cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

Publicaciones publicitarias
3 150
Suscriptores
-424 horas
-117 días
-3130 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Mostrar todo...
🪔 Әнәс ибн Мәлік риуаят етіледі: 📌 Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Кімде-кім қасиетті жұма күні былайша салауат айтса Хақ Тағала оның сексен жылдық күнәсін кешіреді» «Аллаһумма салли’әлә Мухәммәдин’абдикә уә расули нәбииуль әнбиә»
Mostrar todo...
👍 10 2🥰 1🙏 1
Өзгелермен жарысу Жақыным, саған кім өзгелермен жарысып өмір сүр деді?! Өмір – ұлы сапар, бірақ жарысу емес. Өз өміріңнен ләззат ал, оны өзгелермен сайысатын ойын алаңы мен майданға айналдырма. Өмірде рұқсат етілген жалғыз нәрсе – жақсылықта жарысу. Қалғанының бәрі – пайдасыз талас-тартыстар мен мақсатсыз жүгіру ғана. Өзгенің қолындағыға қызғана қарау улы жебе тәрізді, оларға тимей тұрып, өзіңнің жүрегіңді жаралайды. Сол үшін өзгенің жеңісіне өзіңдікіндей қуана біл, өз-өзіңе қол соғып жатқандай жеңгендерге де қол шапалақта, өзгенің келелі келісімін өзіңдікіндей көр, көршіңнің мансабына өзіңдікіндей қуан. Ардақтым! Біз көбінесе жарыс деп атайтын нәрсе – көре алмаушылықтан басқа ештеңе емес. Бірақ біз өзіміз оған кірісіп кеткіміз келгендіктен «жарыс» деп атап аламыз. Есіңде болсын: көреалмаушылық – аспан әлемінде ең алғашқы жасалған күнә. Ібіліс Адамға сәжде етуден бас тартып, айтқан бар уәжі – «мен одан қайырлымын» деу ғана болды. Сол сияқты, көреалмаушылық – жер бетінде де ең алғашқы жасалған күнә. Қабыл бауыры – Әбілді әйелінің сұлулығын көре алмай өлтірген еді. Мен жарысып не алысып жүрмін деп айтудан бұрын, өзіңде Ібіліс пен Қабылдағыдай қасиетсіздік болуынан сақтан. Өйткені адам ондай сөзді жақсылыққа өзі емес өзгенің жеткенін көріп, іштей өртенген кезінде айтады. Жүрегіңе ие бол! Оны таза ұста, зікірмен тазала. Қандай нәрсеге көзің түссе де, Алланы еске ал.Өзіңдікі болмаған қандай да бір жақсылыққа «Алла береке берсін!» деп айт. Алланың өзіңе бергеніне шынайы разылық таныт.
Mostrar todo...
17👍 1
Ризықтың үлкен бір түрі – сені көрген адамдардың жүректері саған қарай бұрылып тұруы...❤️
Mostrar todo...
👍 12
Өз ойыңды дұрыс жеткізе алмаудан артық қорлық жоқ. Басқаларға ойыңды анық жеткізе білу үшін кітапты тұрақты түрде оқу қажет екенін білеміз. Бірақ кітапты жәй ғана көз жүгіртіп оқу жеткіліксіз екен. Араб лингвисті Мәнәф Бәғәж айтпақшы: “Сөз саптау шеберлігін арттырудың ең үлкен тәсілі – көз жүгірте кітап оқи беру емес, бәлки, кітапты дауыстап оқу” дейді. #кітап_оқы
Mostrar todo...
👍 15
☁️От душииии қолдауларыңыз керек❤️🙏🙏🙏🙏🙏🙏 https://www.instagram.com/reel/C7OE8DrsUlN/?igsh=MXM4c2FlYmI3and6Nw== 💌
Mostrar todo...
3👍 1
Хадисте келгендей:
“Сендердің ең жақсыларың – жанұясына жақсы болғандарың”.
Яғни, ең көркем мәміле жасауға лайықты адамдар – сенің отбасың📍 ❤️ https://www.instagram.com/reel/C6DWAL6tHDl/?igsh=MXg2d2R6ZHNxMDJ1Mw==
Mostrar todo...
6
Үмітін үзбей келе жатқандарға, күткендері нәсіп болсын🤲
Mostrar todo...
👍 18
Жеңілдік жақын, достым! Түнерген бұлт Алланың қалауымен сейіледі. Бұл сынақтарды келесіде сен тек естелік ретінде еске алып отырасың. Кім Алламен болса, Алла сонымен бірге! Кейде діңкең құрып, өз-өзіңді ұстап жүруге де шамаң келмей қалады. Бірақ, сен өз мақсатыңа жету жолында тоқтамауың керек. Күрес кезінде ешкімге жығылып, еш нәрсеге сынып қалмауың қажет...💌
Mostrar todo...
👍 15 1
🔑Барлық нәрсе әу баста кішкентай болып көрініп, кейін үлкейе береді. Тек, басқа келген сынақ олай емес. Ол үлкен болып көрінеді. Бірақ уақыт өте келе, болмашы ғана хәлге түседі...📎
Mostrar todo...
11