cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Гүлмира Ілесбай | QMDB

Гүлмира ұстаз

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
2 574
Suscriptores
-324 horas
-107 días
-4830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Алланың панасында болайық🤲🏻 Не мәселе болсада Аллаға қол жайып сұраудан тартынбаңыз!!! Алла беруші! Алла екі дүниеде де жәрдемшіміз болсын! Екі дүниеде де жүзімізді ақ етсін🤲🏻 Баршаңызға жақсылық, амандық тіледім🤲🏻 @gulmiraustaz
Mostrar todo...
🥰 14🔥 10 3
Парыздан кейінгі ең жақсы намаз Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір сөзінде: «Парыз намаздан кейін ең жақсы намаз – бұл түнгі намаз» деген. (Муслим). Алла Елшісі(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұны өсиет етіп қана қоймай, ең керемет үлгісін көрсете білді. Аиша анамыз (оған Алла разы болсын) жеткізетін хадистерден оның аяқтары іскенше, көз жасын тыя алмастан оқыған намаздарынан хабардар боламыз.  Түнгі намазда жасалған дұғалар қабыл болады.  Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім түнде оянып: «Алла Тағаладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән әрі барлық мақтау-мадақ Оған ғана лайық. Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән, Алла пәк, Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ, Алла ұлы, Алла Тағаланың күш қуатынан асатан ешқандай күш-қуат жоқ» (Лә иләһа-иллә-лләһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу ләһул-мулку, уә ләһул-хамду, уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Әл-хамду лиллаһ, субханаллаһ, уа ләә иләәһа илләллаһ, уаллаһу акбар, уа лә хаулә уа лә қууата иллә билләһ»,- деп Алладан кешірім сұраса яки, дұға қылса, дұғасы қабыл болады. Егер дәрет алып, намаз оқыса, намазы қабыл болады» (Бұхари).
Mostrar todo...
20
Әбу Һурайрадан келген хадис бойынша пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Адамның дінінің кәміл болғаны өзіне қатысы жоқ нәрсені тастағаны»[ Осы хадисті талдайық : 1. Пайдасыз нәрсемен айналысу имандылық кәмілдігіне керағар: Шынайы тақуа мұсылман өзіне қатысы жоқ сөзді, істі тәрк етеді. Бұл оның имандылығының кәміл екенінің белгісі. Әбу Дәуіт әс-Сажастани деген ғалым адамның өзіне қатысы жоқ нәрсені тастауы  оның иманының үштен бірі деген. 2-Ғайбат айтуға және жасырын сөз тасуға апарады.  Адамның шамадан тыс өзіне қатысы жоқ әңгімеге араласып кетуі, оның бөгде адамдар көргенін қаламайтын жайттарға көзі түсуі  оны күнәға батуына апарады 3- Жүректі қатайтады, денені әлсіретеді, ризық жолын қиындатады. Мәлик ибн Динар: «Егер жүрегіңнің қатайғанын, денеңнің әлсірегенін, ризық жолының тарылғанын байқасаң, өзіңе қатысы жоқ әңгімеге араласқаныңды біліп қой», деген. 4- Адамның өзі қаламаған затын естуіне мәжбүр болады. Шығыс халқында мынандай мақал бар: «Өзіне қатысы жоқ затқа аралассаң, өзің ұнамаған затты естуіне душар боласың,» деген. Шынымен егер бір адам екінші бір адамның көкейінде қандай ой ойлап тұрғанын білсе, әлемде қантөгіс көп болар еді. Сол себепті кейбір заттардың құпия сақталуы да қайырлы істерден. 5. Уақытты босқа өлтіру. Сахабалардың бірі Әбу Дәжәнә фәниден өтер кезінде адамдар оған көңіл сұрап кірген кезде жүзі жарқырап, нұрланып отырғанын көреді. Келген адамдар одан жүзін нұрланып тұр оның себебі не? Сырыңмен бөлісші, дейді. Ол: «Мен екі нәрсеге қатты бекем болатынмын, біріншісі – өзіме қатысы жоқ нәрсеге араласпайтынмын және адам турасында ойымның дұрыс болуына көңіл бөлетінмін», деген. @gulmiraustaz
Mostrar todo...
