es
Feedback

¡No caigas en manos de tramposos! Telemetrio encuentra y marca estos canales 👉 Si quieres ver la etiqueta, suscríbete 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

Ir al canal en Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Mostrar más
669
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
-930 días
Archivo de publicaciones
Жігітке бірінші болып жазу или суда тұншығып өлу?
Anonymous voting

#эпизодтар #13палата Әлия (псевдонимі: жөйіттің қызы). Өлімі алдынан жазған соңғы посты: «Достар, үйде отырып деградацияға ұшырамау үшін не ұсынасыңдар? "Бір болайық" көріп бастадым, уже». upd. Қазір ғана лабораториялық тексеру нәтижелері келді. Былай дейді: Причина смерти – нервный срыв, острая, временная фаза конкретного расстройства, которое проявляется в первую очередь с признаками депрессии и невроза. Доктор: Абу Вайнштайн. Подпись. 13.04.2021. 22:53

#эпизодтар #ITтіңБаласы «Темір-терсек, телепон шұқылағанға осы жақын» деп, телевизор аларда әулеттің бәрі кеңесетін баладан: - Қандай телефон алған жақсы? - деп сұрағанда, ол: - Қымбатын алған жақсы ғой - деп қысқа қайырды; сөйтіп, көкесін көптен мазалаған мәселе осылай тәмам болды.

Келе ғой, мына валидолдан алып жібер де, көрпе жамылып жата қал. Бір ұйықтап тұрсаң жақсы болып қаласың. Қой, таста, қайғыра берме, өмір сенен басқаны сынамай жүр дейсің бе, бұл сәтсіздіктің де бақыт екенін түсінерсің әлі, – дегім-ақ келіп еді, бірақ қазір оның көз алдынан Рюдигердің өз айып алаңында қалай құлап қалып, шешуші голды өткізіп жіберген сәті кетпей тұрып алды ((

#эпизодтар #БірЖартыЖырлайды ...Осыдан дәл 61 жыл бұрын. 12 сәуір, 1961 жыл. Өзбекстан. Ферғана алқабы. Өзбектің кішкентай баласы егін алқабы бойын жүгіріп өтіп атасына келді: - Боба, боба, оруслар космосга учип кетті! - Хаммаси ми? - Йоқ... бір одам кетти - Ээээх, йоппашумат (((

Негізі ультрасолшылдар мен ультраоңшылдардың қоғамда бар болғанында тұрған ештеңе жоқ. Тоқалды заңдастыруға күш салатын топтар барда, еркектерді биліктен тайдырғысы келетін фемшіл топтардың я болмаса халифат құрғысы келетін секторы бар қоғамның келесі бетінде қып-қызыл атеистік идеялардың өмір сүруге құқы бар. Тек мөлшерімен де демейм. Оларға норманы белгілеп беретін мен емеспін әрі ешкім де алапат күштерге норма белгілеп бере алмайды. Маған десе бір-бірінің бастарын шауып алып, найзасының басына іліп қойсын. Тек, ақылды адамның міндетіне бұлардың біреуіне болысып, оның толықтай билікке келуіне көмектесу емес, сауатты түрде балансты ұстау кіретінін айтқым келеді. Өте салқынқандылықпен, тіпті саясаткер сияқты екіжүзді де бола білу артықтық етпейді, бұндай жағдайда. Ал радикал күштердің жақтасы болу фанатиктердің тірлігі, олар сенсіз де аз емес. Жалпы, әдетте бұндай топтардың бір-бірінен айырмасы да шамалы болады, қай-қайсысы келсе де әлемнің астын үстіне төңкереді. Радикал/агрессив күштер жайдан-жай пайда болмайды ғой, енді. Әулие Роуз айтқандай, ұзақ уақыт бойғы гипноздан оянғанда я болмаса уже хуже некуда болғанда. Қазақстандағы белсенді күштерді айтам: радикал фемшілдер, исламистер, тәңіршілдер мен атеистер. Бұлардың бәрі де тарихтан оңбай таяқ жегені жеген болып келгендер. Қазір реванш алғысы келеді, әйтеуір. Бірақ реваншизм жақсы нәрсе еместігін большевиктер билікке келген тұстағы "қызыл террор" көрсетіп берді. Негізі, көбі осы оқиғаларды коммунистердің хайуандығына балайды. Бірақ мәселе тек бұл емес. Сан жылдар бойы қалыптасқан кедейлердің байларға деген жеккөрініші ақыр соңында бай тұқымының тұзын түгелдей құртты. Ол кезде кім салиқалы бай болатын ал қайсысы пидараз ед деп сұраған ешкім болмаса керек. Әгәрәки, Буча я Харьковтағы қан-қасапты көрген, я соғыстың хайуани табиғатынан қаны бұзылған украин жауынгері Ресей аумағына басып кірсе, орыс ауылдарында да дәл украиндерде болғандай геноцид элементтері байқалса таң қалмайм. Себебі адамзаттың бәрі де бірдей хайуан. Украиндер де, қазақтар да одан кенде емес. Реваншизмнің көзін жою керек деп айта алмайм. Ол мүмкін де емес. Бірақ, естияр адам оны тұрақты түрде тұншықтырып тұруды әдетке айналдырса игі болар ед, сол.

