es
Feedback
KFF Team

KFF Team

Ir al canal en Telegram

Қазақстан футбол федерациясының ресми Telegram парақшасы 🇰🇿⚽️ 🔹 Instagram: https://instagram.com/kff_team 🔷 https://instagram.com/kff_team_futsal 🔹 Facebook: https://facebook.com/KFFkaz 🔹 Twitter: @KFF_Team 🔹 TikTok: @kff.team

Mostrar más
6 908
Suscriptores
-624 horas
-497 días
-14130 días
Archivo de publicaciones
Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесі «Тобыл» және «Қайсар» командалары арасындағы Премьер-лиганың 21-туры матчының заңсыз түрде ауыстырылғаны туралы мәлімдемелер мен жарияланымдардың таралуына, сондай-ақ аталған кездесудегі төрешілікке қатысты сұрақтарға байланысты Қазақстан футбол федерациясы түсініктеме беріп, ресми ұстанымын білдіруді қажет деп санайды. Матчты 2026 жылғы 9 тамыздан 25 тамызға ауыстыру туралы шешім «Тобыл» футбол клубының УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты қабылданды. Бұл негіз жарыс регламентінде қарастырылған және Қазақстан клубтары халықаралық турнирлерге қатысқан жағдайда қолданылады. Сонымен қатар матчтың ҚФФ тарапынан «Қайсар» ФК-мен келісілместен, біржақты тәртіпте ауыстырылғаны туралы мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жайттар ресми хат алмасумен расталады: 4 тамызда «Тобыл» ФК Жарыстарды өткізу дирекциясына матчты 9 тамыздан 25 тамызға ауыстыру туралы ресми өтініш жолдап, оған «Қайсар» ФК-ның қарсылық білдірмейтіні туралы хатын қоса тіркеді; 5 тамызда «Қайсар» ФК матчты ауыстыруға келісімін ресми түрде растады және чемпионаттың күзгі бөлігінің күнтізбесін ескере отырып, 24 немесе 25 тамыз күндерін өзі ұсынды; 7 тамызда ҚФФ екі клубқа да матчтың 25 тамызға ауыстырылғаны туралы ресми түрде хабарлады. Осылайша, белгіленген күн «Қайсар» ФК-ға біржақты тәртіпте таңылған жоқ. Керісінше, 25 тамыз күні клубтың өзі ресми түрде ұсынған күндердің бірі негізінде белгіленді. Матчты өткізуге қатысты барлық қажетті ұйымдастырушылық мәселелер тиісті мемлекеттік органдармен және оны өткізуге жауапты тараптармен де келісілді. Бұдан бөлек, матчтың ауыстырылуына байланысты «Қайсар» ФК-ның қосымша шығындарын «Тобыл» ФК толық көлемде өтеді. Осылайша матчтың ауыстырылуы «Қайсар» ФК үшін кездесудің өткізілу күнінің өзгеруіне байланысты қаржылық шығындарға алып келген жоқ. ҚФФ ресми құжаттарға қайшы келетін және жанкүйерлер арасында Федерацияның әрекеттері туралы жалған түсінік қалыптастыратын ақпараттың таралуын жол берілмейтін жағдай деп санайды. Қазақстан футбол федерациясы төрешілік сапасына қатысты мәселелерге де мұқият қарайды және матчтағы даулы эпизодтарға байланысты жанкүйерлердің алаңдаушылығын түсінеді. Төрешілік, қадағалау және VAR дамыту департаменті «Тобыл» – «Қайсар» кездесуі барысында болған негізгі эпизодтарға егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Талдау нәтижелері, соның ішінде даулы сәттердің кадрлық талдауы және қабылданған төрешілік шешімдердің негіздемесі KFF_TV ресми арнасында қазақ және орыс тілдерінде жарияланды. ҚФФ төрешілік мәселелеріндегі ашықтық деңгейін жүйелі түрде арттырып келеді. Осы маусымның басынан Федерация Премьер-лига матчтарындағы негізгі төрешілік шешімдерге тұрақты түрде жария талдау жүргізу тәжірибесін енгізді. ҚФФ күнтізбені келісу рәсімдерін одан әрі жетілдіруді, төрешілер корпусы жұмысының ашықтығын арттыруды және Премьер-лиганың барлық клубтары үшін ешбір ерекшеліксіз бірыңғай қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуді жалғастырады. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі

