cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Mostrar más
Advertising posts
55 227Suscriptores
+1524 hours
-4717 days
+1 94030 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

🏠«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына 3 мыңнан аса өтінім түскен Жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына бір күнде 3 347 өтініш түскен. Олардың 1124-і қабылданған. Бағдарламасына қатысуға өтінім бергендер - 24 пен 35 аралығындағы жастар. Несиенің мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7%, өзгелер үшін 9%. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауға тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі. Өтінімдерді қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. @qazaqstantv
Mostrar todo...
👍 9 2👀 1
📌Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерге жеңілдікпен несие беріледі Биыл «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 300 миллиард теңгеге арттырады. Холдинг дерегінше, бұл қаржы негізінен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға бөлінеді. Бағдарлама «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық мөлшерлеме 5%. Өтініш қабылдау 29 сәуірден басталады. @qazaqstantv
Mostrar todo...
👍 7🤔 1
Телеарналар «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонына дайындықты бастап кетті Бірлік күні қарсаңында алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Телемарафонның басты кейіпкерлері –  табиғи апат кезеңінде батылдық танытып, өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар. Өтетін күні: 30 сәуір 2024 жыл Өтетін уақыты: 17:00 – 22:00
Mostrar todo...
1
🏠Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердің құрылысы басталды Солчечный-2 ауданында 100 баспанаға арналған учаске бөлінді. Құрылыс «Қазақстан халқына» қоры есебінен қаржыландырылады.
Mostrar todo...
👍 6
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Прибрежное елдімекені 12 сәуірден бері судың ортасында тұр Ауылда 500-ден астам су құрсауында қалған. Тұрғындар сыртқа қайықпен ғана қатынай алады. Ауыл тұрғындарының 70 пайызы эвакуацияланған. Электр бағандарын мұз көшкіні құлатып кеткендіктен елдімекеннің басым бөлігінде жарық жоқ. Жалпы облыста 14 мың адам үйлерін тастап, қазіргі уақытта эвакуациялық пунктер мен туған-туысқандарының үйінде тұрып жатыр.
Mostrar todo...
😱 4👍 1
Ерлан Қарин: Мемлекеттік наградаларды атақты тұлғалардың атымен атау тәжірибесі көптеген елде бар Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында Президент қол қойған «Мемлекеттік наградалар туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қатысты пікір білдірді. «Енгізілген түзетулерге сәйкес, «Айбын» орденінің дәрежелеріне аты аңызға айналған батырларымыз – Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру көзделген. Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне ұлт батырларының есімін беруді ұсынды. Сондай-ақ Президент Талдықорғандағы әскери авиабазаға Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің есімін беру туралы мәселе көтерді. Бұл бастамалар келесі жылы 80 жылдығы атап өтілетін ортақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалған шексіз құрметтің белгісі. Бұл – Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған үшінші заң», – деп жазды Ерлан Қарин. @qazaqstantv
Mostrar todo...
👍 6 3
Алматыда 3 адамның өмірін қиған автобус апаты: Сот үкімі шықты Сот Дархан Ахметжановты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Еске салайық, оқиға былтыр желтоқсанда болды. Жолаушы жүргізушіні жұдырықпен ұрды. Бұдан соң автобус көшедегі адамдарға соғылды. 3 адам көз жұмды, 4 адам жарақат алды. @qazaqstantv
Mostrar todo...
😭 9👍 3 3😢 2 1
БҚО-ғы қоғамдық штаб тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға коммуникациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді 📲Орал қаласындағы қоғамдық штаб: 8 701 569 92 24
Mostrar todo...
Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккендермен тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық штаб құрылды Мақсаты - өңірді қайта қалпына келтіру, тұрғындарды қолдау және ақпарат алуын қамтамасыз ету. Штаб құрамына 16 мүше сайланды. Қала тұрғындары су тасқынына қатысты кез келген мәселелер бойынша кеңес алу үшін, соның ішінде қауіпсіздік шаралары мен инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша ақпарат алу үшін штабқа хабарласа алады. 📱Атырау облысындағы қоғамдық штаб: 8 701 522 04 08
Mostrar todo...
👍 6
Маңғыстауда Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғындар үшін қоғамдық штаб жұмыс істейді Штаб су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты қолдау білдіріп, қауіпсіз жерге орналастырып, құқықтық көмек беріп және мүгедек жандар мен жүкті әйелдерге жағдай жасайды. Қоғамдық штаб құрамында Мәслихат депутаттары, барлық саяси партиялардың төрағалары және үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам белсенділері бар. 📱Маңғыстау облысындағы қоғамдық штаб: 8 777 001 30 10
Mostrar todo...
🤝 3 2