#эпизодтар #ҚорқыныштыТүс Тал түсте аспан қақ айырылып, әлдебір тылсым аспаннан үн қатып: – Я адамзат, жаныңды қинаған құпияның бәрін айтып беремін! - десе. Кілең, «Кеннедиді өлтірген Ли Харви Освальд па?», «Жатпланеталықтар бар ма?», «Ақырзаман қашан орнайды?» деп анталаған адамдардың арасын бұзып-жарып «Қайрат Нюшаны нетті ма?», – деген бір қаззақтың даусы міндетті түрде шығар еді. Көк аспан қайта айырылып, әлгі тылсымымыз қайта зытып бара жатқанын үнсіз ғана бақылап тұрар едік, сонда...

#эпизодтар #ҚазақшаМәзір Клаус. Коля. Барон. Кешкі сағат тоғыздар шамасында түсі суық үш жігіт көптен бергі тірлігі біткенін тойлаймыз деп кафеге кірді. Тапал бойлы даяшы жігіт бұларды көре сала "Здравствуйте" деп амандасып, күйбектеп жатыр. Барон даяшыны елемегендей туалетке қарай жүріп кетті. Клаус та даяшыны елегісі келмегендей еді, "Если хотите, у нас есть отдельные комнаты" дегенін естіп қалды да, "Давай, сол жерге" деп жауап берді. Екеуі келіп жайғаса салысымен, артынша Барон да әжетханадан келді де, отырмаған күйі: Клаус, бауыр, мен қазір Встреча жаққа барып келейін, мына тұрған жер ғой. Қазір 15 минутта болам. Келген соң ақшаны бөлісу жайын жайғастырамыз деді де, – шығып кетті. Есікті жауып кете бергені сол еді, оның артынан әлгі тапал бойлы даяшы қолында мәзірмен келіп: Вот, у нас меню. Что вы желаете?, – деді де күтіп тұра қалды. Клаус мәзірді әрі-бері ақтарып көрді де, бауырым, маған қазақшасын алып келші, – деді, артынша. Коля оны орысшаға переоттады да, даяшы мәзірлерді жинап алып шығып кетті. Сәлден соң даяшы қайта кіріп келді: – Извините, у нас нету меню на казахском, вы можете заказать на русском? – Әкең аус... дей беріп еді, Коляның "ну, ладно" дегенін естіп Клаус та ештеңе демеді. Маған Плов пен ташкентский чай деді сосын. – Хорошо, ясно. Сейчас, в течении 30-40 минут ваш заказ будет готов – деп даяшы лыпылдап шығып кетті. Клаус пен Коля арадан 15 минут өткенше екеуі әрненің басын бір шалып әңгімелесіп отырды. Клаус өзінің менттерді қалай соттатып жібергенін айтып берді, сосын. Сағатына қарап, "Мынау ебтібайымайд Барон, кешікті ғой", – деп зығырданы қайнай бастады, ақырында. Дәл осы сәтте Коляның телефоны дз-дз ете қалды. Анау хабарламаны оқыды да, түрі өзгеріп кетті – Қой, жарайды, ағасы, мен тұрайын. Баронмен ақша туралы