12🥰 7🔥 1
Ойлаймын да…. Көбінесе адамдардың іс-әрекеттеріне қарай баға беріп жатамыз. Дұрыс істеді, дұрыс істемеді. Неге олай жасады? Біліп тұрып неге солай сөйлейді? Осы сияқты, кінәлау, сөгу, ұрысу өзімізге қатысты болсада, өзгеге қатысты болсада өте көп екен. Көбінесе өзімізбен , өзіміздің өмірімізбен әуре болсақ екен. Өзімізге қатысы жоқ нәрсеге кіріспесек!!! Әбу Һурайрадан келген хадис бойынша пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: «Адамның дінінің кәміл болғаны өзіне қатысы жоқ нәрсені тастағаны»[
Mostrar todo...
👍 15
Сенің ең бақытты кезің – дәл қазіргі сәттерің. ©️Шейх Халид әл-Харса
Mostrar todo...
👍 15 12🔥 1
Пайғамбар (с.ғ.с.): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар, ал «Бақара» сүресі оқылатын үйге шайтан кірмейді»[8], – деген. Сондай-ақ, Ибн Масғұд (р.а.) айтады: «Кімде-кім түнде «Бақара» сүресінен он аят оқыса, ол үйге шайтан кірмейді: басындағы төрт аят, Аятул-Күрсі, оған дейінгі екі аят және соңғы үш аят». Тағы бір хадисте: «Кім «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын түнде оқыса, оған жеткілікті»[9]. Яғни, барлық жамандықтан сақтауға жеткілікті делінген. Басқа ғалымдар «Шайтанның жамандығынан сақтауға жеткілікті», «Адамдар мен жындардың жамандығынан сақтайды» деп тәпсірлеген.
Mostrar todo...
31👏 1
Әнас (р.а.) бірде ол Сәбитке (р.а.): «Саған Алла Елшісінің (с.ғ.с.) (ауырған адамға) оқитын дұғасын оқиын ба?», – деп сұрады. Ол: «Әрине», – деді, Сонда Әнас: «Я, Алла, адамдардың Раббысы, кеселдерді кетіруші, сауықтыр! Сен – Шипагерсің, Сенің шипаңнан басқа, шипа жоқ, бұдан кейін ауру қалмайтындай сауықтыр!»[7] Аллаһумма, Раббаннаси, музхибаль-баъси, шфи Анташ-Шафи, лә шафийа иллә Анта шафиъан лй йуғадиру сакаман!
Mostrar todo...
6
Құран – жанға дауа, дертке шипа. Белгілі бір техника бұзылса, оның нұсқама қағазына көз жүгіртеміз емес пе, сол секілді адам ауырса оның «нұсқамасы» болған Құранға жүгінеміз: «Құраннан мүміндерге шипа және рақым түсіреміз...»[3]. Олай болса, ауруға шипа болатын Құран сүрелері мен Алланың Елшісі үйреткен дұғалармен таныссақ...
Mostrar todo...
4
Алла Елшісі ﷺ: «Әр дерттің дауасы бар. Дерттің дауасы табылып қолданылғанда, Алла тағаланың көмегімен ауру адам жазылады». Муслим, Сәлем, 69. ——————————— Посланник Аллаха ﷺ: «От каждой болезни есть лечение. Когда лекарство от болезни найдется и употребляется, с позволения Аллаха больной человек выздоравливает». Муслим, Салям, 69
Mostrar todo...
👍 10 3🔥 1
Repost from N/a
Құрметті қыз-келіншектер бұл топта Алматы қаласы мешіттерінің барлық жаңалықтарымен бөлісіп отырамыз! Бізге қосылыңыз❤️
Mostrar todo...
👍 14