1 225
Suscriptores
Sin datos24 horas
+77 días
+1030 días
Archivo de publicaciones
1 225
Аллаға шүкір, бәлаға іліміне арналған Шейх Ахмад әд-Дәрдирдің “Тухфа әл-Ихуан” атты мәтінін 6 мәжілісте аяқтадық 🙌
1 225
+5
Мирқат кітабының ең нашар баспаларының бірі. 17-бетте бірнеше сөздер түсіп қалған.
Мухаққиқтың жасаған біртүрлі істерінің бірі — парсы тіліндегі өлең жолдары мен сөздерді алып тастаған.
Қашаннан бері түсінбеген сөздерді өшіріп тастау ғылымнан саналатын болған?!
#нашартахқиқтар
1 225
النسخ محدود، من يريد أن يشتري نسخة من الكتاب مع توقيع مؤلفه الشيخ وإهدائه يتواصل الى رقمي
+905347756626
1 225
الأدب مع أهل مطلوب، وحمل كلام العلماء على الصحَّة ما أمكن فيه مرغوب. الغنيمي رحمه الله تعالى.
1 225
🖇️ Дәрістердің басталуына 5 күн қалды. Тіркелу әлі жалғасуда…
🔎 https://t.me/AQLNAMA/706
🔎 https://t.me/AQLNAMA/705
🔎 https://t.me/AQLNAMA/704
📱Байланыс нөмері:
87752398083 (телеграм)
87714868190 (уатсап)
1 225
«Кімде-кімде пәлсәпә(философия) ілімінен түбегейлі бас тартса, ілімнің көмескі қырлары жайында үн қатуға шамасы келмейді.»
әл-Фәрһарауи әл-Мәтуриди (Аллаһ рахымына алсын)
📅 Дәрістерімізге қабылдау әлі де жалғасуда…
1 225
Күніміздегі таңғаларлық дүниелердің бірі — “Шарх ақаид ән-Нәсафийа” еңбегін және Кәләм іліміндегі дәрежесі жоғары еңбектерді философия пәнінде көзқарас қалыптастырмай оқу. Аталмыш еңбекті түсіндіру және философиясыз ондағы философиялық мәселелерді түсінемін деу – үлкен қателік әрі құр уақыт жұмсау.
1 225
Күніміздегі таңғаларлық дүниелердің бірі — “Шарх ақаид ән-Нәсафийа” еңбегін және Кәләм іліміндегі сол дәрежедегі еңбектерді философия пәнінде көзқарас қалыптастырмай оқу. Аталмыш еңбекті түсіндіру және философиясыз ондағы философиялық мәселелерді түсінемін деу – үлкен қателік әрі құр уақыт жұмсау.
1 225
+2
Философия дәрістеріне арнайылап жасаған презентацияларымыз осындай болмақ. Алла Тағала осы ілімде бізге жеңіл етуін сұраймыз.
1 225
📌 Мутакаллимдер әдіснамасы бойынша усул әл-Фиқһты оқудың маңыздылығы
🔹 Ханафи мектебі мен мутакаллимдер мектебінің ұқсас мәселелеріндегі айырмашылықты түсіну. Усул әл-Фиқһты терең меңгеру үшін ханафи ғалымдарының әдісін ғана емес, мутакаллимдердің әдісін де білу маңызды. Бұл екі мектептің бір мәселеге қатысты ұстанымдары мен дәлелдеу тәсілдеріндегі айырмашылықтарды түсінуге мүмкіндік береді.
🔹 Ханафи ғалымдарының екі мектепті біріктіріп жазған күрделі еңбектерін түсінуді жеңілдету. Шәкірт мутакаллимдердің усулімен танысса, кейін Ханафи ғалымдарының екі әдісті ұштастырып жазған күрделі кітаптарын оқу әлдеқайда жеңіл болады. Мысалы, «әт-Тахрир» секілді еңбектерді түсінуде мутакаллимдер әдісін білу үлкен көмек береді.
🔹 Ханафи усул әл-Фиқһын терең меңгеру үшін екі мектептің де усулін оқу қажеттілігі. Ханафи усул әл-Фиқһ жан-жақты әрі терең меңгергісі келген әрбір шәкірт үшін екі тариқатты да оқу маңызды. Себебі Ханафи усул мектебінің ішінде екі үлкен бағыт қалыптасқан: біріншісі – Ирақ мектебі, екіншісі – Самарқанд мектебі. Әсіресе Самарқанд мектебінің көптеген маңызды еңбектері мутакаллимдер әдіснамасына өте жақын әдіспен жазылған. Бұған «Мизан әл-усул» секілді кітаптарды мысал ретінде келтіруге болады.