өздеріңіз келісіп аларсыздар, – дей беріп еді, Клаус: – Ол кім? Не боп қалды?, – деп мазасыздана қалды – Жай, әйелім ғой. Уайымдап жатыр – А-а-аа, үйленгем де? Ештеңе етпейді, қатын заты өзі сондай уайымшыл келед. Біраз күте тұрад. Палауды жемей тұрмаймыз. Осы сәтте ананың телефоны екінші мәрте дызылдап қоя берді. Оны оқып Коля одан әрі байыз таппай кетті – Аға, мен енді тұрайын, – деп енді көтеріле беріп ед, Клаус қолынан шап беріп ұстап қайта отырғызды – Бұл не қылғаныңыз? – деп ышқынып, қайтадан тұруға талпынған Коляны бұл жолы ол тырп еткізбей ұстады да, беліне қыстырған тапаншасын шекесіне басты: – Тыңда мені, щегол... – И-и-иә, ағ-а-аа, – деді тілі зорға икемге келген Коля – Мен Баронды 23 жылдан бері білем. Ол ешқашан ақшаны кешіктірген емес. Хабарлама жазған әйелің емес қой, иә? Әкел бері, телефонды, – деп смартфонын қолынан жұлып алып, уатсаптан келген хабарламаларды оқи бастады: "Байрон: Ақшаны жайғадым. Шыға берсең болады. 15 минутта шықпасаң, өзіміз барамыз. Күт". – 15 минут... Так, сонда менің 8 минутым қалды ма? Кәлимәні білесің бе?! – Л-лілл-... деп үлгермей жатып, Коляның жаны о дүниеге жол жүріп кетті. Жас мүрдені әрі итеріп тастады да, Клаус кабинадан асықпай шығып, кафенің артқы есігіне аяңдай басты. Тұтқаны ұстай бере кілт тоқтады да, артқа қайтты. Келген ізімен кері жүріп барды да, кафенің администраторлар бөлмесіне қайта беттеді. – Сукамалдар, қазақша мәзір дедім ғой, мен сендерге!, – деген Клаустың дауысы "тарс-тарс-тарс" еткен тапаншаның дүркін-дүркін дыбысына ұласты...

#камиңаут #ИтМінез Әлгі, Z ұрпағын онша жақтыра бермеймін. Қазіргі мектеп бітірушілер түгілі, тіпті, бастауыш сыныптағыларды қарасам, IQ'ы жағынан мені де он орап алуға шамасы жететін, түрлі гаджеттер мен интернет-революцияның нығметтеріне белшесінен батқан монстрлар әйтеуір. Түрлері де сүйкімді, әп-әдемі боп туа салған ебтібайымадтардың. Ішім тар адаммын ғой, қызғанышпен қарайм, қысқасы. Мүмкіндік болса, тіпті, мектептеріне мұғалім боп кіріп, өмірлерін ойран етуге кет әрі емеспін. Қанша жерден қызғанып, сұмдық жеккөрініш бойымды билегенімен, олардың әдемі болу себебі, тіпті, заманның ағымынан да емес, біз сияқты свет жоқта жяман-жяман ғып жасай салған балдар емес, шынайы махаббатпен дүниеге келген ұрпақ болғандықтан екенін түсінем, бірақ.

