Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал
Ir al canal en Telegram
Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿
Mostrar másEl país no está especificadoLa categoría no está especificada
390
Suscriptores
+124 horas
+207 días
+2430 días
Archivo de publicaciones
Дания Еспаева и Республиканский штаб «Ак жол» ознакомились с работой предприятия «Grandmiks»
В рамках агитационной кампании председатель Демократической партии «Ак жол» Дания Еспаева и члены Республиканского штаба посетили предприятие «Grandmiks», специализирующееся на производстве офисной мебели и ДСП, и ознакомились с организацией производственного процесса.
Представители предприятия продемонстрировали основные этапы производства, рассказали о выпускаемой продукции, производственных мощностях и особенностях организации работы.
В ходе встречи обсуждались вопросы развития отечественного производства, создания благоприятных условий для предпринимательства, расширения производственных мощностей, сохранения рабочих мест и повышения конкурентоспособности казахстанских предприятий.
Демократическая партия «Ак жол» рассматривает поддержку реального сектора как одно из ключевых направлений экономической политики. По позиции Демпартии, устойчивость экономики напрямую зависит от развития предприятий, которые производят отечественную продукцию, создают рабочие места и обеспечивают занятость граждан.
В числе приоритетов «Ак жол» — стабильная и понятная налоговая политика, снижение административных барьеров, защита частной собственности и формирование условий для честной конкуренции.
Поддержка отечественного производства — это новые рабочие места, рост доли казахстанской продукции и укрепление экономического потенциала страны.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева, белгілі қоғам қайраткері Қазыбек Иса және Республикалық сайлауалды штабтың өзге де өкілдері қасиетті Түркістанда болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тағзым етті.
Бұл — ғасырлар қойнауынан жеткен рухани мұраға, ұлттың тарихи жады мен елдік болмысына деген құрметтің белгісі.
Қазақтың қай кезеңінде де елдің еңсесін тіктеген — рухы биік азаматтар, ұлт мүддесін бәрінен жоғары қойған қайраткерлер мен сөз иелері. Бүгінгі өзгерістер де сол тарихи сабақтастықтан ажырамауға тиіс.
Мұхтар Шахановтың жігерлі жыры секілді, елді алға бастайтын күш — ұлттық рух, азаматтық жауапкершілік және болашаққа деген сенім.
«Ақ жол» үшін жаңғыру — тарихи тамырдан қол үзу емес. Керісінше, өткеннен тағылым алып, заман талабына сай қуатты әрі әділетті Қазақстан құру.
Өзгерістер қажет!
Өзгерістер «Ақ жолмен» бірге!
Астанада саяси партиялар мен халықаралық байқаушылардың кездесуі өтті
Астанада саяси партиялар өкілдерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) халықаралық байқаушыларымен кездесуі өтті.
Меймандар Қазақстанға 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылау мақсатында келген.
Дауыс беру күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл жиын халықаралық байқаушыларға сайлау процесінің барысы, саяси ұйымдардың ұстанымдары және олардың сайлауалды науқанға қатысуы туралы жан-жақты мағлұмат беруді көздейді.
Басқосуда «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан партия төрағасының кеңесшісі, «Қазақстан кәсіпкер әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Меруерт Айтқажықызы Қазбекова сөз сөйледі.
Кездесу барысында Меруерт Қазбекова партияның басты ұстанымын таныстырып, сайлау процесіне, ұйым қызметіне және кандидаттардың сайлауалды додасына қатысуына қатысты «Ақ жол» партиясының көзқарасын ортаға салды.
Елімнің амандығы үшін: Дания Еспаева Арыстанбаб кесенесіне зиярат етті
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған партия өкілдері Түркістан өңіріндегі киелі мекен – Арыстанбаб кесенесіне арнайы барып, баба рухына тағзым етті.
Халқымызда «Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет, баптардың бабы – Арыстанбаб» деген терең мағыналы сөз бар. Түркі әлемінің пірі болған Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің рухани ұстазы Арыстанбабтың кесенесі ғасырлар бойы ұлттың зиярат етіп, тілек тілейтін қасиетті орнына айналған.
Дания Еспаева мен партия мүшелері киелі топыраққа табан тіреп, бабалар ізімен жалғасып келе жатқан дәстүрге құрмет көрсетті.
