es
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Ir al canal en Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Mostrar más
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Тоқаев Шығыс Қазақстанда тағы да бір-екі админстративтік өзгерістер жасайтын заңға қол қойыпты. Осыған дәл түсетін Сатекемнің бір әңгімесі бар еді, әттең парақшасын найсап қаззақтар жапқызып тастад (барлық ғайбаттарға қосылам). Шамамен (?!) былай басталатын еді: "...2024 жылдың көктемінде ұйықтап жатқан Әбсаматты трактордың дарылы оятып жіберді. Бүгіннен бастап Ақтоғай, Еңбекшіқазақ, Балтабай жаңа аудандары пайда болыпты..." Осындайда сандықтан фук етіп шығарып бөлісе салар ма еді, эх, әттең ((

Экономикасы, тілі, саясаты, азаматтық бостандығы жағынан бізден де сорлы елдерді айтыңдаршы. Тым құрығанда соларды ойлап жұбана отырайық

Жаман жаңалық, достар topas karga арнасы тағы екі апта өз жұмысын жалғастыра тұратын болды

photo content
+3

Ғасырлар бойы ата бабамыз малмен айналыса жүріп, қалай ғана малдарды бір жерге дәрет сындыруға үйрете алмағаны мен үшін мәңгілік жұмбақ болып қалатын шығар. Яки ауылдан кеткенше 🙂

Қырғыз байкелерде прогрестің үстіне прогрес. Жезөкшелердің хайпы көңіліне медет болмаған Жапаров енді рухани реформаға аяқ ұр
Қырғыз байкелерде прогрестің үстіне прогрес. Жезөкшелердің хайпы көңіліне медет болмаған Жапаров енді рухани реформаға аяқ ұрып, туын өзгертті. "Туымыз күнбағысқа ұқсайды" деп аяқ астынан тәлпіштене қалған депутаттарының қышуы қансын деді ме, туындағы күн нұрын үтіктеп берді. Енді қырғыз Жоғорғу Кеңеши бактуулу болуп жатад. Бірақ тап саған бәрібір сияқты осы. Алдыңғы туын да білмейтінсің, мынауысы да есіңде қалары неғайбыл

Моральдық қолдау білдіру үшін адамға оныкінен өткен нашар хикаяны айтып беру?
Anonymous voting

Кенеттен лентаңнан "Қазақстандық физик ғалым ең беделді ғалымдардың ішіне кірді" деген жаңалық шықса нендей ойда боласың? Ох, қандай керемет. Міне, нағыз ғалымдар бізден де шығады. Осындайлар көбейсе екен, - деп ішің жылып, тығылып жылап алғың кеп кетеді. Жүзі де сондай тартымды, мейірлене шуақ шашып тұрғандай көрінеді. Бірақ шын өмірде құрыған адам екенін: қол астындағылардың зайбалын шығарып боқтайтынын, бала-шағасының бәрін жұмысқа тыққанын, студенттерінен ақша тұрмақ, секс сұрайтынын қотақбас екені үш ұйықтасаң да түсіңе кірмейді. Міне, осындай біздің бюрократтанған "ғалымдар" p.s. Ғалымдар шынымен, ау-мау, мү-мү-мү дейтін емес, кәдімгі шынайы жаңалық ашып, ғылымға үлес қосқан адамдар.

Тәуелсіздік - Конституциядағы қатар, механизм, тіпті құбылыс та емес. Өз тағдырыңды өз қолыңа алу сияқты қайсарлық – ұлттың имманентті қасиеті, қанының гемоглобині, демінің отына күйген оттегі. Тәуелсіздік – бақытты я қайғылы жолығуларға куә болатын теміржол вокзалы емес, тәуелсіздік – тарихқа ұмтылғыпы бара жатқан гүрілдеген локомотив, ал жол – мақсат емес, оның сипаты. Қазақ пойызының доңғалақтарының сықырлағаны мен темір жүрегінің гүрілін естіп, мыңдаған вагондардың бірінің төбесінде отырып, ел көкжиегіне үмітпен, ал кейде артымызға қалдырған түтін ізіне ойлана көз тастайтыныма қуанам. Мың жаса, қазақтың кішкентай ғана паравозы, сенің қолыңнан келді! (с) Лысый из Dope

Астанадағы католик шіркеуінде осы баннер ұнайды. Қазақстанда Ислам мен Ортодокс христиандары - дін ретінде миссионерлікпен шұ
Астанадағы католик шіркеуінде осы баннер ұнайды. Қазақстанда Ислам мен Ортодокс христиандары - дін ретінде миссионерлікпен шұғылданбай қойған негізі. Католиктерге сөз жоқ, маркетиңнен құр алақан емес екен.

