es
Feedback
ой таспа

ой таспа

Ir al canal en Telegram

шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍

Mostrar más
Kazajistán5 297La categoría no está especificada
564
Suscriptores
Sin datos24 horas
-37 días
-1530 días
Archivo de publicaciones
Күнде таңертең осы арнама бір кіріп қойып, жазбаларымды, өлеңдерімді оқып шығатын әдет пайда болыпты. Тек бұрынғыдай көңіл бөлетін уақыт таба алмай, жазарға, бөлісерге шабыт таба алмай, не үшін азайып жатқандарыңды түсінгендей боламын… Бұйырғаны🙆🏻‍♀️ #өмірғой

Соңғы күндері көп мұңайдым, көп жыладым, көп ойландым. Маңызды шешімдер қабылдадым. Бірақ еш өкінбедім. Керек жолдармен жүріп келе жатқанымды, қайырлысы, бұйырғаны менен сырт айналып кетпейтінін ұғындым. Сабақты ине сәтімен. #UN_notes

Жаным… Өзгені қуанту үшін, бақыттырақ ету үшін өзіңнің ішіңдегі бақытыңды тәрк еткеніңді білемін. Сүйікті, керек боламын деп “жоқ” деудің орнына “иә” дедің, жасағың келмегенді жасадың, көңілдерін ойлап көп нәрсені жасыра білдің… Саған енді айтарым — жоқ жерден мейірім мен махаббат іздеп әуре болмашы. Махаббатты өзіңнен, ішіңнен, жандүниеңнен іздесең, ұтылмайсың. Жақсы ма? #UN_notes

Адамның жаны қандай әлсіз еді. Құбылмалы қалыбы сырттан біреу үп етсе қалса, үзілер жапырақтай жан-жаққа шайқалып, әу бастағы тыныштығынан оп-оңай айырыла салатынын айтам да. #UN_notes

Жасағаным, Өзіңе, шексіз мейіріміңе, кешірімің мен қамқорлығыңа мұқтажбын… #UN_notes

Есеюдің шын шарты — қалауыңды ашық, ересек адамдарша айта білу. Өзіңді құрбандыққа шалып, сырттан түр бермей, бірақ іштен өз-өзіңді жеп өтуден ауыр нәрсе жоқ шығар. #UN_notes

Алыс. Саған алыс дүниелер сенің шарадай екі көзіңе сондай құнды болып көрінетіні пендешілік болмыстан ба, о бастағы жаратылыстан ба? Алыстағы қолжетпестің “осы бір жалған дүниеде міні бар екен-ау” деген түйір ой, арам пиғыл басымызға кіріп те шықпайды екен. Кенет Құдайдың мейірімді әмірімен қолжетпесің қолыңа түсе қалса, жақынырақ ракурстардан мінсіз болып сенің құмарың басылғанша көрінеді. Сосын бітті. Иә, дәл солай. Сосын “көңілім қалды” дейсің, “мен ойлағандай емес екен” деп тағы бір мұңаясың… Бірақ кім болсын, не болсын, ешкім де, ештеңе де сенің құрып қойған үмітіңді ақтауға міндетті емес. Мінсіздіктен ада қылған, үмітіңді таудай етіп құрап алған кінәнің бәрі мына өзіңде! #UN_notes

Дулат Исабеков — сүйікті жазушыларымның бірі. Он бес жасымда “Гауһартасын” оқығанымда ебіл-дебіл жылағаным әлі есімде. Шығармалары жаныңның есігін қағып, жүрегіңді шымшып алады. Жазу стилі де, жеткізу тілі де, шығармаларындағы көрсетер қырлары да өзіме жақын… “Қарғынға” көп жазушылардың образындағыдай момын қыздың емес, батылдық пен тәрбиеліктің, намыс пен сезімталдықтың ұшқыны ұштасқан образ үшін көп рақмет! Одан қала берді пайым мен парасатқа толы философиялық ой толғаулардың өзі қайда жатыр, шіркін💔 Қыпылықтап жазғым келгеніме қарағанда кеудеме шабыт ұялатқан сияқты…

Сүю деген ешкімнен рұқсат алып келмейді, ол тіпті, өзіңмен де санаспайды. Сүю - өзгеге тәнің мен жаныңды құл етіп матап беретін тәтті у, сүйкімді жауыз. Адамға еш нәрсе бастан-аяқ ұнаған емес, тіпті, әлгі айтқан құдайды да көп ретте ұната бермейміз ғой. Сынаймыз, қарғаймыз, тіпті безінеміз. Ал, құдай емес, өзегінде өлімі бар жай ет пен сүйектен тұратын адам жайлы не демейміз. Ең бастысы - өз ісің мен пікіріңнің дұрыстығын дұрыс түсіне білуде. Қалғандары екінші пландағы нәрсе - өмір сүрудің техникалық жағы. Оған ақыл-ойдан гөрі аз ғана қулық пен аз ғана арамдық жетіп жатыр. Д. Исабеков "Қарғын"

Қалағаныңды алсаң да, алмасаң да Құдайдың мейірімінен екен. Біріншісі “болсыншы” дегені, екіншісі “хайырсыздан қорғайыншы” дегені… «Құдайдың беруі де, бермеуі де — беруі» #UN_notes