👊🏻 𝑻𝑯𝑬 𝑳𝑨𝑺𝑻 𝑺𝑻𝑬𝑷! 🔥 Бүгін ел чемпиондары алматылық «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасына іріктеу плей-офф кезеңінің шеш
👊🏻 𝑻𝑯𝑬 𝑳𝑨𝑺𝑻 𝑺𝑻𝑬𝑷! 🔥 Бүгін ел чемпиондары алматылық «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасына іріктеу плей-офф кезеңінің шешуші ойынында бельгиялық «Андерлехтпен» ойнайды. Матч Бельгия астанасы Брюссель қаласындағы «Лотто Парк» стадионында өтеді. Бір апта бұрын Алматыда өткен алғашқы кездесу бельгиялықтардың пайдасына 0:3 есебімен аяқталды. ℹ️ Жұп жеңімпазы 2025/26 жылғы УЕФА Еуропа лигасы маусымының жалпы кезеңінде ойнайды, ал екінші команда еуро-маусымды УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде өткізеді. Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан! Алға, «Қайрат»! 💪🏻🇰🇿 #BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

🔜 Ұлттар лигасының басталуына 1 ай қалды 🏟️ 26 қыркүйек күні Ұлттар лигасының алғашқы матчында Фарер құрамасымен кездесеміз
🔜 Ұлттар лигасының басталуына 1 ай қалды 🏟️ 26 қыркүйек күні Ұлттар лигасының алғашқы матчында Фарер құрамасымен кездесеміз. 🏆 Ұлттар лигасының С дивизионы 3-тобында Фарер аралдары, Словакия және Молдова құрамаларымен ойнаймыз. 🇫🇴 Фарер аралдары – Қазақстан 🇰🇿 🏆 Ұлттар лигасы, С дивизионы, 3-топ 📆 26.09.2026 🏟️ «Торсволлур» стадионы, Торсхавн #BizdinJigitter💛💙 | #UEFANationsLeague

Футболдан Премьер-лиганың 21-тур аясында өткен «Тобыл» - «Қайсар» матчындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 21-туры матчындағы ойын сәттеріне түсіндірме берді. Толығырақ KFF YouTube-арнасында 📲

🏆 𝐏𝐋𝐀𝐘-𝐎𝐅𝐅 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 💪🏼 Бүгін «Қайрат» УЕФА Еуропа Лигасына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі бельгиялық «Анд
🏆 𝐏𝐋𝐀𝐘-𝐎𝐅𝐅 𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘! 💪🏼 Бүгін «Қайрат» УЕФА Еуропа Лигасына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі бельгиялық «Андерлехтке» қарсы бірінші матчын өткізеді. Ойын Алматыда 20:00-де өтеді. Кәрі құрлықтың айбынды додасында еліміздің абыройын асқақтатуда біздің жігіттерге сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан! 💪🏻🇰🇿 #BirińdiQazaqBirińDos | #KFFTeam

Бекболат, Тұяқбаев пен Басманов – кеңейтілген құрамда 😍 Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы матчтарына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 41 футболшы енді: Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан). Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Темірлан Ерланов, Талғат Құсяпов (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Широбоков, Дамир Қасабулат, Александр Мрынский, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Қайсар»), Арсен Әшірбек («Елімай»). Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Станислав Басманов («Астана»), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Жасұлан Әмір, Эльхан Астанов, Әбінұр Нұрымбет (бәрі – «Ордабасы»). Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Бёрнли», Англия), Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев («Қайрат»), Акмаль Бақтияров («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Максим Самородов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – «Ахмат», Ресей).

