cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Tengri.kz

Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы. Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
11 989
Suscriptores
-1124 horas
-327 días
+40730 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Photo unavailableShow in Telegram
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
Mostrar todo...
👍 16😱 4 1👏 1
Жайлы мектептердің интерьерлері бойынша сауалнама. Қазақстанның әрбір тұрғынының пікірі маңызды. 2024 жылғы 29 сәуірден 10 мамырға дейін Қазақстанның барлық тұрғындары салынып жатқан заманауи мектептердің ішкі кеңістігі жобаларының соңғы талқылауына қатыса алады. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы болып табылатын Samruk-Kazyna Construction АҚ білім беру кеңістігінің атмосферасы мен үйлесімділігін шолуға мүмкіндік беретін 3D-үлгіні ұсынды. Виртуалды саяхат болашақ оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдерге және бей-жай қарамайтын азаматтардың барлығына мектептердің ішкі кеңістігінің интерьерлік шешімдерімен және түспен безендірілуімен танысып шыға отырып, өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Компания мектептерді оқушылар мен қызметкерлер үшін барынша жайлы етуге талпынады, сондықтан барлық тілек білдірушілерге сауалнамаға қатысып, ағымдағы жобаны жақсарту бойынша өз пікірін бөлісуге мүмкіндік береді. Құрылысшылар ең тартымды ұсыныстарды жұмыс барысында ескеруге уәде береді. Мақалаға сілтеме 📍Материалды АО Samruk-Kazyna Construction ұсынған  
Mostrar todo...
ІІМ экс-басшысы Тұрғымбаев не үшін ұсталды? Генпрокуратура ақпаратты растады. 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталған. "Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Mostrar todo...
3👍 1
00:16
Video unavailableShow in Telegram
Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды Желіде бұған дейін қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас кейінгі концертінде балағат сөз айтқан видеосы тарады. Осы видеодан кейін көпшіліктің пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің жазалау керек десе, енді бірі "Әркімде болып тұратын жағдай" деп Қайрат Нұртасты ақтаған. Полицияның хабарлауынша, Қайрат Нұртасқа ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Mostrar todo...
👍 12😁 5
Photo unavailableShow in Telegram
ІІМ экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды 19 наурыздан бері БАҚ беттері мен телеграм арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды. Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.
Mostrar todo...
👍 15👌 1
05:33
Video unavailableShow in Telegram
Сәуірдің басынан бері Атырау облысы су тасқынының зардабын шегіп жатыр. Өңірдегі өзендерде су деңгейі күрт көтеріліп, халық үйін, заттарын тастап, аман қалу үшін эвакуациялануға мәжбүр болды. Алайда бизнес су тасқыны салдарынан болып жатқан проблемаларға бей-жай қарай алмады. Жергілікті биліктен көмек беру туралы өтініш түскеннен кейін “Теңізшевройл” ЖШС Жылыой ауданының тұрғындарына бірден көмекке келді. Судан қорғау үшін Құлсарға 100-ге жуық арнайы техника, жұмысшыларға арналған тамақ және жанар-жағармай материалдары жіберілді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. 6 сәуірге қараған түні компания өз автобустарымен ауданның 7000-нан астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына көшірді. Ал компанияның және Атырау қызметкерлері зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті жинауды жалғастыруда. Халық Қара өзен деп атап кеткен Сарыөзек өзенінің маңында ТШО күшімен 8 шақырым бөгет салына бастады. Биіктігі 3 метр болатын бұл инженерлік құрылым топан судан қорғай алады.
Mostrar todo...
10👍 8🙏 2
00:48
Video unavailableShow in Telegram
Бүгінге жоспарланған сот жарыссөзі болмады. Бишімбаевтың соты 2 мамырға шегерілді.
Mostrar todo...
🥱 6 1🤔 1
02:17
Video unavailableShow in Telegram
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бір бөлігінен бас тартты. Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы: 432-бап "Қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған болатын. Прокурор Саяхат Нұрбековтің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған 434-бап бойынша белгілі қылмыс туралы хабарламағаны туралы айыптаудан бас тартып отыр.
Mostrar todo...
👍 5😁 1😨 1
00:40
Video unavailableShow in Telegram
Бүгін Астана сотында Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Келесі кезең - сот жарыссөзі. Судья Айжан Құлбаева сот жарыссөзі қашан басталатынын айтты. Жарыссөз 29 сәуірде басталады. Тараптардың жарыссөздері 30 сәуірде, сондай-ақ, 2, 3 және 4 мамырда жалғасады.
Mostrar todo...
👎 14🤡 8🗿 3 1
00:20
Video unavailableShow in Telegram
Тағы бір сот процесі тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. "Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі). Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", - делінген Жоғарғы Сот хабарламасындар
Mostrar todo...
👍 11