cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
54 519
Suscriptores
-5224 horas
-2397 días
-1 37530 días
Archivo de publicaciones
Синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі - Ерлан Қарин Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында Есірткіге қарсы күрес туралы заңға қатысты пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде есірткі заттарын өндірген адамдардың жазасын барынша күшейтіп, мұндай әрекетті аса ауыр қылмыстарға теңестіруді ұсынды. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттар әзірлеген заң жобасын мақұлдады. Заң жобасына сәйкес есірткі өндіруді және оны өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,-деді Мемлекеттік кеңесші.
Сондай-ақ Ерлан Қаринның айтуынша, синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі. Бұл қадам астыртын есірткі зертханаларын анықтауға және олардың жолын кесуге мүмкіндік береді. Үкімет былтыр нашақорлықпен күресу және елімізде есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту үшін Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске қатысты кешенді жоспар бекіткен болатын. Мәжілісте қаралған заң жобасы осы бағыттағы жұмысты жандандыруға жол ашады.
Mostrar todo...
👍 7 5🤝 3
02:31
Video unavailableShow in Telegram
Елімізде есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Бүгін Парламент Мәжілісінде есірткіге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат бірінші оқылымда қаралды. Осы заң жобасы аясында есірткі бизнесіне қарсы күрестің бірнеше тетігіне түзету енгізілмекші. Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр. Бірақ есепке ілінбегендердің саны 200 мыңға жуық. Депуттаттар осылай деп отыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес күрделі әрі күрмеулі іске айналды. Құрамы бір болғанымен атауы мың құбылған зиянды зат көбейіп барады. Өкініштісі есірткі таратушылар түрлі айлаға салып, жас буынның тағдырын талқандап жатыр.
Mostrar todo...
😭 5👍 3 1
Енді банктер азаматтардың несие жүктемесіне қарамай авто кредит беруі мүмкін Бұл жобаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынып отыр. Құжат ашық Үкімет порталына талқылауға шығарылды. Онда 15 мамырға дейін пікір қалдыруға болады. Бұл талап 1 сәуір мен 31 желтоқсанды қоса алғандағы кепілмен жаңа көлік құралын сатып алу мақсатында берілген несиелерге қолданылмайды. Бұл мәселеде сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі автонесиені оңды-солды үлестіру бейберекетсіздікке әкелуі мүмкін дейді. Себебі қазірдің өзінде банк алдындағы берешегін 90 күннен асырып алған 1,2 миллион қазақстандық бар.
Mostrar todo...
👎 9🤔 5👍 3 3 1
02:53
Video unavailableShow in Telegram
Жамбыл облысында оқушы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды Оқушы өлімі 30 сәуір күні таңғы сағат 10:00-дер шамасында болған. Ата-аналардың айтуынша, 9-шы сыныптың оқушылары 8 оқитын ұлдарды даладағы дәретханаға кіргізіп, ұрған. Оған дейін мектеп директоры «ұлыңыздың жүрегі тоқтап қалды» деген. Марқұм болған бала мектептегі әлімжеттік жайлы әкесіне, ал әкесі директорға былтырдан бері ескерткен.
Mostrar todo...
😭 18😢 11👍 5 1
01:01
Video unavailableShow in Telegram
Кентаулық қыз баланың жинақ құтысы Құлсары қаласының мұражайында сақталады Кентаулық Гаухар Шаймерден есімді кішкентай қыз өзінің смартфон алам деп жинаған ақшасын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына берген едң. Гаухардың сәлемдемесін ризашылықпен қабылдаған тұрғындар, оның жіберген ақшасын жұмсамай, жергілікті мұражайда сақтап қоятын болды. 📌Бұл кішкентай қазақстандықтардың игі істерінің символы болмақ.
Mostrar todo...
😍 25👍 19 8🔥 3🎉 2🙏 2🥰 1
01:17
Video unavailableShow in Telegram
Батыс Қазақстандағы Подстёпный ауылында су ұңғымасы жиырма күннен бері суда тұр Қазір «Жарқын» шағын ауданындағы 120 отбасына тіршілік нәрі тасымалданып жатыр. Орталық су құбырына сәуірдің ортасында қарғын су жайылған. Шағын аудан тұрғындары содан бері таза сусыз отыр. Жергілікті әкімдік күнара төрт тонна болатын екі бөшкені суға толтырады.
Mostrar todo...
😭 6👍 3😱 3 1🔥 1
❗️Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі ай мерзімге қамауға алынды Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты оны «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Әзірге өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Mostrar todo...
