cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
5 462
Suscriptores
-624 horas
-217 días
-9630 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Құрметті қызылордалықтар! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы «Егемен еліміздегі барлық этностық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік» деп атап өтті. Бұл мерекеде еліміздің барлық тұрғындарының ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің жарқын көрінісі дәріптеледі. Ал бейбітшілік, тұрақтылық және келісім – мемлекетіміздің негізі ұстанымы. Атаулы күн әрбір қазақстандықтың Отанға сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, азаматтық борыш туралы түсінігін орнықтырады. Татулық туын биік ұстаған Сыр елінде 35 этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы да өзара түсіністіктің, ынтымақтың салтанат құруына өзіндік үлес қосып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің баға жетпес байлығымыз! Оны сақтау, нығайту жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бүгінде елімізбен бірге аймағымыз да экономикалық, әлеуметтік, рухани тұрғыдан ілгерілеуде. Бейбітшілік пен татулық, жұдырықтай жұмылған бірлік бізді бұдан да жарқын, баянды болашаққа бастайды. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы берекелі тірлігіміз жалғаса берсін!
Mostrar todo...
👍 7 1
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Mostrar todo...
5
Жүргізушілерге ескертпе жасалды! Құрметті көлік жүргізушілері жолда жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз!
Mostrar todo...
👍 2 1
Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды.
Mostrar todo...
Шиеліге жыл сайын 8 мыңға жуық турист келеді. Жері – абат, құшағы – салқын-сабат Шиеліде туризм саласы түрленіп келеді. Айталық, киелі де қасиетті мекенді тамашалауға ниет білдіргендер саны да өсіп келеді. Сала бойынша ауданда орналасқан тарихи мұра «Оқшы ата» кесенесі, «Бала Сауысқандық» шатқалындағы тасқа қашалған көне суреттер, «Нартай Бекежанов» мемориалды өнер музейі, «Ыбырай Жақаев» күріш өсіру тарихи музейлерін аудан қонақтары келіп тамашалауда. Сонымен қатар Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінің жағалауындағы жазғы демалыс орындарына қызығушылық танытып, келушілердің қатары көбеюде. Қала берді Дарбаза, Қосқөл мен Ақбұлақтың өзі ғажап бір туризм дерсіз.
Mostrar todo...
👍 6
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутатын тіркеді. Орталық сайлау комиссиясында Н.С.Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.
Mostrar todo...
👍 1
Қармақшыда жаңа демалыс аймағы салынбақ Жуырда Қармақшы аудан әкімі Жандос Еркінбек тиісті аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басышысы Нұрлыбек Сайымов пен бірқатар сала басшыларымен бірге Жосалы кентінде жаңадан салынатын жағалау орнын көріп, құрылыс жұмыстарының жоспарымен танысты. Жазғы демалыс аймағы Сырдария өзенінің жағалауында орналаспақ. Аудан әкімі ауданымыздың экожүйесін сақтай отырып, тұрғындардың демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасаудың маңыздылығына тоқталып, осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына және кент әкіміне жұмыстарды мерзімінде және сапалы етіп жасауды тапсырды.
Mostrar todo...
👍 2
Жаңалық деп осыны айт! Аралдан динозаврдың сүйегі табылған дей ме? https://kyzylorda-news.kz/kogam/ghalymdar-aral-mangynda-70-mln-zhyl-buryn-oemir-suergen-dinozavrdyng-suejekterin-tapkhanyn-habarlady-26-04-2024
Mostrar todo...
Ғалымдар Арал маңында 70 млн жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың сүйектерін тапқанын хабарлады

Kyzylorda-news.kz  Словакия палеонтологтары Арал маңынан 70 млн жыл өмір сүрген көне жануарлардың қалдықтарын тапқан. Арасында

👍 6
Тілеуімбетов төраға тағында «AMANAT» партиясы Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросында облыстық мәслихаттың төрағасы лауазымына кандидатураны келісіп, Фракция арқылы сессияға ұсыну қарастырылған. Фракция мүшелері сессия жұмысының алдында партияның облыстық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты төрағалығына ұсынылған Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлының кандидатурасын бірауыздан қолдап, мәслихаттың сессиясына ұсынған болатын. Соған сәйкес, сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовтың ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты байланысты, оны облыстық мәслихат депутаты, мәслихат төрағасы қызметінен босатып, мәслихаттың жаңа төрағасы қызметіне ашық дауыс беру жолымен Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлын бірауыздан сайлады.
Mostrar todo...
👍 7
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Отбасы – шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің де басты қызметтері бар. Солардың бірі – ағаш отырғызу. «Жасыл аймақ» апталығында жаңадан шаңырақ көтерген 10 отбасы былтыр ғана ел игілігіне берілген Отбасы орталығы аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске жұмыла кірісті. «Атадан мал қалғанша,тал қалсын» деген сөз бар. Жас отбасылар отырғызған ағаш расында жаңа өмірдің алғашқы баспалдағын аттаған жас жұбайлар іспеттес. Күтімі күпті,бабы мықты болса сол ағаштың да жапырағы жайқалып, берік әрі мығым бола түседі. Ізгі шараға атсалысқан жас отбасылар экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды көздеген науқан аясында қала тұрғындарын барынша белсенді болуға шақырды. Естелік ретінде шара соңында жас отбасылар фотозоналарда түсірілім жасап, көтеріңкі көңіл-күйде шараны қорытындылады.
Mostrar todo...
👍 1