cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Кәсіпкерлер тобы

Кәсіпкерлік және жеке тұлғалық даму бойынша қазақша блог.

Mostrar más
Kazajistán7 605El idioma no está especificadoLa categoría no está especificada
Publicaciones publicitarias
159
Suscriptores
Sin datos24 horas
Sin datos7 días
Sin datos30 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Мусор... Бүгінгі пост біздегі бойымыздағы қоқыстар жайлы болмақ. Жаңа ғана өзімнің бойымдағы барлық кемшіліктерімді жазып шықтым. Жазып шықтым да шошыдым. Бойымда кемшілік деген жетіп артылады екен. Өзімді ішінде қоқыс толы қапшық секілді сезіндім. Өзімнен өзім жиіркендім. Енді бір апта бойы бір кемшілігіммен жұмыс жасап отырмақпын. Сіздерге де өз кемшіліктеріңізді жазып шығуды ұсынамын. Адамның ең бірінші жауы - өзінің кемшіліктері. Жауды жеңу үшін жаумен бетпе - бет келу қажет. Кемшіліктеріңізді тізбектеп шықсаңыз, жаудың түрін көрдіңіз деген сөз. Жауды көрген соң оны жеңу оңай. Жауларыңызбен кездесуді кейінге қалдырмаңыз. Кемшіліктеріңізбен күресті неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым жақсы. Әйтпесе, ол сіздің ішіңізден құртып тынады.
Mostrar todo...
Пост жазбағалы көп болыпты. Не туралы жазайын? 👥 0 - всего голосов
Mostrar todo...
🔹Предложить свой вариант
Ғалымдардың зерттеуі бойынша кедейлік деген адамның миына сіңіп қалады екен. Мысалы кедей адамның үйі үнемі лас, жұпыны, ескі болады емес пе? Сонымен қатар, кедей адамдардың үйінде ұрыс-керіс те жиі орын алады. Міне осы көріністердің барлығы үйдегі кішкентай балалардың миына әсер етеді екен. Жоқшылықта өскен балалардың миындағы нейрондар басқаша байланыс құратыны анықталып отыр. Сондықтан кедей отбасында өскен балалардың сабақ үлгерімі нашар, көзі ашық емес, білімсіз болып өседі. Ондай балалардың көпшілігі өскенде әке-шешесі секілді кедейшілікке тап болады. Осылай ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Енді бұл нәрседен қалай құтылуға болады? Қазір жағдайыңыз нашар болса да, айналаңызды реттеңіз. Үйіңіз, жұмыс орныңыз, көлігіңіз, бай адамдардікі секілді таза, жинақы болсын. Үйіңіздің жарық, жайма шуақ болып тұруын қадағалаңыз. Ең бастысы ұрыс-керісті азайту қажет. Тіпті болмағанда балаларыңыз ұрыс керістен аулақ өссін. Балаларыңызға дөрекі сөйлемеңіз. Сіздің кедей болғаныңызға олар кінәлі емес. Оларды ұрмаңыз. Керісінше, оларды да тазалыққа, өз заттарын жинап жүруге үйретіңіз. Өзім қанша үйге бардым, бірақ бай адамның үйінің шашылып жатқанын көрмедім. Ия, қазір қымбат жиһаз алып, үйіңізді жарқыратып жібере алмайтын шығарсыз, бірақ айналаңызды реттей аласыз ғой. Бұл шынымен де маңызды нәрсе. Кедейліктің миыңызға сіңуіне жол бермеңіз. Ол сізге де, балаларыңызға да қатысты. Айналаңыз кедей адамның айналасына ұқсаса, өзіңіз де кедей боласыз. Бұл жай ойдан шығарыла салған пост емес. Бұл фактілер Роберт Кийосакидің "Почему богатые становятся еще богаче" кітабынан алынды.
Mostrar todo...
Достар Қазақстанның үздік арналарына жазылыңыздар @kanalyrk 🇰🇿
Mostrar todo...
Бизнесті қалай таңдау қажет? Сіз бизнес таңдағанда кәсіп түрін ғана емес, бәсекелестеріңізді де таңдайсыз. Сондықтан бизнесті бастамай тұрып, бәсекелестеріңізді зерттеңіз. Кәсіп таңдап жатқанда бірден сол саладағы алпауыттармен алысамын демеңіз. Оларда тәжірибе де, ақша да бар. Сіздікіндей бизнес жасап жатқандарды табыңыз да, сізден деңгейі сәл ғана жоғары, ең кішкентай бәсекелестеріңізді көздеп алыңыз. Бизнесті бастағанда сол бәсекелесіңізден артық жасауға тырысыңыз. Бизнес деген жүріп келе жатқан пойыздың үстіне секірумен бірдей. Егер ең соңғы вагонға секірсеңіз, пойыздың екпініне шыдамай ұшып түсесіз. Сондықтан ортаңғы вагондарға секіріңіз. Сонда пойыздың екпіні сізді артқа ұшырып ең соңғы вагонға лақтырады. Сіздің мақсат сол вагонға жармасып, ұшып кетпеу. Ең соңғы вагонда ең әлсіз бәсекелестеріңіз келе жатыр. Сіз енді солармен шайқасасыз. Сондықтан бастапқыда-ақ сол бәсекелестерге шамаңыз жететінін нақты білуіңіз керек. Оларды зерттеп, барлық кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтап алыңыз. Артықшылықтарын өзіңізге пайдаланыңыз да, кемшіліктерін қайталамаңыз. Бизнесті бастамай тұрып, сізде сол бәсекелестеріңізге жететін күшіңіз болуы қажет.
Mostrar todo...
Менің жеке Телеграм аккаунтым @alikhanrakysh Скринді осыған жіберіңіз
Mostrar todo...
Соңғы сауалнамада көпшілік адам кітапты алғысы келетінін жазыпты. (Фил Найт "Продавец обуви". Әлемдік бизнес тарихындағы үлкен алпауыттардың бірі Nike компаниясының 24 жасар жігіт бастаған тарихы жазылған кітап). Ендеше, біз сізге кітаптың электронды нұсқасын жібереміз. Ол үшін біздің ютуб арнамызға кіріп, өзіңізге ұнаған видеоға бір комментарий жазыңыздар. Комментарий жазып болған осы телеграмда маған жекеге сол комментарийді скринге түсіріп жіберіңіз. Комментарий видеоға қатысты болу керек және комментарийде өзіңіздің шынайы ойыңызды жазыңыз. Ютуб арнамызға сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCxYISHf4nXv6vbGljpzuxtQ
Mostrar todo...
Кәсіпкерлер тобы

