es
Feedback

¡No caigas en manos de tramposos! Telemetrio encuentra y marca estos canales 👉 Si quieres ver la etiqueta, suscríbete

данышпан қарға

данышпан қарға

Ir al canal en Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Mostrar más
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Ал енді мына жиырмасынша ғасырдан бері біздер не көрмедік? Үш рет революция болды, екі рет ашаршылық болды, екі рет дүниежүзілік соғыс болды. Қай уақытта біз тоқшылық көрдік? Жігіттер, білесіңдер ма? 1990-шы жыл мен 2019 жылдардың арасында Қазақстанды кім басқарды? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз басқарды. Сол уақытта бүйірлерің шығып, қарындарың тойды. Киімдерің бүтінделді. Сондықтан, мінекей, біздің әруақты адамымыз осы!

Үһілеме.

Иә, достар, бұл Эдуардо демекші, мүбәрак жүзімді осында қоюды шештім 🙂

i (1).webp0.32 KB

Какие цитаты из песен Қайрата Нұртаса сформировали вас как личность?

Сталин о дүниеге аттанып кеткен соң, одақ құрамындағы түрмелердің көпшілігінде көтерілістер толқыны болып өткен. Сол көтерілістердің бірі – Кеңгірдегі бүлік. Көтерілістердің ішіндегі ең ауқымдысы емес, бірақ ең есте қалғаны. 40 күн бойы бөлек «республика» боп өмір сүрген деседі. Осы 40 күнде олар ең бірінші болып не құрған деп ойлайсыздар? Әрине, карцер. Көтеріліске қосылмағандарға арналған түрме. Қамау мен қамалуға арналған режим бұл.

#ХардӘдебиет Жарпахан Тұяқбай. "Лійсій" Імрән Гугенхайм онсыз да ашуланып келе жатқанда, қатындардың дамбал-ночнушкаларын сататын қатар бітіп болмады. Неге екені белгісіз, ол тіпті әйелдердің де киімін "пидырский киімдер!" деп жақтырмайтын. Оңға бұрылғанда - ілмешектегі әйелдер халатының етегіне оратылып; солға бұрылғанда - шеңберге керілген әйелдердің дамбалдарын мұрнымен сүзіп өтіп жүріп, әрең дегенде аяқ киім сататын қатарға жетті. - Э, каспиің бар ма сенің өзі? - деп жекірді сатушыға, келбетінен бөтен жұртты шырамытып. "Болиоруң каспи, келиоруң бірдеңе" деп жеді ана сатушы. - Лібә, каспиің бар ма деймін, зайып алллл?!!! - деп тістенді Імрән, сатушының міңгірін түсінбей. - Іни, іни каспи! - деп, сарттардың өзі "сарт!" деп жолатпайтын түсініксіз ұлт өкілі, вагон маңдайшасындағы "Каспийголд 8777514... ҒАЙНУТДИН С." деген парақшаны көрсетті. - Онда лібә, былай, - деді Імрән тіпті ашуланып, - маған ше, маған - шипиі жердің шешесінің аңына кіріп кететін бәтеңке көрсетші! Байғұс саудагер вагонның түбіне беттей беріп еді, Імрән жағасынан алып: - Жердің шешесінің аңына кіріп кететін болсын шипиі, түсіндің бе! - деп бақырды. Саудагер вагон түбінен төрт пар бәтеңке алып шықты. Імрәнге бірінің табанын көрсетіп, "жахса бәтің, екі сандиметр шип" дей беріп еді, Імрән тағы жағасынан алды. - Лібәд, сен түсінбедің нақ!!! Екі сантиметр не болад? Айтып тұрмын ғой, шипиі жердің мына жағынан кіріп... мына жағынан кіріп... ар жағында не бар дәл осы жерден тесіп шықса? - Шамамен, Аргентиннің Вилла Флорентино деген шағын кентінен шығамыз - деді зәресі жоқ сатушы. - А... Солай ма? Оны қайдан білесің? - деді Імрән жұмсарып. - Кишлакта геграф меаллем болдым - деді сатушы. - Солай ма... - деді мұндай жауап күтпеген Імрән, ашуы біржола қайтып, - ренжіме... Анау... жолы болмаған інішек бар еді, жұмысқа тығып едім. Тайып жығылып, клиенттің телевизорын қиратып тастапты. Келе сала үш жүз мыңға қораға кіріп... Жұмысына керек киімді де ала алмайды бейшара. Өзім жүрем бәріне... Сол... Бұл кезде саудагер тістері қолтырауынның тісіндей, бедері де қолтырауынның таңдайындай бірнеше етік пен бәтеңкені тізіп қойған болатын. - Мына зилстотридцатыйды берші, тайып көрсін сосын! - деді Імрән көңілденіп. Іздегені тап осы еді. Етік алған Імрән әлгі, қатындардың киімдері қатарынан сонша жиіркенішпен өтіп, базар қақпасына әрең шықты. Інісінің қорлығы есіне түсіп, тағы түтей бастады. Етіктерді артқы орынға атып ұрып, машинасына отырып еді, көкжөтел "Жигулиі" оталып болмай, қанын ішті. Әрең дегенде оталған қаңылтыры тағы сөніп қалар деп газды жаншып-жаншып отырып, мезетте көше қиылысына жетіп қалғанын байқамай қалыпты. Тек, бағдаршамның қызылы сондай бір, арай сияқты әдемі алқызыл түспен жанғаны есінде. Бақилық болардан бұрын бір сәт есін жиып еді. Екі полицейдің әңгімесін естіді. - Тормозной путь - жетпіс метр, ни хрена себе! - деді біріншісі. - Шинәсі да лійсій екен, зимнийге ауыстырмапты, - деді екіншісі... P.S. Әрине, бұның авторы да Сатекең. Қаймағы бұзылмаған қара юморды кім жазады одан басқа?) Екі күн алдын оқыған кезімде бөлісу ойда жоқ еді, бірақ бүгінгі көктайғақты көрген соң, "ой, ёптігідік, Сатыбалды бәрібір гений екенсің" деп мойындағанша, осында салуға асықтым 🙂