"Слово пацана" деген фильмді көрген жоқпын. Өйткені нағыз жігіттің сөзі - "көреміз" екенін бұрыннан білем

Repost from Meyrkhanus+
2018 жылы америкалық қара нәсілді танымал рэпер Кэндрик Ламар Алабамада өткен концертінде сахнаға ақ нәсілді бір қызды шақырып, «M.A.A.A.D city» атты әнін бірге орындайды. Ән арасында "N*gga" деген сөзді сахнаға шыққан ақ нәсілді қыз да айтып қалады байқамай. Сол сәтте концерт бірден тоқтап, әлгі ақ нәсілді қызды N-нан басталатын сөзді айтқаны үшін Ламар ұрыс шығарып, оны сахнадан қуып жібереді. Сол кезде бұл концертті Астана төрінде отырып, ата-бабасы ешқандай құлдық әлде нәсілшілдік кемсітуді білмей өткен мен үшін аталмыш жағдай түсініксіз болды. Терісінің түсі ақ адам «н*ггер» деген сөзді айтқанында тұрған не бар деп қатты таңғаланғанмын. Оны түсінуге «Том көкенің лашығы» атты кітап көмектесті.  Америкалық жазушы Һарриет Бичер-Стоу 1852 жылы «Том көкенің лашығы» атты кітапты жазып шығады. Аңызға сенсек, Америкадағы құлдыққа қарсы азаматтық соғыстың басталуына осы кітап себепші болған дейді. Себебі мұндағы баяндалған құлдардың ауыр өмірі мен құл иеленуші адамдардың жауыздығы қаншама адамның көзін ашқан деседі.  Абай жолын оқыған адамдардың бәрі жылайтын бір көрініс: Құнанбай мен Бөжей арадағы араздықты жою үшін емшекте жатқан кішкентай Кәмшатты шешесінің бауырынан жұлып алатын жері бар. Тура сондай жағдай «Том көкенің лашығы» кітабында өте көп кездеседі. Қара нәсілді құлдардардың баласын ата-анасынан тартып алып, сатып жіберген кездегі ауыр қайғыны Бичер-Стоу асқан шеберлікпен суреттеген. ХІХ ғасырда жасалған айуандықты көз алдыңа дәлме-дәл келтіреді. Таугүл-3 ауданында кітап оқып отырсам да, кітаптағы зұлымдықтар көрші бөлмеде жасалып жатқандай әсер алдым. Ал ата-анасынан тартып алып, құлдыққа сатып жіберілген балалардың жылаған үні әлі құлағымда жаңғырып тұр. Қазіргі VR көзілдіктер ешқандай жауыздықтың бейнесін бұл кітаптағыдай шынайы көрсете алмайтын шығар.  Сабыр деген не?  Сахаба Омар «Сабыр – басыңа келген қайғыға ештеңе жасамай, бұратылып жату емес. Сабыр - сол қайғыны жеңу үшін тоқтаусыз күресу» деген екен. Тура осы идея «Том көкенің лашығы» кітабында айтылады. Мысалы, басты кейіпкерлер Том көке және Элиза мен оның ұлын қожайыны сатпақшы болады. Том тағдырға мойынсұнып, өзін залым адамға сатайын деп жатса да тырп етпейді, ал Элиза өзін және ұлын құтқару үшін мұзды суға секіріп, қараңғыда адасып, аяғына тікен кірсе де азаттыққа жету үшін жүгіреді және түбінде еркіндік алады.  Қазақтың жиіркешті мақалы Бізде «бала – белде, қатын -жолда» деген жиіркенішті мақал бар. Яғни, әйел мен балаларыңды асырай алмасаң, тастап кете бер. Өмірің болса әлі талай үйленіп, талай баланы дүниеге алып келесің деген месседжді айтады. Тура осы мақалды америкалық құл иеленуші плантаторлар бір құлдың әйелі мен баласын басқа біреуге сатып жібергенде оны жұбату үшін «Балаң – беліңде, қатын әлі саған табылады. Уайымдама» деп жұбататын болған. Осы мақалмен өзінің әлсіздігін ақтап алғысы келетін еркектер Құдайдың қаһарына ұшыраған құл иеленушілерден айырмашылығы жоқ екенін түсіну керек.  Кітаптағы алтын сөздер «Тағдыр бізге көп нәрсені екі рет ұсынуы мүмкін, бірақ ана бір рет ғана беріледі және сенде басқа шеше болмайды» дейтін жері бар. Алыстағы Мамамды сағынып жүрген мен үшін мына сөз басыма мұздай су боп төгілгендей әсер етті.  «Менің бетіме лақтырған әділеттіліктің тасын бағалы гәуһар тас деуге болады. Көзделген жерге дәл тигені сонша, оның не екенін бірден аңғара алмадым» «Өлім бізді өмірдің дәл ортасында қуып жетеді» «Кішкентай сәбиден артық нағыз демократ болмайды» Еркіндік деген не?  Кітап эпилог ретінде азаттық деген сөзге анықтама бере келіп, кітапты былай аяқтайды: Егер бұл елде бір адам еркін болмаса, оның құқығы тапталса, біз қалай бүкіл ұлтты азат деп атай аламыз?  10/10  Барша кітап сүйер қауымға рекомендеймін.