🔹 Ханафи фиқһ кітаптарындағы пікірталастарды дұрыс түсіну. Ханафи фиқһының көптеген кітаптарында өзге мәзһаб өкілдерімен таласқа түскен мәселелер баяндалып, олардың усулдық қағидалары да түсіндіріледі. Мұндай мәселелерді дұрыс әрі терең түсіну үшін мутакаллимдердің усулін білу қажет. Өйткені қарсы тараптың дәлелін, оның сүйенген қағидасын және сол қағиданың негізін түсінбей тұрып, мәселенің мәнін толық ұғыну қиын.
🔹Шәкірт Ханафи мектебінің ғалымдары мен Мутакаллимдердің арасындағы мәселелердегі пікірталастың қайсысы терминге, қайсысы мағынаға қайтатынын түсінетін болады.
Мутакаллимдердің әдіснамасын оқудың қажеттілігін сұраған шәкіртке жауап.
1 225
Мутакаллимдер әдіснамасы бойынша усул әл-Фиқһты оқудың маңыздылығы
Ханафи мектебі мен мутакаллимдер мектебінің ұқсас мәселелеріндегі айырмашылықты түсіну. Усул әл-Фиқһты терең меңгеру үшін ханафи ғалымдарының әдісін ғана емес, мутакаллимдердің әдісін де білу маңызды. Бұл екі мектептің бір мәселеге қатысты ұстанымдары мен дәлелдеу тәсілдеріндегі айырмашылықтарды түсінуге мүмкіндік береді.
Ханафи ғалымдарының екі мектепті біріктіріп жазған күрделі еңбектерін түсінуді жеңілдету. Шәкірт мутакаллимдердің усулімен танысса, кейін Ханафи ғалымдарының екі әдісті ұштастырып жазған күрделі кітаптарын оқу әлдеқайда жеңіл болады. Мысалы, «әт-Тахрир» секілді еңбектерді түсінуде мутакаллимдер әдісін білу үлкен көмек береді.
Ханафи усул әл-Фиқһын терең меңгеру үшін екі мектептің де усулін оқу қажеттілігі. Ханафи усул әл-Фиқһ жан-жақты әрі терең меңгергісі келген әрбір шәкірт үшін екі тариқатты да оқу маңызды. Себебі Ханафи усул мектебінің ішінде екі үлкен бағыт қалыптасқан: біріншісі – Ирақ мектебі, екіншісі – Самарқанд мектебі. Әсіресе Самарқанд мектебінің көптеген маңызды еңбектері мутакаллимдер әдіснамасына өте жақын әдіспен жазылған. Бұған «Мизан әл-усул» секілді кітаптарды мысал ретінде келтіруге болады.
Ханафи фиқһ кітаптарындағы пікірталастарды дұрыс түсіну. Ханафи фиқһының көптеген кітаптарында өзге мәзһаб өкілдерімен таласқа түскен мәселелер баяндалып, олардың усулдық қағидалары да түсіндіріледі. Мұндай мәселелерді дұрыс әрі терең түсіну үшін мутакаллимдердің усулін білу қажет. Өйткені қарсы тараптың дәлелін, оның сүйенген қағидасын және сол қағиданың негізін түсінбей тұрып, мәселенің мәнін толық ұғыну қиын.
Шәкірт Ханафи мектебінің ғалымдары мен Мутакаллимдердің арасындағы мәселелердегі пікірталастың қайсысы терминге, қайсысы мағынаға қайтатынын түсінетін болады.
Мутакаллимдердің әдіснамасын оқудың қажеттілігін сұраған шәкіртке жауап.
1 225
Жұма мүбарак болсын 💐
🧾 Бәлаға ілімінің әл-Бәян бөліміне қатысты (ең қиын бөлімдердің бірі) шәкіртке жолбасшы болатын керемет жоспарымыз бар:
📖 Мәтін тухфа әл-Ихуан;
📖 Шарх тухфа әл-Ихуан;
📖 Мәтін әс-Самарқандийа;
📖 Шарх мәтін әс-Самарқандийа;
📖 Шарх тәлхис әл-Мифтах.
📌 Тіркелу әлі жалғасуда…
1 225
+1
Бұл кітаптың 3 басылымы бар және екеуі бір баспаханадан.
Бірінші кітаптың басылымы тура осы баспадан. Ішінде бірнеше қателер кездеседі. Ертеректе арнада олар туралы сөз қозғаған болатынбыз. Екінші баспасы ең кереметі. Себебі орын алған қателерді түзеген.
Үшін баспасы кітап авторының баспасы саналатые ескі басылым және мен соны басшылыққа аламын.
Екі нұсқаның бірін алудың еш әбестігі жоқ.
