cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Тіл кеспек жоқ

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
3 581
Suscriptores
-324 horas
-107 días
+23430 días
Archivo de publicaciones
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанның 3 облысы орман өртіне дайын емес Бұл туралы үкіметте өткен өрт қаупі кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте айтылды.  
Экология министрлігі 158 мемлекеттік орман иеленушіні тексерген. Нәтижесінде «Семей орманы» резерваты, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын емес екені анықталды, — делінді кеңесте.
Еске салайық, былтыр «Семей Орманы» резерватын 100 мың гектарға дейін өрт шарпыған еді. Өрт салдарынан 15 адам қаза тапты. Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам орман және дала өрті, 4 мыңнан аса табиғи өрт тіркеледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😱 10 2🤬 1😨 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстан тұрғындары су тасқынын тікелей эфирде көре алады Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Енді әрбір азамат онлайн-трансляцияны пайдалана отырып, Орал, Атырау және Қостанай қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жағдайды жергілікті жерлерде тексере алады. Белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне қарғын суға дайындық жұмыстары үшін алғыс айтамыз, — деді Бағдат Мусин.
Бөгеттер мен бекіністер құрылысының барлық барысын бейнебақылау камералары арқылы нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🌚 6👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапқан Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.
Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр, — деді ол.
Ол Абай облысы Аягөз ауданында тракторда отырып суға кеткен екі адамды да атап өтті. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
💔 11😢 8😱 1
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқынынан құтқарылған адам саны 117 мыңнан асты Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Қазақстанда су тасқыны басталғалы 117 мыңнан астам адам (44 мыңға жуығы — бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Эвакуация орталығында жеті мыңға жуық адам (3166-сы — бала) шоғырланған, — делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, 18 мыңнан астам адам үйіне оралды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 10😁 1🙏 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қырғызстанда TikTok желісі көп қолданушыда ашылмай тұр Бұл туралы «Kloop.kg» хабарлады. Еске салайық, Қырғызстан цифрлық даму министрлігі жанындағы байланысты реттеу қызметі байланыс операторларына TikTok желісін шектеуге байланысты хат жолдаған еді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 12🤬 8😁 6
«Масс-медиа туралы» заң жобасының қандай көлеңкелі тұсы бар? Қаңтарда парламент мәжілісінің депутаттары «Масс медиа туралы» заң жобасына бірнеше өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол ұсыныста аккредитациясы жоқ шетелдік БАҚ пен оның журналистерінің жұмысына тыйым салу, «заң талаптарын бұзған» шетелдік БАҚ-тың жұмысын сот шешімінсіз-ақ тоқтатып қою қарастырылған. Депутаттар ұсынған өзгертулер күшіне енсе, сыртқы істер министрлігі «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда» шетелдік ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистеріне аккредитация бермеу құқығына ие болады. Бұл өзгеріс аккредитация алмаған шетел ақпарат құралдары мен журналистеріне кәсіби қызметімен айналысуына тыйым салады. Бұл ұсыныс «Азаттық» радиосының 30-дан астам тілшісіне аккредитация бермей жатқан сәтте ұсынылды. Сарапшылар «Бұл сәйкестік емес» дейді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👎 11 4🥰 1👍 2🤡 3
Photo unavailableShow in Telegram
