es
Feedback

¡No caigas en manos de tramposos! Telemetrio encuentra y marca estos canales 👉 Si quieres ver la etiqueta, suscríbete 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

Ir al canal en Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Mostrar más
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Ал не, ал, не?))

Әлі де стереотиптер бар, дегенмен, Тиктоктың және ондағы трендтердің пайда болуы – адам топастығының АҚШ пен Қазақстанда, Кения мен Польшада да бірдей екенін көрсетті.

#эпизодтар Өзімнен 4 жас үлкен ағам Барселона фанаты болатын, ал 2 жас кіші інім – Челси фанаты. Әр эль-класикода інім екеуміз Реалға жанкүйер боламыз, тым құрығанда, Барсаның мәз болмағанын қалаймыз. Тиісінше, мен оның Челсиын АПЛ'да қолдап тұрам. Матч алдында ағам: – Барса бүгін айырад, Месси 2-3 гол салады, – деп қытығымызға тиетін – Барселона жеңбесе мұрныңды кесіп бересің бе?, – дейміз біз сонда, тап бір соның мұрынына қажетсінетіндей-ақ. – Жоқ, мұрнымды кесіп бермейм, мұрын боғымды берем, ахахах, – деп жыртылып күлетін ол сонда... ... Бүгін сол эль-класикодан да қиямет ойын күтіп тұр, бізді. Мен Реалдың жеңісі үшін мұрнымды да, тіпті мұрын боғымды да бермейм. Жеңілсе, бастан-аяқ бір боқтап шығам да, қайтадан жанкүйерлік танытуымды жалғастыра берем. Десе де, жеңгені дұрыс қой енді)) Hala Madrid y Nada mas!

Дөрекі. Цинично. Аса жауыз. Бірақ танымдық. Оқып шығыңдар 🙂 https://nedit.kz/97.html
Дөрекі. Цинично. Аса жауыз. Бірақ танымдық. Оқып шығыңдар 🙂 https://nedit.kz/97.html

Дөрекі. Цинично. Аса жауыз. Бірақ танымдық. Оқып шығыңдар 🙂 https://nedit.kz/97.html

Қазақ ренессансы өкілдері болмыс пен руханият туралы дискуссия үстінде:
Қазақ ренессансы өкілдері болмыс пен руханият туралы дискуссия үстінде:

Жай антиутопия, әрине. Бірақ антиутопияның бәрі де өмірде ешқашан болмайды деп айта алмайм. Сосын мені адамдардың "2+2" деген мысалдан қағына беретіні қызықтырады))

Repost from N/a
2+2=22 жоқ, қате 4 дерсіз. Миссис Wells осылай дегені үшін радикал болып кетті. Бұл Алтерьнативті математика қысқаметражды фильмінің сюжеті. Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры деп Бейімбет Майлин айтпақшы, фильмдегі конфликт бастауыш класстарға математикадан беретін Wells пен оқушы Danny арасында басталады. Қарапайым тестте қате жауап бергенін мойындағысы келмеген Danny үшін келесі күні оның ата-анасы келеді. Бірақ диалог мұғалім Wells үшін сәтсіз аяқталады. Онысы аздай Danny'дің анасы шапалақпен салып қалады. Оқиға мектеп директорына жетеді. Ақыр соңында мектеп кеңесі оның радикалды көзқарасын басу үшін уақытша жұмыстан шеттеді. Ол ештеңе емес, кешкісін теледидар алдында отырса математикадан шыққан дауды барлық арналарда талқылап жатты. Осындай абсурд жағдайда оны мектептен шығармақ болды. Себеп кәрі қақпас матем апайдың, балалардың еркін ойлау қабілетін шектеу. (Хули демократия ғо) Бірақ осы кезде директор оңбай сүрінді. Өткен ай үшін $2000 және осы айдағы $2000 айлығын қосып $4000 қылып бермек болғанда, Wells мұғалім қате деп айқайлап жіберді. P. S. Мораль қайда? Оны өздеріңіз түйіп аларсыздар Қысқаметражды фильмге сілтеме

Тоқаевтың референдум туралы ұсынысын парламент қабылдамай жіберсе. "Жоқ, бізге осы Конституция да жетеді", – деп Президентке қарсы келген бір депутат шыға келсе қандай болар ед, ә?! Ей тарих, қазаққа да бір қызық көрсетсейші арасында! Екіге бөлініп деген сияқты, қарсылар залдан шығып кетіп деген сияқты, төбелестің де нышаны болса, әххәхәхәхәхәхәәә...

Жақсы дыбыстама – жан азығы

#эпсилон #МәнерлепҚиялдау Көптен сөйлескің кеп жүрген танысың жекеңе "Сәлем, қалайсың?", – деп; сосын "күшті-күшті мемдер болса, жіберші" десе... Бүкіл өміріңді дәл осы сәтке дайындалумен өткізгендей күй кешіп, бақыттан басың айналар еді, сонда. Украинадағы соғыс, ығыр болған жұмысың, жақындап қалған сессия, тіпті, ұнатып жүрген ғашығың да есіңнен бір сәтке шығып, галереяңды іздеп кетет ең.

