cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

ХАНАФИЛЕР АЙМАҒЫ

Ханафилер аймағы

Mostrar más
El país no está especificadoEl idioma no está especificadoLa categoría no está especificada
Publicaciones publicitarias
1 227
Suscriptores
Sin datos24 horas
Sin datos7 días
Sin datos30 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

​​Пайыз жайлы Құран мен хадистер не айтады? Сұрақ: Ассаляму алейкум уа рахматуЛлаһи уа баракятуһ, құрметті Муфти Сахиб. Мен сіздің денсаулығыңыз үшін дұғадамын. Құрметті шейх, менің досым жақында маған Құран мен Хадистерде рибаның харам екендігі жайлы тікелей тыйым бар екендігін білдім деді. Оның сұрағы: "Құран мен хадисте пайызды төлеу жайлы тікелей тыйым барма?". Ол маған пайыз төлеуші\мәжбүр және оның таңдауы жоқ және бұл харам емес дейді. Шейх,осы сұрақпен маған көмектесе аласызба? Құран мен Хадистерде пайыз жалпы харам екенін қалай дәлелдесем болады? Жауап: Пайыз жайлы Құранда тікелей айтылады.Аллаһ Тағала Құранда: يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَذَرُوا۟ مَا بَقِىَ مِنَ ٱلرِّبَوٰٓا۟ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ Уа, иман келтіргендер! Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтаныңдар (ұдайы тақуалық шеңберінде өмір сүріңдер)! Егер шын мүмін болсаңдар, (өздеріңнен өсім шартымен қарыз алған адамдардың мойнындағы) өсімнен түсетін алашақтарыңды алмаңдар. («Бақара» сүресі 2:278) فَإِن لَّمْ تَفْعَلُوا۟ فَأْذَنُوا۟ بِحَرْبٍ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ ۖ وَإِن تُبْتُمْ فَلَكُمْ رُءُوسُ أَمْوَٰلِكُمْ لَا تَظْلِمُونَ وَلَا تُظْلَمُونَ Егер олай істемейтін болсаңдар, Алла және елшісінің сендерге қарсы соғыс ашатынын біліп қойыңдар. Ал егер шынымен тәубеге келіп, (өсім алудан түбегейлі бас тартсаңдар) негізгі қаржыларың өздеріңде қалады. Осылайша өзгелерге қиянат жасамаған әрі өздерің де қиянатқа ұшырамаған боласыңдар. («Бақара» сүресі 2:279) Жоғарыдағы аятта айтылғандай, Имам Бухари (رحمه الله) пайыз төлеуге қатысты тыйымды ерекше белгілеп, мына хадисті жеткізеді: عَنْ عَوْنِ بْنِ أَبِي جُحَيْفَةَ، قَالَ رَأَيْتُ أَبِي اشْتَرَى عَبْدًا حَجَّامًا، فَسَأَلْتُهُ فَقَالَ نَهَى النَّبِيُّ صلى الله عليه وسلم عَنْ ثَمَنِ الْكَلْبِ، وَثَمَنِ الدَّمِ، وَنَهَى عَنِ الْوَاشِمَةِ وَالْمَوْشُومَةِ، وَآكِلِ الرِّبَا، وَمُوكِلِهِ، وَلَعَنَ الْمُصَوِّرَ‏.‏ (Аудармасы) Бұл хадисті Аун ибн Абу Жухайфа жеткізген: "Менің әкем жануарлардың дене бөліктерін кесіп тастаумен (купирование) айналысатын құлды сатып алды. Әкем оның жұмысына (купирование) арналған заттарын сындырып тастады. Мен әкемнен оның неліктен олай жасағанын сұрағанымда, ол маған: "Аллаһтың елшісі ﷺ иттің немесе қанның ақысын алуға; сонымен қатар денеге сурет салу (татуировка) жасау мамандығын; денеге сурет салдыртуды(татуировка) немесе өсім алу мен беруге (риба) тыйым салған және де бейнені (картина) салушыларға лағынет айтқан". Пайыз төлеушінің іс әрекетін харам екенін білдіртудегі мақсат, пайыз төлеуші сол харам келісімге атсалысып, тыйым салынған күнәға көмектеседі. Аллаһ Тағала Құранда: وتعاونوا على البر والتقوى, ولا تعاونوا على الاثم و العدوان (Өздеріңді Аллаға жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар. Аллаға тиісінше тағзым етіңдер, Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар. Шүбәсіз, Алланың жазасы тым қатты. («Мәида» сүресі 5:2) Сонымен қатар, Сахих Муслимде: عَنْ جَابِرٍ(رضي الله عنه)، قَالَ لَعَنَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم آكِلَ الرِّبَا وَمُوكِلَهُ وَكَاتِبَهُ وَشَاهِدَيْهِ وَقَالَ هُمْ سَوَاءٌ Жәбир (رضي الله عنه) айтады:«Аллаһтың елшісі ﷺ мыналарға лағынет айтқан: пайыз алушы; және төлеуші; соны жазушы; және олардың екі куәгерлері, және ол "олар барлығы бірдей" деген». Ал Аллаһ анығын білуші. Жауап берген Shaheed Rashid Shaikh Даруль Ифта студенті. Тексерген және бекіткен Муфтий Ибрахим Десаи. Дереккөз: askimam.org Дайындаған: t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
