данышпан қарға
Ir al canal en Telegram
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Repost from N/a
#rebirth #oygroup
Ілгеріректе, ВК желісінде бірнеше адамның админдығымен дәл осындай атаудағы ортақ паблик болатын. Әркім өз шаруасын, өмірінің құсығы мен шыжығын жазып, оқиғаларын жырлап жататын.
Бір кезде бәрінің бұл дүниядан зайбалы шықты да, бәрін әлгі мекен-жайға жібердік.
Енді соны шақырып алып, OY Group'ты қайта тірілтуге шешім қабылдадық. Динозавр амиголар әлі де тірі болса, біздің принциптеріміз бұрыңғыдай: кез-келген тақырыпты, кез-келген ракурстан талқылаймыз. Срачтармен жан бағамыз 🥰
Алғысөзіміз де өзгермеген:
"Түйткілдер хақында аз мінәжәт, көп пікір, ортақ диалог, салиқалы ой, сарказм атаулы және бар..."
Repost from N/a
Уақытты артқа айналдырса ғой шіркін. Өкінетін ешнәрсе жоқ, жәй сол сәттің қызықтарын тағы сезінгім келеді...
*сүйек мүжу, алғаш рет ұрғашы Лайкаға қырындау, дорама көрген иемнен қашу
#эпизодтар #льяфеминита
(хард-әдебиет жинағынан адаптацияланды)
Абай Берікұлы жылдың аяғын жақсы көретін. Енді ше: осы күні жұрт онша қызықпайтын дзюдоға сұраныс жылдың аяғында көбейеді. Жаз бойы пельменді қайнатып жан сақтап жүрсе, жылдың соңында ұйымдастырылатын толассыз жарыстардан біраз қор жинап алады. Жеңілсе де алады, жеңсе — тіпті жақсы.
...Бір уақытта телефоны шыр етті.
— Абай сіз бе?
— Мен.
— Республикалық «Ге...»…
— Дзюдо ма? Қанша?
— Тек қатысқаның үшін — 150 мың.
— Қайда бару керек?..
— Жекпе-жек сарайы..
… Арена сайлы екен. Кешегі Құбылай ханның құрметіне күресте тасы үсіп кете жаздаған. Мынау болса, тіпті Олимпиада өткізуге болатын жер дерсің.
— Саламатсыздар ма, ханымдар мен мырзалар! «Гендерлік саясат: ертеңі мен арғыкүнгісі» атты республикалық форумның спорттық бөліміне қош келіпсіздер!
«Гендерлік деген не?» деп сұрады Абай әлдекімнен. «Саясаттың бір түрі ғой» деді әлдекім білгірдің кейпімен. «Аааа...» деді Абай.
— Сонымен алғашқы жұп: Абай Берікұлы мен Назерке Элизео, ду қол шапалақ!
"Әйел ме не? Әйелі несі? Әйел???" деп жан-жағына алақтай берді Абай. Сүйткенше қолпаштаушы, дәлірегі — мәжбүрлеуші топтың итермелеуімен самаладай жарық аренаның қақ ортасынан бір-ақ шықты. Алдында шашын төбесіне байлап жинап алып тұрған біреудің сұлбасын бажайлап та үлгірмей жатып, рефери ауаны шорт кесті де, әйел шыңғырып тұрып беліне жабысты дейсің!
— Мен… Мен негізі… Ұят қой еркек басыммен әйелмен күрескен… Әйелдер бөлек күреспеуші ме еді...-дей берді ол әйел жамбас тұсынан қапсыра құшақтап, әуелетіп көтеріп жатқанда.
— Төстен қапсырсам мысалы… ренжімей ме, ренжімейсіңдер ме? — дей берді ол, әлгінің пәрменімен әуелей құлап келе жатқанына әлі сенбей.
Тағы бірдеңе дей бергенде, былғары кілемге етбетінен сұлқ етті. Жұлын тұсынан бірдеңе қырқ етті, сірә жұлынның өзі шығар. Шығар емес — жұлынның нақ өзі, тек: «он тоғыз тоқсан үш!» деп айқайлауға үлгерді…
… «Он тоғыз тоқсан үш деп нені айттым екен?» деді ол барзақтың тыныштау бір бұрышына жайғасып. «Ой білә, Каспидың пин-коды екен ғой әнәсс...»
Қызбен жүріп бастасам, барлық қыздан отписка жасаймын. Поху екен маған под каблук шалқамнан жатам
#эпсилон #оскаргаста
- Өлмейсің.
- Өліп қалсам ше?
- Өлсең, бір-ақ рет өлесің ғой.
"Мені бала кезімде папам кувалдымен сабаған, камаз қаққан, мұғалімдер азаптаған - өлген жоқпын."
Ебанатик боп қалдым аздап, а так ничо - живой. Қазақтардың/бәлкім орыстардың да/ мәселе шешуге көзқарасының басты сипаты осы. Балалық шақта кеткен өшімізді қоршаған ортамыздан алатындаймыз.
Адамша өмір сүру, таза, қауіпсіз, үздік сапалы, суперыңғайлы, заманға сай, бәріне қолжетімді сүйкімді бірдеңеге талпыну, әлденені жетілдіре түсуге дым ынтамыз жоқ па бірдеңе 🙂
темпераментіңіз қандай?
Солардың атауы мен характеристикасын жаттай алмай-ақ қойдым. Білмейм, өзімді ешқайсысына жатқыза алмайм
шатастырып тұрсыз.брачный контракт некеге тұрған екі адамның(ортақ балаларының да)отбасылық ж/е жеке мүлікке құқықтарын бекітед,ажырасқан кезде мүлікті мейлінше әділ тең бөлу үшін🙂
қалай қарайсың дегеннес? сол үшін шығар байдың қызын іздеп жүргенім?
"брачный контрактқа"қалай қарайсыз?
Азаматтық некеге? Өзімнің жоспарымда ондай нәрсе жоқ. Қалғандары - өз өмірін өзі сүрсін )
Дегенерат деген қалай? Эмпат деген ше?
Дегенерат деген - ойлау жүйесі құлдырауға кеткен адам.
Эмпат - басқа біреудің сезімдерін өзі сияқты сезініп қуана/қинала алатын адам.
Өзіңді бір кейде, ііііі, далбайоппын деп есемтемейсің бе?
Кейде емес, әрқашан солай есептегем
ЧБД,Прожаркадағы шектен шыққан әзіл жайында не айтасыз?
Прожарканың да түр-түрі бар ғо. Ал ЧБД-да о бастан-ақ дегенераттар еді ғой.
