cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

🕊┊៚ˊ Peach cream ° 🍑

♡ 。 ₊˚ ️⊹ 🍑 . 🍒 хей, сен " peach cream " тобына тап болдың. ♡ біздің тобымызда: ˚₊· жайлы атмосфера ˚₊· хикаялар ˚₊· пікір-ойлар ˚₊· күнделікті посттар °₊· түрлі мәліметтер °₊· турлі мотиватсияларды таба аласың.

Mostrar más
Kazajistán7 507El idioma no está especificadoLa categoría no está especificada
Publicaciones publicitarias
166
Suscriptores
Sin datos24 horas
Sin datos7 días
Sin datos30 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

орташа жағдайда болады. - Балам енді Деста екеуің ажырасасыңдар. Әкесі маған хабарласты. Оларға сенің істегенің жайлы полицияға айтпағанына рахмет айтуымыз қажет. Тек келген қағазға қол қоясың, Дестаны көргеніңді олар қаламайды,- әкесі түсіндіре баласының басын изегенін күтті. Данияр келісімін бере ата-анасынан алыстады. - Егерде рұқсат берсеңіздер мен қазір кетуім керек. Бір жұмыстарым бар,- баласына жымия "ия" дегендей ишара білдірген ата-ана одан кейін өз жоспарларын ақылдаса бастады. Ал Данияр болса көлікке отыра психологына кетті….. ••• Қуанышты күйде аурухана дәріздерімен жүріп бара жатқан жігіт бір адамды көруге асық. Тез, тез қадамдап бара жатып бір екі адамды қаға жаздайды. Жолай кешірім сұрап қолындағы тәттілер мен керекті палатаның есігінің алдына келеді. Жаймен тоқылдата іштен жауапты күтті. "Дулат" деген қуанған қыздың дауысынан жігіт ішке енеді. - Періште қыз,- жылы жымия кішкентай қыздың құшағына ене кетті. Кездеспегендеріне он жыл болғандай бірін бірін жіберуге асықпады,- сені қатты сағынып кеттім ғой,- қыздың бетін шымшып, оның сүйкімді қабағын түйгеніне қарап күле бастады. - Сен таңертең ғана келіп кеткен болатынсың. Қалай сағынып үлгердің. Санасаң он ақ сағат көріспедік қой,- қыз ойша жігіттің қанша сағат болмағанын санай айтып жатты. - Сонда саны мүлдем сағынбадың ба, ендеше мен кете берейін,- ренжіген кейіпімен Дулат бұрыла кетпек болды. - Хей, қайдағыны айтпағы мен сені қаттырақ сағындым. Бүгінгі күніңнің қалай өткену туралы айтатын әңгімелеріңді тыңдағым келеді,- жігітті тоқтата қыз қайта өзіне бұрды,- жүр мында отыр,- Дулаттың қолыңнан жетектей орындыққа отырғызды өзі төсекке жатып алып жігітінің әңгімесін күтті. Дулат болса басын шайқап "бұзық қыз" деп айтып үлгерді одан кейін жаймен ойын ретінде ұрған қыздың қолын сезді. Осылай әңгіме басын ала кетті. Дестаның ауруханада жатып ем алып жатқанына бір ай шамасы болды. Дулат болса осылай күнде келетін. Жұмыстың алдында таңертең жәнеде жұмыстан кейін кешке. Түрлі тақырыптарды көтере қызға қызықты деген оқиғаларды айтатын. Деста болса өз орнында күні бойы Дулатты тыңдауға дайын еді.…. ••• Бүгін Данияр күткен күн. Дестамен кездесіп оған ойындағыны айта, кешірім сұрайтын күн. Кішкентай қызды көрмегеніне жарты жылдай болған еді. Ия ол Дулатпен бірге жұмыс істейді бірақта ол ешқашан қызды көрсете, өзімен алып жүрмейтін. Олардың қарым қатынастары жасырын тәрізді болатын. Бірақта бүгін Данияр сол бір жарты жыл бұрын салынған қабырғаның артындағы Дестаны көре алады. Біраз уақытқа болсын, бәрібір ең бастысы кешірім сұрап үлгеруі керек. Тек Данияр уайымдап жатыр деп ойлайсыңдар ма? Өзінің келісімін берген Дестада дірылдеп отырды. Данияр не дейді екен деген ой басынан шықпай қойды. Міне көптен күткен кез келе Данияр мен Деста ең бірінші рет кездескен кафелерінде сол бір үстел үстінде бірін біріне қарама қарсы отыр. Данияр көз қарасын түсіре ойын жинап жатса, Деста уайымдап көз қарасын әрбір жаққа жіберіп жатты. Тіпті не істерін білмеді. - Деста,- Данияр көз қарасын көтере сөзін бастады. Қыз болса сабырға келе жігіттің тура көздеріне қарады, назар аударғанын көрсете ары қарай сөзін жалғастыра берсін дегендей ишара білдірді,- мен бүгінгі кездесу екеуіміге де қиын екенін түсініп тұрмын. Менің өзімнің жүрегім қазір дүрсілдеп уайымдап тұрғанын көрсетіп тұр. Бірақта бұл сөздерді мен өзіңе айтуым керек секілді. Деста, өтінемін кешір мені. Бұрыңғы Даниярдың істері үшін қазір өзім қатты өкінемін. Тым ашуланшақ, қызғаншақ, өркөкірек болыппын. Қалай ғана менің ісіме шыдағаныңды түсінбеймін. Барлық жасаған жамандығым үшін кешірім сұрағым келеді. Мен шыныменде жынды болдым. Білемін ол қате ақталмайды, бірақта өзіңнен кешірім сұрағанда жүрегім тынышталады,- Данияр сөзін аяқтап тынышталды. Дестаға сөз бергендей болды. - Ехх Данияр, біздің арамызда көптеген біртүрлі заттар болды. Өзіңнің жақсы жаққа өзгеріп келе жатқаныңа қуаныштымын. Бірақта салғанда рахмет айтқым келеді. Сенің арқаңда ерте жастан көптеген затты білдім, өзім үшін жақсы ойларды түйдім. Білемін қазір біз еркін сөйлесе алмаспыз, әсіресе қобалжып отырғанымыз анық көрінгенде. Бірақта мен сенің өміріңде не болы
Mostrar todo...
