es
Feedback
Алаш сөзі / Елдос АЛАШ

Алаш сөзі / Елдос АЛАШ

Ir al canal en Telegram

Елдос Тоқтарбайдың авторлық арнасы. Автордың материалын (мәтінін ) пайдаланған жағдайда каналға сілтеме көрсету керек екенін естертеміз.

Mostrar más
2 566
Suscriptores
+124 horas
-97 días
-5330 días
Archivo de publicaciones
Достар, сүйінші! 🌿 ATA Travel ata.travel.kz деген тарихи-әдеби, мәдени экскурсия жобасын бастадым. Алғашқы бағытымыз — классик жазушы Сайын Мұратбековтің рухани әлемімен сабақтас Қоңыр-Ешкіөлмес 🏔️📚 Табиғат, тарих, әдебиет, әсерлі әңгіме, әдемі орта — бәрі бір сапарда 😍 Қатысқыңыз келсе, 📞 + 7 776 004 0022 жазыңыз. Мархабат! ✨

Иә, біздің Мо Яндай талантты жазушыларымыз өте көп, бірақ оны кім таниды?! Шетел түгілі өз еліңде танып, бағалап жатқандар бар ма?

Мо Яндай жазушылар бізде де бар... Қытай жазушысы Мо Янның Қазақстанға келуі әдеби ортада қызу пікірталас туғызды. Әлеуметтік желілерде «Неге қазақ жазушысы Нобель сыйлығын алмайды?», «Бізде Мо Яннан артық түспесе, кем түспес жазушы көп қой» деген сарындағы пікірлер жиі айтылды. Бұл сұрақтың астарында ұлттық әдебиетке деген жанашырлық та, белгілі бір деңгейдегі өкпе-наз да жатыр. Алайда мәселені тек жазушының талантымен немесе әдеби шығарманың көркемдік деңгейімен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Ойлап қарасақ, Нобель сыйлығы – тек әдеби жетістіктің көрсеткіші емес, сонымен бірге ұлт тілі мен  мәдениеті, аударма саясатының, халықаралық әдеби айналымның нәтижесі.          Ең алдымен бір нәрсені түсініп алған жөн: әдебиет пен тілдің тағдыры бір-бірінен ажырамайды. Әдебиеттің әлемдік кеңістікке шығуы сол әдебиетті тудырған тілдің ықпалына, таралу аймағына және аударылу мүмкіндігіне тікелей байланысты.          Қытай әдебиеті туралы сөз болғанда, біз ең алдымен қытай тілінің қуатын ескеруіміз керек. Қытай тілі – миллиардтан астам адамның тілі. Қытай мемлекеті ондаған жыл бойы өз әдебиетін, мәдениетін, ғылыми еңбектерін әлем тілдеріне жүйелі түрде аударып келеді. Нәтижесінде қытай әдебиеті халықаралық әдеби кеңістіктің ажырамас бөлігіне айналды.          Ал қазақ әдебиеті өз қазанында өзі қайнап жатыр...  Қазақ тілінде сөйлейтін халық саны салыстырмалы түрде өте аз. Оның үстіне қазақ тілінің халықаралық ғылыми, мәдени және әдеби айналымдағы үлесі де шектеулі. Сондықтан «неге қазақ жазушысы Нобель алмайды?» деген сұрақтың алдында «қазақ әдебиеті әлемге қаншалықты таныс?» деген сауал тұруы керек.          Өкінішке қарай, әлем қазақ әдебиетін толық танып отырған жоқ. Оның басты себептерінің бірі – аударма мәселесі. Кез келген ұлы әдебиет алдымен өз ұлтының шекарасынан шығып, өзге тілдерде өмір сүре бастағанда ғана әлемдік құбылысқа айналады. Бүгінгі күні әлем әдебиетінің классиктері саналатын көптеген қаламгерлердің шығармалары ондаған, тіпті жүздеген тілге аударылған. Олар тек өз елінің жазушысы емес, адамзаттық құндылықтарды сөйлеткен тұлғалар ретінде қабылданады.          Қазақ әдебиетінде де әлемдік деңгейдегі шығармалар аз емес. Абайдың философиялық тереңдігі, Мұхтар Әуезовтің эпикалық қуаты, Мағжан Жұмабайдың поэтикалық әлемі, Әбіш Кекілбайұлы мен Мұхтар Мағауиннің интеллектуалдық прозасы – халықаралық оқырман үшін қызықты болуы тиіс мұралар. Бірақ бұл шығармалардың басым бөлігі әлемнің жетекші тілдерінде жүйелі әрі сапалы түрде ұсынылған жоқ.          Нобель сыйлығын армандау үшін ең алдымен аударма институтын қалыптастыру қажет. Әлемдік әдеби нарықта агенттер, баспалар, әдеби қорлар, халықаралық фестивальдер мен аудармашылар үлкен рөл атқарады. Жазушының шығармасы оқырманға өздігінен жетпейді. Оның артында тұтас мәдени инфрақұрылым жұмыс істейді.  Сондықтан қазақ әдебиетінің болашағы туралы сөз қозғағанда, мәселені бір жазушының тағдырына тіреп қою дұрыс емес. Бізге ең алдымен қуатты тіл саясаты, сапалы білім жүйесі, кәсіби аударма мектебі және халықаралық әдеби байланыстар қажет.          Қазақ әдебиеті қуатты болуы үшін қазақ тілі де қуатты болуы керек. Тіл – әдебиеттің тамыры. Тамыры әлсіз ағаштың биікке бойлауы қиын. Қазақ тілі ғылым мен технологияның, бизнес пен халықаралық коммуникацияның тіліне айналған сайын қазақ әдебиетінің де ықпалы арта түседі.           Мо Янның келуі бізге бір нәрсені тағы да еске салды: әлемдік деңгейге шығу үшін тек талант жеткіліксіз. Әлемдік деңгейге шығу үшін әдебиетті көтеретін тіл керек, тіл мен аударманы қолдайтын мемлекет керек, мемлекеттің мәдени стратегиясы керек, ең бастысы – ұлттың өз әдебиетіне деген сенімі керек.          Нобель сыйлығы мақсат болуы мүмкін. Бірақ одан да маңызды мақсат бар. Ол – қазақ әдебиетін әлем оқитын әдебиетке айналдыру. Егер біз осы жолды дұрыс құра алсақ, Нобель сыйлығының өзі бір күні қазақ жазушысының алдына келуі әбден мүмкін.           Қазақ тілінің тұралап қалған мәселесі көп нәрсеге кедергі екенін және ұмытпайық! 

