cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

AYATZHAN / Мінез!

Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
1 585
Suscriptores
-124 horas
-27 días
-1930 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Менің арнамда кімдер көреді? Керемет бір ойын болды. Испания - Гермария 2:1. Келесі жұпта Лонардо мен Мбаппе Португалия мен Франция кім жеңеді? Менің болжамым Португалия - Франция 1:2. Жеңіс Фрацуздарда)
Mostrar todo...
🔥 7👏 4
Хит мамандықтың сапасыз кадры болғанша, ел менсінбейтін мамандықтың мықты маманы болу – табысқа жетудің төте жолы. 9️⃣ Университетті өз туған облысыңыздан басқа қалада оқуға кеңес беремін. “Балам адам болсын десең, сыртқа айда”, – дейді біздің қазақ. Рас, университетті басқа қалада оқып, сәл де болса ыстық-суықты бастан кешіңіз, “ақ алақан” маман болып шықпас үшін. Үйдің қасында оқу – жан қинамаудың тамаша әдісі, бірақ үйіңіз қасыңызда мәңгі тұрмайды. 1️⃣0️⃣ Қазір педагогикалық мамандықтардың шәкіртақысы көтерілді, мұғалімдер жалақысы көтерілді. Бұл осы бағыттағы мамандықтарға түсуді армандайтындар санын арттырды. Бұрынғыдай "тым құрыса мұғалім бола салам" дейтін ой енді жоқ. Педагогикалық мамандықтар балы көтеріліп кеткен. Ескеріңіз. Мысалы 100 балмен математика пәні мұғалімі деген мамандық грантын армандай алмайсыз. 1️⃣1️⃣ 2020 жылдан бастап грант конкурсы орыс тобы, қазақ тобы деп бөлінбейді. Бұл да қазақ топтары үшін көптеген мамандықтың грант балының төмендеуіне әсер етті. Енді орыс тобы мен қазақ тобында айырмашылық болмайды. Сондықтан орыс тобы төмен болады деп орыс тобына талпынбаңыз. Енді бәрі бірдей. ❗Айтпақшы, медицина немесе педагогика мамандықтары таңдайтындар психологиялық тесттен өтуі міндетті, оны конкурсқа құжат өткізгенге дейін тапсырып болу керек. Тапсырып қоймасаңыздар, ертең ол мамандықты таңдай алмай қаласыздар. Баршаңыздың грант иегері болуларыңызға тілектеспін, сәттілік болсын! Бірінші пост парақшамда тұр, оқыды деп ойлаймын. Үшінші пост та алдағы күндері болады. Сұрақтарыңыз болса, комментке жаза беріңіздер, бас-аяғын қосып тағы бір пост жазармын. QAZBILIM GROUP компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы
Mostrar todo...
Тренинг. "Мамандық таңдау және болашақ"

Тақырып: "Мамандық таңдау және болашақ" Тренер: Аятжан Ахметжанұлы 📍Бізбен байланыс:⬇ 🏫 ”QAZBILIM” Ұлттық лицейі @qazbilim.litseyi Ақтау қаласы: 29-шағын аудан, Толқын 2, 121/2. 📲 87085028008 Қостанай қаласы: 5 декабрь 100А. 📲 87017548008 Атырау қаласы: Сұлтан Бейбарыс даңғылы 458 📲 87019438008 📚 QAZBILIM Кітап бөлімі 📲 87764318008 @qazbilim.book Телеграм:

https://t.me/kazbilim​​​​​​​

🏫 Республикалық “QAZBILIM” орталығы @qazbilim 💻 QAZBILIM Oнлайн бөлімі 📲 87078318008 Нұр-Сұлтан қаласы: 1. Қ. Сәтбаев 22/1. 📲 87754318008 2. Сарыарқа 31/2. 📲 87015318008 3. Ә. Бөкейхан 17/1 (23-өтпе жол 6/1) 📲 87019418008 Алматы қаласы: 1. Мамыр-4 шағын ауданы, 144 A. 📲 87017318008 2. М. Төлебаев 38 📲 87017518008 Шымкент қаласы: Д. Қонаев 39/1. 📲 87017618008 Ақтау қаласы: 29-шағын аудан, Толқын 2, 121/2. 📲 87017628008 Қызылжар қаласы: Н. Назарбаев 69А. 📲 87017528008 Қарағанды қаласы: Құрылысшылар 4. 📲 87019738008 Қызылорда қаласы: Ә. Бөкейхан 146. 📲 87019348008 Семей қаласы: Қабанбай батыр 114/128A. 📲 87019728008 Қостанай қаласы: 5 декабрь 100А. 📲 87017548008 Атырау қаласы: Сұлтан Бейбарыс даңғылы 458 📲 87017328008 #qazbilim #ұбт2022 #ҰБТ #НЗМ #БИЛ #мамандық

