данышпан қарға
Ir al canal en Telegram
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
2015-16 жылдары радикал топтар (талибан, боко харам, әл-қаида) күшейіп, Таяу Шығыста 2-3 мемлекеттің жерін жаулап алған еді. Бүкіләлемдік халифат құрамыз дегенде бұтым дірілдейтін.
Қазір үлкен елдер өзара соғысуды бастап еді, олар да жердің бір жеріне құрыды әнәсс... Буазахахах
Республика күнімен. Осы күнді тыныш, шын тәуелсіздік күні ретінде тойлайтын кезге жеткізсін
Әлемді әне-міне экологиялық дағдарыс жайлайын деп тұр. Қайтадан халықтардың ұлы көші басталса қай жаққа қарай көшкен дұрыс? 😁
Кандидаттарды тіркеуді ашық деп жариялайм.
Сондай-ақ, Қосанов, Зайытов, Қайрат Боранбаев сияқты адамдарға да бір-бір ағза мүшелерін атасаңыздар екен.
Мұрат Әбділдаға - елжүрегі деген атақ берсек қалай?
Дедуктивті ойлау жүйесіне салсақ, елбасы деген атақ бар жерде елкөті, елаяғы деген де атақ болуы керек. Әлхәмшүкір, елбасыдан кенде емеспіз. Ал ана атақтарды кімге берсек екен?
Ит егесін танымайтын орта ғасырларда алғашқы саяси-әлеуметтік құбылыстардың түбін қопарып көрген адамдардың бірі де бірегейі деп Томас Гоббс ақамды айта алам. Ол кісінің басты тезисі "адам - адамға қасқыр" болатын. Яғни-ки, адамдардың бәрі - кез-келген сәтте бір-бірін өлтіруге дайын жабайы жаратылыс иесі, ендеше өзі сияқты бөтен тіршілік иесінен де өлердей қорқады. Бір күні олар "мәңгілік қорқып өмір сүргенше, бүйткен өмірі құрсын" деп, өздеріндегі барлық күш көрсету құқын жинап, Левиафанға (яғни легитимді күш қолдана алатын жалғыз центрге, біздіңше - билік институттарына) беру керек деп шешті. Тек мемлекеттің (Левиафанның) ғана күш қолдануға рұқсаты бар, демек ол адамдар арасындағы бейбіт өмірді қамтамасыз етудегі бірден-бір кепіл болып саналды. Гоббс Левиафанның екінші жүзі болмайды деген, яғни жоғарғы күш иесі өз күшін тек әділдікті қамтамасыз етуге жұмсайды, көлеңкелі іске қол ұрмайды деп есептеген (ох, чекистерді көрмей кеткені қандай өкінішті).
Левиафан әділдікті қамтамасыз етуден бас тартқанда яки қолынан келмегенде, "адам - адамға қасқыр" тәмсілі қайта іске түсіп, хаос басталады да, ешкім ешкімге сенбейтін, ендеше өздерін ғана күшейтуге негізделген аса сақ, агрессив режимге өтеді. Мұны саясаттану тілінде "Гоббс қақпаны" дейді. Яғни "мемлекет - мемлекетке қасқыр" түсінігімен, бәрі жаппай қарулануды бастайды. Бұл түсініктің бір жаманы - "сен шаппасаң сені шабады" философиясын өз ішіне алып жатуы. Демек-ки, жиналған күш әйтеуір бір жаққа бағытталмай тынбайды.
..Қазақстан соңғы жылдары әскери әлеуетін күшейтіп жатқанын авторитаризм белгісі ме деп едім, а жоқ, бүкіл әлем қару-жарағын асынуды бастапты. Ендігісін адамзат пешенесінен көреді енді, өздері ғой тіленіп алған.
"Сендер өздеріңді олжа сияқты ұстайтын болсаңдар, олар жыртқыш сияқты әрекет етуді бастайды", - (с) қияр Рик атай, "Екінші маусым, 9 эпизод: Қиямет түні"
"Мешітке уағыз тыңдау үшін келсем имам мен туралы айтып отыр екен" - (с)
Кез-келген сүйкімсіз жерден өзіңді көріп қалудан ұсқынсыз сезім жоқ. Ішіп келген көкелер әрбәлені оттап, ең көлеңкелі ойларының бәрін бастан-аяқ айтып шығатын кезде солардан өзімді көріп қалатынмын. "О шешесс мынау менің ең қап-қараңғы жерде жатқан ойларым ғой" дейтінмін.
Бүгін емтихандарда көшіру - болашақ парақорлық инкубаторы деген тезиспен таныстым. Ғалымдар даттап жатқан арғы оңбаған, жалқау, кертартпалардың жағынан өзімді көріп қалдым.
Бәрінен де конфликтке келіп қалған адаммен ұрсыпы, ұрыстың ең жоғарғы фазасына шыққан кезде - оның көзінен/әрекетінен өзіңді танып қоюың аянышты. Сорлы боп қаласың кәдімгідей.
Ендеше, зұлымдық - әрқашан біздің ішімізде.
Қазақша әндердің, тіпті таза қазақша роликтердің астындағы орысша коменттерді көргенде Мұрат ақамның "о-ооой мына шешеңнің..." деген тезисі өте рас екеніне көзім жетеді
Жұбайларыңмен отау құрғаннан 1-2 жыл өткеннен кейін әңгімеміз таусылып қалмай ма деп қорқасыңдар ма?
Бүгіннен бастап Украинаға да, Филистенге де қолдау білдіруді қоям. Ну и хуй с ними. Өлмесе өмірем қапсын, екі туып бір қалғандарым емес.
Клубтар ойыннан тиылған бұл аптада, футболдың орнына - футбол туралы хәмсе.
Алғаш футбол фанаты болып бастаған кездердегі ойыншыларға арнап үнсіздік жариялайм. Касильяс, Пуйол, Алонсо, Ләмперд, Иньесталар қандай еді. Ох, Реал мен Барсаның 2:2 ойнағаны, екі голды - Месси, екі голды - Роналду соққан кездері-ай. Өмірі Роналдуды ұнатпайтын ем, енді қарасам соның голға деген ашкөздігінен әр үшінші ойында 5:0 есебімен жеңеді екенбіз ғой. Қазіргі жастар бұзылған. Әсіресе бразиялықтардан қайыр аз болып тұр.
Енді, міне әлгі аңыздардың бірі - жасына жетпей шал болып алса екіншісі кәстрөлдер лигасына ойнауға кетті. Үшіншісі обамен күресіп жүр.
Не деймін енді, әдеттегідей ық-ық деймін де, ебітабайымайд...((