Таңда:
Anonymous voting

#эпсилон #камю Қыздарда жақсы әсер қалдыру үшін: - Оны құрметтеу - Қорғаныш болу - Қамқор болу - Сыйластық таныту Еркектерде
#эпсилон #камю Қыздарда жақсы әсер қалдыру үшін: - Оны құрметтеу - Қорғаныш болу - Қамқор болу - Сыйластық таныту Еркектерде жақсы әсер қалдыру үшін: - Сәлем беру ....... Қыздардың иммунитетіне басым жетпей қалады кейде. Соншама комплименттер мен сыйластықтың ортасында қалай өмір сүріп жүргенін бұлардың. Дәл осы сәтте бір аңқау жігіт әйтеуір бір қыздың өзіне қарап күлгені үшін я дайректте жауап қатқаны үшін бақыттан басы айналып, жетінші аспанда ұшып жүр. Байғұстың миына "ол қыз сенен басқа таныстарымен де дәл солай жылы шырай сөйлеседі" деген ой кіріп те шықпайды. Әйтеуір, тәтті бірнәрсеге сенгісі келген де. Гештальт-психолог болғанда "махаббат жетіспеушілігі" деп диагноз қояр ма еді? Сірә, солай болар. Ал сендер экзестенциалистерді өмір – мән-мағынасы жоқ, абсурд дегені үшін қаралайсыңдар ((

Қазақтар үшін Олжас Сүлейменов әуелде жексұрын болды, сосын кенет азаматқа айналды; кейін тағы жексұрын болды да, сосын қайта
Қазақтар үшін Олжас Сүлейменов әуелде жексұрын болды, сосын кенет азаматқа айналды; кейін тағы жексұрын болды да, сосын қайтадан азаматқа айналды; сосын қайта жексұрын болды да, сосын тағы да азамат десті. Қызығы, мақтаған кезде де бір кітабын оқымастан мақтады; даттаған кезде де бір кітабын оқымастан даттады. "Ұлы адамдар, олар сондай: біреудің жынына тиеді, біреуді қуантады, әйтеуір ешкімді бей-жай қалдырмайды".

Я знаю, почему вы отписываетесь от меня. Это потому что я черный? ((

Қадір түнінде тілейтін дұғалар: 1. Қазақ тілінің ауқымы кеңейіп, Қазақстанда нөмірі бірінші әрі жалғыз тіл болуы. 2. Зұлымдық Империясының құлап, оның құрамындағы бауырлас/бауырлас емес елдердің тәуелсіздігін алуы. 3. Қазақстанда саяси реформалардың жүруі. (Тіпті, Құдайдың сүйген құлы екеніңе сенімді болсаң, Парламенттік Республиканы да бір ауыз сұрап көрсең болады 😁) 4. Әйелдер мен балалар құқының (сондай-ақ, азшылық топ өкілдері) құқының дұрыс қорғалуы. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азаюын. 5. Коррупция мен өзге де алаяқтықтардың азаюын. 6. Азаматтық қоғамға әрнәрсеге алданбайтын есі дұрыс сыни пайым тілеу. 7. Ғылым-білімнің пропагандасын тілеу. Бұлардың бәрі жеке бас проблемаларыңнан соң, әрине. Ең бастысы, бұлардың ешқайсысын агрессиямен тілеуге болмайды. Осылардың хоть біреуін тілемесеңдер, араласпай-ақ қояйық, кәнкіретні))) P.S. Қадір түні құтты болсын. Ниеттерің қабыл болсын 💝

#эпсилон #тәжірибе Ең алғашқы Қадір түнінде не тілегенім әлі есімде. Бір кісінің өлмеуін тілегем. Бірақ, қырсыққанда, Құдай о
#эпсилон #тәжірибе Ең алғашқы Қадір түнінде не тілегенім әлі есімде. Бір кісінің өлмеуін тілегем. Бірақ, қырсыққанда, Құдай оны сол Рамазанда-ақ әкетіп қалды. Содан бері өлім мен өмір туралы дұға тілемеймін (шамамен суреттегідей). Өмірлік тәжірибе туралы не білейін деп едіңдер сендер?

Жақсы бір мемге сұранып тұрған сияқты ма, қалай өзі?
Жақсы бір мемге сұранып тұрған сияқты ма, қалай өзі?

Айтуға қысыламын сенім кереееек, Батылы жетпей қалған сорлы жүреееек

#АнықталмағандықтарПринципі Телегония деген концепция бар, мысалы. Бұл негізі ғылыми биология жоққа шығарған идея. Қысқаша: әйел адамның ең бірінші жыныстық партнері – оның барлық балаларының әкесі болып саналады деген тұжырым. Тіпті, әйел адамда кейін де басқа жыныстық партнерлер болса да, ол еркектен туған бала "рухани тұрғыдан" ананың бірінші серігіне тиесілі болып саналады. Жалпы алғанда, пәктік туралы концепция. Астролог-шаман-бақсылардың иісі шығады, иә? Әйтсе де, идеяның пайда болуы қызық: фермерлер ауыр жұмысқа жарамды асыл тұқымды жылқы алу үшін зебра мен жылқыны шағыстырады. Бірақ жасанды ұрықтандыру нәтиже бермей, ғалымдар бұл тәжірибе туралы ұмытып кетед. Тек бірнеше жылдардан кейін барып қана аналық жылқыдан дүниеге ала-қоңыр құлындар туа бастайды. Сол кезде барып, телегония туралы түсінік бас көтере бастады. Осы туралы мәліметтерді іздеп көріп едім, әр жерде әртүрлі көзқарастар айтылад екен. Қазақ уикипедиясы ата-баба тәрбиесі туралы мораль оқып кетсе, про-феминити бағыттағы порталдар "бәрі хуйня" дегендей қылады. Ғылыми сайттар бұның ешқайсы біріне кепілдік бере алмаймыз дейді. Әдеттегідей. Осылай отырып, Гейзенбергтің анықталмағандық қатынастарына философиялық мән беруден басқа амалым жоқ: сен не нәрсеге сенгің келсе, сол ақиқат. А так абсолютті ақиқатты іздеп арамтер болғаның – далбаса. Постскриптум: ал менің неге бұл тақырыпты идея етіп алуымның себебі қызық болса, ол оңай: сендерді азғыру деп па әхәхәхәхә