Жоғарыда айтылған кітапты оқығыңыз келеді ма? ▪️ 93% (40) Ия 🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸 ▫️ 6% (3) Жоқ 👥 43 - всего голосов
Mostrar todo...
40 Ия
3 Жоқ
Өткенде айтқан едім ғой, Nike компаниясының тарихы жазылған кітапты оқып жатырмын деп. Кеше сол кітапты оқып бітірдім. Сол туралы бірер ауыз сөз. Найктың негізін қалаушы Фил Найт деген кісі. Өз жолын бастағанда, ол көптеген кітаптардағыдай, керемет оратор, пысық, еті тірі, жұлынып тұрған жігіт болмаған. Оның мінезі салмақты, тұйық, көңілді ортада топтан бөлініп қалған адамдай болған екен. Өзім осыған таң қалдым. Қаншама әлемдік алпауыттардың тарихын оқысам да, мынандай ерекше мінезді лидерді бірінші рет естіп біліп тұрмын. Кітап ашық жазылған. Бос мотивация немесе жалаң ұран жоқ. Фил Найт өзінің қорқыныштары, кемшіліктері жайлы шынайы айтады. Компания ашылған соң он шақты жылдай бизнесі шайқалақтап тұрғанын, сол он шақты жылдың ішінде кез-келген уақытта жабылып қалуы мүмкін болғанын айтады. Маған ұнағаны да осы шынайылық. Дәті бармаса да, бизнесін тартып алмақ болған жапон қызметкерінің папкасынан қағаздар ұрлағанын, жапон компаниясында тыңшысы болғанын соттың алдына шығып айтып береді. Бірақ ешқашан өздігінен біреуге ұрынып көрген адам емес. Бұл адамның жасағаны тамшылап мұзды жарып шыққан су секілді. Тоқтамай, мақсатына қарай жүре берген. Өзінің нақты мақсатының қандай екенін білмесе де, тек алға баса берген. Кейбір кітаптарды жапқан соң, кітаптың ішіндегі кейіпкер сенімен қалып кеткен секілді болады ғой. Мына кітапта тура сондай болды. Әдеби жазу стилінде жазылған ерекше бизнес кітап. Міндетті түрде оқуға кеңес беремін.
Mostrar todo...