💧Júregińe jılw taray ma? Olda tınıstıqtı qalaydı…… 💧Пролог: "Терпимость - это любовь, страдающая надменностью"💧 20-bolim Soni barinin - Деста,- Дулат жылай қызға қарай қадамдай бастады. Дәрігерлер өзге адамның дауысын естіп назарларын аударады. - Сіз не кетпеген сіз бе?- медбике бикеш жігітті қыздың қасына жібермей алдына тұрып алды. - Маған ешкімде кету керегін айтпады, өтінемін жай ғана кішкентайымның бейнесін біраз қарап алайыншы,- Дулаттың көздеріндегі жастар өздерімен өздері ағып, барлық көз алдында тұрған барлық көріністі әрең дегенде көретін жағдайға жеткізді. - Өтінемін Дулатқа рұқсат беріңіздерші,- қыздың дауысы жаңғырық болып естіледі. Дәрігерлер қасындағы экрандағы нормаға келген көрсеткіштерді көре, бірін біріне бірнеше сөздер айта барлығы жақсы деген оймен жігітке қызға жақындауға рұқсат берді. Көздегі жастарды тезірек сүрте сол бір жанның бейнесін анық көруге берді. Дулат сол бір Дестаны тек енді көзі ашылып жатқанын көрді. Қыздың бетінде жеңіл жымиыс, ал қолдары болса жігітке созылып жатты. Дулат қыздың қалағанындай жаймен жақындап сөздерін өзі еститіндей ғана арақашықтықта тоқтайды. - Рахмет саған Дулат, сен болмасаң мен ол жерден шыға алмаушы едім. Тек өзің ғана кеудеме жарық сәулесін сыйлап Даниярды жіберуге көмектестің. Мен барлық айтқан сөздеріңді естідім. Бірақ мен саған ұрысқым келмейді. Бұл сезімдеріңді білдіргеніңді мен қабылдаймын. Тек біраз уақыттан соң, басқа атмосферада,- осы сөздерді сыбырлап күліп жіберді. Дулат болса нәзіктікпен қыздың шашын сипалап өз сөзін айта бастады. - Сезімімді сен өз қалпыңа келгенде ғана білдіретін боламын, не ауруханада сөз салу менің жоспарыма кірмеді,- осыны айта Дулат алыстады. Медбике мен жан сақтау бөлімінен шығып бара жатып соңғы рет қызға көз қарасын тастап, көзін қыса жымиды. Деста болса күлімдеп қала берді….. ••• Осыдан біраз уақыт бұрын: "Сол бір күн. Данияр барлығын Батырға айтып берген кез. Кенже біразға дейін сабырға келе алмай отырды. Енді жылауын тоқтатты деген кезде Батырхан өз сөзін бастады. - Данияр, білемін менің қазір айтатын кеңесім сен үшін қиын болар. Бірақта сен Дестаны ұмытуың қажет. Ия, жүрегіңнің көп орынын алып тұрған дән дәл қазіргі уақытта сол бір қыз. Көптеген сезім сезініп отырғандай өзіңді сезесің, ал негізінде Дестаға тек қана байланылып тұратындай сезімдер ғана қалған. Ол достық сезім емес, ол махаббат сезімі емес. Сен ішіңде өзің үшін адасып кетті. Мүмкін психологқа бара барлық жаман қасиеттеріңнен арылуға тырысасың? Жаныңның ауруын жазатын дәріні күнде түнде клубтан іздемей, арнайы маманға бар. Ішіңдегіні айта, оның емін қабыл ал. Данияр агрессияңды тоқтата, өмірге басқа көзбен қара. Сол кезде ғана бағанағы болғандай заттар өміріңде орын алмайды. Менің кеңесімді тыңдайсың деген ойдамын. Немесе қандай ғана ем беруге болатынын білмеймін,- сөзін аяқтап Батырхан тынышталды. Даниярға өз ойымен жиналуға уақыт берді. Кенже болса Батырханның сөздерін ой сүзбесінен өткізе, психологқа бару деген идеяның түрлі жақтарын ойластырып жатты. Шыныменде барғанда тұрған ештеңе жоқ, маман Даниярға көмектесе көптеген проблеманың кетуіне көмек беретіні анық. Дестаның да мазасын алуды қояды, қызды жіберетінде шығар. Бірақта жібергісі келіп тұрған жоқ. Ол қыздың қасында болғанын қалайды. Күнде тамағын дайындап, мейірімділік көрсетіп, жігітке нұр сыйлағанын қалайды. Армандары шыныменде осындай еді. Тек Батырханның сөздерінен кейін оның бұл армандарының санасынан шығу қажеттігін түсінді. - Мен психологқа жазыламын,- деген Данияр орнынан тұра бастады. - Дұрыс шешім,- Батыр жылы күлімдеп жинала бастады. - Мені тыңдағаныңа рахмет Батыр, ал қазір мен кетуім керек,- Данияр күтемін кие соңғы рет жігітке қарап студиядан шығып кетті. Ал Батыр өз ойларымен қалды. Студиядан шыққан Данияр біраз түңгі қала ішімен жүріп жүрді, осылай өзін сабырға шақырғандай болды. Аспандағы жұлдыздар бүгін анық көрініп тұрды, ай болса жаңадан туған екен. Таулар түңгі тұманда анық көрініп тұрған жоқ. Осындай біраз факттарды Данияр өзі үшін түртіп алып отырды. Рөлін кейбірде саусақтармен ұрып қояды, ал былай толықтай сабыр да отыр". ••• Сыртқ
Mostrar todo...