Зиярат барысында құрбан шалынып, партия өкілдері еліміздің тыныштығын, жеріміздің бүтіндігін және халқымыздың амандығы мен ырыс-берекесін тілеп, дұға жасады.
Саясат құрғақ сөзді емес, шыңдалған тәжірибе, берік ұстаным мен нақты нәтижені талап етеді.
Кезекті блиц-сұхбатта Серік Ерубаев өзінің еңбекке деген көзқарасы, азаматтық ұстанымы және ел ертеңі үшін не маңызды екені туралы ой қозғайды.
Салмақты мәселелерге берілген қысқа жауаптар — тұлғаның болмысын, саяси бағыты мен басты мақсатын жақынырақ тануға мүмкіндік береді.
Жаңа блиц-сұхбатты тамашалаңыздар!
https://www.instagram.com/reel/DcTLoCKi8cw/?igsi=MXFqaHY1NzVzc2VobA==
«Ақ жол» партиясы халықаралық байқаушылармен кездесті
«Ақ жол» демократиялық партиясы орталық кеңсесінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясынан (ҰҚШҰ ПА) келген халықаралық байқаушылар тобымен маңызды кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының алдағы сайлауын бақылау мақсатында келген мәртебелі делегациямен емен-жарқын пікір алмасу ұйымдастырылып, маңызды саяси мәселелер талқыланды.
Халықаралық байқаушылар миссиясының құрамында ҰҚШҰ ПА Жауапты хатшысы Сергей Поспелов бастаған делегация бар. Атап айтқанда, көршілес елдердің парламенттерінен келген Нилуфар Алимжанова мен Баир Жамсуев секілді өкілдер еліміздегі саяси науқанның барысын халықаралық стандарттар аясында бақылауға арнайы атбасын бұрған.
Кездесуге «Ақ жол» партиясы тарапынан Орталық аппарат басшысы Асылхан Қожахметов, партия төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев, Астана қалалық филиалының төрағасы Асқар Смағұлов және Орталық аппараттың Халықаралық бөлімінің басшысы Әсем Аққужанова қатысты. Басқосу барысында тараптар өзара ынтымақтастық байланыстарды бекемдеу, елдегі саяси доданың — сайлау науқанының қарқыны мен Құрылтайдың жаңа рөлі жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.
Диалог форматында өткен жиын барысында алдағы сайлаудың ашықтығы, заңдылығы мен демократиялық талаптарға сай өтуінің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Партия өкілдері мен халықаралық байқаушылар ашық пікір алмасып, алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласа
"Ақ жол" Демократиялық партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабының мүшелері қаладағы ірі ARAY CITY MALL сауда орталығында Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды 23 тамыздағы Құрылтай сайлауында "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырды.
Ютуб-канал «Жұрттың баласы»провёл интересный разбор политических программ партий Казахстана и составил «карту» их позиционирования по отношению к экономическим и политическим свободам.
По этой оценке, Демпартия «Ак жол» является наиболее продвинутой в плане конкурентной рыночной экономики и либерального государства.
https://youtu.be/Ob5GdgfmJ9g?si=UFR7eQeJwBc4ZDm0
Госзакупки должны давать бизнесу возможности, а не создавать новые барьеры.
Как предпринимателю работать и развиваться в существующих условиях? Что необходимо менять в системе и почему государству важно слышать тех, кто ежедневно сталкивается с этими вопросами на практике?
Микрюков Виктор — о своем опыте, взгляде на бизнес и проблемах, которые требуют конкретных решений.
Подробнее — в нашем блиц-опросе.
https://www.instagram.com/reel/DcSm3fLsivX/?igsi=dWdjaWE4ZmcyZjds
Экономикалық өсім есептегі сандармен емес, еңбек адамының табысымен өлшенуге тиіс
Шымкенттегі «LOTTE Рахат» өндірістік алаңында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дәния Еспаева кәсіпорын ұжымымен кездесті.
Кездесуде жұмысшылардың әл-ауқаты, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі, шағын бизнесті қолдау және несие мөлшерлемелерін төмендету мәселелері талқыланды.
Отандық өндіріс — жұмыс орындары мен тұрақты табыстың негізі. Сондықтан қымбат несие мен әкімшілік кедергілер кәсіпорындардың дамуына тосқауыл болмауы керек.