Аллаһ мені жақсы көрсе, неге маған сынақ жібереді? ​​Ақиқтатында, Аллаһ Тағаланың махаббаты ауқымды, алайда сөзсіз емес. Оның мейірімі кең, бірақта белгілі бір шарттармен шектелген. Кімде кім Аллаһқа тек қана мейірім, махаббат және кешіре алу ғана тән деп, Оның ашуын, жазасын және күш қуатын есепке алмайтын болса, жәнеде керісінше айтқан жағдайда — ондай адам дінді және оның негіздерін бұрмалайды. Көптеген мұсылмандар осы орайда: «Неге Аллаһ Тағала күнәларды кешіреді?» деген сұрақты қойып, өздерін өзі күмәнға алып келеді. Әртүрлі христиандық секталарда: «Құдай күнәхарларды оның ұлы өз өмірін күнәдан тазару үшін құрбан шалмаса, кешірмейді» деген ой қорытынды жасап, адасушылықта жүр. Тек қана Исламда қорқыныш пен үміт арасында баланс орнатылған. Оған бізді үйрететін Құран мен Сүннет, сондай-ақ үмметіміздің үлкен ғалымдары өздерінің сансыз еңбектерінде жазып кеткен болатын. وَقَالُوا۟ لَن تَمَسَّنَا ٱلنَّارُ إِلَّآ أَيَّامًا مَّعْدُودَةً ۚ قُلْ أَتَّخَذْتُمْ عِندَ ٱللَّهِ عَهْدًا فَلَن يُخْلِفَ ٱللَّهُ عَهْدَهُۥٓ ۖ أَمْ تَقُولُونَ عَلَى ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ Олар: «Санаулы күндер болмаса, тозақ оты бізге әсте тимейді», – дейді. Оларға: «Алладан уәде алып па едіңдер?! Онда Алла уәдесін әсте бұзбайды. Жоқ әлде, Аллаға өздерің нақты білмейтін нәрселерді теліп жүрсіңдер ме?!» – де. («Бақара» сүресі 2:80) أَحَسِبَ ٱلنَّاسُ أَن يُتْرَكُوٓا۟ أَن يَقُولُوٓا۟ ءَامَنَّا وَهُمْ لَا يُفْتَنُونَ Сонда адамдар «иман келтірдік» десе болды, (бұл өмірде) сынақтан сырт қаламыз, жайымызбен жүре береміз деп ойлай ма? وَلَقَدْ فَتَنَّا ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۖ فَلَيَعْلَمَنَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ صَدَقُوا۟ وَلَيَعْلَمَنَّ ٱلْكَٰذِبِينَ Шүбәсіз, Біз олардан бұрын өмір сүрген, иман келтіргеннің бәрін сынап бақтық. Әлбетте, Алла (иман еттім дегенде) сөздері мен ниеттерінде шынайы болғандарды анықтап біледі, ал өтірікшілерді, сөз жоқ, әшкерелейді. («Анкәбут» сүресі 29:2-3) Дереккөз: darulfikr.ru Аударған: t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
​​Хазреті әбу Һурайраның (Алла оған разы болсын) дұғасы: Мухаммад ибн Сирин баяндайды: «Бір күні кешке біз Хазреті әбу Һурайраның құзырында болдық. Ол былай дұға қылды: «Уа, Аллаһ! Әбу Һурайраны және оның анасын кешір. Сосын ол екеуіне кешірім сұрағанның бәрін кешір». Мухаммад ибн Сирин жалғастырып айтты: «Содан бері біз ол екеуіне кешірім сұраймыз, хазреті әбу Һурайраның дұғасына кіруіміз үшін». Дереккөз: Имам Бухари. «Әл-Әдәб әл-Муфрад», 37. Дайындаған: t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