а шыққан Дулат Данияр мен оның анасының жоқ екенін байқады. Басқалар болса не болды дегендей көз қараспен қарады? Ал Дестаның анасы болса тездетіп жігітке жақындап келді. - Дестаның жағдайы не болды? Жаңа дәрігер мырза асыға кіріп кетті ғой. Бір нәрсе дұрыс емес пе?- ана дауысы Дулаттың көз алдында сынып қалайын деп тұр. Көздегі жастарын жаймен сұрте орта жастағы әйел адам қайта қарады. Дулат көп күттірмей өз жауабын бермек болды. - Деста есін жиды ханым,- Дулаттың дауысынан қуанышты анық естуге болатын еді, ал бетінде жымиыс пайда болды. Дестаның анасы жігітті құшағына қысып алды. Жігіт біраз таңғалды, бірақта әйел адамды жауап ретінде құшақтады. Ол кісінің қазірге уақыттағы сезімдерін түсініп тұрды. - Сенің сөздерің оған оянуға күш берген тәрізді. Сол себепті көп рахмет айтқым келеді,- әйел адам алғысын айта бастады. Ал Дулат болса басын шайқап, өзінің көмектеспегенін айта бастады. Сол кезде дәрігер шығып барлық адамның назарын өзіне аударды. - Деста ханым біраз тынығып алуы қажет, сол себепті әзірге кіре алмайсыздар. Жәнеде сіздерге үйге қайтып дем алып алсын дейді. Өздеріңіздің бұл жерде ұзақ отырғандарыңызды да білетінін айтты. Менде Деста ханымның сөздеріне қосыла біраз тынығып алсаңыздар дұрыс болатынын айтқым келеді,- дәрігер көз қарасын Дестаның анасына жібереді,- ханым сіз менімен кабинетке жүрсеңіз, кейбір заттарды ақылдасып алу керек,- әйел адам басын изеп дәрігердің артынан ереді. Ал Дулат болса еш жақын маңдағы орындыққа құлайды. Дұрыстап отыра жігіттерге назарын аударады. - Данияр қайда? - Ол анасымен кеткен болатын. Біз нақты қайда жол тартқанын білмейміз,- Азамат жауап бере жігіттің қасына жайғасады,- әлі барлығы дұрыс болып кетеді. Оған күмәнің болмасын,- қолдау сөздерін айта жігіттің тура көздеріне қарайды. - Әрине, Деста маған өз сезімдері жайлы айтты ғой. Бұл жағдайда қалай барлығы орнына келмеске? Мен күнде келіп Дестаның жазылуын бақылайтын боламын, барынша көмек көрсетуге дайынмын,- Дулат күлімдеп жақсы жаңалықты өзге мемберлерге айтты. - Сезімдері жайлы айтты?! Демек бірден есін жиғанда айтқан ғой,- Ашмақ жымия досы үшін қуанышты болды. Арқаларынан бір жүк түскендей болды. - Ия, бірден есін жия сезімдерін білдірді. Мен сондай қуаныштымын, тіпті сөзбен бұл сезімімді жеткізе алмаймын. Әлі ақ ол қызды бақытты қыламын. Сүюдің тәтті сезім екенін көрсетемін. Қазір көп нәрсеге уәде бере оның барлығының іске асуы үшін барлығына барамын,- Дулат ойланып кетті. Жігіттер болса досының арманын ойлап біраз күлді. - Дулат қазір біраз демалып ал. Жүр сені үйіңе дейін жеткізіп салайын,- Ашмақ жігітті түртеді. Ол болса басын изеп орнынан тұрды. Қанша Дестаның қасында қалғысы келседе, дәл қазір өзінің де демалуы керегін түсінді. ••• - Сенің өзі ол кезде не ойлағаның болды? Кішкентай қызды ұрып соғып, есінен таңғанға дейін жеткізді деген не сұмдық Данияр? Қалай ғана нәзік жандыға қол көтердің?- анасының ұрысып жатқанына ендігі жарты сағат болды. Сөздер өздерімен өздері ауыздан шығып жатқандай. Данияр болса оларды тыңдап басын түсіріп отыр. Ия ол ересек жігіт болғанның өзінде анасының алдында жазасын өтеп отырады. Міне сөздер тоқтаған секілді. Данияр басын көтере анасының ашуланбаған жүзін көрмеін деп үміттенді. Бірақта ол жерде енді әкесі де пайда болды. - Ия Данияр, не себепті қызды ұрдың?- әкесі сабырлы сөйлеп тұрғаның өзінде жігіттің денесінде бір тоқ жүріп өткендей болды. - Мен ол кезде шыныменде жаман зат істедім. Мен оны түсініп тұрмын. Бірақта қазір мен өзгердім, ол зат болғаннан кейін мен психологқа бара бастадым. Сол жерде курсты әлі де өтіп жатырмын. Білемін мені кешіру мүмкін емес, мен бірақта әлі жөнделемін. Шын айтамын, мен бұрыңғы Данияр болғым келмейді. Басқалар сенбей менен кері айналса да өздеріңіз маған қараңыздаршы,- Данияр жасын ұстай алмады. Ия, психолог айтқандай барлық эмоциясын ашудан өкінішке аударды. Ата-анасы терең дем ала үлкен балаларын құшағына қысты. Арқасынан сипалап сабырға келтірді. Ия ата-ана үшін бәрібір, баласы үлкен бе кіші ме. Әрдайым оған тек жақсылықты тілеп өтеді. Өскеннің өзінде оған қолдау көрсетеді. Бұл ерсі зат емес. Әрбір отбасы да осындай қарым қатынас болса барлығы
Mostrar todo...
п жатқанын білгім келуші еді,- қыз жылы жымия жігіттің сөздерін күтті. Данияр болса қандай өзгерістер болғанын айтып жатты. Бұл олардың соңғы кездесулері емес. Алда әлі көптеген компаниялардағы туындаған мәселелер бойынша кездесетін болады. Бірақта бұл болашақта……. Соңы🤗❤️[the_end]
Mostrar todo...