👍 8🔥 3
Мамандық, университет, грант туралы (2) ҰБТ аяқталуға жақын, біраз түлек қолында сертификат, университет пен мамандық таңдау деген маңызды басқыш алдында тұр. Күн сайын ондаған оқушы мен ата-ана кеңес сұрап жекеме жазып жатыр. Бәрі “Қай мамандық жақсы, мынандай балмен қай мамандық, қандай университетке түсе аламыз?” деп сертификат суреттерін жібереді. Әр адамға жеке кеңес беруге үлгермегендіктен, арнайы мамандық таңдау кезіндегі маңызды түйіндерді ескертейін. Мамандық таңдаған дұрыс. Бірақ көбіміз “мамамдық” (мамасы таңдаған мамандық) таңдап кететініміз ақиқат. Жалпы мамандық таңдау туралы ойымызды осыған дейін жазған едік, ол осы әлеуметтік желідегі парақшамда да, www.Kazbilim.kz сайтында да тұр. 2025, 2026 жылғы түлектер міндетті түрде оқыңыз. Бұл тақырыпта “Мамандық таңдау және болашақ” атты тренингім де https://www.youtube.com/live/CJK4uNAm_IA?si=Ub-5-25k3wsQCIN7 осында тұр. Ал дәл қазір сертификат бар, таңдау пәніміз белгілі, ендігі біздің таңдайтынымыз, шыны керек, мамандық емес, грант екені ақиқат. Жақсы мамандықтың грантына түсу – жарты бақыт, сол себепті мамандық пен университет таңдар кезде ертең өкініп қалмас үшін төмендегі дүниелерді ескертейін. 1️⃣ Әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімін жақсылап қараңыз. www.kazbilim.kz сайтына, телеграм https://t.me/kazbilim арнасында тұр. Бірақ бір мамандыққа гранттың көп бөлінуі сіздің грантқа түсуіңізге кепіл емес, аз грант бөлінген мамандықты аз адам, көп грант бөлінген мамандықты көп адам таңдауы мүмкін. 2️⃣ Бір мамандықты екі-үш университеттен таңдамай-ақ қойыңыз. Сіз конкурсқа түсудегі мүмкіндігіңізді азайтасыз. Себебі грант университетке емес, мамандыққа бөлінеді. (Педагогика және медицина мамандықтарындағы квотасы бар мамандықтан басқа мамандықтарды. Ресми жалпы конкурсқа түсетін мамандықтар.) 3️⃣ Мамандық таңдаған кезде сертификаттағы балыңыз маңызды, асқан тәуекелге бармаңыз. Мысалы, 115-пен стоматология немесе 85-пен жалпы медицина таңдап әуре болмай-ақ қойыңыз. Көрпеңізге қарай көсілген дұрыс. Мұны қалай межелеуге болады? Ол үшін өткен жылғы грант иегерлері тізімін жақсылап қараңыз. Ол да www.kazbilim.kz сайтында тұр. Биыл грантқа түсу балы төмендейді не жоғарылайды деп айтуға әлі ерте. ҰБТ толық бітсін, жалпы статистика шықсын. Бірақ кез келген мамандыққа өткен жылғы ең төменгі балдан 6-7 баллдан артық тәуекел қажет емес. 4️⃣ Балыңыз грантқа түсуден гөрі тәуекелге жақын болса, онда ең маңызды кеңес, мамандық таңдау биыл да 13-20 шілде аралығында жүреді. Сіз мамандықты 18-20 шілде арасында, жұрттың ең соңында тапсырыңыз. Себебі ҰТО әр күні бір мамандықты неше адам таңдағаны туралы статистика жариялайды. Соған қарап отырып, өз балыңызбен таңдаған мамандыққа түсу-түспеуіңізді 90% межелеуге болады. Себебі мамандық таңдау басталған кезде өзіне толық сенімділер бірінші таңдап кетеді, сосын бір грантқа неше адам таласып тұрғанына қарап, өз мүмкіндігіңізді біліп аласыз. Мысалы, бір грантқа 5 адамнан артық таласып тұрса, әуре болмаңыз. Бір грантқа 0,7 адам таласып тұрған мамандықты ойланбай таңдай беріңіз. 5️⃣ Университеттердің қабылдау комиссиясы кеңес бергенде өзін таңдауды, өзінде бар мамандықты таңдауды ұсынуы, тіпті кейбірі “бізді таңдамасаң, құжатыңызды алмаймыз” деп міндетсінуі мүмкін. Бұл – заңсыз! Сіз бір қаладан бір қалаға жүгірмей, өзіңіз қалаған кез келген университет пен мамандықты таңдай аласыз. Құжат қабылдау www.egov.kz сайтында онлайн түрде жүреді. Сосын грант иегерлері тізімі шыққан соң, өзіңіз түскен университетке құжатыңызды алып бара бересіз. 6️⃣ Құжатты соңғы күні сағат 18.00-ге дейін тапсырып болсаңыз болғаны, ерте тапсыру мен кеш тапсырудың конкурсқа еш қатысы жоқ. Сондықтан асығыстық жасап қоймаңыз. 7️⃣ Ауыл квотасы, қандастарға берілетін квота немесе тағы басқа жеңілдіктер барлық мамандықта бола бермейді. Мысалы, халықаралық қатынастар, ғылыми физика мамандығында ауыл квотасы жоқ. Сондықтан мұны ескеру маңызды. Ауыл квотасы бар мамандықтар тізімі де www.kazbilim.kz сайтында тұр. 8️⃣ Танымал мамандық таңдап, ертең өкініп қалмаңыз, өзіңіз ең жақсы маман болып шыға алатын саланы таңдаңыз.
Mostrar todo...
Тренинг. "Мамандық таңдау және болашақ"

