cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Тіл кеспек жоқ

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
3 446
Suscriptores
+8624 horas
+1047 días
+11730 días
Archivo de publicaciones
⚡️ ProTenge басылымының негізін қалаушы Джамиля Маричеваны полиция бөлімшесіне алып кетті Бұл туралы Гульмира Биржанова Facebook-парақшасында жазды. ProTenge — мемлекеттік сатып алуларды тексеріп, жемқорлықты әшкерелеп жүрген жоба. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 32😨 3👍 1👏 1😁 1
⚡️Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды Бишімбаев пен Байжанов тағылған айыпты мойындамады. Жарыссөз 29 сәуірде басталады. Сот 3-4 мамырда аяқталуы мүмкін. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
5👍 1🤯 1
Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлады.
Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, — деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
💔 13
00:15
Video unavailableShow in Telegram
Афина аспаны сарғыш түске боялды. Аспанның сарғыш түске боялуына Солтүстік Африкадан желмен келген шаң себеп болған. Билік тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүрмеу керек екенін ескертті. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😍 11😱 4🙊 4
Photo unavailableShow in Telegram
TikTok Аида Балаеваның пікіріне қатысты мәлімдеме жасады
Былтыр біз ережелерді бұзуға байланысты Қазақстанда 4 миллионнан астам бейнені өшірдік. Біз Қазақстан Республикасының мүдделі органдарымен, соның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Ішкі істер министрлігімен тікелей жұмыс істейміз, — делінген түсініктемеде.
TikTok Аида Балаеваның пікірін «дәйексіз» деп атады.
Соңғы айларда бізге кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты өтініштер келіп түскен жоқ. Осыған байланысты және ынтымақтастықтың ұзақ тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі дәйексіз екенін атап өткен жөн, — деп жазылған түсініктеме.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 12😁 5
Photo unavailableShow in Telegram
Бөгет салуға және жөндеуге бөлінген ақшаны кім ұрлады? Қаржылық мониториң агенттігі гидротехникалық құрылыстар мен жөндеу жұмыстарына қарастырылған қаржыны кім ұрлағанын айтты.
Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ұлытау өңірінде ұрлықтың төрт фактісі ашылды. Бес мемлекеттік қызметкер күдікті деп танылды. Жалпы шығын бір миллиард теңгеден асты, — деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Бұл ұрланған миллиардтың  республика бойынша су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген қаржыға қатысы жоқ. Көп медиа «Су тасқынына бөлінген қаржы жымқырылды» деп жазған еді. Журналистер «ҚМА қате ақпарат таратты» дейді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 9😁 2
Photo unavailableShow in Telegram
Батыс Қазақстанда су тасқыны кезінде 2343 бас мал өлген Бұл туралы БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов мәлімдеді.
Су тасқыны салдарынан 2343 бас мал, оның ішінде 341 ірі қара, 63 жылқы, 1742 бас уақ мал, 116 шошқа, 81 үй құсы өлді. Қазір шығынның орнын толтыру жұмыстары басталып кетті, — деді ол.
Облыстық бюджеттің резервінен мал шығынын өтеуге 187 млн теңге бөлінген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 11😱 3
Photo unavailableShow in Telegram
2024 жылдың басынан бері 4351 қазақ қандас мәртебесін алған Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Қандастардың жартысы Қытайдан келген. 31,9 пайызы Өзбекстаннан, 6,4 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 3,7 пайызы Ресейден, 1,5 пайызы өзге де елдерден келген, — делінген хабарламада.
Ресми статистикаға бойынша, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 132,7 мың қазақ оралған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 13🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
8566 адам эвакуация орталығын паналап отыр Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Республика бойынша 31 мыңнан аса адам үйіне оралған. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде орналасқан, — делінген төтенше жағдай министрлігінің 24 сәуірдегі ақпаратында.
📞Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түсті. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 7 2
Photo unavailableShow in Telegram
«Бишімбаевтың мүлкі тәркіленсін» Қазақстандықтар экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақындарына қатысты мүлкін тәркілеуді талап етіп, otinish.kz сайтында петиция жариялады.