Ребрендиң қалай? Дөп па? 😁

Астанадағы аяз жайлы хабар аз. Жазса да тек оңтүстіктегілер жазып жатыр. Ал, Астанадағылар кейін, ерігеннен соң жаза жатар деп ойлаймын.

Жетісайда мектеп директоры - еден жуушы мен мұғалімді сотқа беріп, жеңіліп қапты. Кәне, қайсысың едіңдер? Әй, Хаммурапи, шырағым, мына прокурордың қолына су құй

Туған өңірлеріңдегі ең жаман көретін және ең мақтанатын нәрселер? Оңтүстік Қазақстан: Сауатсыз әсіреконсерватизм 👎 Мұрат Әбділданың шыққан өңірі 👍

#кенеттен Кенеттен 4 сынып кезімде мектепке бармай қойып, Зарипа апайыма айтқаны сылтауымның абсурдтығы есіме түсіп кетті. Көршім ба, кластасым ба апайға нағашымның үйіне қыдырып кетіп қалғанымды жеткізіп қойса керек (пидараз), әңгіменің шарты осы ақиқатты айналып өтпеуден басталды: Апай: Неге сабаққа келмедің? Мен: Ауырып қалдым Апай: Соқ өтірікті. Толқын сені Сарыағашта қыдырып жүр деді ғой (қап, бәлем, білгем сен екеніңді өсекші) Мен: Негізі біз моншаға барғанбыз Апай: иә, сосын Мен: Сосын мен ауырып қалдым да, нағашыларымыздың үйіне бара салдық Апай: (өтірік екенін біліп қойып) Баняға барып ауырып қалдың ба? Мен: (өтірігім тупикке кіріп кеткенін біліп) иә... сосын... Апай: Бопты, отыр ..... Кей түндері көзім енді ұйқыға жұмылып бара жатқанда осы кринж еске түседі де, бет-аузыма қан жүгіріп, қан жүгіргеннес', қызарып, ұйқы - наққа кете барады...

Repost from N/a
Патшалар алқабында және Ханшайымдар алқабында қабірлерді салған құрылысшылар мен қолөнершілерге арналған 3200 жылдық жұмыс уа
Патшалар алқабында және Ханшайымдар алқабында қабірлерді салған құрылысшылар мен қолөнершілерге арналған 3200 жылдық жұмыс уақыт табелi. Бұрын Мысыр ауылы болған Дейр-эль-Мединадан табылған: оның қирандылары Луксорға қарама-қарсы Ніл өзенінің батыс жағалауында орналасқан. Жұмысқа келмеу себептерінің арасында: «ағамды бальзамдадым», «шаян шаққан» және «сыра қайнаттым». Оны Британ мұражайында көруге болады.