Тақырып: "Мамандық таңдау және болашақ" Тренер: Аятжан Ахметжанұлы 📍Бізбен байланыс:⬇ 🏫 ”QAZBILIM” Ұлттық лицейі @qazbilim.litseyi Ақтау қаласы: 29-шағын аудан, Толқын 2, 121/2. 📲 87085028008 Қостанай қаласы: 5 декабрь 100А. 📲 87017548008 Атырау қаласы: Сұлтан Бейбарыс даңғылы 458 📲 87019438008 📚 QAZBILIM Кітап бөлімі 📲 87764318008 @qazbilim.book Телеграм:

https://t.me/kazbilim​​​​​​​

🏫 Республикалық “QAZBILIM” орталығы @qazbilim 💻 QAZBILIM Oнлайн бөлімі 📲 87078318008 Нұр-Сұлтан қаласы: 1. Қ. Сәтбаев 22/1. 📲 87754318008 2. Сарыарқа 31/2. 📲 87015318008 3. Ә. Бөкейхан 17/1 (23-өтпе жол 6/1) 📲 87019418008 Алматы қаласы: 1. Мамыр-4 шағын ауданы, 144 A. 📲 87017318008 2. М. Төлебаев 38 📲 87017518008 Шымкент қаласы: Д. Қонаев 39/1. 📲 87017618008 Ақтау қаласы: 29-шағын аудан, Толқын 2, 121/2. 📲 87017628008 Қызылжар қаласы: Н. Назарбаев 69А. 📲 87017528008 Қарағанды қаласы: Құрылысшылар 4. 📲 87019738008 Қызылорда қаласы: Ә. Бөкейхан 146. 📲 87019348008 Семей қаласы: Қабанбай батыр 114/128A. 📲 87019728008 Қостанай қаласы: 5 декабрь 100А. 📲 87017548008 Атырау қаласы: Сұлтан Бейбарыс даңғылы 458 📲 87017328008 #qazbilim #ұбт2022 #ҰБТ #НЗМ #БИЛ #мамандық