😨 7👍 6😭 3 1
01:45
Video unavailableShow in Telegram
💬 Су тасқынының алдын алмағаны үшін ешбір лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған - депутат
«Биылғы су тасқыны Қазақстан тәуелсіздік алғалы оныншы ірі су тасқынына жатады. Осы кезге дейін су тасқынының алдын алмағаны немесе салғырттық танытып, жол бергені үшін ешбір жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылмаған. Бұл жерде мен жергілікті атқарушы органның, яғни әкімдердің жауапкершілігі туралы айтып отырмын. Өйткені өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған, яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген, ол Үкімет емес, әкімдіктер. Ал келтірілген шығындарды өтеу салмағы әркез мемлекет мойнына артылады», - деді депутат Абзал Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.
💬WhatsApp 📹TikTok 📹Instagram
Mostrar todo...
👍 19 3😭 3 1🫡 1
00:36
Video unavailableShow in Telegram
🌧Біріккен Араб Әмірліктерінде нөсер жауын құйды Осыған байланысты елдің әр аумағында мектептер мен университеттер онлайн оқуға көшкен. Қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеу ұсынылды. Дубай халықаралық әуежайында ондаған ұшақ рейсі кейінге шегерілді. Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, қолайсыз ауа райы жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша, климаттың өзгеруінен Парсы шығанағының кейбір бөліктерінде ылғалдылық жоғарылап, су тасқыны жиілеуі ықтимал. @qazaqstantv
Mostrar todo...
👍 6😢 3😱 2🙏 1🥴 1
Photo unavailableShow in Telegram
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев айға қамалды «Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп хабарлады Бас прокуратура. @qazaqstantv
Mostrar todo...
👍 17
00:23
Video unavailableShow in Telegram
🔹УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы жартылай финалдық ойынында «Марсель» өз алаңында «Аталанта» командасын қабылдайды 🖥️ Велодром стадионынан тікелей трансляцияны 23:50-де «Qazaqstan» ұлттық арнасынан тамашалаңыз. 📌 Сүйікті командаңызға бізбен бірге жанкүйер болыңыз!
Mostrar todo...
👍 5👏 3
Photo unavailableShow in Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды.
Mostrar todo...
👎 13🥴 5🤝 1
01:49
Video unavailableShow in Telegram
💬 Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы әділетті есептелуі қажет - Нартай Аралбайұлы Мәжіліс депутатының айтуынша, БҚО-да Деркөл, Шаған және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 14 839 саяжай учаскесін су басқан.
«Саяжай дегенің қазақ үшін демалыс күндерін өткізетін емес, тұрақты тұратын орынға айналғалы қашан. Соның өтемақысына қатысты түсініспестік әлі тоқтамай тұр. Су астында қалған баспана мен саяжайларды бағалауы тиіс комиссия жұмысын бірізге келтіру керек. Сол үшін әр аймақтағы комиссияның әр үй бойынша қорытындысы, негіздемесі, фото-видео дәлелдемелері нақты бір жерге жинақталуы тиіс. Баспанасы қираған саяжай иелерінің өтемақысы әділетті бағалануы қажет», - дейді депутат.
✈️ @qazaqstantv
Mostrar todo...
🤝 12👍 3🔥 3 1
00:41
Video unavailableShow in Telegram
🎬 «Сезім толқыны» телехикаясының екінші маусымы Әзірбайжан телеарнасының эфирінде «Qazaqstan» арнасы түсірген «Сезім толқыны» сариалының алғашқы маусымы биыл сәуір айында «Mәdәniyyәt TV» арнасынан әзірбайжан тілінде көрсетілген еді. «Sevgi sahili» атауымен эфирге шыққан отандық туынды көрерменнің үлкен қызығушылығына ие болды. Телеарна 1 маусымнан бастап сериалдың екінші маусымын да әзірбайжан тіліндегі дубляжбен өз аудиториясына ұсынуда. 📌 «Сезім толқыны» телехикаясы «K Research Central Asia» зерттеу компаниясының дерегінше, еліміз бойынша 2023 жылдың ТОП-10 үздік сериалының қатарына енген болатын. Екінші маусымның түсірілім жұмыстары Ақтау және Баку қалаларында өтті.
Mostrar todo...
2
00:22
Video unavailableShow in Telegram
🚑Атырауда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан Фельдшерді соққыға жыққан 20 жастағы күдікті ұсталды. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің өкілдері растады. Оқиға 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің мас екені анықталған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. @qazaqstantv
Mostrar todo...