Барлық әлемнен шаршап, суығынан жаурап, жұмыр жүрегіңді жылытар орын іздесең маған кел… Саған қандай керемет екеніңді айтамын. #UN_notes

«Оценка - это про тебя и твоё я... Это эгоцентризм... Ведь оцениваешь ты... А не Всевышний... А Он всё давно оценил и создал наилучшим образом и в идеальном виде... Но, чтобы увидеть идеальное, нужен идеальный взгляд. А откуда ему у тебя взяться??? Ты же просто человек... Не Бог... Отсутствие оценки - это про Всевышнего, и про покорность перед Его скрытой Мудрости и незаметной Воли объемлющих всё и вся... Тебе мешает развиваться твоя оценка... И развивает тебя Сам Всевышний, а не ты...» (с) Табиғат ағай

Көрмей, тұрмай, сезінбей, білінбей де, Жымияды жүзім-нұр жан-жағына. Мәнсіз болып көрінер күнім кейде, Сағынышым айналып қанжарыма… Сол қанжармен үземін жарық нұрды, Жалғыздық боп жаныма үймелеген…. Сөнер жарық жаңасын жағып тұрды, Түсер адам осы бір күйге неден? Тағдырдағы сәттерді мен кешетін, Тұрар кейде біреумен бөліскің кеп… Жараларды ортақ қып, емдесетін, Келер кенет біреумен көріскің кеп… Жеткен адам бар ма осы шын бағына? Тапқан адам қайда екен іздегенін? Жүрек мендік сыбырлап бір жағыма, Дейді: “Дұрыс келерді үзбегенің”… Ұ.Н #UN_poetry

Бір досымның әңгімесінен үзінді: — Мен саған қандай жан тең болатынын білемін. Оның жүрегінде иманы болуы керек, жүрегі кең болуы керек, сенің ата-анаңды өз ата-анасындай құрметтеуі керек (олар сенің барың ғой, білемін). Сосыыын… өзің сияқты оқыған, қолындағы барын беретін (бірақ екеуің де барларыңды беріп, дымсыз қалмайсыңдар ма?), әкеңдей қамқор, шығармашылыққа жақын, сауатты (сауатсыздарға аллергияң бар сенің), еңбекқор. Менің көрінісім осы, басқасына өзіңді қимайды екенмін. (соңғы сөйлемдегі жанашырлықтың ұшқыны сондай әдемі, иә?)

Саусағымнан бастап шашымның әр талына дейін қорғалып тұрғандай сезіндім… Қандай әлсіз, қандай нәзік, қандай сынғыш жаратылыс екенімді жай сөзбен емес, шын түсіндім… Осы жолы көзден аққан тым ыстық жастың әр тамшысы жүрегімнің қатпарларындағы қатып қалғанның бәрін шығарып, дауылдан кейінгі тым-тырыс тыныштықтың күйіне енді. Шүкір! Шүкір! Шүкір! #UN_notes

Бүгін — менің ең керемет күнім… Лайымда мені лайық көрген мінберінен түсірмесін🤎 27.01.24

Бүгін әлжеліде оқыған ең жылы сөздерім: — сіз үшін дұғадамын — “сіз” дегенді кейін “біз” қылсақ өзге екі адамның диалогы болса да, сондай жылы🩵

Кей адамның жалғыз жаны, бауыр еті, көзқарасы, ой ұшқыны, жүрек түкпірі, ми қатпары, сана құрылымы — ерекше. Қызығамын! Тамсанамын! Ұзақ бақылаймын да бәрін-бәрін бір пендесіне үйлестіре үйіп берген Шеберге бас иемін… Жүйелі түрде, мінсіз кейіптегі Шеберінің сүйікті жаратылысы, ғажапсың! Сондай керемет екеніңді білсең (әлде мен жеткізе алсам), қақсап тұрған жараларың, жиналып қалған кертартпа ойларың, артық күмәндарыңның бәрі бір сәтте сейіліп кетер еді, шіркін… Сондай сұлу жаныңды жеп жүргеніңді, арман жолыңнан тайғанақтап бара жатқаныңды сезсем, жаным ашып, аяп кетемін, сосын дәрменсіздігіме ұрынамын. #UN_notes

Кенет. Күтпеген. Белгісіз. Не басы жоқ, не соңы жоқ. Абайсызда. Қашықтықта. Бұлай болуы да мүмкін емес шығар. Бәлкім бәрі тек менің қиялымда ғана өмір сүрген болар. Бір тамшың әсіреленіп, теңізге айналды ма екен? Сенің қалыпты бір сөзің менің санама жеткенде, санам сөзіңнен астар іздеп, тереңінен қабылдағысы келіп, барын да, жоғын да жолыңа салғандай. Ғажайып күтті. Болмады. Ашылмай жатып, жабылып қалған парағым. Сенің түк қатысың жоқ. Саған бұның бәрі беймәлім де. Бәрі менен. Ұқтым… #UN_notes

Алдыма бір адамды ап келіңдер, Ғұмырға мендей ғашық! • Жадыра Байбұланова