данышпан қарға
Ir al canal en Telegram
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Антагонист образ жасау - қиын нәрсе. Біз бәріміз топас, орысқұл, парақор және ұрыларды айтқанда, көз алдымызға тап шайтанның өзі келмесе де, соған жақындау бір жөнсіз тіршілік иесі келед.
Ал сондай нашар қасиеттері бар адамды өмірде көргенде әрі ол сенің жақының болса не сезінесің?
Бірінші жағдай. Бір ағам ауылда мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Бір жолы екеуміз сөйлесіп жатып, бір оқиғаны айтып берді: ауылдағы бір кісі - негізі мемлекет тегін жасап беруге тиіс нәрсе үшін ағама ақшасын беріпті. Ол кісі оны білмесе керек. «Бұл - несібе» деді ол. Күнә екенін, әрине, өзі де жақсы біледі. Бірақ балдарына оқуға керек-жарағын алуға жақындаған кез болатын.
Екінші жағдай. Тағы танысым. Бірақ, виртуал өмірден. Өзімен көп сөйлесіп тұрам, қарыз сұрап тұрады, балалы-шағалы, жанұясын бағып жүрген жайы бар. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшасын нұрботтарға пайдалануға береді. Өзі де отырады, әрине. Онсыз қалай? Алайда, Ақорданың жалдамалы копирайтерлері жазған мәтіннің күнәсі да баршылық, енді. Агрессив, тіпті, жала жабу элементтері де бар сияқты көрінед. Дегенмен төлейтін суммалары да аз емес, пәтшағарлардың. Ал көкемде - семья, оларды бағу керек.
Үшінші жағдай. 1 курста құқық негіздері бойынша сабақ берген ұстаз болды. Білімді, интелигент һәм мәдениетті-ақ. Бірақ бір жолы ол кісі 1986 жылғы желтоқсанды басу кезінде алаңда болғанын, сол кезде лейтенант болғанын айтты. Атып-ұрып қудаламаған деп топшыладым енді, дегенмен билікті және советтердің режимін қорғаған адам, қанша дегенмен. Осы күнге дейін сол полицайлар дегенде бір құбыжықты елестететінмін әйтеуір.
Үкімім жоқ әзірше. Басым жетпей тұр. Бірақ әйтеуір біртүрлі сезім.
Атабаевтың TedX talks'тағы homo intellectus туралы спичін тыңдап көріңдер, қолдарың босағанда. Соған алып-қосарым жоқ менің де.
(с) Facebook, Nurmukhamed Baigarayev
Егер байқасаңыздар, жаңа мамандықтар экономиканы алға сүйрейтін (ақша табатын) секторлар төңірегінде пайда болып жатыр.
Тауарды сатуға лайық текст жаза алатын SMM-маман, тауарды жарнама жасайтын таргетолог, тауарға жақсы видео түсіретін мобилограф, нейросеть маманы, байер (buyer). Енді Қытайда ванхундар шықты. Тикток, басқа стримдерде тікелей эфирде тауар сататын блогерлер.
2022 жылы Қытайда ванхун экономикасы 15 млрд долларды құрады. Яғни, блогерлер осынша қаражатқа тең тауарды сатып жатыр. Енді ванхундарды арнайы орталықтарда лек-легімен дайындайды. 4 жыл оқытпайтыны анық. Қысқа курстар.
Былтыр Остин Ли деген атақты ванхун 12 сағат стримде отырып, 1,7 млрд доллардың тауарын тікелей эфирде сатып жіберіпті. Бұл дегенің бірнеше алып компанияның бірнеше жылдық табысы ғой ))
Қысқасы, мамандық нарыққа бейімделу керек. Бірақ жаңа мамандықтар гуманитария саласында пайда болып жатқан жоқ. Ол өзім сияқты гуманитарларға қиын соғады, әсіресе келесі ұрпаққа ))
Енді балаңыз журналистика, тарих, мәдениеттану, филология, шығыстану, лингвистика сияқты салаларды оқимын десе, бірнеше рет ойланасыздар-ау.
Еңбек нарығы өзгерді. Мамандық жан сүйетін, жан қалайтын емес, табыс табатын құрал болуы негізгі талапқа айналып барады.
Ертең ашам. Енді атау табу керек. Ойыма тек Munara деген атау келді, бірақ тым банальный сияқты 🙂
Сауатты журналистиканы, мұқият әрі ақылды зерттеулерді, талдаулдарды көрген сайын бізде де сондай бір БАҚ болса ғой деп армандай бастайсың. Ол медианың саясатын өзің белгілесең тіпті күшті емес пе?
Соңғы 1 жылдан бері "миллиардер болсаң не істейсің?" деген сұраққа жауабым "ықпалды бір масс медиа қалыптастыратын ем" болып жүр. Күшті емес пе, инфлюенсер болу, жалпы адамдардың санасына әсер ете алу?
Кеше-бүгін ойлап жүрген тағы бір нәрсем - осыны қарапайым телеграм арна ашып бастасам ба екен деп жүрм. Әйтеуір ешкімнің алдында міндетті емессің, күшті жұмыс. Сөйтіп, сол
кездесіп жүрген қыз бен жігіттің бір-бірінсіз түнгі клубта сауық құруы сен үшін норм ба?
Өз басым қарсы болар ем. Бірақ олардың бір-біріне сенім дәрежесі солай болса - ок жағдай. Мені түк те ойландырмайды. Біреуге ереже сызып беретін хәлде емеспін))
қарым-қатынаста болып я сен я сүйіктің басқаға ғашық боп қалсаңдар не істер едің?қымбат адамдарыңды оңай жібере аласың ба?
Оңай жібере алмайм әрине. Бірақ бұл қарғыс атқыр роман біткесін, бір түрік сценаристін тауып "жаңа сериалға менде бір жақсы сюжет бар" деп айтар ем, қққ
шайды ортаға қойып біраз тақырыпта әңгімеңізді тыңдап отыруға деген желание'м>>>>>>
шайды ортаға не үшін қойып қоямыз, жай тұра бере ма?
Өзіңді патриот санайсың ба?
Жоқ, беті аулақ. Фашизм не, патриотизм не? Екеуі бір көр
салон,кафе,емхана,банк жалпы кез-келген жерде саған көрсеткен қызметі көңіліңнен шықпаса претензияңды бірден айта аласың ба әлде жұтып қоясың ба?
негізі менің талаптарым минимум, сол үшін онша претензиям бола бермейді. бола қалған жағдайда - шағым кітапшасы
есірткі тұтынып көрдің бе н/се ойың болды ма?
жоқ, есірткісі нес, жұрт бір бухалкаға ақша таппай жүрсе
Өмірдегі устанымндарыңыз?
«Ни один предмет не стоит того, чтобы его желать» © Будда
Армандарыңыз толық орындалды ма?
Кейбірі иә, кейбірі жоқ. Налымайм. Құдайға шүкір. Өзі де адам миына, жалпы, еш жеріне кіріп шықпайтын нәрселерді армандаған кездерім болғандықтан, бәріне ризамын, бәрі де өз бабымен, тфәй-тфәй-тфәй