Бүгін (22.06.1941) — Алманияның Советтер Одағына басып кірген күні. Яғни, Алман-Совет соғысы. Құлдық санадан арылу үшін десоветизация процесі жүруі керек: бұрнағы қазақ (Алашордашыларды айтып отырмын) Алмания деп жазған. Ең дұрысы — осы. Германия, немец деп орыс үйреткен. Бұл — бір. Екіншіден, Алман-Совет соғысы деген абзал. Ұлы Отан соғысы деген атаудан құтылу қажет. Осы соғысқа 1 200 000 астам қазақ қатысып, 600 000 қазақ сол майдан даласында ерлікпен жанын қиған. Ең сорақысы — осы соғыста Советтер одағы бойынша 27 000 000 адам қырылған. Үлкен шығын. Ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухы шат болсын 🤲 Аспанымыз мәңгі ашық болғай!

Біле жүріңіз: Бүгін — нағыз тарихи күн. Осыдан 121 жыл бұрын Алаш идеясы туған. 1905 жылғы 22 маусымда Қарқаралы қаласының маңында жыл сайын өтетін Қоянды жәрмеңкесіне қазақ зиялылары жиналып, астыртын жиын өткізген. Бұл жиын — Алаш қозғалысының бастауы еді. Семей, Ақмола облыстарының қазақтары Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, өздерінің арыз-тілектерін жазып, 12 747 мыңнан астам адам қол қойып, бармақ басып ел астанасы Петерборға жолдаған. Бұл құжатты Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жақып Ақбайұлы зиялылар дайындаған. Құжатты қазақ тілінен орыс тіліне аударған — Темірғали Нұрекенұлы. Бұл құжат атауы — «Қарқаралы құзырхаты» (Петиция). Кенесары ханның ұлт-азаттық соғысынан кейін патша үкіметіне ауыр соққы болған тарихи құжатта 42 мәселе анық жазылған: жер мәселесі, тіл мәселесі, мектеп мәселесі, дін мәселесі т.б. 🇰🇿 Жасасын, Алаш, жасасын!

БАЛАҢЫЗҒА КІТАП ОҚЫТЫҢЫЗ ОЙЛАНДЫРАТЫН, ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТАТЫН КІТАП ОҚЫТЫҢЫЗ 💯 Ұлттық иммунитетті күшейтіңіз! 👇🏼 Дүкенімізден
+7
БАЛАҢЫЗҒА КІТАП ОҚЫТЫҢЫЗ ОЙЛАНДЫРАТЫН, ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТАТЫН КІТАП ОҚЫТЫҢЫЗ 💯 Ұлттық иммунитетті күшейтіңіз! 👇🏼 Дүкенімізден кітап сатып алу үшін: +7 747 123 31 58 (Дана) ватсап нөмеріне жазып алыңыз

https://adebiportal.kz/kz/news/view/cifrlyq-dauirdin-prozasy__10001694 Заманауи жазатын балалар жазушысы