👏 3🔥 2
​​Мамандық және университет таңдау, грант туралы (1) ҰБТ-дан соң әдет жылдағыдай, күнде жекеме жүздеген оқушы мамандық, университет, грант туралы сұрақ қояды. Жауап беріп үлгеру мүмкін емес. Сол үшін жалпы ескертейін: 1️⃣ Асықпаңыздар. Биылғы әр мамандыққа бөлінген гранттар тізімі өткенде шыққан. Жақсылап қараңыз сол kazbilim.kz сайтында және телеграмға https://t.me/kazbilim/2822 салдық. 2️⃣ Тағы асықпаңыз. ҰБТ толық аяқталсын. Сосын еліміз бойынша ҰБТ орташа балы, жалпы статистикасы шықсын. Соларға жақсылап талдау жасаңыз. QAZBILIM-де оқысаңыз бірге жасаймыз! 3️⃣ Педагогикалық немесе медициналық мамандыққа барғысы келетіндер сол бағыттағы арнаулы емтихандарыңызды тапсырып, сертификатын алып қойыңыздар. Дәл қазір ешқандай сәуегейлік жасамай-ақ қойыңыз. Ешкімге жүгінбей-ақ қойыңыздар. Алаңдамай демала тұрыңыздар. Әлі бір аптадан аса ҰБТ бар. ҰБТ жалпы статистикасы шыққан жоқ. Сондықтан қазір болжауға тым ерте. Мамандықтар мен әр түрлі квоталар туралы кеңесті алда менің парақшамнан, QAZBILIM парақшасынан күнделікті оқи аласыздар. Парақшаларын оқи жүріңіздер. Нақты мәліметтер шықса, толық талдап өзім де жазатын боламын. Қазірге жалғыз жауап "асықпа". Ақыл айтқан қауымға ұрынып қазір шаршама. Тұрақты пайдалы ақпаратты біздің телеграмға https://t.me/kazbilim каналына да салып жатырмыз тұрақты түрде... Үш жыл бұрын QAZBILIMTV арнасында университет және мамандық таңдау туралы эфир жасағанбыз. Соны көріңіздер. ( https://youtu.be/TRSU4HdXVsY ) Қазірге сабыр! 12 шілде ҰБТ біткен соң көсіліп әңгіме айтып, мамандықты бірге таңдаймыз. Оған дейін ұйықтай тұрыңыздар. Конкурсқа құжат қабылдау 13 шілде басталады. Үлгересіз бәріне!!! Р.S. мен де тауда демалып жүрмін. Сіздер де сәл демалып алыңыздар)
Mostrar todo...

👍 15 3🔥 2
​​Үйдің кенжесі болғандықтан ба, қатты ерке болып өскен мен елге келгеннен бастап еркелікті де, балалықты да шекараның арғы жағына тастадым. Себебі, бұл жақта өмір мені еркелетпейтінін жақсы сездім. Елге кетерде ол жақта ешқандай туысың да, танысың да жоқ қой, балам, қиналасың ғой деді, әкем. - Әке, бір өзімізді бағатын күнге жеттік қой, ержеттік қой, қашанғы бала көресіздер, - деп өзімізше боламыз ғой сол. Дәл сондай жауапкершілікпен елге өтіп кеттік. Содан бері 18 жыл. Әкем алғаш рет елге мен отбасылы болғаннан кейін бір жылдан соң тұңғышым өмірге келер кезде келді. Қазір қолым қалт етсе әкемді әр өңірге апарып, тарихымен таныстырып, саяхаттатам. Қымыз, шұбат, айран тауып берсем балаша мәз болып саяхаттай береді. Саяхаттатып жүріп әр өңірдегі QAZBILIM ұлттық лицейіне соғады. Батасын беріп, тілеуін тілейді. Сенбі күні қыдырып Алматыға келген, бүгін балам осындағы мектебіңді көрейін деп, QAZBILIM ұлттық лицейіне келіп батасын берді. Өткен жазда Ақтаудағы QAZBILIM ұлттық лицейіне арнайы барып, бір малға бата жасап, сойғызып еді. Ол оқу жылының енді бастап жатқан кезі еді. Енді бүгін аяқтап жатқанда әдейі тағы бір қалаға келіп, бата беріп тұрғанын сездім. Әй, әке деген баласына қашан да осылай тілекші ғой. Әлем мойындаса да, әкең мойындамайды деген сөз бар ғой. Рас, не істесек те ол кісілер үшін баламыз. Әке, мынадай тірлік бастағалы жатырмын, әке, мынадай іс тындырдым, мынадай дәреже алдым десең, ә, балам құдай бет алдыңнан жарылқасын. Ее, құдай ау өзің қолда деп бетін бір сипайды болды. Бүгінде мектепті аралап жүріп, ойпырай балам мына мектебің тым үлкен екен, әр қалаға жүгіріп шаршайсың ғой, - деп алаңдап тұрғанын сездірді. Бірақ, қандай жағдайда да қиналған кезде сыр алдырмауға тырысам, алаңдамасын деймін. Сол үшін тек қуанышыммен бөлісем. Бірақ, көп нәрсені үйде қабағымнан сезеді, балам-ау, бір жерің ауырып жүрген жоқ па деп сезіп отырғанын білдіреді. Көп нәрсені өзіміз әке болғалы біліп жатырмыз ғой. Бұл кісілердің бізді білдірмей қалай тәрбиелеп, ыстық суыққа қалай шынықтырғанын. Кейде ойлаймын, біз қандай әке боламыз? Өз балаларым қандай азамат боп ержетеді? 38 жыл дәрігер болған әкеме қарап, өзімді әлі дым тындырмаған адам сезінгенде ұсақталып кетпедік пе деп ойлайсың… Қызық, ә? Әкелеріміз аман болсын!
Mostrar todo...