т ендігі жындыларша күле қарайды. - Әлия апай сіздің ұлыңыз не істемеді деп сұрау керек. Дестаны соққы астына алды, барлық денесін көгертті, күнделікті кішкентай қыз санасын улай жейіркенішті сөздер айтып жүрді. Сіздің ерке, жақсы ұлыңыздың шын бейнесін көрсетейін. Деста үйінде тұрып жатқанның өзінде ішімдік ішіп өзімен қыздарды алып келуге ұялмайтын. Соның арқасында Деста ұйықтай алмайтын. Көптеген апталар бойы Дестаны құлша жұмсап жүрді. Онымен жұп болғанның өзінде әрбір ағашқа қызғанатын. Міне сіздің ұлыңыз осындай Әлия апай,- Дулат барлығын айта артқа бұрыла кете бастады. Оның артынан Дестаның анасы ілесе кеткен болатын. Бірақта Дулат ол кісіні танымады, дұрыс айтқанда танымайтын да. Шет жаққа келе орта жастағы әйел Дулатты тоқтатты. - Дулат жаңағы айтқаныңның барлығы шын ба? Менің қызым шыныменде осылай қиналды ма?- ана дауысы үзілейін деп тұрды. Қызының бұл тағдырынан жүрегі қысылып тұрды. Қалай ғана бұндай адам қолына бергенін түсінбей тұрды. Қалай ғана Деста барлығын жасырып жүрген? Шыныменде Данияр осындай адам ба? - Ия ханым, Деста шыныменде осындай адамның жанында тұра сізге ештеңе айтпады,- әйел адамның ойын оқығандай сұрағына жауап берді. - Менің түсінгенім бойынша сен Дестаға көмек беріп жүрдің. Өзіңе көп рахмет айтқым келеді. Жәнеде байқағанымдай қызыма ғашық екенсің. Қазір бір адамға Дестаға кіруге рұқсат береді. Мен сенің кіргеніңді қалаймын,- әйел адам жігіттің арқасынан қаға артқа қайтсын дегендей болды. - Мен Дестаға ғашық екенімді қайдан біліп қойдыңыз?- Дулат қызыға әйел адамға қарады. - Көздерің және сөздерің. Қысқа жауаптан кейін Дулат әйел адамның артынан ерді. Олар жан сақтау бөлімінің алдына келгенде дәрігердің сөйлеп жатқанын байқап қадамдарын жылдамдатты. - Біреуіңізге Деста ханыммен біраз сөйлесуге кіруге болады. - Осы жігіт кіреді,- Дулатқа қараған дәрігер басын изеп жігіт менің артымнан еріңіз дегендей ымдап ішке ала кетті. Ол жерде арнайы киімдерді кигізе Дестағат не болғанын да айтып үлгерді, одан кейін қыз жатқан жерге кіргізді, өзі болса шығып кетті. Деста дем алу аппаратының көмегімен дем алып жатқан еді. Бұл көріністен Дулаттың жүрегі қысыла кетті. Сүйікті адамын бұндай түрінде көру тым қиын еді. Көздеріне жастар жинала бастады. Қыздың қасына келе сөзін бастады. - Деста жаным қандай ғана жынды қыз едің? Неліктен ғана осыншалықты арықтадың? Мен сенің томпақ бетіңді алақаныммен сипалап, еріндеріммен тие сүйгенді ұнатушы едім ғой. Ал ол томпақ бетті қыз қазір менің көз алдымда жоқ болды. Деста қалайша маған бұл видеоқоңырауда байқалмады? Менде жындымын сені қалдырмауым керек еді. Сендей кішкентай періштені жалғыз қалдырмауым керек еді. Қазір маған қаншалықты қиын екенін білсең. Деста жаным өтінемін мен үшін көзіңді ашшы. Мені естіп тұрсаң мен үшін тырысшы жаным. Мен өзіңді сүйемін, әлі де көз алдымда күлімдеп отырғанымды көргім келеді. Есіңді жисаң ары қарай сезімдерді шет жаққа итере тұрамын, досың болып қала беремін. Тек қазір осы сөздерді естіп есіңді жия маған ұрысып бергеніңді қалаймын. Деста өтінемін мен үшін болмаса да ата-анаң үшін. Деста мен әлі де өзіңмен бірге уақыт өткізгім келеді. Өзіңмен күле, жүрегімдегі жараны жасырғым келеді. Деста өтінемін,- Дулат тізерлей отыра жылай бастады….. ••• - Деста өтінемін көзіңді ашшы,- таныс дауыс миға енді. Деста басын көтере аспанға қарады. Дулат. Дулат оны шақырып тұрды. Жүрегі қатты соға бастады. Ол күле тезірек Даниярдың қолындағы бауды шеше бастады. Жігіт болса жылы күлімдеді. Бауды шешіп жата Деста барлық айтылған сөздерді естіп жатты. Жүрегінің тұсында бір жарық жана бастады. Сәуле қараңғы бөлмені орап жатты. Міне баудың ең соңғы бөлігі шешілді. Қыздың ішіндегі жарық толықтай сыртқа шықты. Дәл осы сәтте Дестаның аппараттары түрлі дауыстар шығара бастады. Дулат көз қарасын көтеріп еді қыздың жүрек соғысы қырықтан жүз жиырмаға көтерілгенін байқады. Дәрігерлер жүгіріп келе жігітті артқа итере өз жұмысын істей бастады. Бірақта ешкім оны бұл жерден шығарып жіберуі керегін еске алмады. Қызға дәрі егіле, ол көзін ашқанын Дулат өзі көрді. Сол сәтте дәрігерлер алыстай кетті. - Деста,- Дулат жылай қызға қарай қадамдай бастады….. #No_end
Mostrar todo...