​​Отанды сүю - иманнан деген хадис барма? حب الوطن من الإيمان «Отанды сүю- иманнан» – бұны «әл-Әсрарул-Марфуа» кітабында Имам Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи (рахимаһуллаһ) келтіреді. Шейх Әли әл-Қари, осы кітапта жалған хадистерді жинаған еді, осы хадис жайлы ол былай деді: «Бұл хадистің негізі жоқ деп айтылады, немесе ол негізінде ойдан шығарылған». Бұған қоса, отанды сүю тек мұсылмандарға ғана тән қасиет емес, бұл қасиет мұсылман еместерде де бар. Сондықтан мұсылмандарда отанды сүю ол иманан, ал мұсылман еместерде ол иманан емес деу қате болушы еді. Бұдан тыс Шейх Әли әл-Қари хадистегі отан сөзі Жәннәтті, Меккені және Аллаға қайтуды меңзеуі мүмкін дейді. «әл-Әсрарул-Марфуа», 189-191, хадис № 164. Және, әс-Сығани былай деп айтты: «Бұл тоқыма хадис». (Маудуат әс-Сығани, 53) Әс-Сахауи және әс-Суюти айтты: «Мен бұны білмеймін». (әл-Мақасид әл-хасана, 218 әд-Дурар әл-Мунтасира, 65) Әз-Зарқани айтты: «Маған бұл хадис белгілі емес». (Мухтасар әл-Мақасид, 361) Бірақ егерде «Ислам жерлерін сүю бұл иманан», деп айтса бұл ақиқатқа жақын, алайда кейбір ғалымдар айтқандай мағына жағынан ғана, хадис жағынан емес. Сондықтан, біз бұл хадис емес екенін білгеннен соң оны Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздеріне жатқызуымызға болмайды, өйткені былай деп айтылған: «Кім менің атымнан жалған сөз айтса өзіне тозақтан орын дайындай берсін». (Имам Ахмад) «Маған жала жаппаңдар, өйткені кім солай істесе міндетті түрде тозақтан өз орынын табады!». (Бухари, 107) «Кім менің атымнан мен айтпаған сөзді айтса сол тозақтан өзіне орын дайындасын!». (Бухари, 109) t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
Ақпарат сенімді бауырлар, Алла куә.
Mostrar todo...
​​Алла Тағаланың үйі – мешіт – үлкен мәртебе мен құрмет көрсетуді талап етеді. Сондай-ақ мешіттің қасиеттілігі шариғатымызда анық белгіленген және ол баршамызға мәлім. Алла елшісі ﷺ, былай деп айтты: Жер бетіндеге ең жақсы орындар – мешіттер болып табылды. Сондықтан мешіт адам баласының жүрегіне жан тыныштығы мен татулықты бөлейтін орын. Алла Тағалаға жасалатын құлшылық кемшіліксіз және зейінділікті талап етеді, алайда алаңдататын себептердің болмауы арқылы ғана, бұның барлығына жетуге болады. Ақиқатында қазіргі таңда қың жылататын ахуалды байқауға болады: адамдар мешітке көрсететін құрметтілікті елемеушілік танытуда, және мешітті өздерінің от басылық шаруаларын және т.б. нәрселерді талқылайтын орынға айналдырып алған.Мешіттерде от басылық және дүниелік істерді айтатын адамдарды, хадистерде өте қатаң ескерткен. Пайғамбарымыз, ‎ﷺ, Алла Тағала үйінің қасиеттілігін бұзғандарды, қатаң түрде ескертеді, яғни бұндай бұзақылықтар Алланың наразылығын шақыруға себепші болады. Хазірет Хасан әл-Басри, Алла оны рақым етсін, былай деп жеткізеді, Пайғамбарымыз, ‎ﷺ, айтты: «Адамдарға сондай бір уақыт келеді, олардың әңгімелері – мешітте – дүние істері жайындағы сөздер болады, сондықтан олармен бірге отырмаңдар! Өйткені Алла Тағала оларға мұқтаж емес». «Мишқат», 71 бет. Хазірет Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, былай деп жеткізеді, Пайғамбарымыз, ‎ﷺ, айтты: «Мешіттер шулы (айқай-шу, гүбір-гүбір әңгімелер) болған кезде, қызыл желдерді, жер сілкінісін, аспаннан ұшып жерге түскен тастарды, түрлердің (адам жүздері) өзгеруі, жердің адамдарды жұтуы және тағы басқа көптеген жазаларды күтіңдер». «Мишқат», 470 бет. Хадистерде тағы былай деп жетті: «Адам баласы мешітте дүниелік әңгімелер айта бастаған кезде, періште оған: «Уа, Алланың досы, өшір үніңді!».Егер ол тоқтамай әрі қарай тағы дүниелік әңгімелерін жалғастырса, періште оған қайтадан қайталап: «Уа, Алланың дұшпаны, өшір үніңді!».Егер ол тағы қайтпай жалғастырса, ақыры періште оған: «Өшір үніңді, Алланың лағынеті болсын саған!» деп, айтады екен». «Әдәбул-Мәсәжид», 6 бет. Сондықтан, мешітте құлшылығыңызға көбірек көңіл бөліп, бос әңгімеден аулақ болғаныңыз дұрыс. t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