29🔥 10👍 9👏 2
Repost from QAZBILIM
ҰБТ -ны бітіріп МАМАНДЫҚ, ГРАНТ, УНИВЕРСИТЕТ туралы ойланып жатқан түлектер үшін арнайы! Грантқа қалай түсуге болады? Мамандықты қалай таңдауға болады? Университет таңдаудың жолдары Қалай өзің армандаған мамандыққа қол жеткізуге болады? Қалай өз балың грантқа жететін жетпейтінін білуге болады? Осы тағы бір қатар сұрақтардың жауабын талқылаған едік. Көріп шығып, өз керектеріңізге жаратыңыздар! https://www.youtube.com/watch?v=TRSU4HdXVsY
Mostrar todo...
BILIM TALQY. Грантқа қалай түсуге болады? Мамандық және университет таңдау.

BILIM TALQY. Грантқа қалай түсуге болады? Мамандық және университет таңдау. ✅ Модератор: Аятжан Ахметжан @aiatjan Нұр-Сұлтан қаласы, N90 гимназия директоры Сарапшылар: ✅ Оразбек Әбсаттар @orazbekabsattar Республикалық “QAZBILIM” орталығының директоры және тарих пәні мұғалімі. ✅ Гүлбану Қанай @qanay_gulbanu Республикалық “QAZBILIM” орталығының онлайн бөлімінің жетекшісі және химия пәнінің мұғалімі. 📍Бізбен байланыс:⬇ 🏫 ”QAZBILIM” Ұлттық лицейі @qazbilim.litseyi Ақтау қаласы: 29-шағын аудан, Толқын 2, 121/2. 📲 87017628008 Қостанай қаласы: 5 декабрь 100А. 📲 87017548008 🏫 Республикалық “QAZBILIM” орталығы @qazbilim

https://t.me/kazbilim

Нұр-Сұлтан қаласы: 1. Қ. Сәтбаев 22/1. 📲 87754318008 2. Сарыарқа 31/2. 📲 87015318008 3. Ә. Бөкейхан 17/1 (23-өтпе жол 6/1) 📲 87019418008 Алматы қаласы: 1. Мамыр-4 шағын ауданы, 14-үй. 📲 87017318008 2. Н. Гоголь 73. 📲 87017518008 Ақтөбе қаласы: Қ. Сәтбаев 10А. 📲 87017328008 Шымкент қаласы: Д. Қонаев 39/1. 📲 87017618008 Ақтау қаласы: 29-шағын аудан, Толқын 2, 121/2. 📲 87017628008 Қызылжар қаласы: Н. Назарбаев 69А. 📲 87017528008 Қарағанды қаласы: Құрылысшылар 4. 📲 87019738008 Қызылорда қаласы: Ә. Бөкейхан 146. 📲 87019348008 Семей қаласы: Ә. Тәңірберген 1. 📲 87019728008 Түркістан қаласы: Қ. Тәтібаев 4А. 📲 87019548008 Қостанай қаласы: 5 декабрь 100А. 📲 87017548008 💻 QAZBILIM Oнлайн бөлімі 📲 87078318008 📚QAZBILIM Кітап бөлімі 📲 87764318008 @qazbilim.book