здың өзі де біраз қорқып кетті. - Мені көремін деп ойламадың ба? Ех Деста….. Менде бұл жерде болғым келмейді. Сенің ойыңа кіре, кешке дейін санаңды улағым келмейді. Бірақта сен өзің мені жібергің келмейді ғой. Міне қарашы мен мына орындыққа байлаулымын,- Данияр көз қарасымен қолының байлаулы екенін көрсетті. Деста ештеңе де түсінбей тұрды, бірақта тізерлеп отырып жаңағы байланған қолдарды босатуға тырыса бастады,- бұл жаймен шешіле салатын жіптер емес. Бұл сенің санаңдағы баулар, оларды тек қана мен туралы естеліктерді ұмытып қана жібере аласың. Ал ол естеліктерден сен айырылғың келмейді, демек қолымдағы бау да шешілмейді. Ол шешілмесе сен мына қараңғы бөлмеден ешқашан шыға алмай қаласың. Себебі мен ғана бұл жерден біздің әлемге алып келетін жолды білемін,- Данияр күледі, Деста болса басын көтере қабағын түйеді. - Маған сол жолды айтшы, мен өзім барамын. Бұл сөздерді естіген жігіт елесі басын шайқады. Қыз не деседе жай ғана жолды айта салуға болмайтынын түсіндіргісі келді. - Болмайды, Деста олай істеуге болмайды. Сенің бұл жерге тап болған басты себебі мына мен. Менің арқамда сен осы жерге тап болдың. Менің сөздерімнен кейін ғана сен арықтауды бастадың. Жаным-ау мені жіберу керек. Қасыңда жүрген Дулатқа қарашы. Сондай жақсы жігіт, сені бағалай біледі,- осы сәтте қыз сөз қоспақ болды, бірақта Данияр жол бере қоймады,- ия, ол екеуіміздің арамызға түсті. Бірақта ол болмаса сен менің агрессия астына түскенде өзімді ұстай алмайтынымды кешірек көруші едің. Ол не болсада пайда болушы еді, біздің арамызда тәтті ара қатынас ұзаққа созылмайтын едв. Сен керісінше оған рахмет айтуың керек. Ол сені өзінен итере, сезімдеріне "жоқ" дегенен кейін кері айналмады. Осыған назар аударшы, Деста. Деста ойлан өтінемін,- Данияр сөздерін айта қызды өз ойларында қалдыра үндемеді. Деста болса басын түсіре, тізесін құшақтай барлық Дулаттың жақсылығын еске түсіре бастады. Сол бір бейнені еске ала еріксіз күлімдейді, көзіне жастар жинала бастайды. Сол бір жанның қандай ғана қымбат екенін ойлай бастады. Сол бір Дулатпен болған күлкілі жағдайлар. Сол бір ең қиын уақытта келетін, шақырған да көз алдында пайда болатын Дулат. Жүрегінің қалай ғана соғып жатқанын сезді. Ойлары қызды жұта кетті. Ол еске түсіретін сол жігітке байланысты әлі көп заттар бар.….. ••• Жүгіре аурухана алдына келген Дулат тезірек ғимарат ішіне кірді. Тезірек кіре ресепшнге келді. - Сәлеметсіз бе Кулумшина Деста осы ауруханада деді. Құрбым қайда екенін айта аласыз ба?- демі әлі ретке келіп үлгермеген жігітке медбике біртүрлі қарады. - Сіз Деста ханымға кім болып келесіз? - Мен… мен Дестаның досымын,- Дулат жауап бере бар үмітпен қызға қарады, ол болса басын шайқап терең дем алды. Жай ғана сөздермен дәлелдей алмайтынын түсінді. Қолына телефонын ала Дестамен түскен суретін көрсетті,- сендіңіз бе? Енді Дестаның қайда екенін айтсаңыз. - Ол кісі қазір жансақтау бөлімінде. Төртінші қабатта өзгеде жақындарыңыз отыр,- керекті жерді естіген Дулат ары қарай қадамдай кетті. Лифт керекті қабатта тоқтады. Тез соға бастаған жүректі сабырға келтіру оңай болмады. Дәл қазір жаман жаңалық естуі мүмкін екенін түсінді. Барлық күшін жинап сол бір қызыл шамы бар есік бар бұрышқа бұрылды. Ол жерде отырған жігіттерді, Дестаның жәнеде Даниярдың анасын көрді. Оның келгенін көре Данияр бірден орнынан тұрды. Тезірек Дулаттың жанын да пайда болды. - Дулат кешірші мені,- осы сөздермен қатып қалған жігітті құшақтады. Данияр жастарын жасырмады да. Дулат ойына келген ең жаман зат болды деп ойлады. Жүрегі қысыла кетті, Даниярды итере салды. Жұдырығын жаймен қыса бастады. - Менің кішкентайыма не істеп қойдың сен ақымақ?- айқайлаған күйі кенженің жағасынан алды. Ол болса көзін жұма қалды,- мен саған анық айттым емес пе? Енді Дестаға жолаушы болма дедім. Сенің тиіскеніңді көрейін кешірім сұрағаның да жетпейді дедім ғой. Жоқ, сен адам тілін түсінбейді екенсің,- ырылдаған дауысымен тура құлағына айтып жатты. - Деста өз күнәсімен ауруханаға түсті Дулат. Даниярды жіберіп, сабырға кел,- Дулаттың артынан келе Батырхан кенжені жіберуіне мәжбүрледі. - Дулат, Данияр Дестаға бір нәрсе істеп пе еді?- Әлия апайдың дауысына Дула
Mostrar todo...
💧Júregińe jılw taray ma? Olda tınıstıqtı qalaydı…… 💧Пролог: "Терпимость - это любовь, страдающая надменностью"💧 19-bolim Barligin oilaitin kez Телефон қоңырауы. Былай қарасаң қарапайым зат секілді. Әсіресе түңгі сағат үште. Дулат көзін жаймен аша таныс емес нөмірді көрді. Тұтқаны көтергенде ар жақтан Даниярдың дауысы шықты. - Дулат…. Дулат, Деста естен таңып қалды. Жайғана естен таңған жоқ. Ол қазір организміне кейбір органикалық заттар жетпегендіктен комаға түсті. Дулат тезірек келші,- Даниярдың жылаған дауысы мен қосыла келген жаңалықтан Дулат біраз тұрып қалды. Не? Деста. Дулат орнынан тұра тез, тез интернеттен ұшаққа билет ала бастады. Осы екі сағат аралығында болатындай іздеп затты. Такси шақыра өзі заттарын жинай бастады. Бұл жерден осыншалықты күтпеген жаңалықтан кетемін деп ойламаған болатын. Басына мүлдем ой келмей жатты. Барлығы тұманда болғандай. Міне қолында чемодан, ол үйді кілттеп кетіп бара жатыр. Көлік ішіне кірді, аэропорт алдына жетті, ұшақ ішінде отыр. Осы сәтте ғана бір нәрсе жүрегінде шым ете қалды. Дулат есін жия Дестаның ойлай бастады. Қалай ғана олай болды? Кеше сөйлескенде барлығы жақсы болып еді ғой. Деста, Дулаттың кішкентайы комаға түсті. Бұл жолы тағы да Даниярдың кесірі болса Дулат өзінің мүлдем тоқтай алмайтынын түсінді. Ұшақта отырғанда көзінде жұма алмады. Жұма қалса барлығы біте, ол одан кейін көзін аша алмай қалатынын елестетті… ••• Жұмыста отырған адамды ойынан шығаратын не зат? Жауап: телефон қоңырау. Данияр назар аудармай қоңырауды ала салды. Ол жерден күтпеген жаңалықты естимін деп ойламаған болатынмын. - Алло бұл кім?