Қуандық Бишімбаевтың отбасы мүшелерін, анасы Альмира Нұрлыбекқызының, інілері Бақытжан Байжанов пен Нұрлыбек Сұлтанның қаржылық жағдайын және өткен коррупциялық істеріне қатысты тексеріс жүргізілсе екен. Тексеріс қорытындысы қоғамға ашық түрде жарияланса, — деп жазылған петицияда.
Қазіргі уақытқа дейін петицияға 37 128 адам қол қойған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 26 4😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары еңбек демалысын ала алады Еңбек кодексінің «Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлігіне енгізілген түзетулерге сәйкес жұмыс берушілер тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге ақысыз демалыс беруге міндетті.
Жұмыс беруші тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті», – делінген түзетуде.
Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
9👍 1🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Маңғыстауда 4 ай бойы ереуілдеткен Жетібай жұмысшыларының талабы орындалды Бұл Маңғыстау облысы тарихындағы ең ұзаққа созылған ереуілдердің бірі. West Oil Software жұмысшылары 140 күнге жуық ереуілдетіп тұрды. Наразы топ «Талабымыз орындалмаса ереуілді тоқтатпаймыз» деген еді. Маңғыстаудағы ереуіл туралы Instagram-парақшамыздан толық оқысаңыз болады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 18🔥 8 2👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қора-қопсыны қалпына келтіруге ресурсымыз жетпейді — Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан бүлінген қора-қопсы мен үй ауласын қалпына келтіру бюджет қаржысы есебінен жүргізілмейтінін айтты.
Қазір тасқыннан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) өтемақы берілді. Бірақ ауланы, қораларды және тағы басқасын қайта салып бере алмаймыз. Өйткені, басты мақсатымыз – халықты баспанамен қамтамасыз ету, — деді Қанат Шарлапаев.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 9😐 3 1😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қора-қопсыны қалпына келтіруге ресурсымыз жетпейді — Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқыны салдарынан бүлінген қора-қопсы мен үй ауласын қалпына келтіру бюджет қаржысы есебінен жүргізілмейтінін айтты.
Қазір тасқыннан зардап шеккендерге 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) өтемақы берілді. Бірақ ауланы, қораларды және тағы басқасын қайта салып бере алмаймыз. Өйткені, басты мақсатымыз – халықты баспанамен қамтамасыз ету, — деді Қанат Шарлапаев.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
«Азаттық» радиосы мен Қазақстан билігі аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді
Өз аудиториямызға тәуелсіз әрі шынайы ақпарат беру міндетімізге адал болып қала береміз және бұл келісім осыны жүзеге асыруға жағдай жасайды деген сенімдемін, — деді «Азаттық» радиосының президенті Стив Капус.
2024 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа/Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқан. Азаттықтың кей тілшісі аккредитациясын 2022 жылдың аяғынан бері ұзарта алмай келген. Азат Еуропа/ Азаттық радиосы бұл шешімге наразылық білдіріп, сотқа жүгінген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 19 4
Photo unavailableShow in Telegram
Алматыда такси қызметі бір жыл ішінде 40,6%-ға өскен Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Жылдық динамика бойынша бағаның өсуі Алматы қаласында тіркелді. Алматыда такси қызметі бір жыл ішінде 40,6%-ға өскен, — деп жазды Ranking.kz
Еске салайық, Қазақстан ТМД елдері ішінде такси бағасы ең қымбат мемлекет. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 14🗿 2👍 1🤯 1🐳 1
Photo unavailableShow in Telegram
Түрмедегі Думан Мұхамедкәрімнің денсаулығы нашарлады Бұл туралы белсенді Абзал Достияр жазды.
Өткен аптада ұлына кіріп шыққан анасының сөзінше, Думан әбден азып, жүдеген. Енді міне қазір ғана түрмеден хабарласқан кісі Думанның жүріп-тұрудан қалғанын, өзіне балдақ пен белін байлайтын шәлі сұратқанын айтып отыр, — делінген жазбада.