Мәжіліс дау тудырған «Масс-медиа туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Заңға қандай өзгеріс енеді? • Жаңа заң талабы бойынша, 2025 жылдан бастап қазақша теле-радиобағдарламалар мен отандық өнімдер көлемі кемінде 55%, 2027 жылдан бастап 60% болуы тиіс. • Отандық арналарда шетелдік бағдарламаларды қайталап көрсету апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады. • Сонымен қатар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне мемлекеттік теле-радиоарналар өнімінің қоғамдық көлікте таратылуын қамтамасыз ету және бақылау құзыреті жүктеледі. • Баспасөз картасы туралы норма масс-медиа туралы заңнан алынып тасталды • БАҚ өтініштеріне жауап беру мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқартылды. Журналистер ақпарат иесімен телефон арқылы, жазбаша немесе электрондық құжат нысанында ауызша сұрау салу арқылы байланысуға құқылы. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 18🤡 3🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқыны қаупі төніп тұрғанда Атырауда 55 млн теңгеге бәйге өткізілмек болған Бұл туралы «Ақжайық» басылымы хабарлады. 16 сәуірде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ат бәйгесін ұйымдастыру және өткізу лотының күшін жойды. Лоттың күшін жоюға қоғамдағы сыни пікірлер себеп болған. Еске салайық, Атырау тұрғындары тасқынға қарсы дайындалып жатыр. Облыста 7 сәуірден бастап төтенше жағдай енгізілген. Қазгидромет Атырауда 20-25 сәуір аралығында мол су келеді деп болжам жасаған. Су деңгейінің биіктігі 6 метрге дейін жетуі мүмкін. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 17🙏 1
00:28
Video unavailableShow in Telegram
Бұл — Солтүстiк Қазақстан облысы, Бескөл ауылындағы жағдай. Ауыл тұрғындары су тасқынына өздері дайындалып жатыр. 📹: Bishkul Sity Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
IMG_6124.MP42.37 MB
😢 13😱 4 3
Ресейдің Орынбор облысында су тасқыны кезінде бес адам қаза болды Бұл туралы «Важные истории» басылымы хабарлады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😱 11🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қырғызстан TikTok желісіне тыйым салуы мүмкін Қырғызстан цифрлық даму министрлігі жанындағы байланысты реттеу қызметі байланыс операторларына TikTok желісін шектеуге байланысты хат жолдады. ҰҚМК хатында TikTok желісінде «контентке цензура қою жүйесі жоғы», атап айтқанда мәселе «балалардың ақпараттық кеңістігі жөнінде болып отырғаны» жазылған. 18 сәуірге дейін әлеуметтік желіге шектеу қою тапсырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👏 13👍 8🤬 4 1🤔 1
⚡️ Мәжіліс дау тудырған «Масс-медиа туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 12😡 3👍 1🥴 1
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқыны басталғалы қанша адам құтқарылды? Төтенше жағдай министрлігі елімізде су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 731 адам, оның ішінде 40 666 бала құтқарылып, эвакуацияланғанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, 112 539 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды. 16 070 адам үйлеріне оралды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 8😁 1
00:17
Video unavailableShow in Telegram
Дубайды су басып, қазақстандықтар елге қайта алмай жатыр Жауын салдарынан мегаполисте көлік қатынасы қиындаған. Осы себепке байланысты Қазақстандықтар елге қайта алмай жатыр
Air Astana әуекомпаниясының Дубай-Алматы бағытындағы КС 898 рейсі жауын-шашын салдарынан кешігіп ұшады, — деп хабарлады Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
БАӘ Ұлттық метеорология орталығының хабарлауынша, жаңбыр бүгін де тоқтамайды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
IMG_6121.MP41.41 MB
🤯 7😱 2😁 1😢 1
Photo unavailableShow in Telegram
Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапары кезінде айтты.
Кейбір адам киіктерді атуға болмайды дейді. Расында солай шығар. Мен бұрын киіктерді атуға қарсы болғанмын. Киіктерді атуға тыйым салатын болдық, осындай шешім қабылдадым,— деді ол тұрғындармен кездесу кезінде.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 18 8🤡 5
Ұлыбритания су тасқынына қарсы күресте Қазақстанға көмектесуге дайын Бұл туралы британдық СІМ басшысының орынбасары Нусрат Гани әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қазақстандағы су тасқыны елдің солтүстігі мен батысындағы аймақтарға зиян келтірді. Біз зардап шеккендер мен әсіресе эвакуациялауға тура келген азаматтармен бірге екенімізді айтқымыз келеді. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күрестің алдыңғы қатарында. Ұлыбритания Қазақстанға көмектесуге дайын, — деп жазды Нусрат Гани.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 16 7👍 3😁 1
Есіл өзені арнасынан асуы мүмкін Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты.
