cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

CASPIAN TODAY

Республикалық Ақпараттық агенттік

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
959
Suscriptores
+424 horas
+57 días
-1230 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

00:24
Video unavailableShow in Telegram
Маңғыстау даласы😍
Mostrar todo...
1
Қарақия ауданындағы осыдан бірнеше жыл бұрын өз жұмысын тоқтатқан «ERSAI» ЖШС жұмыс бағытын өзгертіп, қайтадан ашылды. Порттарды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «Құрық порты» ЖШС-ның құрамына кіретін «ERSAI» теңіз терминалы, Өзбекстан Республикасының «Талимаржан» жылу электр орталығына жаңа энергоблоктарды салумен айналысатын «AKSA Energy» компаниясына жобалық габариттік жүктері бар «Николай Псомади» және «Омский 105» атты алғашқы екі құрғақ жүк тасымалдағыштарын қабылдады. Жүктің 1 бірлігінің максималды салмағы 300 тоннаға жетеді. Арнайы көліктерге қайта тиелгеннен кейін жүк белгіленген жерге дейін «Тәжен» шекара бекеті арқылы өтеді. Бұл жобаның жалпы тасымалдаушысы – «CJ ICM Logistics» компаниясы. Бұл жоба еліміздің осы бағыттағы транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта теңіз терминалы аумағының ұзындығы 1300 метрді құрайтын 7 айлақтан тұрады. Онда салмағы 1000 тоннаға дейінгі ірі габаритті жүктерді өңдеуге мүмкіндік беретін 25 бірлік жүк көтергіш қондырғы бар. Терминал теміржол және автомобильге арналған кіреберіс жолдарымен қамтылған. Терминалдың аумағында персоналдардың тұруы мен жұмыс істеуіне толық жағдай жасалып, қосымша инфрақұрылымдармен (жатақханалар, кеңселер, асхана, спорт зал) қамтамасыз етілген. «ERSAI» теңіз терминалын одан әрі дамыту және пайдалану Маңғыстау облысы мен Құрық портының көліктік әлеуетін айтарлықтай арттырады. Бұл өз кезегінде порт қызметтерінің ауқымын кеңейтіп, жүк айналымын көбейтуге және Қарақия ауданындағы жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, «ERSAI» теңіз терминалына аудан бойынша маусым айында 16 адам жұмысқа қабылданады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда 200-ге жуық аудан тұрғындары жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.
Mostrar todo...
Қарақиядағы «ERSAI» мекемесі қайта ашылды
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Дүкен сөрелерінен «қазақстандық банан» дегенді көрсеңіз таңғалмаңыз Себебі Түркістан облысында алғаш рет өсірілген банан алғашқы жемісін берді. Жемісті әзірге Алматы мен Шымкент қалаларында сатылады деп жоспарланып отыр. "5 гектарда 9 мың түп банан бар. Бірінші өнімге 600 тонна алайық деп тұрмыз. Алғаш егілгендеріне 9 ай, қалғандарына 5-6 ай болды. 3-4 айдан кейін одан да өнім аламыз. Кейін әрі қарай жылына 2-3 ретке дейін өнім аламыз. Бабын тапсақ, екі мың тоннаға дейін өнім алуға болады екен", – дейді кәсіпкер Ислам Әлиев. Дереккөз: «Информбюро» бағдарламасы.
Mostrar todo...
00:38
Video unavailableShow in Telegram
Қызылорда облысында алабай баланы талап тастай жаздады Оқиға Қызылжарма ауылында болған. Видеодан баланың басын жауып, жерде жатқанын көруге болады. Қуанышқа орай ересектер итті қуып жіберген.
Mostrar todo...
00:34
Video unavailableShow in Telegram
Тойда орын алған салт-дәстүр жұрттың жағасын ұстатты Бұл видеоны Azima есімді TikTok қолданушысы өзінің парақшасына жариялады. Кадрда келіннің бетін ашқан әжей, ернімен келініне тәтті кәмпит ұсынғанын, оны келіні аузымен алғанын көруге болады.  Желі қолданушылары бұл жайтқа жаға ұстап, түрлі пікір қалдырды.  Ал сіздің өңірде мұндай салт бар ма?
Mostrar todo...
00:21
Video unavailableShow in Telegram
Жаңаөзенде балалар бала-бақшамен қоштасуды дүркіретіп атап өтті Мектеп түлектерімен қатар елде балабақша бітіргенін де дүркіретіп атап өтетіндер бар. Желіде жаңаөзендік бүлдіршіндердің балабақша тәмамдағанын лимузинде атап өткені түсірілген видео тарады. Бүлдіршіндердің балабақшамен қоштасу кешіне тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Киімдері, ленталары, бантиктері бірдей. Дегенмен желі қолданушылары ысырапшылққа жол берген ата-аналар мен тәрбиешілерді айыптады. Ал бұл туралы сіз не ойлайсыз? Видео: Qumash Instagram-парақшасынан.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов қоқан-лоқыға байланысты полицияға арыз жазды Қазіргі таңда полиция белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Аталған бап бойынша 3 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру не дәл сол мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
🚬1 шілдеден бастап темекінің ең төменгі бағасы көтеріледі Қазір елде 20 дана темекінің ең төменгі құны 770 теңге. Ал 1 шілдеден бастап бұл баға 820 теңге, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 870 теңге болып өзгереді.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжанов апелляциялық шағым түсірді Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың аса қатыгездікпен өлтірілуіне қатысты іс бойынша аппеляциялық шағым түсірді. Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағым түсіргені туралы ақпарат 27 мамырда Сот кеңсесінің сайтында жарияланды. 13 мамырда Гастро орталықтың директоры Бақытжан Байжанов «Қылмысты жасыру» бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Mostrar todo...