- Данияр сабырлы күйін сақтап тұрды. - Сәлеметсіз бе Данияр Кулумшин мырза. Біз сізге әйеліңіздің **** ауруханасына түскенін айту үшін хабарласып тұрмыз. Өтінеміз тезірек келіңіз, бұл кездесулеріңіз соңғы болуы мүмкін,- осылай тұтқа қойылады. Данияр қатып тұрып қалды. Қолынан телефон құлап бөлмеде отырған басқалар жігітке назар аударды. - Данияр не болды?- Батырханның сұрағына Данияр жауап бермеді. Себебі әлі де дәрігердің айтқанын ойлап тұрды,- Данияр,- жігітті түрткен де ғана көз қарасын көтере, назарын аударды. - Деста ауруханаға түскен екен. Жәнеде дәл қазір өлім аузында,- осыны айта Данияр тезірек заттарын жинай бастады,- бұл менің ол қызбен соңғы кездесуім болуы мүмкін. Кешірім сұрап үлгеруім керек,- жүгіре шығып кетейін деген Даниярды Ашмақын тоқтатты. - Сен қазір бір нәрсеге ұрынып қалуың мүмкін. Эмоцияналды стресс болғанда көлік рөліне отырудың қауіпті екенін ұмытпа. Мен сені ауруханаға дейін жеткізіп саламын,- сөзін айтып жата Ашмақын жиналып үлгерді. Екеуінің артынан Азамат пен Батырхан ерді. Олар достарына көмек бергісі келді, кішігірім болсын көмек. Көлік жылдамдығы жүз отызға жақындап қалған. Ең бастысы тезірек ауруханаға жету. Жол үстінде Данияр Дулатқа жаңа нөмірімен хабарласып үлгерді. Не бұл жаңалықты ол есту керегі анық. Одан кейін Данияр өзін бұл әлемнен алыстағандай сезінді. Ол тура осы күні бұрыңғы махаббаты өлім аузына түсе тұтқыннан шыға алмай қалады деп ойламаған болатын. Кешірім сұрағысы келіп жүрген еді. Созбай, қашқақтамауы керегін түсінді. Не әрбір уақытта кеш болып қалуы мүмкін. Әрбір сәтте күтпеген зат болса керекті сөздер айтылмай, керекті адам жоқ болып кетуі мүмкін. Одан кейін өмір бойы өзіңді сол үшін кінәлап өтесін. Дәл сол сәтте сол бір шешімді таңдамағанына өкінетін боласың. Мүмкін дәл қазір барып ұнататын жігітке ғашықтығың жайлы айтарсың? Неліктен артық адамдардан дәл қазір айырылмасқа? Қазіргі уақытта барып сабағыңды оқысаң да артық етпейді. Ұмытпа болашақ өз қолыңда, жәнеде сол болашақта керекті адамдар болмай қалуы мүмкін….. ••• Қараңғылыққа тап болғанын түсінген қыз әрең дегенде көзін ашты. Айналасының қараңғы екенін көре біраз таңғалды. Отырған жерінен тұра бір қадам алдыға басты. Сол сәтте бір бөлме бұрышында пайда болған жарық көзге түсті. Оның жарығы азғантай еді, бірақта қыз оңайлықпен сол жерде орындық үстінде жайғасқан адам бейнесін көрді. Тез, тез сол жерге қадамдап келеді. Жақындаған уақытта Даниярдың отырғанын көрді. - Данияр?!- таңғалған дауыс жаңғырып шыға кетті. Одан қы
Mostrar todo...
кінші дәрінің күшке енуіне дейін әлі бір, екі сағат бар. Сол себепті сабақ орындап алу керек. Үстел басында үй жұмысын орындап отырғанына қанша болғанын қыз білмейді. Бірақта іштің жаймен ауыра бастағаны, жүрек айнығаны екі сағат өткені анық екенін жеткізді. Шыдамаған қыз үстел басынан тұра әжетханаға жүгірді, бұл уақытта Данияр келіп қалмайды деген үмітте болды. ••• Мектеп. Бұрыңғы жадырап жүретін қыздың ізі қалмаған секілді. Қабағы әрдайым түйілуі жүретін адамға айналған Деста барлығымен сөйлесуді қойды деуге болады. Даулетияр мен Айдана артқы планкаға кеткен. Өзі жалғыз қолындағы кітаптармен өміріндегі қиын күндерін кесіп жүруде. Күлімдейтін кезі тек Дулат үшін болатын. Сол бір жігітпен видео қоңырау арқылы сөйлескен сәтте барлық әлем түрлі бояуларға енетін. Екі күнде бір болатын жиырма минуттық қоңырау ғана ары қарай жүруге стимул. Қабырғалар жол көрсетіп келеді. Қыз қадамдап кабинетке жетеді. Сабақтан шаршап кеткенін сөзбенде жеткізе алмайды, осы себеппен ауырып тұрған адам кейіпіне еңбек. Ол кейіпке енудің де қажеті жоқ шығар. Дестаның түрі онсызда үйге жібермесе сыныпта сабақ үстінде құлайтынын айтып тұрды. Ұстаз тез ақ келіседі. Деста заттарын жинап көптеген сыныптастарының арттан қараған көз қарастарымен кабинеттен шығып кетті. Сыртта аялдамада автобус күтіп тұрды. Он минут өте келмеген соң не істерін білмеді. Не дегенмен тезірек үйге қайтқысы келді, дала суық тіпті мектептен шыққанына өкінуге болады. Бір алыстағы үйге қарап отырған кезінде қасына біреу отырғанын сезді, қатты назар аудара қоймады. Тек ол адам сөздерін бастап кетті. - Ехх Деста, Деста, Деста. Неліктен бұл күнге дейін түстің?- таныс дауыс, Данияр. Қыз күле көз қарасын көтеруге асықпады. Былай ақ жауап бере бастады. - Мені томпақ деген кім еді? Жарайды сені қойшы, басқа адамдар да бұл сөздерді айтты. Мен шыныменде біраз салмақ тастамақ болдым,- Дестаның көздеріне жаймен жас жинала бастады, сол бір сөздер миында жүріп өткен еді. - Адамдардың сөзінің артынан жүремін деп өміріңнен айырылып қалма. Есіңде болсын барлығы өз қалауын айтады, әркімге жағуға міндетті емессің. Олар мүмкін сенің сұлулығыңа қызыға да, қызғана да қарап айтқан шығар? Менің сөздеріме де құлақ асудың қажеті жоқ, себебі мен сені тыңдамаймын да, ал сен неліктен мені тыңдауың қажет? Жаным Деста, өтінемін жылама, ол адамдардың кесірінен аштыққа түсіп, денсаулығыңды құртпа. Олар әлі ақ өміріңнен кетеді, менде бір жолы жоғала жатармын. Есіңде сақта ешкім басынан аяғына дейін өзіңмен бармайды. Сондықтан да көбісінің сөзін тыңдаудың қажеті жоқ,- айтылған сөздер қызды қатты ойландырды, Деста енді басын бұрып Данияр отырды деген жерге қарап еді ешкім де жоқ екен. Таңғалды ма? Жоқ. Бұл осы соңғы бір ай болып жүрген зат. Қыз ендігі оның тек ойында екенін түсінді. Ал шын өмірдегі Данияр бұндай сөздерді айтпайтын, сондада жүрегінде бір үміт болған. Автобус келді Деста орнынан тұрып жүріп бара жатыр еді көзінің алды қарауытып кетті. Нені ұстанатынын білмей жерге құлады. Айқайлап жатқан адам дауысы мен көліктердің дауысы араласа басқа ұрды. Қараңғылық қызды жұта жөнелді……. #No_end ❤️
Mostrar todo...