​​Отанды сүю - иманнан деген хадис барма? حب الوطن من الإيمان «Отанды сүю- иманнан» – бұны «әл-Әсрарул-Марфуа» кітабында Имам Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи (рахимаһуллаһ) келтіреді. Шейх Әли әл-Қари, осы кітапта жалған хадистерді жинаған еді, осы хадис жайлы ол былай деді: «Бұл хадистің негізі жоқ деп айтылады, немесе ол негізінде ойдан шығарылған». Бұған қоса, отанды сүю тек мұсылмандарға ғана тән қасиет емес, бұл қасиет мұсылман еместерде де бар. Сондықтан мұсылмандарда отанды сүю ол иманан, ал мұсылман еместерде ол иманан емес деу қате болушы еді. Бұдан тыс Шейх Әли әл-Қари хадистегі отан сөзі Жәннәтті, Меккені және Аллаға қайтуды меңзеуі мүмкін дейді. «әл-Әсрарул-Марфуа», 189-191, хадис № 164. Және, әс-Сығани былай деп айтты: «Бұл тоқыма хадис». (Маудуат әс-Сығани, 53) Әс-Сахауи және әс-Суюти айтты: «Мен бұны білмеймін». (әл-Мақасид әл-хасана, 218 әд-Дурар әл-Мунтасира, 65) Әз-Зарқани айтты: «Маған бұл хадис белгілі емес». (Мухтасар әл-Мақасид, 361) Бірақ егерде «Ислам жерлерін сүю бұл иманан», деп айтса бұл ақиқатқа жақын, алайда кейбір ғалымдар айтқандай мағына жағынан ғана, хадис жағынан емес. Сондықтан, біз бұл хадис емес екенін білгеннен соң оны Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөздеріне жатқызуымызға болмайды, өйткені былай деп айтылған: «Кім менің атымнан жалған сөз айтса өзіне тозақтан орын дайындай берсін». (Имам Ахмад) «Маған жала жаппаңдар, өйткені кім солай істесе міндетті түрде тозақтан өз орынын табады!». (Бухари, 107) «Кім менің атымнан мен айтпаған сөзді айтса сол тозақтан өзіне орын дайындасын!». (Бухари, 109) t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
Әсаламу'аләйкум! Сенімді ақпарат бауырлар, Алла күә. Барынша таратып, көмектесіп жіберейік.
Mostrar todo...
1.86 MB
​​Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: «Сендердің ішіндегі жасырынған шірк, өрмелеп бара жатқан құмырсқадан да білінбей тұрады, бірақ мен саған шірктің үлкені мен кішісінен құтылатын жолды көрсетемін. Былай деп айт: اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ أَنْ أُشْرِكَ بِكَ وَأَنَا أَعْلَمُ وَأَسْتَغْفِرُكَ لِمَالاَ أَعْلَمُ Мағынасы: “Аллаһым! Біліп тұрып Саған серік қосуымнан Өзіңе сиынамын ! Білмегендерім үшін Сенен жарылқау тілеймін!”». Оқылуы: «Аллаһуммә, инни ә’узу би - кә ән ушрикә би кә уә әнә ә’ләму, уә әстәғфиру - кә ли мә лә әьләм! » Имам Ахмад 4/403, Имам Бухари "Адаб әл-Муфтари" 739. t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...

Біздің сайт
Біздің инстаграм
Наурыз жайында бір сөз. Ханафи фиқһы бойынша негізгі кітаптарының бірі болған "әл-Хидая" авторы, Орта Азияның атақты ғұламасы Шейхул Ислам Имам Бурхануд-дин әл-Марғинани, Алла оны рақым етсін, былай деген: "Бізге наурызды ұлықтауға тыйым салынған, өйткені бұл кәпірлердің мейрамы" «Мухтаратул Науазил» 195 бет. "Әл-Хидая" кітабына сегіз томдық ханафи мәзхабының ұлық "Фатхул Қадир" шархын жазған Имам Камалуд-дин ибн әл-Хумам әл-Ханафи да, Алла оны рақым етсін, наурыз жайында былай деген: "Наурызды ұлықтауға бізге тыйым салынған" «Фатхул Қадир» 2/349 бет. t.me/darulahnaf_com
Mostrar todo...
ХАНАФИЛЕР АЙМАҒЫ

Ханафилер аймағы

Біздің сайт
Біздің инстаграм
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.