Өткен тәулікте бес облыс бойынша төрт гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды — Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан және Алматы облыстарында. Солтүстік Қазақстан облысында 15-19 сәуір аралығында Ақмола облысынан Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендерінен жанама ағындардың келуіне байланысты Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі, су тасқынының екінші толқыны және қауіпті деңгейден асуы күтілуде, — деді ол.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🙏 8👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Думан Мұхамедкәрім аштық жариялады Ол өзінің үстінен қозғалған істің созылып жатқанына наразылық ретінде аштық жариялаған. Бұл туралы Думан Мұхамедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Сенбі, 13 сәуірде Думанмен кездестім. Ол сол күннен бастап қайта аштық жариялады, өзіне қатысты тергеу мен соттың созылып кеткеніне наразы, — деді адвокат Ғалым Нұрпейсов.
Адвокаттың айтуынша, іс шын мәнінде де созылып кеткен.
Мәселен, осы күнге дейінгі әкімшілік қамау мерзімдерін қоса санасақ, ол қамауда отырғанына бір жылдан асып кетті. Ал негізгі қылмыстық ісі бойынша қамауда отырғанына екі айдан кейін бір жыл болады. Ал соты әлі өтпей жатыр, — дейді ол.
Думан Мұхамедкәрім «Тыйым салынған ұйым ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша күдікке ілінген. Қазақстандық құқық қорғаушылар Думан Мұхамедкәрімді «Саяси тұтқындар» қатарына қосқан. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
12😭 3👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Кез келген қиындықта жанымыздан табылатын әніміз бар. Шүкір🙏🏻✨ Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤣 27😁 3👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тікұшақ аман болсын🤭🤲🏻
Mostrar todo...
🤣 21 3
Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралады, — делінген хабарламада.
Солтүстің Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😱 3
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралады, — делінген хабарламада.
Солтүстің Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
«ҚазАвтоЖол» су тасқынына байланысты қанша жол жабылғанын хабарлады
16 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасыды, — делінген хабарламада. 
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 411 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Ғашықтар күні құтты болсын🫶🏻🥳
Mostrar todo...
34🥰 6🤯 3😁 2🕊 1
Израиль мен Иранда қанша Қазақстан азаматы бар? Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазір Израиль аумағында консулдық есепте тұрған 123 қазақстандық бар. Расталмаған дерек бойынша елде тағы 100-ге жуық азаматы болуы мүмкін. Иранда 104 Қазақстан азаматы консулдық есепте тұр.
Иран аумағында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың бірінде 174 қызметкер бар. Бұл қызметкерлер вахталық тәсілмен жұмыс істегендіктен консулдық есепке тұрмайды, — деді Айбек Смадияров.
Еске салайық, 14 сәуірде Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады. Мамандардың бағалауынша, бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 5🕊 2 1
Сотталушы Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтан қысым көргенін мәлімдеді Астанада «әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді» деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. 15 сәуірдегі сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов қамауда отырған өзіне Бауыржан Мусин есімді қоғамдық қорғаушы бірнеше рет келгенін айтты. 15 сәуірдегі сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов қамауда отырған өзіне Бауыржан Мусин есімді қоғамдық қорғаушы бірнеше рет келгенін айтты.
Камерадан шығып, оған барғанымда жанында Бишімбаев тұр екен. Ол кездесу ұйымдастырмақ болды. Мен бұрылып, кетіп қалдым, — деді Байжанов.
Сотталушы Қуандық Бишімбаев «Бақытжан Байжанов бәрін бұрмалап отыр» деп мәлімдеді. Іс Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🥴 2😁 1
Сотталушы Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтан қысым көргенін мәлімдеді Астанада «әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді» деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. 15 сәуірдегі сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов қамауда отырған өзіне Бауыржан Мусин есімді қоғамдық қорғаушы бірнеше рет келгенін айтты. 15 сәуірдегі сот отырысында сотталушы Бақытжан Байжанов қамауда отырған өзіне Бауыржан Мусин есімді қоғамдық қорғаушы бірнеше рет келгенін айтты.