Repost from KFF LEAGUE
🇰🇿Қазақстандық клубтар 2025/26 жылғы еурокубок маусымы қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдерін алды Қазақстан
🇰🇿Қазақстандық клубтар 2025/26 жылғы еурокубок маусымы қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдерін алды Қазақстандық футбол клубтарына 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдері аударылды. Қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және клубтардың ойыншыларды даярлау жүйесін қолдауға бағытталған. Ынтымақтастық төлемдері УЕФА белгілеген талаптарға сәйкес келетін 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары арасында бөлінді. Жалпы төлем көлемі 7 754 000 еуроны құрады. Әр клуб 596 461 еуродан алды. Ынтымақтастық төлемдерін алған клубтар қатарында «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» бар. «Қайрат» футбол клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқандықтан, турнирге қатысқаны үшін жүлделік бонустар алды. 🇰🇿Казахстанские клубы получили солидарные выплаты от УЕФА за еврокубковый сезон 2025/26 Казахстанские футбольные клубы получили солидарные выплаты УЕФА по итогам еврокубкового сезона 2025/26. Средства направлены на развитие детско-юношеского футбола и поддержку клубной системы подготовки игроков. Солидарные выплаты распределены между клубами-участниками Казахстанской Премьер-лиги сезона 2025, которые соответствуют установленным требованиям УЕФА. Общая сумма выплат составила 7 754 000 евро. Каждый клуб получил по 596 461 евро. Получателями солидарных выплат стали «Астана», «Тобол», «Елимай», «Актобе», «Женис», «Ордабасы», «Окжетпес», «Кызылжар», «Улытау», «Кайсар», «Жетысу», «Атырау» и «Туран». ФК «Кайрат», как участник общего этапа Лиги чемпионов УЕФА сезона 2025/26 получил призовые бонусы за участие в турнире.

«Арман» – жағажай футболынан Қазақстан чемпионы Көкшетауда жағажай футболынан 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Турни
«Арман» – жағажай футболынан Қазақстан чемпионы Көкшетауда жағажай футболынан 2026 жылғы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Турнирдің жеңімпазы Павлодардың «Арман» командасы атанды. Чемпионаттың бірінші кезеңіндегі матчтар Павлодарда өтті. Екінші кезең Көкшетауда, Қопа көлінің жағасында арнайы салынған аренада ұйымдастырылды. Маусым қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодардың «Арман» командасы иеленді. Екінші орын Тараздың «Omega» клубына бұйырса, үшінші орын «Арман 1» командасына тиесілі болды. Қорытынды турнирлік кесте: 🥇 «Арман» (Павлодар) 🥈 «Omega» (Тараз) 🥉 «Арман 1» (Павлодар) Сондай-ақ чемпионат қорытындысы бойынша маусымның үздік ойыншылары анықталды. Жеке марапаттар: 🧤Үздік қақпашы – Бақытжан Бауржан («Көкшетау», Көкшетау) 🛡Үздік қорғаушы – Тимур Ершин («Арман», Павлодар) ⚽️Үздік сұрмерген – Саид Музарапов («Omega», Тараз) 😍 Үздік креативті ойыншы – Жасұлан Исаев («Omega», Тараз) ✊🏽 Үздік жас ойыншы – Даниель Кошкарев («Арман», Павлодар) 🔝 Үздік ойыншы – Баянбек Муралинов («Арман», Павлодар)

Сәттілік, Дастан 🙌🏽 Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жаңа маусымды «Бернли» клубында өткізеді. #BizdinJigitt
Сәттілік, Дастан 🙌🏽 Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жаңа маусымды «Бернли» клубында өткізеді. #BizdinJigitter💛💙

ҚФФ Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті 2026 жылғы 12 тамызда Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтті. Толығырақ: https://kff.kz/kk/news/28027