👍 4
Ана қазақтың ұлттық нақышта жасақталған қара шаңырақ киіз үйінде ұлттық киіммен азғындар (ЛГБТ өкілдері екен) шектен шыққан видео түсіріп, шектен шығып фотолар түсіріп таратып жатыр екен… Міне біздің идиологиямыздың табан тіреген жері. Бұның бәріне көз жұмасың, елемейсің. Ертең ұлт ретінде құрып жоғаласың! Бүгін онсыз да ұлт ретінде жан жақтан алған соққыдан ұрпақ та есеңгіреп, күллі ұрпақ құндылықтар соғысының құрбаны боп жатыр! Бұны заңмен тиіп, отбасы мен мектептегі тәрбиені оңалытпасақ онда ертеңіміз қиын! Ұрпақ тәрбиесі. Ұлттық мектеп. Ұлттық тәуелсіздік деп қақсайтынымыз сол ғой… Ұлттық мектептерімізді дамыта түсудің өзектілігін осындайда одан арман сеземін… https://youtu.be/5pFZKUYW9Js?si=oCsEKWCfGvYsVdEA
Mostrar todo...

👍 14🔥 4
​​Туған жерге туыңды тік! Ел үшін еңбек ет... Осындай оқиғалардан соң осындай сөздер жәй ұран секілді. Мынадай қастандықтардан кейін кім туған жерге ту тігіп, кім мемлекеттік қызметтің креслосына отырып, ел үшін еңбек етеді?? Сафура Сейдуалиқызын 10 жылға жуық танимын. 6 жылдан астам өте тығыз қарым қатынаста жұмыс істедім. Әріптес, әпке-іні, сырлас, дос боп кеттік. Әр кез білім саласында, басқару саласында қандай да бір сұрақ болса ақылдасатын бір адамым осы Сафура апам еді. Әр кездегі жұмысына қарап, әйтеуір бір жағынан шығысқым, көмектескім келіп тұратын. Себебі, елдік деңгейде, ұрпақтың болашағы деңгейінде ойлайтыны, тың идеялары, демократиялық, ұлттық ұстанымдары тәнті ететін. Өзім білім саласындағы қарым қабілетін қатты мойындайтын санаулы жанның бірі осы Саф апам еді. Сондықтан да, Ұлытау облысына білім басқармасы басшылығына тағайындалғанда қатты қуандым. Жан-жақты қолдау бідіремін деп уәде бердім. "QAZBILIM" жобалары жағынан бір рет командаммен барып оқушыларға облыстық деңгейде тегін олимпиада ұйымдастырып, өз қаржыммен марапаттап, дарынды оқушылардың көптеп шығуына барынша қолдау жасап қайттым. Одан кейін Куралай Байтажикова апам бастаған екі үш директор барып, үш күн Ұлытау облысы мектеп директорлары мен мұғалімдеріне тренинг өткізіп кеттік. Бұны да Сафура апайдың осы өңірдің білім саласының дамуы үшін жүрген шын жанашырлығы үшін өз қаржымызбен барып тегін өткіздік. Одан кейін де қаншама іс-шарасына қолдау білдіріп барып араласып жүрдік. Біреуіне қаржы сұрамадық, біреуіне жол шығынымызды көтертпедік. Себебі, Сафура Сейдуәлиқызы Төлектегі апай таза болсын, біреу күйе жақпасын, адал көмектесейік дедік. Астанаға келе қалса кездесіп шай ішіп, кішігірім пед.кеңес жасап жібермесек ішіміз толып қалатын. Министрліктен шығатын әр құжат, білім саласындағы әр проблеманы жүйелі талдап, ақылдасып, шешім іздеп отыру кәдімгі тірлігіміз еді. Бұндай басшылар некен саяқ, тым аз. Білім саласының иісі мұрнына бармайтын бірақ, білім саласында басқарушы орында отырған қаншама адам бар. Бірақ, Сафура апам шын кәсіби еді. Ол кісіні мамыр айының басынан бері жоғалтып алдық. Іздедік жабыла, хабарласа алмай дал болдық. Өкінішті, кезекті жала, кезекті құрбандық болып жатқанын білгенде аһ ұрдық. Мен өзіме сенгендей, өзімнің туғаныма сенгендей Сафура апама сенем. Ол кісі мемлекеттің, біреудің соқыр тиынына қиянат жасайтын жан емес. Ол кісі туған өңіріне барып қызмет етем деген мисссиясы болмаса, Астанада жылы орынында қаншама жеке сектор үлкен жалақымен шақырған еді. Мен де бірге жұмыс істейік дедім. Бірақ, ол кісі мемлекеттікті, туған облысын таңдады. Себебі, мемлекеттік мектептерді реттейік, біз қашсақ, бұл саланы кім істейді деген азаматтық ұстанымдары еді. Сол ұстанымы үшін қолдадық! Qazbilim жобаларының 10 жылдығында конференцияда кеп баяндама жасады, әр сөзіне тыңдаушының бәрі сүйсінді. Риза болды. (Сөзін тыңдап да жанының тазалығын, педагогикалық, басшылық білімін саралауға болады https://youtu.be/USELxJIk7tY?si=K-eAdyVRFLF6ShsW ). Өкінішті! Өкіншті! Сафура апайдың тезірек ақталып, істі аяқтап ортамызға оралуын шын жүректен тілеймін. Сафура апай қылмыскер болса, мен де қылмыскермін!
Mostrar todo...