Еске салайық, Думан Мұхамедкәрім өзіне қатысты тергеу мен соттың созылып кетуіне наразылық ретінде 13 сәуірде аштық жариялаған еді. Думан Мұхамедкәрім «Тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша күдікке ілінген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 17🤬 4👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстандағы гидротехникалық нысандардың үштен біріне күрделі жөндеу жұмыстары қажет Су ресурстары министрлігінің дерегінше, елімізде жалпы 1502 гидротехникалық нысан бар. Оның ішіне 405 су қоймасы, 247 бөген, 461 бөгет, 118 гидроторап пен 271 тоған кіреді. Министрлік мәліметінше, тасқын суға қарсы 537 гидротехникалық нысан күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Биыл су тасқыны басталғалы бері жергілікті тұрғындар мен еріктілер су басу қаупі төнген аудандарда тасқынға қарсы қолдан бөгет тұрғызып жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 7👍 2😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қырғызстанда да сел жүріп жатыр Ноокен ауданындағы бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кетті. Осы себепке байланысты ауылдағы 300 үйден тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Ош облысының Қара-Құлджа, Алай, Ноокат және Қара-Суу аудандарында нөсер жауын салдарынан 100-ге жуық үйді су басты. Ош облысында төтенше жағдай режимі жарияланды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 5🙏 2
Photo unavailableShow in Telegram
5 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды Бұл туралы төтенше жағдай вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, 1000 аула аумағы мен 91 ғимарат су астында қалып отыр, — деді ол.
Еске салайық, су басқан аймақтардан 119 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 13
5 мыңнан астам тұрғын үй су астында қалды Бұл туралы төтенше жағдай вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда 5 мыңнан астам тұрғын үй, 16 мыңнан астам саяжай, 1000 аула аумағы мен 91 ғимарат су астында қалып отыр, — деді ол.
Еске салайық, су басқан аймақтардан 119 мыңға жуық адам эвакуацияланды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттан 1 млрд теңге жымқырылған Бұл туралы қаржылық мониториң агенттігі хабарлады.
Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты, — делінген хабарламада.
Қаржылық мониториң агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексеретініне де тоқталды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 5🤯 1🤡 1😐 1
00:40
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстанда Tik Tok-қа шектеу қойыла ма? Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👎 13💯 3🔥 1🤬 1
АҚШ билігі TikTok-қа толық тыйым салу туралы заңға қол қойды Әлеуметтік желіге иелік ететін қытайлық «ByteDance» активтерді америкалық азаматтығы бар адамға н|е компанияға сатуға міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда 9 айдан кейін TikTok елде жұмысын тоқтатады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👎 11👍 8😢 3🔥 2
Жамбыл облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.
