данышпан қарға
Ir al canal en Telegram
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Қандай балмұздақты, тортты, тамақты, жемісті ұнатасың?
Бананды, қуырылған картопты 100% ұнатам деп айта алам. Тәтті нәрселерді ас көрмейм, көңіл-күйге және қалтаның тереңдігіне байланысты спонтанно сатып алып жей салам, кез-келген мезетте.
Өзіңді принципшілмін дей аласың ба?
Пікірлерің мен жазғандарыңа қараса, жұртқа ұнау жағы да қылаң беріп, бейімделгіштік менмұндалап тұратын сияқты.
Ох, неткен кемеңгерлік, Альбус! Дәл солай! Бұ 454 жазылманға жағымпазданып, популист болмасам бұларды қалай ұстап отырмақпын?
Қандай сұрақтар алғанды жақсы көресің?
Бірнәрсе сыйлайын ба деген сияқты ұсыныс аралас сұрақтарды
Сәлем, 21 ұбт, 120+ алмасам папамның абыройы түсіп кетеді екен.
Манипуляция ғой жай. Мән берме. Папаңның әлжуаз абыройы бұдан да жаман күндерден өткеніне кепілдік бере алам
"отбасы деген екі адамның бір-біріне қызмет етуі"дегенмен келісесің бе?
Өз басым (және аяғым да бұл пікірді құптайтын сияқты) отбасы болу - институтционал, комплексті жоба деп есептеймін. Оның ішінде қызмет ету де, қанын сүлікше сору да, бір-бірін шектеу һәм ұрыс-керіс те бар. Демек-ки бұған біржақты, екіжақты, тіпті үшжақты да баға беруге болмайды. Үйлен, сосын көре жатарсың
тамақты харам,халал деп таңдап жейсің бе?
интутитив дәрежеде шектелем, иә. шошқа/есек етінен жиренем, олар маған ештеңе істеп қоймаса да бұрыннан қалыптасқан рефлекс пе дейм
жалпы қарыз алу,беру дегенге қалай қарайсың?ең жақын досыңа,бауырыңа беріп керек емес дейді
Бауырыма берген ақшаны қарыз деп санамаймын. Тиісінше, алған ақшаны да. Бірақ олардан қарыз алмаймын.
Барынша қарыз бермеуге тырысам. Бірден жоқ дей алмайм, анау-мынауды айтып сылтауратқым кеп тұрады. Себебін өздерің де түсінесіңдер ғой енді
сен ұнататын спектакль,балет бар ма?театрға жиі барасың ба?
Театрға жиі бармайм. Тіпті де сирек.
Балеттен мүлде жұрдаймын, жалпы балетсіз өмірім жаман емес.
Спектакльді қойған режиссерге көп нәрсе байланысты. Осыған дейін Евгений Онегинді, Құлагерді қойған талай режиссер болды, солардың бәрі де бірдей болған жоқ қой. Атабаевтың қойылымдарына баға бере алмасам да, ұнайды деп айта алам.
Шештің бе нақты,
Қалмады ма сұрақтар,
Айнал өткен шаққа
Есік ана жақта
ішім пысты, тағы да
https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607
Асқар БАЗАРБАЙ:
Көптілділіктен қорықпау керек. Керісінше, қазақтардың ғылыми тілі ағылшынша болса да қалыптасады. Уақыт өте келе, ол да ішінде біршама ағылшынша қоспасы бар қазақи мақамға ие болады. Бастысы бала қазақша өссе, қазақша сөйлесе болды. Бәрібір, қиналған тұста қазақшаны араластырады. Осылайша, өз диалекті қалыптасады. Таза тіл деген миф.
Тіл жасау бекер тірлік екенін тарих дәлелдеді. Орыс ғылыми тілін дамытқан жоқ, французша, немісше атауларды қолданып, алдымен ғылымын дамытты. Ғылым дамығанда ғана алғаш бір нәрсе ашқан, жаңа құбылысты тапқан ғалымдар пайда болды. Содан кейін ғана орысша атаулар пайда болып, орыс ғылыми тілі түзілді. Ағылшындарда да солай. Алдымен французша сөйледі. Сосын өздері өзгеріс енгізетін халге жеткенде ағылшынша сөздер пайда болды. Ғылымды тілге тәуелді қылса, екеуінде де сорлайтынымыз анық.
Үнтаспа деген сөзді қазаққа сіңірем деп жүргенде, адамзат DVD қолданды, оны аударамыз деп жүргенде, жұрт флешка қолданып жүр. Бұл көнеден келе жатқан табиғи процесс. Қазақ тіліне парсы, араб тілдерінен сіңген сөздерді қараңыз, діни терминнің бәрі арабша, тек діни емес, қазақыланған махаббат, инабат, адалдық, әділдік, рақым, кінә, тәржімәлау сияқты қарабайыр абстрактілі ұғымдар да араб тілінде. Қалам, кітапқа дейін арабша. Қай тіл болмасын, сол тілде сөйлейтіндердің ғылыми не технологиялық жетістіктері арқылы ғана тарайды. Жапондар да қаншама технологияны ағылшын сөздерімен қоса батыстан сіңірген. Түрік те сол, панталон, телевизион деп жүр французша. Тіл деңгейін лингвисттердің жоспары құтқарады деген бос әңгіме.
А тілі Б тілін жұтып, аман қалуы мүмкін емес. Ол жерде міндетті түрде Ә тілі пайда болады. Екеуінен де байырақ, екеуінен де икемдірек.
Repost from данышпан қарға
Достық, әдетте, әдемі басталады.
Әдемі аяқталғаны некен-саяқ. Аяқталмағандары есеп емес.
Бірақ аяқталуы туралы айтайық. Оның көбiн құртатын әлгі романдардағыдай бір қызға ғашықтық, жоғары лауазым , ақша, қанды кек, үнді фильмiндегiдей бiреуi қылмыстық ортаны, бiреуi полиция мамандығын таңдауы, арқадан пышақ салған опасыздық, идеялық қарсыластық, конкуренция не көреалмаушылық емес.
Достықты өлтіретін – ішінен үнсiз мүжи беретiн енжарлық пен немқұрайдылық. Ести алмаушылық. Тіпті тыңдай алмаушылық. Төзімсіздік. Санасу мен өзіңді аяушылық. Достықты оны басыбайлы мүлкің немесе 24/7 тек саған ғана мүлтіксіз атқарылуы тиіс қызмет ретінде қарауың мен рухани жалқаулығың өлтіреді.
Достықты адам тауып алмайды, оны адамға деген қарапайым жылы қарым қатынастан мәпелеп өсiредi.
Не айтсам екен деп көп ойланасың ба әлде неге солай деп қойдым деп па?