photo content

#ҒибраттыМемдер Егер сіз стейк қуыру түрлерін білетін болмасаңыз, инсайд: мұнда барлық стейктің қуыру түрлері көрсетілген, әдетте олардың атауы аударылмайды. (Орташа, Сирек, Орташа жақсы деген сияқты...). Ең соңғысы – Well done – ең күшті пісірілген түрі. Бірақ, мұнда оның орнына «Ата-анамыз бізге айтпайтын бірнәрсе» деп жазылған. Әрине, мем өз балаларын дұрыс мақтай алмайтын, қолдау білдіре алмайтын ата-аналар туралы. Күлем деп ойлаған мемге енді қайғыра бастадым :(

Repost from ArshatGo
Епті байымайд, бақты байид... Тамаша айтылған сөз. Осы нақылды досым үйреткен кезде тек дыбысталуына күліп едік. Ал негізінде терең мағыналы. Әр нәрседе сәттілік, фарт болмаса болмайды. Еп, талант әрдайым ақша әкелмейді

Reels'ты енгізгеннен соң Инстаграмды тәрк ететін уақыттың келгенін түсіндім. ТикТокты өмір-бақи байкот жасап өттім. Инстаграм да сондай шексіз лента енгізгенде, зомбиланбай тұрып, ес жинап ертерек шығып үлгергеніме ризамын. Мендей деградациядан қашқан текті қазақтың жазбасын оқып отқандарыңа сондай қуаныштымын. Осы арнаны инстаграмда қанша уақыт жарнамаладым, тіркеліңдерші деп үгіттедім. Келгендер – нәйс, жақсы көрем сендерді ❤️. Келмегендер өзінен көрсін. Осынша ғибратты әңгімелерден құр қалып, Құдайдың жазасына ұшырады...

Лесби мен гейлерді – тумысынан сондай, жаратылысқа қарсы шығуға болмайды деп түсіндіреді. Ал, ЛГБТ'ның соңындағы екі әріп – трансгендерлік пен бисексуализм ше? Бұл принциптерге сыя ма? Просто, қызық