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Шкендия» – «Хиберниан» матчында қызмет етеді Қазақстандық төрешілер УЕФА Конфер
Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының «Шкендия» – «Хиберниан» матчында қызмет етеді Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы «Шкендия» (Солтүстік Македония) мен «Хиберниан» (Шотландия) арасындағы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчына тағайындалды. Қарымта кездесу 13 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де Скопье қаласында (Солтүстік Македония) «Тоше Проески» стадионында өтеді. Кездесудің бас төрешісі болып Болат Сәриев тағайындалды, оған ассистенттер Сергей Васютин пен Денис Лабашов көмектеседі, қосалқы төреші міндетін Данил Горда атқарады. VAR төрешісі болып Айдын Тасыбаев белгіленді, ал оған ассистент ретінде венгриялық Тамаш Богнар көмектеседі. Шотландияда өткен алғашқы матч «Хибернианның» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. #KFF

Қазақстан Премьер-лигасының 22-тур ойындарына тағайындалған төрешілер мен инспекторлар «Жеңіс» – «Жетісу» Бас төреші: Саят Суликанов (Ақтөбе) Төрешінің көмекшілері: Алексей Долгих (Павлодар), Наргис Магау (Алматы) Қосалқы төреші: Станислав Шелег (Қостанай) VAR: Данияр Сахи (Қызылорда) AVAR: Рустам Омаров (Алматы) Инспектор: Павел Салий (Өскемен) «Қайрат» – «Ұлытау» Бас төреші: Саят Қарабаев (Астана) Төрешінің көмекшілері: Иван Гриценко (Қостанай), Нұржан Жүнісов (Астана) Қосалқы төреші: Диас Құстаев (Орал) VAR: Антон Молтусинов (Өскемен) AVAR: Иван Навроцкий (Астана) Инспектор: Виктор Заякин (Семей) «Қайсар» – «Ақтөбе» Бас төреші: Георгий Чеховский (Астана) Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Белоградов (Павлодар), Евгений Карлов (Павлодар) Қосалқы төреші: Марал Әбдікеров (Қызылорда) VAR: Руслан Сұлтанғалиев (Атырау) AVAR: Григорий Московченко (Павлодар) Инспектор: Игорь Хисамутдинов (Павлодар) «Ордабасы» – «Алтай» Бас төреші: Сәкен Байымбет (Тараз) Төрешінің көмекшілері: Дмитрий Филоненко (Тараз), Төребек Жақсылық (Қызылорда) Қосалқы төреші: Рамазан Нұрдинов (Тараз) VAR: Антон Кучма (Көкшетау) AVAR: Антон Сысоев (Көкшетау) Инспектор: Сергей Цареградский (Алматы) 16 тамыз «Ертіс» – «Тобыл» Бас төреші: Александр Затула (Өскемен) Төрешінің көмекшілері: Сергей Калачев (Атырау), Данияр Серікболов (Семей) Қосалқы төреші: Бекарыс Аманкелдин (Орал) VAR: Кирилл Ткачев (Алматы) AVAR: Дмитрий Быстров (Қарағанды) Инспектор: Эльвира Нұрмұстафина (Алматы) «Каспий» – «Елімай» Бас төреші: Данил Горда (Көкшетау) Төрешінің көмекшілері: Амангелді Жүсіпов (Тараз), Темірбек Ысқақов (Орал) Қосалқы төреші: Ераділ Тілеуов (Қызылорда) VAR: Болат Сариев (Орал) AVAR: Денис Лабашов (Атырау) Инспектор: Қайрат Сламбеков (Алматы) «Қызылжар» – «Астана» Бас төреші: Денис Тевяшов (Орал) Төрешінің көмекшілері: Евгений Филипчук (Шымкент), Мансұр Сайдулаев (Қарағанды) Қосалқы төреші: Владимир Никлевич (Петропавл) VAR: Нариман Талапкеров (Орал) AVAR: Станислав Лесив (Семей) Инспектор: Болат Қарлыбаев (Орал) «Атырау» – «Оқжетпес» Бас төреші: Бағдат Абдуллаев (Тараз) Төрешінің көмекшілері: Самат Тергеусізов (Алматы), Вячеслав Равдель (Орал) Қосалқы төреші: Михаил Бильдинов (Қарағанды) VAR: Сергей Ноженко (Талдықорған) AVAR: Сергей Васютин (Алматы) Инспектор: Серік Жаппасбаев (Қызылорда)