Өңірде су деңгейінің көтерілуіне жауын әсер етеді. Оған қоса дауыл болып, жел күшейеді деп болжанып отыр, — делінген хабарламада.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😱 10😢 1
Photo unavailableShow in Telegram
‼️ Қазақтардың саны 14 миллионнан асты Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың саны 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті. Статбюро дерегінше, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың). Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🥰 25🔥 11 5👍 1🥴 1🤗 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Украинаға көмек беруге келісті Сенаттағы демократиялық партия басшысы Чак Шумер заң жобасын «жылдам» қабылдайтынын айтқан. АҚШ президенті Джо Байден де заң жобасына қол қоюға уәде берді. Украинаға 61 миллиард доллардай көмек қаржы бөлінбек. Болжам бойынша, Украина Ресей шабуылына төтеп беруге қажет қару-жарақ пен басқа да көмек алады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🙏 13🔥 6👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
Республика бойынша 23085 адам өз үйіне оралды Кейінгі мәліметтер бойынша, 11,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. 4554 тұрғын үй мен 2767 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
6👍 1😁 1
Photo unavailableShow in Telegram
Алқабилерді көрсетіп қойған журналистерге сот шешім шығарды «КТК» қызметкерлеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабы бойынша хаттама толтырылып, үш адам жауапқа тартылды. Үшеуіне де 20 АЕК айыппұл салынып, сот ешкімді қатты жазаламауға шешім қабылдады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жіберді 15 ірі жүк көлігімен азық-түлік, әйелдер, балалар және ерлер сыртқы киімдері, көрпе, жастық, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті тауарлар жеткізілген. Гуманитарлық көмек президент Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасымен жіберілген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
25👍 4
00:12
Video unavailableShow in Telegram
Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 860 сантиметрден асты Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. «Казгидромет» РМК БҚО филиалының 22 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі бір тәулікте 10 сантиметрге жоғарылады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😱 14
⚡️Тоқаев вейп сатуға және таратуға тыйым салатын заңға қол қойды Бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 29 4🤬 4🤨 3🐳 2
Тәжікстан гуманитарлық көмек жіберді Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы Қазақстан халқына бастапқы қажетті заттардан тұратын 3 500 тонна гуманитарлық көмек жіберді. 20 сәуірде жүк Түркістан облысының Сарыағаш қаласына жеткізіліп, Қазақстанға тапсырылады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 16👍 6 2🤯 2
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттарды қоғамдық талқылаудан аулақ болуға шақырды. Ол Facebook парақшасында адвокаттар мен заңгерлік қоғамдастықтың өзге өкілдерінен Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіндегі әріптестерінің жұмысын бағаламауды сұрады.
Бұл әрекеттер кәсіби кодексінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокаттық беделін ойлауы керек, — деді ол.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤔 4
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ Бишімбаев пен Байжановтың ісін қарап жатқан судьяны қорқыту деректері тіркелді Астана полициясы судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😨 25 7
Photo unavailableShow in Telegram
«Алматы Су» басшысының орынбасары ұсталды Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралар қолданудың жолын кесу жұмыстары ерекше бақылауда. Осылайша, Алматы қалалық департаменті осы жұмыс аясында «Алматы Су» МКК бас директорының орынбасарын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысымен әшкереледі, — делінген хабарламада.
Антикордың айтуынша, «Алматы Су» басшысының орынбасары «жергілікті кәсіпкерден бұрын келісілген 345 миллион теңгенің 75 миллион теңгесін орындалған жұмыстардың актісіне қол қою және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарттар бойынша қаражатты төлеу үшін алған». Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 8🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.
Сапар кезінде жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады, — делінген хабарда.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 6🥱 5💩 1
Photo unavailableShow in Telegram
Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі шамамен 8 метрге жетті Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдай жөніндегі штаб хабарлады. Ақпаратқа қарағанда, қаладағы Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылында Жайық өзені 8.84 метрге жеткен. Батыс Қазақстандағы Январцево ауылы — Ресейден келетін топан суды бірінші болып қарсы алатын елді мекен. Ауыл тұрғындары қазір үй айналасына топырақ үйіп, қорған жасап бекініп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 7
Photo unavailableShow in Telegram
Астана. Суретке қандай атау қоясыз?💬👇🏻 Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 8😭 4 1
00:39
Video unavailableShow in Telegram
Қазақ тілін «мамбеттер тілі» деп қорлаған Алматы тұрғыны Элина Лю 2 жылға сотталды Сот Элина Люды араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол қазақ тілін «мамбеттер тілі» деп атап, бұл тілде ауылдан келгендер сөйлейтінін айтқан. Сотталушы видеода Алматыдағы кептеліске байланысты келушілерді де ұнатпайтынын мойындаған. Әлеуметтік желіні бақылайтын жедел уәкіл алауыздық белгілерін көріп, рапорт жазған. Ол екі жыл жазасын ең төменгі қауіпсіздік колониясында өтейтін болды. Ал баласы әжесіне беріледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 28🔥 18👎 2🥰 2😁 2🌭 1