👍 12😢 8🔥 4😱 2
​​QAZBILIM қымбат па? QAZBILIM ұлттық лицейінің оқу ақысы туралы айтқанда неге сонша қымбат? Тіпті университет бағасы да ондай емес қой деп шағымданатындар көп. Енді осы сұраққа тоқталып көрейін. 1. Еліміздегі ең қымбат мектептің оқу құны жылына он бес миллион үш жүз елу мың теңге (15 350 000 ) жылына. Содан төмендеп кете береді. 2. Елімізде 700-ге жуық жеке меншік мектеп болса, соның 100-ден астамының оқу құны жылына бес миллион (5 000 000) теңгеден қымбат. 3. Көптеген мектепте оқу құнынан тыс кіру жарнасы 100-500 мың теңгеге дейін. Емтиханға қатысуы 20-50 мың теңге. Тамақ құны жылына 300 мыңнан миллион теңгеге дейін барады. 4. Сапалы кадр жақсы жалақы, қолайлы шарт жағдай талап етеді. Сапалы кадрсыз сапалы мектеп жасау мүмкін емес. Себебі, білім сапасы мұғалім сапасынан биік болмайды. 5. Бізде ғимараттардың аренда құны ең арзаны 5 миллион теңге / айына. Ең қымбаты 30 миллион теңге /айына. Бұдан тыс коммуналдық шығындар қаншама. 6. Оның сыртында қаншама ойлаған, ойламаған шығындар бар. Оның бәрін жабатын не? Ол қаржы. Енді бізде QAZBILIM ұлттық лицейінің оқу ақысы қандай? Бізде оқу құны ең арзан қалада (Қостанай) бес жүз мың теңгеден басталып, ең қымбат қала Астанада бір миллион бес жүз мың теңгемен аяқталады. Бірақ, бірден толық төлем жасаған жағдайда – 10% жеңілдік. Сонда 450 000 теңге 1 350 000 теңге арасы. Және ол тек оқу құны емес, оқу ақысына: 🔽 Негізгі + қосымша сабақтар (8:30-16:30 аралығы) 🔽 3 үйірме 🔽 Оқулықтар (мемлекеттік + авторлық, электронды оқулықтар және интернет-ресурстар) 🔽 Мектеп формасы (қысқа және ұзын жеңді тенниска, бомбер, кеудеше (жилетка)) 🔽 Түскі ас (комплекс: бірінші және екінші ыстық тамақ, салат, нан, компот) Кіреді. Сонда ешқандай қымбат емес қой, иә? Оның сыртында жыл бойы үздік оқыған 360 оқушыға, жаңадан тапсырған 150 оқушыға 50%, 30%, 20% -дық жеңілдік грантын бердік. Ол да үлкен қолдау ғой. Оның сыртында алтын, күміс алқалы жандарға тағы жеңілдік бар. Патриот болсаң, ұлтшыл болсаң тегін оқыт, ұлттық мектеп ұлтқа жаны ашыса деген реніштер мен кей кісілердің ауыр сөзінен шаршадым. Ғимараттың арендасы мен мұғалім жалақысын жауып беретін адам болса тегін оқытуға болар еді, ә? Менің мұғалімдерім ауамен қоректенбейді, олар да жалақы алу керек деп күле салам үнемі ондай жандарға… P.S. Қызық үшін Қазақстандық Forbes тізіміне кіретін мектептер сілтемесін коментке қалдырдым. Танысуға болады. Бірақ, ішінде бірде бір таза қазақ мектебі жоқ. Жалпы жекеменшік мектептердің 80% дан жоғарысы өзге тілді. https://forbes.kz/ranking/top-25_chastnyih_shkol_astanyi_i_almatyi_-_2024
Mostrar todo...

