cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

"ГАРМОНИЯ" орталығы

Ташкент облыстық "Гармония" тұрғындарға практикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығы. +99897 4100480

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
356
Suscriptores
Sin datos24 horas
-27 días
+330 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

00:07
Video unavailableShow in Telegram
Қайырлы таң! Барлығыңызға жылулық, қуаныш, махаббат және жақсы көңіл-күй тілеймін! Өміріңізді өзгерткіңіз келе ме!? Олай болса сылтау іздеп, өзіңізді жауып, бақытты болып көрінудің орнына әрекет етіңіз...‌‌ https://t.me/psy_consultt
Mostrar todo...
2.69 MB
СҰЛУЛЫҚ ПЕН ЖЫЛЫЛЫҚ ӘЙЕЛДЕ... ❤️ Әйел- отбасының шырағы! Жарқырап жанып тұрған шыраққа махаббатпен қараған еркек- нағыз еркек. ❤️Әйел ренжіген күні үйден береке кетеді. Берекеден айырылғың келмесе, әйелді ренжітпе! ❤️Әйел-нәзік гүл! Оны баптап күте білсең,үйіңнен күніге жұпар иіс аңқып тұрады. ❤️Әйелдің бетіне әжім түскенмен,жүрегіне әжім түспейді. ❤️Әйелмен айтыспа! Оны тыңдап,қолдап,қорғай біл.Жеңіс сенде болады! ❤️Әйел өте сезімтал жан.Сезгенін айтса, сенімсіздік танытпа. ❤️Әйелдің жүрегі жамандықтан тілінеді.Тілінген жүректі жамағанмен тыртығы қалады. ❤️Есі бар еркек әйелінің жүрегін сау қалпында ұстайды. ❤️Әйелдің жанын түсінгің келсе, теңізге түс, терең тұңғиығына көз сал, толқындарымен ойна. ❤️Сұлулық пен жылылық әйелде! Сұлулығына тамсанып,жылылығынан қуат аласың.Әйелді бағалай біл! ❤️ Өмірді жайнататын да,қара қазанды қайнататын да әйел. ❤️ Қазақ әйелі! Бақытты бол! Сенің көзіңнен бір тамшы жас көргім келмейді. Жаныңда басыңды бағалай білетін жан болсын! Фатима Забурақызы. https://t.me/psy_consultt
Mostrar todo...
"ГАРМОНИЯ" орталығы

Ташкент облыстық "Гармония" тұрғындарға практикалық-психологиялық қызмет көрсету орталығы. +99897 4100480

Photo unavailableShow in Telegram
Қымбатты Аналар, арулар! 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауым мен тілегімді қабыл алыңыздар. Әйел әрқашан халықтың ар - ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі. Әйел өзінің табиғатынан - ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Халқымызда: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл - қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.
Mostrar todo...
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Бейбіт БӘКІРҰЛЫ құттықтау қағазын жіберіпті. Төбем көкке жетті, риза болдым. Бүкіл Қазақ Елі атынан құттықтау алғандай болдым. Бүкіл қазақтың жылы лебізін есіткендей сезіндім өзімді. Көп рақмет, Бейбіт БӘКІРҰЛЫ! Асыл аналар мен сұлу қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаймын. Жүздеріңізден күлкі арылмасын.
Mostrar todo...
Күн қайырлы болсын! Сұрақтарыңыз болса жазыңыздар. Жұмыс көбейіп, каналда жазба қалдыруға мүмкіндік болмай тұр. Алдағы уақытта жақсы жазбалармен бөлісеміз.
Mostrar todo...
sun-and-rainbow.pdf
Mostrar todo...
sun-and-rainbow.pdf9.26 MB
rain.pdf
Mostrar todo...
rain.pdf7.92 MB
Photo unavailableShow in Telegram
ЖАҒДАЙДАН АРЫЛЫҢЫЗ - БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ! 🔹Егер сіз жағдайды сол күйінде қабылдай алмасаңыз, сіздің қасіретіңіздің негізі осы екенін біліңіз. 🔹Өзгерте алмайтын нәрселермен келісімге келуді үйреніңіз. 🔹Осылайша сіз өз күшіңізді мағынасыз психикалық күйзелістерге жұмсамайсыз және нақты ойлай аласыз. 🔹Сонымен қатар, таңғажайып факт: жағдайды шын жүректен және толығымен босатқаннан кейін бәрі жақсы болады!
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
"Сіздің өміріңіз шектеулі. Сондықтан оны басқалардың өмірін сүру арқылы босқа өткізбеңіз. Сізді басқалардың ойымен өмір сүруге итермелейтін догмалық тұзаққа түсіп қалудан абай болыңыз. Ішкі үніңді басқа адамдардың ой-пікірінің шуылы тұншықтырып тастамасын. Оған әсте мүмкіншілік бермеңіз. Ең бастысы, жүрек үні мен ішкі түйсігіңіз бойынша әрекет етуден қорықпаңыз. Өйткені жүрегіңіз сіздің кім болғаныңыз келетінін жақсырақ біледі". Стив ДЖОБС
Mostrar todo...
НЕЙРОПСИХОЛОГИЯ
Mostrar todo...
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.