cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Мектепке дейінгі ұйым педагогтары

Publicaciones publicitarias
2 784
Suscriptores
+224 horas
+147 días
+3330 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Әдістемелік ұсынымдарда балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілген.   КП балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша кеңес беруге және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.   КП мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.   Аталған әдістемелік ұсынымдардың мақсаты: балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдерге) тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша педагогикалық қолдау көрсетуде КП қызметін реттеу.     Әдістемелік ұсынымдар Институттың www.irrd.kz сайтында орналасқан.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
«Білімді ел - Образованная страна» газетінде мектепке дейінгі білім беру саласына арналып ашылған парақшаға әрбір педагог өз мақалаларын ұсынып, өңірлерде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытуда жасалған жұмыстарымен, озат тәжірибелерімен бөлісе алады. ✅ Мақаланы Институттың электронды поштасына [email protected] жолдаңыз. ✅ Институт мамандары мақаланың сапасына, мазмұнына қарай іріктеп, газетке жариялау үшін ұсынады. #смионас @bilimdi_el
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Институт мектепке дейінгі ұйымдарда 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнін атап өту іс-шарасы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік іс-шараны өткізу бойынша ұсынымдар қарастырылған. Іс-шараның мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың мерекелік көңіл-күйін қалыптастыру, бақытты балалық шағы үшін жағдай жасауды, балаға қамқорлықты күшейтуге ықпал ету. Әдістемелік ұсынымдар Институттың www.irrd.kz сайтында орналасқан.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Баланың денсаулық жағдайы, ата-аналардың балаларды үйде тәрбиелеуді қалауы және т.б. себептерге байланысты мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған балалар үшін орта білім беру ұйымдарының базасында болашақ бірінші сынып оқушылары үшін “Балақайлар мектебі” қысқа мерзімді мектепаллы даярлық курстары ұйымдастырылады. Мақсаты – бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру. Барлық сұрақтар бойынша жергілікті жердегі мектептерге хабарласыңыз.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Институт балабақшамен қоштасу мерекелік іс-шарасы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың мерекелік көңіл-күйін қалыптастыра отырып, мектепке деген қызығушылығын арттыру.   Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгіұйымдарда мектепалды топтарында мерекелік іс-шараны өткізу бойынша ұсынымдарқарастырылған. Әдістемелік ұсынымдар Институттың www.irrd.kzсайтында орналасқан.  
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Институттың www.irrd.kz сайтында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні мерекелерін атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдар орналасқан. Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгі ұйым мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізу бойынша ұсынымдар қарастырылған.
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Мектепке дейінгі педагогтері мен ана-аналарға әдістемелік қолдау көрсету және педагогтердің озық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Институттың www.irrd.kz сайтында ВИРТУАЛДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ ашылды. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыруға материалдар орналастырылған.
Mostrar todo...
📆 Күн саны Елімізде 💚💚 құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді Мектепке дейінгі ұйымдардың озық педагогикалық тәжірибесін тарату және енгізу үшін елімізде 79 құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. 〰️〰️〰️ 📆 Цифра дня В стране функционируют 💚💚 центров компетенций Для трансляции и внедрения передового педагогического опыта дошкольных организаций в стране функционируют 79 центров компетенций.
Mostrar todo...
Ағымдағы жылы мамыр айында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында«Алақай, жаз келді!» республикалық байқауы өтетінін хабарлаймыз. Байқау 2023-2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарына (ҚР ОАМ 19.09.2023 ж. № 294 бұйрығы) сәйкес өткізіледі. Мақсаты: жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру үшін қауіпсіз, жайлы және креативті ортаны құрудың озат тәжірибесін жинақтау және тарату. Байқау үш кезеңде өткізіледі: І кезең - аудандық, қалалық (25 сәуір – 05 мамыр); ІІ кезең – облыстық (07 – 16 мамыр); ІІІ кезең – республикалық деңгей (20 – 30 мамыр). Байқауға мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңіне дайындығы бойынша әзірленген бейнероликтер жіберіледі. Бейнеролик мазмұнында: - спорттық, сумен және құммен (сазбен) ойындар; - сумен және ауамен шынықтыратын жағдайлар ұйымдастыратын алаңдар; - серуендеу алаңында, жылдың ыстық уақытында пайдалану үшін, балаларға арналған құрастырмалы қалқалар, күркелер конструкциясының (жинау, орнату) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және басқа да жасалған жағдайлар қамтылады. Байқаудың аудандық және облыстық кезеңдері 25 сәуірден басталады. Республикалық кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздарының материалдарын ағымдағы жылдың 20 мамырынадейін ұсынады. Балаларды қорғау күніне орайБайқаудың қорытындысы шығады. «Алақай, жаз келді» байқауын өткізу туралы ереже Институттың www.irrd.kz сайтында орналасқан.
Mostrar todo...