:00 🔵 «Семей» – «Семей» 🔴 🏟 «Абай арена», Семей 🎥 KFA Resmi YouTube-арнасы #KFFFutsal | #BizdinJigitter💛💙

Territima-мен бірге Қазақстанда бой көтеріп жатқан жаңа футбол инфрақұрылымдарын аралап шықтық 🏟️🇰🇿 Бұл сапарда Талғар мен Қарағандыдағы академияны, Шымкент пен Ақтөбедегі стадиондарды, сондай-ақ Қызылордадағы футбол инфрақұрылымының құрылысын көрдік. Заманауи инфрақұрылым – отандық футболдың болашағына салынған инвестиция ⚽️

Қазақстан U-15 құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 алғашқы турниріне қатысады 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірі
Қазақстан U-15 құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 алғашқы турниріне қатысады 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 турниріне қатысады. Тарихтағы алғашқы жарыс 2026 жылғы 22-31 қазан аралығында Әзербайжанда өтеді. Жарыс FIFA футбол фестивалі форматында ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнир жас таланттарды дамытуға арналған жаһандық бағдарламаның бір бөлігі. Негізгі мақсат – болашағынан үміт күттіретін ойыншыларды ерте анықтау, олардың техникалық шеберлігі мен ойын ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ FIFA U-17 әлем чемпионаты сияқты халықаралық жарыстарға дайындау. FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 матчтары қақпашыны қоса есептегенде 8×8 форматында өтеді. Бұл формат дәл осы жас санатына арнайы әзірленген. Соның арқасында футболшылар доппен көбірек жұмыс істеп, ойын барысында жиірек шешім қабылдап, шабуыл әрекеттеріне белсендірек қатыса алады. Турнирдің алдын ала бекітілген талаптарына сәйкес, жарысқа 2011 және 2012 жылы туған футболшылар қатыса алады. Әр команда 14 ойыншыны, оның ішінде кемінде екі қақпашыны, сондай-ақ штабтың алты өкілін тіркей алады. Турнир екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі турнир кезеңі. Қатысушы командалар әр кезеңдегі нәтижесіне қарамастан, жарыс бойы матчтарын өткізеді. #BizdinJigitter💛💙

Қазақстан U-15 құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 алғашқы турниріне қатысады 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 турниріне қатысады. Тарихтағы алғашқы жарыс 2026 жылғы 22-31 қазан аралығында Әзербайжанда өтеді. Жарыс FIFA футбол фестивалі форматында ұйымдастырылып жатыр. Бұл турнир жас таланттарды дамытуға арналған жаһандық бағдарламаның бір бөлігі. Негізгі мақсат – болашағынан үміт күттіретін ойыншыларды ерте анықтау, олардың техникалық шеберлігі мен ойын ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ FIFA U-17 әлем чемпионаты сияқты халықаралық жарыстарға дайындау. FIFA U-15 World Cup and Festival 2026 матчтары қақпашыны қоса есептегенде 8×8 форматында өтеді. Бұл формат дәл осы жас санатына арнайы әзірленген. Соның арқасында футболшылар доппен көбірек жұмыс істеп, ойын барысында жиірек шешім қабылдап, шабуыл әрекеттеріне белсендірек қатыса алады. Турнирдің алдын ала бекітілген талаптарына сәйкес, жарысқа 2011 және 2012 жылы туған футболшылар қатыса алады. Әр команда 14 ойыншыны, оның ішінде кемінде екі қақпашыны, сондай-ақ штабтың алты өкілін тіркей алады. Турнир екі кезеңнен тұрады: іріктеу және негізгі турнир кезеңі. Қатысушы командалар әр кезеңдегі нәтижесіне қарамастан, жарыс бойы матчтарын өткізеді. #BizdinJigitter💛💙

Қазақстан Премьер-лигасының 15-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар 27 маусым Оқжетпес – Қайрат Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана) Қапталдағы төрешілер: Сергей Калачев (Атырау), Данияр Серікболов (Семей) Қосалқы төреші: Станислав Пучков (Петропавл) VAR: Марат Ысқақов (Астана) AVAR: Нұржан Жүнісов (Астана) Инспектор: Бағдат Түсеев (Астана) Жетісу – Ақтөбе Бас төреші: Айдын Тасыбаев (Астана) Қапталдағы төрешілер: Евгений Филипчук (Шымкент), Ринат Якбаров (Семей) Қосалқы төреші: Жақсылық Сейдахметов (Талдықорған) VAR: Антон Молтусинов (Өскемен) AVAR: Денис Лабашов (Атырау) Инспектор: Сергей Уфимцев (Алматы) Елімай – Қызылжар Бас төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе) Қапталдағы төрешілер: Алексей Шабанов (Алматы), Евгений Кольев (Павлодар) Қосалқы төреші: Елдос Қанаев (Шымкент) VAR: Денис Измайлов (Талдықорған) AVAR: Дмитрий Белоградов (Павлодар) Инспектор: Виктор Антонов (Павлодар) Каспий – Атырау Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Тараз) Қапталдағы төрешілер: Иван Филатов (Қарағанды), Тимур Тұрсынбаев (Астана) Қосалқы төреші: Ерәділ Тілеуов (Қызылорда) VAR: Кирилл Ткачев (Алматы) AVAR: Наргис Магау (Алматы) Инспектор: Александр Гаузер (Петропавл) 28 маусым Ұлытау – Ордабасы Бас төреші: Данияр Сахи (Қызылорда) Қапталдағы төрешілер: Самат Тергеусізов (Алматы), Артем Волков (Атырау) Қосалқы төреші: Сағадат Идрисов (Ақтау) VAR: Нариман Талапкеров (Орал) AVAR: Евгений Карлов (Павлодар) Инспектор: Сергей Пасько (Алматы) Ертіс – Қайсар Бас төреші: Георгий Чеховский (Астана) Қапталдағы төрешілер: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Иван Гриценко (Қостанай) Қосалқы төреші: Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар) VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған) AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды) Инспектор: Асхат Абданбаев (Тараз) Тобыл – Алтай Бас төреші: Данил Горда (Көкшетау) Қапталдағы төрешілер: Дмитрий Филоненко (Тараз), Вячеслав Равдель (Орал) Қосалқы төреші: Станислав Шелег (Қостанай) VAR: Сәкен Байымбет (Тараз) AVAR: Станислав Лесив (Семей) Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда) Жеңіс – Астана Бас төреші: Александр Затула (Өскемен) Қапталдағы төрешілер: Сергей Васютин (Алматы), Темірбек Ысқақов (Орал) Қосалқы төреші: Сергей Попов (Астана) VAR: Антон Кучма (Көкшетау) AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау) Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал)