753
Suscriptores
Sin datos24 horas
Sin datos7 días
Sin datos30 días
Carga de datos en curso...
Canales Similares
Nube de Etiquetas
Sin datos
¿Algún problema? Por favor, actualice la página o contacte a nuestro gerente de soporte.
Menciones Entrantes y Salientes
---
---
---
---
---
---
Atraer Suscriptores
febrero '24
febrero '24
+14
en 0 canales
enero '24
+65
en 0 canales
Get PRO
diciembre '23
+1 020
en 0 canales
| Fecha | Crecimiento de Suscriptores | Menciones | Canales | |
| 25 febrero | 0 | |||
| 24 febrero | 0 | |||
| 23 febrero | 0 | |||
| 22 febrero | +3 | |||
| 21 febrero | +2 | |||
| 20 febrero | 0 | |||
| 19 febrero | 0 | |||
| 18 febrero | +2 | |||
| 17 febrero | 0 | |||
| 16 febrero | 0 | |||
| 15 febrero | +1 | |||
| 14 febrero | +3 | |||
| 13 febrero | 0 | |||
| 12 febrero | 0 | |||
| 11 febrero | 0 | |||
| 10 febrero | 0 | |||
| 09 febrero | 0 | |||
| 08 febrero | 0 | |||
| 07 febrero | +1 | |||
| 06 febrero | 0 | |||
| 05 febrero | +1 | |||
| 04 febrero | +1 | |||
| 03 febrero | 0 | |||
| 02 febrero | 0 | |||
| 01 febrero | 0 |
Publicaciones del Canal
2 сағаттан кейін канал өшіріледі.
Бәріңізге менімен бірге осында болғандарыңыз үшін рақмет 💛
| 2 | taym-menedzhment-pdf.pdf | 0 |
| 3 | Ыңғайсыздау болып тұр, бір кітапты іздеп жүр едім, таппай қойдым. Сізде болса, жіберіп берсеңіз, жақсы болар еді. Брайан Трейсидің “Тайм-менеджмент” кітабы. Алдын ала рақмет! | 0 |
| 4 | Сәлем-сәлем! 😊
Бұл Телеграм канал екі күннен кейін өшіріледі. Қажетті кітапшаларды жүктеп алыңыздар 💛. | 0 |
| 5 | Сәлеметсізбе Ұлбике ханым қалайсыз? Оқуға деген мотив түсіп кетті, айлтс алу бір үлкен мәселе сияқты маған өзіңіздің бір студенттік өміріңіз жайлы айтып берсеңіз ағылшын деңгейіңізді қалай жоғарылатқансыз??? | 0 |
| 6 | Подкаст #21 (spontaneous)
Менің ағылшын тілін үйрену жолым 💛.
Төмендегі сұраққа жауап ⤵️ | 0 |
| 7 | Sin texto... | 0 |
| 8 | Ұйықтамай отырғандар бар ма? Сәл гәпірейік! 😁
Түнгі подкаст жасап жіберейін. Сроооошный сұрақтарыңыз болса, мархабат 💛 | 0 |
| 9 | Бүгін менде “жаппай сатылым” басталатын күн 😊.
Көңіл-күй: классный.
Жүрек: дүрс-дүрс.
Сана: тыныш.
Ниет: жасалды.
Қазір енемді бір жаққа алып барайын деп жатырмын. Бүгін Жігітімнің туған күні ғой. Бұл мейрам енеме де тиесілі. Қуантқым келеді. Алғыс білдіргім келеді. Сол жақтан келген соң, сатылымды бастаймын. 💛 | 0 |
| 10 | Подкаст #20
1️⃣ Ақшаға байланысты таптаурындарым.
2️⃣ Жоспарлар.
3️⃣ Қаржылық блоктан құтылудың амалы. | 0 |
| 11 | Sin texto... | 0 |
| 12 | Ертең Сколариум ұйымдастырып жатқан мастер-класста блог жүргізу жайында сөз сөйлеймін. Өзімнің experience-імді негізге ала отырып қалай блогымды дамытқанымды айтамын. Блогым шағын болса да, оқушыларым көп, табысым ай сайын өсіп жатыр.
Қобалжып тұрмын…
Слайдым дайын. Айтатын ойымды реттеп алдым. Сонда да уайымдаймын. Ойымды жеткізе аламын ба? Аудиторияға ой тастай аламын ба?
Ертең білеміз енді.
Ендеше ертең түсте кездескенше 💛.
P. S. Әлі тіркелмегендер болса, сілтемені басыңыз.
http://scholarium.kz/?fbclid=PAAaaBdSDkVayo7h0KvmqY04ujuVdcg5DC2EmaUZkknw4P1PCfOyyNru6uASs_aem_ATnUstFzemOmz4lwvOZ3yhnDcNwWgMVI_xLw4GC3ok0wpsWiDKhuACX7EL49scQJINs | 0 |
| 13 | Ең сүйікті суреттерімнің бірі. | 0 |
| 14 | Сізбен осындай темада ашық сөйлескен күшті екен.
IELTS-ке дайындалып жүрген оқушыларымның бірінің сөзі. Ссабақтың басында бүгін қатысқан семинарынан алған инсайттарын бөлісті. Мен тақырыпқа байланысты өзімнің басымнан өткен ситуацияларды айттым. Әдемі әңгіме болды. Еш сынаусыз, ашық, еркін сөйлестік. Әрине, ағылшынша.
Әңгіме соңында “Бұл тақырыпта анама да, әпшеме де айта алмаймын. Сізбен сөйлескенім жақсы болды” деді. 🥹💛
Бұл жерде мен ешқандай да “мынау дұрыс, мынау бұрыс” деп өз ойымды, өз сенімімді тықпаламадым. Менің позициям - “сенің ойың құнды.” Пікір алмастық. Соңында тек “Ішкі сүзгіңнен өткізуді ұмытпа” дедім.
Осы жерде менің ойымда туған инсайттар:
🫂 Әйелдің жанын әйелден артық кім түсінеді? Бірақ кейде өзіміз басқа әйелдерді, қыздарды сынап, жерден алып, жерге салып жатамыз. Өзінің ойын ашық айтса, пікірін қабылдамай, тұншықтырып тастаймыз. Әсіресе, туған анамыз, бауырымыз бізді түсінбесе, жанымызға қатты батады.
🌊 Кейде мен өзімді тұнық мұхит сияқты сезінемін. Түбімде асыл тастар көп. Әрбір тас маған сенген адамның құпиясы 💎. Мен ол тастарды санамның, жүрегімнің бұрышындағы алтын сандыққа сақтап қоямын.
🥹 Сенім - мен үшін қымбат. Сенгендеріңіз үшін рақмет 💛. | 0 |
| 15 | Айзерушада желшешек бар дейді.
“Ол не?” деп шошымаңыз. Ветрянка ғой. Барынша таза қазақша сөйлеуге тырысып жүрмін. Біртүрлі екен “желшешек” деген. Ш-сы бір емес, екеу болған соң ба? 😅
Кеше кешкісін киімін шешіп жатқанымда маңдайында, қарнында дақтар барын байқадым. Жақында ғана жаңа топқа ауысқан еді.
- Бөлмелеріңізде бүрге бар-ау. Қызымды аямай шағып тастапты.
деп бірден апайына шабуылдағансың ғой 😅.
- Ветрянка болған ба бұрын?
дейді.
Ноу ноу ноу!
Тоқта…
Мүмкін емес… Іштей айқайлап алдым да, өзіміздің мейірбикеге хабарластым. Ол дәрігердің жоқтығын айтып, тері ауруларының облыстық ауруханасына жіберді. “Дәди, келе ғой” деп Жігітімді шақырып алдым. Ауруханадағылар біреу сонда байлап қойғандай жүр. Мен өзім қуанып барып тұрған жоқпын. Олар да мені қуана қарсы алып тұрған жоқ. Екі жақты тең сезім деген осы болуы керек. Қысқасы, басқа ауруханаға жіберді. Ол ауруханадағы қабылдау бөлмесінде ешкім жоқ. Айзерушаны ұйқы қысты. Мазасызданды. 1-2 рет жылап алды. Шалқасынан түсіп, жаңа жуылған еденнің 1-2 жерін кептіріп берді.
Осы жерде лайфхак. “Мен Швейцариямын” деп аталады. Балаңыз қатты жылап, истерика болып жатса, сабырлық сақтаңыз. Үнсіз отыра беріңіз. Балаңызды танымайтын адам ұқсап. Себебі еркелетсеңіз, лағып кетеді. Ұрыссаңыз, жексұрын боласыз.
Әйтеуір дәрігер келді. Көрді. Ветрянка деді. Емін жазып берді. Ок деп басымды изеп отырмын. Бала ауырғанда паника болатын ана болудан қалғанмын. Тек қабылдаймын. Ары қарай әрекет жасаймын. Бірақ… соңғы айтқаны соттың үкімі сынды шекемнен тоқ етіп ұрғандай болды.
“Инкубационный период 21 күн. Садикке келесі айда жіберіңіз.”
Қой қой қой. Бұл не? Пранк па? Аноу төбеде тұрған камераға түсіріп тұрсыңдар ма? Күлкілі, күлкілі. Бірақ онша емес…
Бірден жаман ойламаңыз. Мен Сарықызымды ессіз жақсы көремін. Иісіне басым кетеді. Кішкентай ғана саусақтарына қарап отыра беремін. Бірақ, 21 күн? 😩
О, Жаратқан, маған сабыр бер! Әумин деп қойыңыздаршы 🥺. | 0 |
| 16 | Негізі жылағым келіп тұр. Бір көңілсіз жайт жүрегімді сыздатып тұр.
Биік адамдардың биік болып қалғанын қалайсың. (Құрбым екеуіміздің сүйікті фразаларымыздың бірі).
Әттең… Менің кәсібіме байланысты “пысықтығым” кейбір адамдарға ұнамайтынын білемін. Бәріне ұнай бермейтінімді де түсінемін. Қабылдаймын. Бірақ “жүрегімді жалаңаштап, менің терең ойларымды білген, мені жақсы таныған, мен мақтан тұтқан, мен бас иген, мен бой түзеген, мен ессіз, көзсіз жақсы көрген адамның мен жайлы қалай жаман ойы болады?” деп күйемін. Ашынамын. Өкінішті.
Ешкімге ештеңе дәлелдей алмайсың. Дәлелдеуге тұрарлық іс те емес. Мейлі. Тек Құдайға тапсырамын.
Бәрібір қимаймын ғой ол адамды жаман ойға 😩. Жолы ашық болсыншы. Бақытты болсын. Өзгеден күмәнданбайтындай өзіне сенімді болсын. Тек жақсылық тілеймін 💛.
P. S. Бұдан былай ол адаммен тіптен жолымыз кездеспесе екен деп ниеттенемін. Менің кішкентай сап-сары күн сияқты жарқын әлеміме көлеңкесі де түспесе екен деп тілеймін. | 0 |
| 17 | 100.000₸ Canva Board MK ✅
Не істейін? Ары қарай сатайын ба? 😅 | 0 |
| 18 | 10.000$
🎯 2-қадам.
Агрессиясыз сатылым жасау. Осыны мақсат еттім. Сатылым жасауым керек. Бірақ қылқылдап “Ал да ал” демей.
Фокусты өнімімнің сапасына қойдым.
Ол үшін мен бар өнімдерімді жиі айтып бастадым. Әр сатып алған адамның запросы мен пікірін салып тұрдым. Солай бір сатылым екінші сатылымға әдемі ұласып кетті.
Мысалы:
☘️ консультация өткізгенімді салдым;
☘️ консультациядағы запрос туралы жаздым;
☘️ бос орын бар екенін айттым;
☘️ тағы 5 адам жазылды.
+ 75.000₸.
немесе
☘️ Сөйлеу клубы жайлы пост шығардым,
☘️ Стористе дайындық барысын көрсеттім;
☘️ Тақырыптың өзектілігі мен практиканың құндылығын айттым;
☘️ 3 адам жазылды (оның екеуі бірден екі кездесуге);
☘️ Сөйлеу клубы аяқталған соң пікірді шығардым;
☘️ Тағы 3 адам келесі кездесуге жазылды
+ 26.000₸.
Одан бөлек жекеме басқа да запроспен хабарласқан әріптестерім бар:
🌱 Орталық аштым. Вебинарларыңыз керек;
🌱 Видео-туториалдарыңызды аламын;
🌱 Эссе жазып беріңізші;
🌱 Грамматикалық кітапшаларыңыздың бәрін алсам, жеңілдікпен бересіз бе? (Жауап - иә. Нәтиже - алды);
🌱 3 in 1 өніміңізді аламын (3 адам)
+ 200.000₸ шамасында.
Бұл менің нақты жоспарсыз сатылған өнімдерім (3 in 1 қоспағанда). Әзірге әлі де тәжірибе жасап көріп жатырмын. Алдында айтқанымдай, мақсатым - агрессиясыз сапалы өнім сату.
🎯 3-қадам. Ауқымды және сапалы өнімді нақты жоспармен сату.
Өнім бар ✅
Ақпан айында осы жылдағы алғашқы ірі жобамды өткіземін. Ол Канва тақта бойынша мастер класс. Ойда мастер-классқа дейін минимум 100.000₸ жасау. Кейін пассивті сатылымда екі есе пайда көру. Бұл жолы нақты жоспармен сатып көріп жатырмын.
Онлайн/офлайн сабағыңыздың сапасын арттырғыңыз келсе, осы мастер-классқа қатысып көріңіз.
Толық мәлімет мына постымда 💛
https://www.instagram.com/reel/C2udmm8NpKt/?igsh=MTMxMnF4MGx2MG1ndQ== | 0 |
| 19 | 📣 Speaking club for A2+
Осы жексенбі күні Сөйлеу клубының кезекті кездесуі болады.
Тақырып - 💰 MONEY, MONEY, MONEY 💰 (ABBA тобының дауысымен оқыңыз 😁)
Не пайда көреміз?
🪙 Тақырыпқа сай сөздік үйренеміз;
🪙 Көп сөйлеу практикасын жасаймыз. Өте көп;
🪙 Қаржылық сауаттылығымызды арттырамыз;
🪙 Қаржылық мақсат қоямыз;
🪙 Ақша туралы біраз дүние үйренеміз.
💰 Қатысу құны - 5000₸.
📆 Болатын күні - жексенбі, 28-қаңтар.
⏰ Уақыты - таңғы 7.00
Екі сағат бойы ағылшын тілінде сөйлеу мүмкіндігінен құр қалмаңыз!
Тіркелу үшін жекеме жазыңыз 😊💛 | 0 |
| 20 | Балаң ауыра ма? Онда жыла!
Баласы жазылмайтын не өте ауыр дертке шалдыққан аналарды көрсем түбі жоқ құдыққа түсіп кеткен әйелді көргендей боламын. Аяймын. Жүрегім ауырады. Кәдімгідей сыздайды. 💔
Айтюнс жасанды комада жатқанда, демала алмай қиналғанда, қазірдің өзінде тынысы тарылып қалатын кездерде жүрегіме ине кіргендей бүкіл денем мұздап қалады. Зәрем қалмайды. Сол сәтте бір секунд ішінде мыңдаған жылдарға қартайып кеткен сияқты боламын. Бәрі де мәнін жоғалтады. Бәрі де реңін жоғалтады. Бүкіл әлем - сұр дүние. Бәрі ауыр. Көзіңді ашу да, орныңнан тұрып жүруің де ауыр. Шарасыздық аяқ-қолыңа кісен салып, қамшымен сабап жатқандай…
Бірақ бізде үміт бар. Уақыт - біздің емшіміз. Айтюнс өскен сайын өкпесі де бірге өсіп жатыр. 2-3 жылда толықтай айығып кету ықтималдығы жоғары. Ал басқа аналарда үміт те жоқ. Көз алдында өз баласы сөніп бара жатқан аналар бар… Қалай? Қалай шыдайды?