😱 7👍 5😭 4🤬 2🤨 1
00:44
Video unavailableShow in Telegram
Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары аяқталуға жақын Жоспарланған 250 шақырым бөгеттің 245-і салынып бітті. Қалған учаскелерде жұмыстарды уақытында бітіру үшін еріктілер мен жауапты мамандар және әскерилер бел жазбай еңбек етіп жатыр. Су деңгейі тәулік сайын көтеріліп келеді.
«Сондықтан белбеуді босатуға әлі ерте», - дейді жауапты мекеме өкілдері.
Mostrar todo...
3🔥 3🙏 1
00:31
Video unavailableShow in Telegram
Жамбыл облысындағы мектеп оқушысының өлімі: Істің мән-жайы анықталып жатыр Оқиға Құмжота ауылында болған. Даладағы әжетханада 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын баланы ұрып-соққан. Салдарынан оқушы қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады. 📌 Толығырақ сағат 20:00-де «Ақпарат» жаңалықтар топтамасында.
Mostrar todo...
🤯 8👍 7😢 5🙏 2🔥 1🥴 1
00:30
Video unavailableShow in Telegram
Қытайда жол опырылып, 36 адам қаза тапты Қытайдың Гуандун провинциясында автомагистральдің бір бөлігі опырылды. Апаттан 36 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланған. Мэйчжоу-Дабу трассасының опырылауына толассыз жауған нөсер жауын себеп. Оқиға миллиондаған адам 1-мамыр мерекесін тойлау үшін жолға шыққан кезде болған. @qazaqstantv
Mostrar todo...
😭 6😢 5😐 4 2
00:34
Video unavailableShow in Telegram
❗️Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың біреуі алынып тасталды Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін судья Байжановқа қатысты «қылмысты хабарламады» деген бапты алып тастады. Оған енді тек аса ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр. Сот тергеуі аяқталды. Тараптар жарыссөзге көшті. @qazaqstantv
Mostrar todo...
🤬 21 3😡 3👍 2
00:36
Video unavailableShow in Telegram
✈️Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды Себебі, ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай, 1 мамырдан бастап Астана халықаралық әуежайында түнгі сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды. Қазір рейс кестелеріне өзгерістер еніп жатыр. Айта кетейік, Елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді. Оның ішінде 100-ге жуығы түнгі рейстер. Енді олардың барлығы тәуліктің күндізгі уақытына ауысады. @qazaqstantv
Mostrar todo...
🤣 3🤷‍♂ 2🤔 2👍 1 1😁 1
00:33
Video unavailableShow in Telegram
❗️Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы әлімжеттіктен көз жұмды Қазір полиция тарапынан оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Облыстық полиция департаменті мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты да қылмыстық іс қозғады. Олар «Балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша іске тартылған. @qazaqstantv
Mostrar todo...
😢 9🤬 7
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 3 мың отбасы бір реттік төлем алды Оның жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады. Арнайы комиссия 347 үйдің жағдайын зерттеді. 125 баспанаға қатысты қорытынды шығарылды. Оның нәтижесіне сәйкес 23 үйді қалыпқа келтіруге болады. Сонымен қатар Ойқала ауданында кейбір отбасылар өз баспаналарына орала бастады. Олардың үйлеріне тасқынның бірінші толқыны кезінде жартылай су кірген болатын. Табиғи апаттан зардап шеккен нысандарың басым бөлігі Петропавл қаласында орналасқан. Жалпы өңірде 3800-ден астам үйді су басты. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды. @qazaqstantv
Mostrar todo...
2👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы Бүгін шығыста жаңбыр жауады, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болып, солтүстік-батыста тұман түтеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова мәлімдеді. 📌 Түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 1-3 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі жоғары. 📱 @qazaqstantv 💬 WhatsApp 📹 Instagram 📹 TikTok 📹 YouTube 📒 Facebook
Mostrar todo...
3🥴 3👍 2
00:53
Video unavailableShow in Telegram
Индер және Махамбет аудандарында жаға бекіту жұмыстары аяқталды Батыс Қазақстаннан келетін нөпір су алдымен Индерден өтіп, Махамбетке жетеді. Содан соң Атырау қаласына келеді. Қауіптің алдын-алу мақсатында Махамбетте биіктігі 2,5 метр болатын 65 шақырым, Индерде 4,5 метрден 30 шақырым бөгет салынды. Жұмыстарға 3 мыңға жуық адам мен 300-ден астам техника жұмылдырылған. @qazaqstantv
Mostrar todo...
