cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Korkyt Ata University

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаңалықтары

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
820
Suscriptores
Sin datos24 horas
-87 días
-2330 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Студент Кызылординского университета стал двукратным чемпионом Азии В Астане прошел чемпионат Азии среди боксеров. Среди мужчин в весе до 54 кг в возрасте до 23 лет победил студент образовательной программы «Физическая культура и начальная военная подготовка» Кызылординского университета имени Коркыт ата, мастер спорта международного класса Нурсултан Алтынбек и стал двукратным чемпионом Азии. Нурсултан в финале сразился с монгольским Оюн-Эрденом и одержал явную победу со счетом 5:0. Эта победа Нурсултана вошла в историю страны. Он является первым двукратным чемпионом среди казахстанских боксеров в возрасте до 23 лет. Победителя чемпионата Азии по боксу подготовили заслуженный тренер РК, главный тренер федерации бокса РК – Мырзагали Айтжанов и личный тренер Жамиль Жусуп.
Mostrar todo...
1
Қызылорда университетінің студенті екі дүркін Азия чемпионы атанды Астана қаласында боксшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 54 келі салмақтағы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенті, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды. Нұрсұлтан финалда моңғолдық Оюн-Эрденмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын ұтты. Бұл жеңіс ел тарихына енді. Ол 23 жасқа дейінгі қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш екі дүркін жеңімпаз болды. Азия жеңімпазын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР бокс федерациясының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен жеке бапкері Жәміл Жүсіп дайындады.
Mostrar todo...
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Күміс жастағы азаматтарды 2024 жылдың 13-17 мамыр аралығында «IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІК» тақырыбында ақысыз негізде интенсивті курсына қатысуға шақырамыз. Өтетін орны: №6 оқу ғимараты, 211-дәрісхана. Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы
Mostrar todo...
👍 1
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛДЫ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 – мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай жиын өтті. Жиында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова ерлер қауымын мейрамдарымен құттықтап, лебізін жеткізді. «Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген дана сөз бар. Батыр да жаужүрек аталарымыз ел тарихындағы небір сындарлы кезең, қиын замандарда жанқиярлық ерлік көрсете жүріп, бүгінгі бейбітшілік заманның негізін қалыптастырды. Азаматтарымыздың майдандағы ерліктері мен тылдағы ерен еңбектерінің мәні мен маңызын жастардың зердесіне жеткізу, Отанымызды болашақ ұрпақ үшін сақтап қалған әкелеріміз бен аталарымызды еске алып, олардың өмір өнегесі мен ерлігін насихаттау – біздің азаматтық парызымыз», - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1269
Mostrar todo...
3
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында “Экономика және құқық” институты ардагерлерінің мерекелік шарасы өтті. Мақсаты — ардагерлер қызметі кезіндегі тарих пен университеттің дамуы үшін қосқан үлесін сақтауға көмектесу, батылдық, адалдық және патриотизм құндылықтарын болашақ ұрпаққа үлгі ету. Ардагерлермен білім ордасының ынтымақтастығын дамытып, нығайтуға ықпал жасау. Салтанатты кездесуге институттың ардагер ұстаздары, әр жылдағы түлектері, бүгінде құқық қорғау органдары мен түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген білікті мамандар жиналды. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1266
Mostrar todo...
1
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жасанды интеллект институты директорының орынбасары бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1261
Mostrar todo...
👍 1
“DAULETTEN” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛ! Қордың жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын жыл сайынғы “Білімнің жұлдызы - 2024” жобасы биыл да өз жалғасын табуда. Байқау жеңімпаздары 100.000 теңге көлеміндегі бірреттік шәкіртақыға ие болады. ✅ Жоба шарттары: •Қазақстан Республикасының азаматы болу; •Жас шектеуі: 16-21 (қоса алғанда); •ЖОО бакалавр немесе колледждің тек ақылы бөлімінде оқу; •GPA орташа балы 3.0 жоғары болу; •Соңғы 2 жылда “Білімнің жұлдызы” шәкіртақысын иеленбеу. Жоба 2 кезеңнен тұрады: - өтінімдерді қабылдау - бірыңғай тестілеу 🗓️ Өтінім беру 4 мамыр 09:00-ден бастап, 11 мамыр 23:59-ға дейін www.dauletten.kz сайтында мүмкін болады. 📑 Керекті құжаттар 👇🏻 * Жеке куәлік; •Жетістіктері (Халықаралық/Республикалық/облыстық); * Оқу орнынан мөр қойылған анықтама (сол оқу орнында ақылы бөлімде оқиды деген); * ⁠Оқу үлгерімі жайлы құжат (транскрипт); * ⁠Отбасы жағдайы туралы анықтама (толық емес/көп балалы/мүмкіндігі шектеулі/ аз қамтылған, тсс).
Mostrar todo...
ЖАЙДАРМАННАН ЖҮЛДЕ АЛДЫ “Qosyl” қалалық жастар орталығының қолдауымен Қызылорда облыстық жайдарман ойындарының финалдық кезеңінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Матриархат” пен “Бренд” құрама командалары жүлделі II-орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясын “Матриархат” құрамасының ойыншысы Сахиева Аяжан жеңіп алды. Университеттің өнерпаз жастарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Mostrar todo...
1
ЖҮЛДЕЛІ II ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХVІ Республикалық пәндік олимпиадасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының "Ғибрат" командасы жүлделі II-орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., профессор Рабиға Игенбаева бастаған, ПП-20-1 және ПП-21-1 оқу тобының студенттері Абдулла Бануды, Бақытқызы Гүлсананы, Дүйсенбек Ақеркені жеңістерімен құттықтаймыз!!!
Mostrar todo...
3
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Толығырақ 🌍https://korkyt.edu.kz/article/1257
Mostrar todo...
1