Essizdik is the New Black!
Ir al canal en Telegram
1 323
Suscriptores
Sin datos24 horas
-57 días
-1430 días
Archivo de publicaciones
Біздің үйдің сыртта жүретін иті, тек іште жүретін Құтжол братанды тыңдайды.
Әлдебіреудің азаттық рухы бір бас әріпке қарап қалса, оны сіккенім бар.
🤲🏻
Мәжілісмендеріміз Егемен және Тәуелсіз деген сөздерді тек бас әріппен жазу керек деп жатыр.
мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
мен өзіңнен қабылдаппын күюді
сенің жаның жүрегімде ораулы,
менің жаным жаулығыңа түюлі.
Мәңгілікті мұрат еттім, дегенмен
қалса да ғұмыр қанша,
…жүрегің боп жүрсем ғой,
Соңғы мәрте дүрс (!) етіп соғылғанша.
Үзінді. Махаббат анатомиясы. 2023.
Repost from Essizdik is the New Black!
Қызыл, жасыл алмастырып сарыны,
Бір күн сөнер жастықтың да жалыны.
Соны есіме салғысы кеп тұрғандай,
Шалшықтағы бағдаршамның жарығы.
"Жаңбырлы кештегі серуен" өлеңінен — 2018 жылӘйтпесе, Шалкиіздің Би Темірге:
Сен - алтынсың, мен - пұлмын, Сен - жібексің, мен - жүнмін, Сен - сұлтансың, мен - құлмын, Сен - сұңқарсың, мен - қумын– деп келіп,
…Бармай тапқан Қағбамсың!– деген сөзі де әдебиетіміздің бір беті. Сондықтан, былай қарасаң Балтабек ата-бабасынан асып ештеңе ойлап тапқан жоқ. …және ең бастысы, кейбір алаяқ адам секілді, Назарбаевтан бас тартқан емес. Өз басым үшін бұл жағымпаздықтың емес, позицияның белгісі.
Repost from Essizdik is the New Black!
Бұл жерде бәріміз әдебиеттің айналасында жүрген адамдармыз ғой. Сондықтан, ел болып, жұрт болып барлығымызға Балтабекті мойындайтын кез келген сияқты.
Біз Президент Назарбаевты ұйқас арасына қосқан ақындарды білеміз: сәл жағымпазы болды, шамалы келгенше сынағаны болды.
Бірақ, Балтабек бұны абсолют мағынаға жеткізіп:
Уа, Нұр-Атам – Құдайым, Сайтан қашқан сесінен– деп жазды. Бетімізден шымшып алды. Бетпердеміз сырғып түскен соң, біз оны сынадық, жерден алып жерге салдық. Былай қарасақ, Балтабек талай қазақтың бетке ұстар ақындары жасап жүрген тірлікті жасады, тек оның идеялық құрамын жүз пайыз, таза деңгейге жеткізді. Сол себепті, оған қонған ақындықтың құдіреті сол: санасы таяз адамдар күлкі қылды, ниеті пәк адамдар (оның ішінде мен де бармын, әрине) бұның аржағында жатқан сюр әдебиетпен бетпе бет келді.
Әлдебір идеяны абсолют етіп көрсетіп, қоғамның бетін шымшып алу үшін гений немесе жан ауруы қажет. Сондықтан, итерген себебінен тыс, Балтабектің өлеңдері үшін мен оны жақсы көремін.
49 минут сюр қараймыз.
https://youtu.be/RNvvq2SmgS0?si=fhUPTpVXt9JXcULZ
Repost from Essizdik is the New Black!
Әзіл– әзілімен, бірақ Балтабек талантты, әрі арқасы бар ақын.
2019 жылы жазған әні, 2022 жылдың қаңтарында ғана түсінікті бола бастады. Үкілі тәуіп.
Темірқазық деген ше? Өте әдемі және терең ұғым.
О, Жаратқан, Балтабекке қазақтың жеті президентін көретін ғұмыр бере көр!
Өз бақытыңа жету – өміріңнің жалғыз моральдық мақсатыдепті бір жазушы апым.
Repost from Essizdik is the New Black!
"Біз... болашақ ұрпақтар алдындағы..."*
ішімнен қайта оқыдым – дұрыс пе еді?!
дұға еткен машайықтай айта бердім
ең сүйікті преамбула-кіріспені.
* ҚР Конституциясының преамбуласынан.//2024
Repost from Essizdik is the New Black!
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.// ҚР Конституциясының преамбуласы
Так-с, Тоқаевтың ұсынысымен Конституция Преамбуласын да өзгерту талқыланып жатыр.
Өзіме қазіргі Преамбула ұнайды, толықтай көңілімнен шығады. Тіпті, өлеңге арқау болатын шабыт берген текст деп айтар едім.