Камерадан шығып, оған барғанымда жанында Бишімбаев тұр екен. Ол кездесу ұйымдастырмақ болды. Мен бұрылып, кетіп қалдым, — деді Байжанов.
Сотталушы Қуандық Бишімбаев «Бақытжан Байжанов бәрін бұрмалап отыр» деп мәлімдеді. Іс Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. «2-3 күнде Ресейден Оралға үлкен көлемде су келеді» Қала әкімі тұрғындарға үндеу жасады.
Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық орындар жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады, — деді қала әкімі Миржан Сатқанов.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
01:54
Video unavailableShow in Telegram
«2-3 күнде Ресейден Оралға үлкен көлемді су келеді» Қала әкімі тұрғындарға үндеу жасады.
Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық орындар жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады, — деді қала әкімі Миржан Сатқанов.
Қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге (қауіпті деңгей 8,5 метр) жуықтады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
IMG_6068.MP49.95 MB
😱 13😢 8👍 1
Қандай нормалар енгізілді? • Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды; • Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді; • Өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; • 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді; • Кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллиң, кибербуллиң) үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді; • 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 10❤‍🔥 3 3😁 1😐 1
⚡️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 18🤡 8 5👏 3🕊 3🐳 1
00:46
Video unavailableShow in Telegram
Еліміздің 8 өңірі — Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Ұлытау облыстарын су басу қаупі сейілмей тұр. Мұнда жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай режимі енгізілген. Жалпы тасқын басталғалы бері 111 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Оның ішінде 7 мыңға жуық адам уақытша орналастыру пунктерінде тұрып жатыр. 5 мыңнан аса тұрғын үй әлі су астында. Бұған дейін Қазгидромет Батыс Қазақстан, Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тасқынның екінші кезеңі болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
IMG_6056.MP43.93 MB
👍 5😢 2🤨 1
Photo unavailableShow in Telegram
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдап, Instagram-да «Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау және Орал. Біз сіздермен біргеміз» деп жазды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 28 10👍 5😁 1
Петропавлда 4,5 мыңнан аса адам эвакуацияланды Ішінде мыңға жуық бала бар. Қаланың Хромзавод жəне Ойқала шағын аудандарында тəулік ішінде мыңнан аса үйді су басты. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жағдай əлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шыңынан 2 метр 83 см асты. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😱 9 5👍 1
Repost from ОБОЖАЮ
00:31
Video unavailableShow in Telegram
No comments
Mostrar todo...
IMG_8272.MP45.41 MB
😢 16🥴 7🤬 3🤯 2🤡 2🔥 1
Петропавда су басу қаупі бар аудандардан эвакуация басталды. "Жағдай барынша күрделі. Сергеев су қоймасының толуы 168 пайызды құрайды. Су плотина ернеуінен 3,5 метр асып-төгіліп жатыр. Төмендеу байқалады. Дегенмен, бұл жалпы жағдайға әсер етпейді. Яғни, су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына барып жатыр. Есіл ауданында 112 үй су астында қалған. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының Тепличное, Затон және Прибрежная ауылдарына негізгі соққы тиіп жатыр. 320 үйді су басып, 1 839 адам эвакуацияланды. Өткен тәулікте Петропавл қаласының екі ауданында 135 үйді су басты. Халық эвакуацияланып жатыр. Олар үш орта мектепке және 2 колледждің жатақханасына орналастырылды. Басым көпшілігі туыстарының үйінде", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев
Mostrar todo...
IMG_3440.MP412.84 MB
IMG_3438.MP415.96 MB
IMG_3439.MP45.69 MB
😢 10 1
Атыраудан шығатын рейстерге билет бағасы 40 мың теңгеден аспайды – Азаматтық авиация комитеті 13-24 сәуір аралығында Атыраудан ұшатын Air Astana, Fly Arystan и SCAT авиакомпанияларының рейстеріне билет бағасы 40 мың теңгеден аспайтын болады, бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. Қазірге кезде Атыраудан аптасына 73 рейс ұшады, оған қосымша Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларына 49 рейс қосылды.
Mostrar todo...
14👍 4