💧Júregińe jılw taray ma? Olda tınıstıqtı qalaydı…… 💧Пролог: "Терпимость - это любовь, страдающая надменностью"💧 18-bolim Karangilik kizdi jutti Жабылған есік дауысына бұрыла қараған жігіттің көзінен мұңды көруге болатын? Тамақты жеуге тәбеті болмай ол тәрелкені алдынан итере орнынан тұрып кетті. Жұмысқа жиналып тезірек бару керек. Бөлмесіне кіре сол бұрыңғы орында дайындалып, ілініп тұратын киімдерін елестетті. Оның барлығын Деста жүгіріп жүріп тез ақ жасап тастайтын. Ал қазір ол қыздың артына да қарай алмайды. Барлығы оны қорғауда, ол осыншалықты жаман болғаны ма? Асықпай киініп жатқан уақытта айна алдында тұрған білезікке көзі түсті. Деста екеуі бірге алған болатын…. Естеліктер көзінің алдында тез ақ жүріп өтті. Жүрек сыздап сол бір жанды сұрауды қайта бастады. Данияр ойлана бұл білезіктің керек еместігін түсінді. Қолына ала терезеге жақындай бастады. Бөлмені қараңғыға бөлеп тұрған перделер ашыла бөлме ішін жарыққа баулады. Бірақта сол бұрыңғы жылулықты ешкім сыйлай алмайды, себебі Деста жоқ. Терезе ашылады, салқын жел бөлме ішіне енеді. Біраз жігіттің денесін салқын қабына баурап алады. Данияр оған назар аудармайды да, қолындағы білезікке қарап жерге қарайды. Лақтыра салмақ. Көзін жұмады, естеліктерді тағы да бір айналдыра өтеді. Енді көзін ашып еді артынан дауыс естілді. - Данияр өтінемін білезікті тастама, әлі барлығы қайтуына мүмкіндік бар. Тастама, мені ұмытпа,- анық естілген Дестаның дауысы. Данияр күледі де, басын бұрып қарамайды да. - Ехх Деста ештеңе қайтып келмейді. Мен сені ұмыта жаңа өмір бастағым келеді. Сенің бұл сөздерің мені кері айналдыра қоймайды,- жерге лақтырылған білезік ауада қалықтай кетеді. Данияр өз ісіне жымия артқа бұрыла қарайды. Бірақта ол жерде ешкім тұрмағанын анықтайды….. ••• Үзіліс уақыты. Барлық оқушылар арасында бір тақырып жүріп жатыр. Менің естуім бойынша сыныптағы ең сұлу қыз атағын кімге берерін таңдай алмай әлек болып жатыр. Барлық делік жігіт атаулы әрбір қызды атай оның жағымды жағын айтып жатты. Бет бейнесінде шетке шегере қоймады. Көбісі өздерінің қазіргі уақытта жүріп жүрген қыздарының атын қорғап жатты. Осы сәтте бір жігітте сөзге қосылмақ болды. - Деста ше? Ұзын шашты, тұңғиық көзді, сұлу бейнелі бикеш емес пе? Оның әдемілігі туралы қаласаң поэма жазуға болады. Неліктен ол туралы айтпаудасыңдар?- Мұхиттың сөзіне барлығы назар аударды, Деста да солардың арасында еді. Көбісі көздерін айналдыра түкте жауап қатпады. Тек біреуін санамасақ. - Деста толық, оның фигурасын керемет деп айта алмаймыз. Кешке дейін киетін оверсайз, артық салмақты жасыратыны анық,- Әли, жігіттердің арасында ойын анық айтатын адам. Даулетияр дереу орнынан тұра құрбысы үшін сөз айтпақ болды, бірақта қыздың өзі оның қолынан тарта тоқтатты. Керегі жоқ дегендей ымдады. Жігіт келісе басын изеді. Ал негізінде қыздың ойлары салмағын тағы бір рет өлшеу туралы болып кеткен еді. Қаншама адам айтқандықтан ба қыз шыныменде ойлана бастады. Мүмкін осылай тамақ ішпей арықтай беруі дұрыс шығар. Дұрыс. Осы шешімді қабылдаған қыз сабырға келгендей болды. ••• Жұмыста отырған Даниярдың ойы жаңа өлең сөздерінде болатын. Махаббат тақырыбын таңдап, барлығы қаншалықты қиын екенін сипатағысы келді. Қолынан қатты келе қойған жоқ. Ол сол бір қиындықты есіне салғысы келмейді. Ойына қайта-қайта таңертеңгі картинка келе берді. Білезікті лақтырады, артынан жылап жатқан дауыстар естіледі. Бірақта ешкімде ол жерде жоқ болып шығады. Мүмкін бұл Даниярдың жанының екінші жартысы шығар? Ол жартысы жігіттің барлығын доғара қызға барғанын қалайды, ешқандай қиындықсыз сөйлесіп шешім қабылдағысы келеді. Оған қарсы шығатын Даниярдың "ересек" жаны немесе принциптерін бұза алмайтын жағы. Қиын болып көрінеді, ия? Бірақта бұндай кішкентай адамдар бізде де бар емес пе? Ешқашан ондай болып көрмепті дейтін шығарсыздар. Егерде осыншалықты өзіңізге сенімді болсаңыз әрдайым бізде көптеген таңдау болатынын ұмытпаңыз. Ал біз ол таңдаудың әрдайым жақсы жағын табуға тырысамыз. Әрбір таңдаудың жақсы жағын таба, басқалармен салғыласа бастайтын сол бір кішкентай ішімізде отыратын адамдар. Хехе шатастырып жіберген секілді
Mostrar todo...