#эпизодтар #ТүсЖору Түсімде Аушвицтегі концлагерьде жүр екем. Қолына фашистік свастикасы бар бау тағып алған әскерлер бір топ адамды қол-аяғын кісендеп, ұрып-соғып алып бара жатыр екен. Schnell! Schnell!, – деп айқайлайды, анда-санда – Малғұндар!, – деппін мен нацистерге. Тағы бір-екі жұлқынып жағасынан алмақшы да болам – Кенеттен Рейхтің бір әскері маған бұрылып: Брат, бұлар аудио жазбайтын адамға созбалақтап аудиожазба жіберетін адамдар еді, – демесі бар ма Сол сәтте Гитлер свастикасын қолына байлаған әскерлер көзіме сондай жылы көрініп, жадырап сала беріппін. Тіпті тұтқындардың біреуінің көтінен бір теуіп те қалдым ғой дейм...

Azdap süykimdilik 🥰
Azdap süykimdilik 🥰

Мейлі ғой, Ресейді жек көруге болады. Тіпті қазіргі жағдайда русофоб болу да жайыз. Бірақ орыс тілін білмейтінін, жалпы бірнәрсені білмейтінін мақтан тұтудың артында топастық тұрғанына еш күмәнданбайм. Бұлай болмайды.

Ботоферманың бар екендігін дәлелдеген мына бір қызық кейсті бөлісейін. TJ порталы әлдебір мысық туралы мемді талқылап жатқанд
Ботоферманың бар екендігін дәлелдеген мына бір қызық кейсті бөлісейін. TJ порталы әлдебір мысық туралы мемді талқылап жатқанда, бір юзер үш кілт сөзді жазу арқылы өз гипотезасын тексеруге шешім қабылдайд: санкциялар, нацизм, Украина. И вуаля, боттар дереу жетіп келіп, "шынайы пікірталастар" тудыруға кірісіп кетед. Бұл, әрине, өте күлкілі. Тіпті боттарды нормально бағдарлай алмайд. КСРО 2.0 туралы армандайтыны ещё

#лямбда Ата-анам жүйкесі жұқарғанда "ана жұрттың баласын қара, сен болсаң әлі жүрсің" деп ашуын шығарып алуға арналған айқайлау объектісі болу үшін ғана өмір сүріп жүрм. А так, мен Кафкамын, мынау өмір мен үшін боқ. Өзің жайша өмір сүріп жүрсің бе?

- қала ұйықтайды, мафия оянады, - деді жұргізуші. Қос мафия бір-біріне қарап көзің қысты. - мафия таңдауын жасады. Қала оянады, - деді үйреншікті сценариймен. Қалалықтар мафияны іздей бастады. Біреулер Нұрсұлтан деді. Біреулері Мұқтар деді. Негізі екеуі де мафия еді. Бірақ тәжірибенің аты тәжірибе. Мафия ойынының шеберлері білдірмей ғана кінәні Мамайға арта салды. Қалалықтар Мамайды өлтіріп алса, оның рөлі инспектор екен. Мамай картасын тастап Заманбек, Алтынбек, Әміржан отырған бөлмеге шығып кете берді. - қала ұйықтайды, мафия оянады... P. S. Бұл кісілердің есімдері жай сәйкестік. Оқиға №9 мектептің еңбек кабинетінде, 11 сынып оқушыларының орындауымен сомдалды. Тағы да карта арқылы хикметтерді танығысы келетіндер мында өтсін 😉

Оралдағы әуежайға Мәншүк Мәметованың есімін бергенін естіген боларсыңдар. Ал мына цитата сол әуежайдың ішіндегі жазу. Өлсе де
Оралдағы әуежайға Мәншүк Мәметованың есімін бергенін естіген боларсыңдар. Ал мына цитата сол әуежайдың ішіндегі жазу. Өлсе де жұртқа міндетсініп өлед, бұл қаззақтар ((

#эпсилон #кереңойлар Неге өмір мұнша әділетсіз? Махаббатта мән бар ма осы?, – деген сұрақтар жаныма маза бермей, ақ қайыңға кеп сұрадым. Аяқ астынан қайың сөйлеп кетсе, шатырым жүріп кететінін де түсініп тұрм, бірақ