Бүгін yeldos_alash парақшасына 10 жыл. 10 жыл бұрын… Мен осы желіде Алаш туралы айтып, жазып жүрген жылдары жалғыз едім. Түрл
Бүгін yeldos_alash парақшасына 10 жыл. 10 жыл бұрын… Мен осы желіде Алаш туралы айтып, жазып жүрген жылдары жалғыз едім. Түрлі коуч, инфлюенсерлер арасына кіріп, олардың ортасын бұзып-жарып, сайдың тасындай іріктелген Алаш абадандарының аңызға бергісіз ғажап өмірін, ғаламат өнегелерін айтып, тыңдаушымның да, оқырманымның да рухани шөлін басып, айызын қандырып, ұлттық көзқарасын өзгерттім. Иә-иә, он жылдан бері үлкен аудитория қалыптастырдым. Алаш оғыландарын сүйетін, солардай болуға ұмтылғысы келетін қыз-жігіттердің ұлттық иммунитетін күшейттім. Қашанда Алаш сөзін, ұлт мүддесін тайсалмай-тайсақтамай, жасқанбай тіке айттым. Қазір менің жолымды жалғаған кіл көкмойнақ жастар бар! Ал бүгін екінің бірі сөзінің біссімілләсін “Алаш!” деп бастайтын болды. Алаш тарихын айтушылар қатары көбейді. Солай… Ал менің жобаларыммен @atacreativehub баспасынан шыққан кітаптар арқылы таныса аласыз. Кәнекей, қазақ ұлтының бәсін биік қылайық! Алға, жігіттер! #елдос_тоқтарбай

Достар! Каналымызды дамытамыз. Әлем әдебиетінен Алаш тұлғаларына дейін қызықты контент ұсынамыз. Балаларға арналған қызықты әрі пайдалы дүниелер және қамтылмақ. Қапы қалмаңыз! Пайдаңызға жарасын!

Mensaje de voz00:37

Mensaje de voz00:31

Қайырлы таң! 🌞 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған кітаптарға 25–30% жеңілдік жариялаймыз! 📚✨ Балаңы
Қайырлы таң! 🌞 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған кітаптарға 25–30% жеңілдік жариялаймыз! 📚✨ Балаңызға қызықты кітап сыйлап, оның білімге деген қызығушылығын арттырыңыз. Ең жақсы сыйлық – кітап! Акцияны жіберіп алмаңыздар! 🎁📖

✍️ Бас редакторымыз @yeldos_alash -тың досы, ақын, әдебиеттанушы ғалым 🫂 @bauyrzhan.myrzakul ағай ұлы Димаштың сүндет тойына «Тойбастар» сандығына тапсыр беріп, әр түрлі кітаптан алып кетті 📚 «Тойбастар» сандығы — қазақ дәстүрін жалғаған ғұрып. Бұл сандықта ұлтты оятқан арыстардың асыл сөздері, балалар әдебиетінің жауһарлары жинақталған. Тойыңызға қатысқан мейманыңыз түрлі кітаптан тарту алып, рухани байып қайтатын болады 🎈 Тойыңыз тойға ұлассын! «Тойбастар» сандығына тапсырыс беремін десеңіз, ☎️ +7 747 123 3158 (Дана) хабарласыңыз

Қайырлы күн, достар! 31 мамыр қарсаңында қоймада аздаған дана қалған Алаш тұлғаларының кітаптарын жеңілдікпен сатып жатырмыз. Үлгеріп, алып қалыңыз! Зейініңіз ашық болсын!

Жақсы буын өсіп келеді 🇰🇿 Қазіргі жастар жан-жақты дамыған. Бірнеше шет тілін меңгерген, ІТ саласын шемішкедей шашады. Мәселен, менің жанымда кіл студенттер топтасқан. Мына төмендегі баспаның сайтын 17 жастағы Гауһар деген қыз жасады 💪 Талабына риза болдым 👏 Ана тілін жақсы меңгерген, елжанды осы буыннан күтерім көп. Лайым солай болғай! Құрметті оқырманым, баспамыздың сайтына өтіп 👇 қалаған кітабыңызды таңдаған соң, "Сатып алу" деген белгіні басасыз. Бұл сілтемеден өтіп, Kaspi дүкенінде тапсырыс берсеңіз болады

Достар, ертең Астанада Book Fair басталады🥳. Өтетін орны: Әлихан Бөкейхан көшесі, 1 А. Бәріңізді күтемін! Жазушы Елдос Тоқтарбай ұстаз өзі қатысады. Келіп, кітабын қолтаңбасымен алсаңыз болады ☺️ 🥳🫶🏻