👍 25 6🔥 3👏 2
​​QAZBILIM қандай жоба? Бизнестік жоба? / әлеуметтік жоба? / идеологиялық жоба? QAZBILIM -нің 6 бағыттағы жобалары туралы әңгіме болғанда, QAZBILIM ұлттық лицейлері туралы әңгіме болғанда көп адам, Аятжанның бизнесі ғой деп қарайтындар көп. Ал, QAZBILIM де әкімшілік құрамында жүргендер менің көп шешімдерімді қабылдай алмай жатады. Кейде әрекетімді ұжымда түсінбей қалатындары бар. Себебі, шешімдерім бизнес шарттарына кері келеді. Кім не десе де, QAZBILIM мен үшін бизнестік жоба емес. QAZBILIM ол әлеуметтік идеологиялық жоба. Неге? Себебі, егер бизнестік жоба болса, оның мақсаты ақша табу болар еді. Онда маған аудиториям мен кленттерімді көбейту мақсатында орыс бөлімін қоса салуға болар еді. Ол үлкен табыс әкелетін бағыт. Себебі, орыс тілінде оқытатын жеке мектептерге сұраныс қазақ тілінде оқытатын жеке мектептерге қарағанда әлде қайда көп. Екіншіден, QAZBILIM бизнестік жоба болса, сұранысы аз, көп жұрт баласын орысша оқытатын орысы қалың Қостанай, Қарағанды қалаларынан QAZBILIM ұлттық лицейін ашпайтын едім. Себебі, екеуі де зиянға жұмыс істеп отыр. Одан да, тек қазақы өңірлерден ғана ашып отыра берер ем. Үшіншіден, жарнаманы да, әлеуметтік желідегі парақшаларымызды да тек қазақ тілінде жүргізбей, биліктің сөзімен айтқанда бәріне түсінікті тілде жүргізе беруге болар еді. Жоқ! Қанша қиын болса да, ұлттық бағытты қатаң ұстанып, тек қазақ тілінде қызмет көрсетіп, тек қазақ тілінде өмір сүріп келеміз. Бизнесмен Марғұлан Сейсенбай патриотизм бизнестің жауы, бизнес патриотизмнің досы дейді. Иә, бизнестік жоба деп қарамағандықтан, патриотизммен жұмыс жасай береміз. Себебі, бүгін тәуелсіздік шекарамен ғана өлшенбейтін, ұрпағымызды өзіміз ғана тәрбиелей алмайтын жаһандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Ал, көршіміз орыс пропагандасымен бар аудиторияны өзінің жетегінде әкеткісі келеді. Ал, біздің қазақ отбасындағы балалардың тілі орысша шығып жатыр. Мектептің бәрі аралас, жұрт баласын орыс сыныбына сүйреп жүр. Бұған оң әсер етуге сіз не жасай аласыз? Ұлттық білім кеңістігінің көкжиегін кеңейтуге барымызды саламыз. Сіз де үлесіңізді қосыңыз!
Mostrar todo...

👏 17👍 7🔥 2
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.