мін, бірақта шыныменде ойлап көріңізші. Даниярдың отырған жеріне кірген Батырхан тездетіп диванға жайғасады. Кенженің өзіне назар аударғанын байқаған кезде ғана сөзін бастайды. - Данияр, сенде барлығы дұрыс па?- сабырлы дауыспен қазіргі уақытта жігітке ең керекті сұрақты қойды. Жігіт өзі де түсінбей көзден жас шығуына жол береді. Ағасындай адамға қарап жылай бастайды. Барлық жан дүниесіндегі ауыр заттарды айта, эмоцияналды тұрғыда көмек алғысы келеді. Не ішінде сақталып қалған зат көп еді. - Батырхан, менде ештеңе де дұрыс емес. Менде барлығы дұрыс емес. Менің жаным қиналып, жүрегім күнен күн өте кесіліп жаңа жараларға орын беруде. Өмір бойы істемеймін деген затқа жол бере өзімді қанмен араласқан суға түсірдім. Тым қатты қинала ештеңеге қарай алмадым. Айналамдағы адамдардың сөздерін тыңдауға уақытым жетпей қалды. Дәл қазір болса түсіне алмаудамын, қайда кетті менің жаным? Аспанда ұшып жүр ме? Су түбінде ме? Әйтеуір денемде емес. Құлағым жабыла, көздерімді аша алмай келдім енді мен. Қазір болса соның салдарын жеудемін. Қинала беремін, неліктен? Айтшы неліктен?- Данияр жерге құлай ұра бастады. Оның бұл түрінен Батырханның жүрегі қысыла кетті. Тым ауыр көрініс еді. Кенженің біраз жылап, сабырға келгенін күтті. Он бес минутта басын көтерген Данияр жігіттің алдына құлады. Ол болса жылулық сыйлайын деген ниетпен арқасынан сипалап, сөздерін бастады. - Данияр мен саған қазір барлығы дұрыс болып кетеді деп уәде бермеймін, себебі мен сенің өміріңді басқара жақсы жолға бағыттай алмаймын. Барлық шешім тақтасы сенің алдыңда бейнеленген, бірақта саған керек таңдау жоқ тәрізді. Білемін өте қиын, әсіресе мәселе сенің сезімдерің де болса. Айтшы осыған дейін неге маған келіп барлығын айтпадың? Сол кезде мүмкін бұл кезеңді өту оңайырақ болушы ма еді? Мен сені кінәламаймын, түсінемін барлығын өзін шешкің келді. Бірақта достарыңнан көмек сұрасаң барлығы дұрысырақ болар ма еді? Түсініксіз. Ісің соншалықты жаман болса да айта ғой. Мен тыңдап дұрыс таңдауға көмек берермін,- жай дауысымен айтқан жігіт кенжені тыңдауға көшті ол болса өз орнында барлығы айта бастады. Әңгіме ұзаққа созылды. Уақытта көп кетті. Тіпті жұмыс аяқталып үлгерді. Батырхан болса соңына дейін кенжені тыңдады. Оның айтқан мәселесі өте қиын еді. Батырхан қатты таңғалды себебі қалай ғана кенже осының барлығын ішіңде сақтап жүрді? Ол шыдамайтын еді. Өз ақылын айта бастады. Өмірлік мысалдарды келтіре ең дұрыс деген шешімді жеткізді. Данияр біраз сұрақтарды қойды, жауаптарды ала үндемей ойлана кетті. Мүмкін осы жолы дұрыс шешім қабылдайтын шығар? ••• Қараңғы көше бойымен кешке жүріп келе жатқан қызға ешкімде назар аудармады. Оның құлағында құлаққап, барлық әлемнен кері айнала сезімдерін жасырып қалғысы келеді. Әрең дегенде жанып тұрған шам дәріхананың барын көрсетіп тұр. Қадамдап кішігірім ғимарат ішіне кіреді. Іші де сырттан жақсы емес. Ескірген, жарық әрең дегенде жанып тұр. Касса алдында кәрі апа отыр. Деста тезірек кеткісі келеді, бұл атмосфера оған ұнамай тұр. - Сәлеметсіз бе маған **** дәріні беріңізші,- тез-тез сөйлеп қыз ары бері қарап жатты. Апа болса асықпай орнынан тұра керекті дәріні алуға кетті. Арада үш минут өтті, ал жаңағы кісі болса әлі көрінбеді. Деста ендігі уайымдай бастады, көздері ғимарат ішін зеріттеп жүгіріп жатты. - Қорқақ екенсің,- апа күтпеген жерден шыға дәріні ұстатты,- 1550 теңге,- қайта орнына жайғаса қыздан ақшаны күтті. Деста болса қалтасынан керекті сумманы ала тездетіп үстеме үстіне қойып өзі шығып кетті. Апа болса басын шайқап, берілген ақшаны бір санап шығып касса ішіне салды. Көшеде дірілдеп жүріп келе жатқан қыз үйге жетуге асық. Осы дәрі барлық делік проблеманы шешетініне сенімді. Міне бір-екі қадам тура есік алдына жетеді. Барлығы қалай болғаны байқалмайды. Аяқ киімдер өздері шешіліп кеткендей. Қараңғы үй қабырғалары жарықты жұтып қойғандай. Әлем аяқ астынан жоғала бастайды, Деста болса бір стакан сумен орындыққа отырып үлгереді. Қолыңда екі таблетка біріншісі бас ауруына қарсы, ал екіншісі іштегі барлық "артық затты" шығаруға арналған. Екеуі бір уақытта ағза бойына тарай бастады. Көп күттірмей бас ауруы кетеді, Деста жымия көзін ашады. Е
Mostrar todo...
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.