🤝 7👍 3🔥 1🙏 1🥴 1
❗️ Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді Агенттік Г.Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша тергеуді аяқтады. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г.Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. 📒Facebook 📹TikTok 📹Instagram
Mostrar todo...
👍 12 1 1🔥 1
00:41
Video unavailableShow in Telegram
Құлсары қаласында су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасуда Қалада 300-ден астам тұрғын үй су астында қалып отыр. Cу тасқыны болған сәттен бастап ҚР ТЖМ құтқарушылар күшімен 2564 үйден су сорылып шығарылды. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда. Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден астам су сорылды.
Mostrar todo...
🤝 9👍 4
00:50
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстан біздің бірінші отанымыз деп есептейміз - Зиятдин Касанов Оның айтуынша 1944 жылы түрік этносы Грузиядан Қазақстанға жер аударылды. Сол заманда көптеген халық қуғын сүргін көріп, депортацияға ұшырады.
«Бұл жерді түрлі этнос өкілдері: кәрістер, шешендер, күрдтер, түріктер, әзірбайжандар қоныстанғанын біледі. Осында депортацияланып, қазір тұрып жатқан түріктер үшін Қазақстан екінші отаны емес, өзінің бірінші отаны саналады. Біз үшін Қазақстан тарихи отанымыз әрі ата жұртымыз. Бүгінде барлық түркі тілдес халықтар Қазақстанды құрметтейді»,-дейді түрік этномәдени орталығының төрағасы.
Mostrar todo...
👍 7 5😍 2🤪 2
01:13
Video unavailableShow in Telegram
Қазақ даласынан көптеген этнос өкілдері пана тапқан Қазақстан Халық Ассамблеясының тарихы ол тұрақтылықтың тарихы. Ассамблея осы уақытта бейбітшілік пен бірліктің, береке мен ырыстың, татулық пен тұрақтылықтың тұғырына айналды. Әлемге өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қоғамдық келісімнің кепілі, бірлік пен достықтың дәнекері болды. Тағдыр табыстырып, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері жұмылып бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырды. Жүзден астам этносты бауырына басқан Қазақстан бейбітшіліктің бесігін тербетті.
Mostrar todo...
👍 6 2 1🙏 1😇 1
02:01
Video unavailableShow in Telegram
Қарағандылық кенші әріптестеріне қазақ тілін үйретіп жүр Қарағанды облысы шахталарының бірінде 5 түрлі этнос өкілінен құралған ерекше топ жұмыс істейді. Арнайы бөлім қауіпсіздік техникасына жауап береді. Ал қолдары босай қалса шахта ішінен ашылған қазақ тілін үйрететін курсқа барады. Бүгінде пилоттық жоба бойынша 20-ға жуық қызметкер аптасына 3 рет тегін тіл үйренуде.
Mostrar todo...
👏 11👍 5 3 1🙏 1
00:49
Video unavailableShow in Telegram
ҚХА су басқан өңірлерге 770 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді Оның ішінде, азық түлік, ауыз су, тұрмыстық химия және көрпе төсек пен жылы киімдер бар. Гуманитарлық көмек жинауға Ассамблея мүшелері, кәсіпкерлер мен еріктілер атсалысқан. Бүгінде су басқан өңірлердің бәрінде қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр.
Mostrar todo...
🤝 5👍 2 2🙏 1
01:39
Video unavailableShow in Telegram
Батыс Қазақстанда тұруға жарамсыз үйлер бұзылып жатыр айпақ ауылында Жайықтың суы бір тәулікте 34 см-ге көтерілді. Қазір өзен арнасы 715 см-ге жетті. Қауіпті деңгей - 8,5 метр. Ал Теректі ауданында тасқын салдарынан тұруға жарамсыз деп танылған үйлер бұзылып жатыр. Құлаған үйлердің орнына үш бөлмелі жаңа баспана салынады. Аудандық комиссия қорытындысымен әзірге техникалық тексерістен өткен 81 үй тұруға жарамсыз деп танылды.
Mostrar todo...
👍 8 2🙏 2🫡 1
Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге Астанадан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты Жылжымалы медицина 140 елдімекенді аралайды. 90 мың тұрғын тегін медициналық көмек ала алады. Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтың сөзінше, азаматтар, тіпті шағын хирургиялық операциялар жасатуға және тісті емдеуге мүмкіндік алады.
Mostrar todo...
3
01:37
Video unavailableShow in Telegram
Алматыда 4 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты Төрт адам ауруханаға жеткізіліп, ауыр хәлдегі бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. оқиға таңғы 04:00 шамасында болған. Құтқару қызметі тұрғын үйден 30 шақты адамды эвакуациялаған. Төрт адам ауруханаға жеткізілген. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрден асады. Мамандар өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр дейді.