Футболдан Премьер-лиганың 21-тур матчтарындағы жекелеген ойын эпизодтарына түсіндірме ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Ойын ережелеріне сәйкес 2026 жылғы Премьер-лиганың 21-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне түсіндірме берді. Толығырақ KFF YouTube-арнасында 📲

🎙Джон ван ’т Шкип: «Ұлттық құраманың есігі баршаға ашық» Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Чемп
+3
🎙Джон ван ’т Шкип: «Ұлттық құраманың есігі баршаға ашық» Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» пен болгариялық «Левски» арасындағы матчты тамашалады. Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында ван ’т Шкип отандық футболмен танысу барысы, көрген ойындары мен ұлттық құрамаға үміткерлерді іріктеу критерийлері туралы айтып берді. #BizdinJigitter💛💙

ҚФФ басшылығы «Астана» – «Оқжетпес» матчын тамашалады «Астана Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры аяс
ҚФФ басшылығы «Астана» – «Оқжетпес» матчын тамашалады «Астана Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры аясында «Астана» мен «Оқжетпес» командалары кездесті. Ойынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн, техникалық директор Геннадий Скуртул, нидерландтық футбол маманы Джон ван ’т Шкип және бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский және сарапшы бапкер Тимур Құсайынов қатысты. Мұндай кездесулер отандық чемпионаттағы ойыншыларды бақылап, ұлттық құрамаға үміткер футболшылардың деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Матч барысында Джон ван ’т Шкип командалардың ойын барысын бақылап, футболшылардың алаңдағы әрекеттеріне назар аударды.

Скотт Манн мен Джон ван ’т Шкиптің Талдықорғанға сапарынан бейнешолу 🎥 ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мен ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Джон ван ’т Шкип «Жетісу» — «Ордабасы» арасындағы Премьер-лига матчын тамашалады. Бұл сапар нидерландтық маман үшін ұлттық құрамаға кандидаттарды қараудың және инфрақұрылыммен танысудың алғашқы қадамы болды. #BizdinJigitter💛💙

Скотт Манн мен Джон ван ’т Шкип Талдықорғандағы Премьер-лига матчына барды Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт
+6
Скотт Манн мен Джон ван ’т Шкип Талдықорғандағы Премьер-лига матчына барды Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн мен ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Шкип «Жетісу» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы Премьер-лига матчына барды. Нидерландтық маман үшін Талдықорғандағы стадионға сапар – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына ресми тағайындалғаннан кейінгі чемпионат ойынына жасаған алғашқы сапары. Бұл кездесу жаңа бапкер үшін турнир деңгейін тікелей бағалаудың, елдің басты командасына үміткерлерді қараудың және жергілікті футбол инфрақұрылымымен танысудың бастапқы нүктесі болды. Чемпионатпен танысу аясында Джон ван ’т Шкип ұлттық құрамаға кандидаттар туралы барынша толық мәлімет жинау үшін әртүрлі қалалардағы ҚПЛ матчтарын әрі қарай да тамашалауды жоспарлап отыр. #KFFTeam

🎦 Бүгін Футбол үйінде ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн мен Джон ван ’т Шкиптің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті #BizdinJigitter💛💙

🎦 Бүгін Футбол үйінде ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн мен Джон ван ’т Шкиптің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті #BizdinJigitter💛💙

🎙 Скотт Манн: «Алдағы уақытта бізді үлкен жұмыс күтіп тұр» Бүгін Футбол үйінде БАҚ өкілдеріне арналған өткен баспасөз мәслихатында ҚФФ Бас хатшысы Скотт Манн Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне неліктен Джон ван ’т Шкиптің кандидатурасы таңдалғаны туралы айтып берді. #BizdinJigitter💛💙

KFF Team - Estadísticas y analítica del canal de Telegram @kff_team