#кенеттен Кенеттен жаңадан қосылған жазылмандардың барлығы біртіндеп арнадан шығып, сол баяғы оншақты адаммен қалғаным көз алдыма елестеп кетті ((

ВК'ның дүркіреп тұрған шағында жап-жақсы қазақша контент бар ед. Әрбір посты ностальгия. Соның біреуін ұсынайын. Авторы чех пәлсапашысы Ян Каменский. — Сен әдетте ертегілердің барлығы қалай аяқталатынын білесің бе? — Әрине. Барлық xаншайымдар ең соңында айдаһарлармен бірге қамалда қалады. Сосын олар бақытты және ұзақ өмір сүреді. Өте ұзақ. Дені сау және үлкен айдаһар қаншалықты ұзақ өмір сүре алатынын білесің ғой. — Неге айдаһарлармен? Ұзақ күткен xанзада не болмақ сонда? — Ханзадалар ма? Ханзадалар үнемі кешігіп жүреді емес пе? Түсінесің бе, xаншайым өз xанзадасын күтіп жүрген кезінде бос уақытының бәрін айдаһардың жанында өткізеді және оған ақырындап ғашық бола бастайды. Оқиғаның басында ол жәй ғана айдаһармен іші пыспас үшін әңгімелесе бастайды, ойлашы, қаңыраған қап-қараңғы түнек билеген сарайда ол басқа кіммен әңгіме айтады? Сосын айдаһарға деген қызығушылығы арта түседі. Айдаһарлар – әрдайым керемет сырлас бола алады. Олар xаншайым екеуі сырлас дос болып алады. Бір күн дос болады, екі күн дос болады. Сайып келгенде, xаншайым өз айдаһарынсыз өмір сүре алмайтындай дәрежеге жетіп, оған өлердей ғашық болады. — Және осы сәтте, қателеспесем, көптен күткен xанзада пайда болады ма? — Иә, бірақ, сен түсініп отырғандай, тым кеш. — Ал сен ше? Сенің xанзадаң ше? — Ээ, мен бе? Ал мен өз айдаһарыма ғашық болып үлгердім емес пе? — О... ал xанзадаға не дейміз сонда? — Білмеймін, үйде ешкім жоқ деп есікті ашпай қойсақ та болады ғой...

#эпсилон #ентелігент Қайбір жылы бір танысым ағылшын үйренуін сұмдық үдетіп жіберді. Энтузиазм ғой. Сол кезде листениңді дамыту үшін әртүрлі ағылшын тілді скетч-шоулар мен ситкомдардың жатыпкөрер фанаты болды. Фанаты дегенде қалай енді, әрбір екі сөзінің соңында екі езуі екі құлағында асулы тұратын. Анау әзілдер қазақ тілінде болса, өлсе де олай күлмес ед. Бұл – өз білгеніңе мәз болу. Айтылған әзілдің өткірлігінен гөрі, өзінің ағылшынша түсінгенін, соны миы қабылдағанына рахаттанад, оны жарияға жар салса, тіпті оргазмы тереңдей түседі. ...Негізі, өмірде ең итазап нәрсе – өз әзіліңді біреуге түсіндіру. Ол әзілің сарказм я қара юмор болса, ақырзаманның орнағаны. Сондықтан әзілдеу де нәзік іс. Көбіне IQ'ды әзілдеу қабілетімен түсіндіретіндері де осыдан болар. "Аққулар көлі" спектакльін қандай жағдайда ТВ'дан беретінін аздап өткен заманмен қызығатындар түсінеді. Сол туралы әзілдерді де былай қабылдайды да, күледі. Жалпы, интеллигент адамның әзілдеуі де, әзілге күлуі де бір ғанибет: олар тек жай әзіл айтпайды, ақпаратпен бөліседі, білімдерін тексереді, бірақ оларды жымитатын ең басты себеп: әзілді түсіну және білімге тәнті болу.