Mostrar todo...
😢 5👍 1 1
01:59
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстанға келгеніме 18 жыл болды, ешқайда кеткім келмейді - Азамат Бектеміров Қырғызстандық Азамат оқу бітіре салысымен Қазақстанға жұмыс істеуге келген. Қазақ жерінен неміс өкіілінің қызын кездестіріп, отбасын құрды. Жұмысы алға жүрді.
«Тіліміз жақын, дініміз жақын болғасын Қазақстанды таңдап келдім. Қалалық филормонияға артист балеті болып келдім. Содан бері 18 жыл өтті. Келгенде суығынан қорықтым, бірақ кейін үйреніп кеттім. Қазақ пен қырғыз бауыр. Бір жағым қырғыз, бір жағым қазақ. Бөліп жара алмаймын»,-дейді қырғыз жігіті.
Mostrar todo...
👏 8👍 5 4 1
Жылыойлықтар қалыпты тірлікке орала бастады Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Соңғы тәулікте 55 үй газға, 25 үй электр қуатына қосылды. Бүгінде 2564 үйден су кетті, сорылған судың жалпы көлемі 3 млн текше метрден асады.
Mostrar todo...
👍 9 3🙏 1
00:40
Video unavailableShow in Telegram
Түркістан облысының құтқарушылары тасқын болған аймақтардан тұрақты орналасу пунктіне оралды Олар Солтүстік Қазақстандағы су тасқынына қарсы жұмыстарды орындады. Оларды салтанатты түрде әріптестері мен туыстары күтіп алды.
Mostrar todo...
👍 9 9🙏 2😍 1
01:08
Video unavailableShow in Telegram
Біздің қазақтарға алғысымыз шексіз – Май Хван Қазақстанға депортацияланған корей ұлтымен бір нанды бөлісіп жеп, үйіне кіргізген қазақтарға корей халқының алғысы шексіз.
«173 мың корей жұртын мал таситын пойызға тиеп алып келді де, жолай қай жерге пойыз тоқтайды, сол жерлерге біртіндеп тастап жүре берді. Сөйтіп, корейлер шашылып қалды. Жапан дала, қақаған қыс еді. Мен ол кезде 7 жасар баламын. Аш, жалаңаш далада қалған корейлерге қазақтар көмектесіп, аман алып қалды»,-дейді депортация куәгері.
Mostrar todo...
👍 20 2🥴 1
01:34
Video unavailableShow in Telegram
Оңтүстік Кореяда бізді қазақтар деп қабылдайды – Марк Цой 1990 жылдары тарихи отанына қайтпай, біздің туған жеріміз Қазақстан деп қалып қойған бір ғана диаспора бар. Ол өзіміздің корейлер. Корейлердің бір емес, екі бірдей мемлекеті бар. Сонда да олар қиын кезде қазақ халқының жанынан табылып, егемен елдің еңсесін бірге көтерісті. Соңғы жылдары жалақысы көп жұмыс іздеп біздің корейлер Сеул, Пусан қалаларына барды. Әбден орныққасын, қазақ достарын тарта бастады. Марктың айтуынша, қазір Кореяда «Қазақ корейлерінің диаспорасы» қалыптасқан.
Mostrar todo...
20👍 7🥴 4🤝 4 1🙏 1
01:01
Video unavailableShow in Telegram
Армияға келген әр солдатты қазақша сөйлетіп жүрген корей жігіті 5514 әскери бөлімі. Мұнда қазақ тілін керемет меңгергенімен қоймай, армияға келген әр солдатты қазақша сөйлетіп жүрген корей жігіті Александр Сонмен таныс болыңыз!
Mostrar todo...
👍 35 4🔥 3🙏 1
02:32
Video unavailableShow in Telegram
Германияға емес, Қазақстандағы ауылға көшкім келеді - Эльдана Габерман Эльдананың айтуынша, ата анасы Германияда тұрады. Шетелде тұрса да олар үнемі бешбармақ жасайды. Ал ауылдағы немістер жылқы бағумен айналысады.
«Жүрегім Германияға тартпайды. Көбісі маған айтады неге Германияға көшпейсің, ол жақта жақсы ғой деп. Мен ешқайда көшпеймін. Арманым ауылға көшіп, мал шаруашылығымен айналысу. Түрім неміс болғанмен, өзімді толық қазақ сезінемін»,-дейді неміс этносының өкілі.
Mostrar todo...
28👍 11👌 2