Баласының ауыр жағдайынан бөлек оның құбылмалы көңіл-күйінің өзі неткен стресс. Ауырған бала мазасыз болады. Қыңқылдайды, әрнәрсеге ренжиді, қырсығады, айқайлайды, жылайды - айналып қайталана беретін касета ойнап тұрғандай. Құлағыңа тыныштық жоқ.
Сол баласының көңілін табамын деп шырылдап жүрген ананы да аямайды ғой қоғам. Өзгені қойшы, өзінің туған бауырлары мен жақындары аямайды.
Бірде бір “жақыным” маған мені қатты таңқалдырған әрі ашуыма тиген бір сөз айтты.
- Ұлбике, сен баласы ауыратын анаға ұқсамайсың.
Оу…
Баласы ауыратын ана қандай болуы керек?
Өзім айтайын:
1. Ол ана әбіржіп жүруі керек. Яғни, сырт келбеті, киімі - бәрі оның үлкен стрессте жүргенін дәлелдеп тұруы керек. Оның бүкіл бейнесі “Мені аяңдар! Мен байғұспын! Менің балам ауырады!” деп айқайлап тұруы керек.
2. Ол ана бақытсыз мүсәпір болып жүруі керек. Жанарында от жанып тұрса, ол жеткіліксіз бақытсыз деген сөз. Баласы ауырып жатыр. Қалай ол бақытты болады? Оның көзінде тек жас, түрінде тек қайғы болуы керек. Оның жымиюға да құқығы жоқ.
3. Ол өзін тастап жіберуі керек. Оның ауырған баласын емдетуден басқа арманы болмауы керек. Оның қайғыдан басқа сезімі болмауы керек. Оның жұмысы жоқ. Жұмыс істеуге уақыты жоқ. Оның достары жоқ. Достарымен кездесетін уақыты жоқ. Оның сүйікті ісі жоқ. Оған да уақыты жлқ. Оның ақшасы жоқ. Ақша табуға шамасы жоқ. Оның өз өмірі жоқ. Оның өз өмірін сүруге құқығы жоқ.
Ал мен бұл үш пункттың ешқайсына да сәйкес келмеймін.
Мен жарқырап жүремін. Жайнап жүремін. Мен бақыттымын. Көп күлемін, жымиямын. Билеймін. Айқайлап ән айтамын. Жұмыс істеймін. Сүйікті ісім бар. Армандарым көп. Өмірімді сүйемін.
Иә, менің қызым ауырады. Бірақ ол да, мен де сол үшін де өмірімізді паузаға басып қоя алмаймыз. Құдай бізге берген әрбір күнін өзімізше бақытты өмір сүруге тырысамыз. Сол бақыттың ішінде күнделікті ингаляция, витаминдер мен дәрілер, массаж да бар.
Мен көпшілікке қызымның жағдайы жайлы қайта-қайта шағымданып, жылап айтпағаным мені жаман ана, өз баласына қамқор бола алмайтын ана, өз баласын жақсы көрмейтін ана етпейді. Менің ішімдегі уайым, миымды жарып жіберетін шексіз ойлар, үзілмейтін үмітім, ниетім мен тілегім тек Жаратқанға мәлім. Содан болар ісімде береке бар. Шүкір.
Түйін. Баласы ауыратын ананы сынамаңыз. Оның өз сынағын өзінше көтеруге құқығы бар. Жүгін жеңілдете алмасаңыз, ауыр сөзбен ауырлатпаңыз.
Барлық анаға дені сау және саналы бала тілеймін. 💛 Әрбір балаға зор денсаулық пен уайымсыз балалық шақ тілеймін. 💛
P. S. Бүгін күндіз ауруханаға барып келдік. Бармасақ болмай кетті. Аурухананың төбесін көргеннен мазам қашты. Қорқамын… Үйге келген соң өзіме өзім сыймай кеттім. Неге қайталана береді? Ташкентке апарайық па? Түркияға апарайық па? Бірақ дәрігерлер ол бірден жазылмайды деп жатыр… Тек уақыт өткен соң өзі жеңіп шығады деп жатыр. Не істеймін? Не істеймін? Не істеймін???
Тым болмаса ішімдегіні шығарайын. | 0 |