Еңбек адамының мүддесін қорғау — ел экономикасын қорғау!
23 тамызда — №6. «Ақ жолға» дауыс беріңіз!
«Ақ жол»: экономикалық дербес жастар — қуатты мемлекеттің тірегі
20 тамызда Шымкент қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған Жастар форумы өтті. Іс-шараға партия төрағасы Дәния Еспаева, Қазыбек Иса және Мұхтар Шимиров қатысты.
Форум барысында жастар кәсіпкерлігін дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, Салық кодексін жетілдіру, кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік және салықтық жүктемені азайту мәселелері талқыланды.
«Ақ жолдың» ұстанымы айқын: жаңа жұмыс орындарын шенеуніктер емес, кәсіпкерлер ашады. Сондықтан салық жүйесі адал бизнесті жазалаудың құралына емес, оның дамуына жағдай жасайтын тетікке айналуға тиіс. Ал мемлекет кәсіпкерлік бастамаға кедергі келтірмей, баршаға ортақ әрі түсінікті ережелерді қамтамасыз етуі қажет.
Кездесуде отбасы институтын нығайту және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне де назар аударылды. Берік отбасы құр ұраннан емес, тұрақты жұмыстан, лайықты табыстан және ертеңгі күнге деген сенімнен басталады.
Ашық пікір алмасу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері жастар саясаттың сырттай бақылаушысы емес, елдегі өзгерістердің белсенді қозғаушы күші болуы тиіс екенін атап өтті.
Форум соңында қатысушылар 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырылды.
23 тамызда — №6. «Ақ жолға» дауыс беріңіз!
Өзгерістер «Ақ жолмен» бірге!
Отандық өндіріс — қуатты экономиканың негізі
20 тамызда сайлауалды науқан аясында «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Дәния Еспаева бастаған Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Шымкент қаласындағы «QAZALPACK» өндірістік кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Қазыбек Иса мен Мұхтар Шимиров қатысты.
Партия өкілдері кәсіпорын цехтарын аралап, заманауи технологиялық желілердің жұмысымен және өнім шығару үдерісімен танысты.
Кездесуде отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, жұмыс орындарын сақтау және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өндіріс саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алынды.
«Ақ жол» үшін нақты сектор мен отандық бизнесті қолдау — ел экономикасының тұрақтылығы мен жаңа жұмыс орындарының негізі.
23 тамызда «Ақ жолға» дауыс беріңіз! Бюллетеньде — №6.
Когда цель выше личных амбиций, меняется и отношение к результату.
Бек-Мухамед Жаукебаев — о целях, мотивации, собственных принципах и о том, что помогает не останавливаться на достигнутом.
Короткие вопросы и ответы, которые позволяют узнать кандидата не только как политика, но и как человека.
Смотрите новый блиц-опрос.
https://www.instagram.com/reel/DcQ0hT6CUJp/?igsi=N2pvaGhvbzRuancw
Кандидат в депутаты Құрылтая от Демократической партии «Ак жол» Бактыбек Бибаев проанализировал предвыборную программу партии Respublica и объяснил, почему шаблонные лозунги и модные термины не могут заменить чёткую идеологию, конкретные обязательства и ответственность перед страной.
Құрғақ уәде емес, нақты іс керек!
Бүгін Қазақстанға жалаң ұрандар емес, халық игілігіне жарайтын нақты шешімдер қажет. «Ақ жол» партиясы ұлттық мүддені ту еткен тәуелсіз мемлекетті қолдайды. Біз адал билік, ашық басқару, пәрменді парламенттік бақылау мен бәріне ортақ әділ сотты жақтаймыз.
Мемлекет қаржысына үлкен жауапкершілік керек. Қайтарылған активтер мен қазына қаржысы тікелей мектеп, аурухана, тұрғын үй мен заманауи инфрақұрылымға жұмсалуы тиіс. Экономикаға серпін беретін басты күш – еркін кәсіпкерлік пен қуатты өндіріс. Нағыз тәуелсіздік – адал еңбекпен табысқа жету, ісіңді кедергісіз бастау және ертеңге деген сенім.
Өзгерісті бірге жасайық! «Ақ жол» партиясына дауыс беріңіздер!
