cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

Advertising posts
3 144Suscriptores
+1324 hours
+267 days
+12030 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Интернетте тергеуде жүрген немесе Ресей түрмелерінде отырған Қазақстан азаматтары Украинаға қарсы соғысқа алынып жатқаны туралы ақпарат тараған. Бұл туралы бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан сұралды
Mostrar todo...

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жастағы Адам жаңа қызметке тағайындалды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштер университетінің (РФУ) кураторы болды. Бұл тағайындау туралы Қадыровтың өзі Telegram-каналында жариялады
Mostrar todo...
Қадыровтың 16 жастағы ұлы жаңа қызметке ие болды | “Адырна” ұлттық порталы

Бүгін - қазақ музыкасының Гималайы – Ахмет Жұбановтың туған күні. Ахмет Жұбанов - 1906 жылдың 29 сәуір күні Ақтөбе облысы Темір ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ музыкасының зерттеушісі, көрнекті ғалым, әрі әйгілі композитор. Дирижерлік өнері де бір төбе.
Mostrar todo...

👍 2
Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде аты-жөнін жасырғысы келген қалталы азамат Украина қарулы күштеріне қосалқы бөлшектерге беру үшін қолданыстан шығарылған әскери ұшақтарды Қазақстаннан сатып алғаны туралы хабарлама тарған болатын. Бұл ақпаратты «Қазспецэкспорт» жоққа шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Хабарламада 2023 жылдың қазан айында Қазақстан пайдаланудан шығарылған 117 кеңестік жойғыш және бомбалаушы ұшақтарды аукционға қойғаны атап өтілген. Айта кетсек, «Қазспецэкспорт» кәсіпорнын Қазақстан үкіметі еліміздің Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын қамтамасыз ету және қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүлікті әкелу және әкету салаларында жұмыс жасау мақсатында құрған. «Міндетті түрде жою шартымен әуе кемелерін сату бойынша барлық аукциондарды кәсіпорын уәкілетті орган берген тиісті лицензиялары бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары арасында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізді, аукциондарға қатысуға рұқсат етілмеді. Кәдеге жарату процесі толығымен теңгерім ұстаушылардың бақылауында», - делінген «Қазспецэкспорт» сайтындағы хабарламада. Олар сондай-ақ «барлық әуе кемелері, оларға арналған бөлшектер мен тораптарды кесу (бөлу, ұсақтау) арқылы және олардың бастапқы қалпына келтірілуін болдырмайтын басқа да әдістермен теңгерім ұстаушылардың аумағында жойылады және тек аумақтан шығарылады» деп мәлімдеді. Дегенмен, украиналық БАҚ-қа сілтеп ақпарат таратқан Ресейдің Аvia.pro агенттігінің бүгінгі хабарына қарағанда, Қазақстан Украинаның қажеттіліктері үшін АҚШ-қа пайдаланудан шығарылған 81 ұшағын сатқан сияқты. Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан ескірген кеңестік жауынгерлік ұшақтардан бас тартып, ресейлік Су-30СМ көп мақсатты жойғыш ұшағы сияқты заманауи үлгілердің пайдасына өзінің әскери авиациялық паркін жаңарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Mostrar todo...
"Қолданыстан шыққан ұшақтарды сату" дауы. Жоққа шығарылған сайын жаңа мәліметі тарауда | “Адырна” ұлттық порталы

“Адырнаның” шахмат үйірмесі ашылды! Астана қаласындағы “Дәстүр” ықшам ауданында (Төле би, 14, НП 4) “Адырна” шахмат үйірмесі ашылғанын хабарлаймыз! Sun study оқу орталығы аясында ашылған “Адырна” шахмат клубына кез келген жастағы шахмат үйренгісі келетін балаларды қабылдау басталды. 1 мамырға дейін жазылған балаларға 30 пайыздық жеңілдік ұсынамыз. Сондай-ақ, шахмат үйірмесіне жазылған балаларға логиканы дамытуға көмектесетін кубик-рубик үйірмесіне тегін қатысуға сертификат сыйға беріледі. Толық ақпарат: +7 776 999 0740
Mostrar todo...
Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсындағы Жайық өзенінәң су деңгейі 633 сантиметрге жетті. Бұл туралы Қазгидромет жариялады
Mostrar todo...

Украина бизнесі ұзақ уақыт бойы кәсіпорындарын оқшаулауға арналған орын іздеп жүр. Оған елдегі қымбат жабдықтарды соғыс зардабынан қорғау себеп болып отыр. Олар әуелде Қазақстанды балама мекен ретінде қарастырғанымен, кейіннен кейбір Украина компнаияларының Өзбекстанға келіп жатқаны мәлім болды. Бірінші кезекте украиналық өнім өндірушілер Польша, Румыния және Венгриядағы өндірістік алаңдарды қарастырды. Бұл елдерде қолжетімді білікті қызметкерлер, қолдау бағдарламалары мен салықтық жеңілдіктер бар. Сонымен қатар еуропалық серіктестер де жақын орналасқан.  ЖОБАДА БАР, ЖОЛДА ЖОҚ Өткен жылдың ақпан айында өткен Қазақстан-Украина бизнес-форумынан кейін украиналық бизнес өкілдері кәсіпорындарын Қазақстанда локализациялауға мүдделі екендігін жеткізген еді.  Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Сергей Павленконың айтуынша, қазіргі таңда елімізде украиналық экспортты ілгерілетуге бағытталған бөлшек сауда, фармацевтика, құрылыс саласындағы бірқатар бірлескен жобалар жоспарланған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Mostrar todo...
Украина бизнесі Өзбекстанға өтіп жатыр. Қазақстан ЕАЭО-ға арқандалған | “Адырна” ұлттық порталы

👎 2😁 1
Атырауда көлік пен мопед соғысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Оқиға 26 сәуір күні болған. Сағат 18:30 шамасында Құрманғазы-Луговая көше қиылысында болған жол апатында 1979 жылы туған жүргізушінің тізгініндегі Toyota Ipsum автокөлігі солға бұрылу кезінде қарама-қарсы келе жатқан 2008 жылы туған жасөспірім тізгіндеген мопедке соқтығысты. Мопед жолаушысы 2006 жылы туған жігіт оқиға орнында қайтыс болды.
Mostrar todo...
😭 6👍 1
Иракта бір жыныстылардың қарым-қатынасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы заң қабылданды, деп “Адырна” тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды. Енді елде бір жынысты қатынас жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырырылатын болады. Құжатқа сәйкес, заң “Ирак қоғамын моральдық ыдыраудан және әлемді шарпыған гомосексуализмге шақырудан қорғауға” бағытталған. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Mostrar todo...
👍 7
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерді алдамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. Полиция департаментінің баспасөз қызметі Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерді біріктіретін WhatsApp чаттарында адамдар интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жіберіп жатқанын мәлімдеді. 📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Mostrar todo...