es
Feedback

¡No caigas en manos de tramposos! Telemetrio encuentra y marca estos canales 👉 Si quieres ver la etiqueta, suscríbete

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Ir al canal en Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Mostrar más
El país no está especificadoLa categoría no está especificada
1 746
Suscriptores
+124 horas
+37 días
+630 días
Archivo de publicaciones
Аллаһ Елшісі 👑 намаз уақыты кіргенде, сол уақытта онымен бірге әңгімелесіп отырған отбасы мүшелерін ұмытып, намазға, Аллаһқа бойұсынуға асығатын. Айша анамыз радыйаллаху анха намаз дегенде, бізді ұмытып, бірден намазға асығатын деп Оның 👑 тақуалығын тамсана сипаттайтын. #сүннет #насихат

💜Аллаһқа келгенде адамдарды ұмыту, адамдарға келгенде нәпсіңізді ұмыту-сүннет. 🪶Әл Ләтыфқа мұқтаж жүрек #сүннет #насихат

Сыртқы әдемілікке тым көп назар аударып, сонымен әурелену-ішкі әдемілікті (жүректі) бұзады. #насихат

Түске дейінгі уақытта жасауға 5 сүннет 🕯️ 🪟 🩷 таңғы зікірлер, дұғалар Аллаһ үшін (Аллаһ құлдарының таңғы-кешкі зікір, дұғаларға уақыт бөліп, Аллаһқа жалбарынып, әлсіздіктерін мойындап, Оны ұлықтауларын сондай бағалайды. Тіпті Аллаһ Елшісінің өзіне 💛 “қасыңнан қума, әйтпесе залымдардың қатарына қосыласың” деуімен оларды қалай бағалайтынын көрсетіп тұр💔
وَلَا تَطْرُدِ ٱلَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِٱلْغَدَوٰةِ وَٱلْعَشِىِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُۥ ۖ مَا عَلَيْكَ مِنْ حِسَابِهِم مِّن شَىْءٍ وَمَا مِنْ حِسَابِكَ عَلَيْهِم مِّن شَىْءٍ فَتَطْرُدَهُمْ فَتَكُونَ مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ Раббыларының разылығына бөленуді ғана тілеп, ертелі-кеш жалбарынып дұға ететін (қарапайым ғаріп мүміндерді мүшріктер айтты екен деп) қасыңнан қума. Олар өз істеріне өздері жауап береді, сен олар үшін жауапқа тартылмайсың, олар да сен үшін жауапқа тартылмайды. Ендеше, оларды қасыңнан қума, әйтпесе, залымдардың қатарына қосыласың. («Әнғам» сүресі 6:52) ♥️ әрі келесі аятта ондай құлдарды Мейіріміне бөлейтінін, таңғы-кешкі уақыттағы дұға, мінәжаттарын Өзіне шүкіршілікке санап, қабылдауда🥹🤍 وَكَذَٰلِكَ فَتَنَّا بَعْضَهُم بِبَعْضٍ لِّيَقُولُوٓا۟ أَهَٰٓؤُلَآءِ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَيْهِم مِّنۢ بَيْنِنَآ ۗ أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِأَعْلَمَ بِٱلشَّٰكِرِينَ Біз осылайша адамдарды бір-бірімен сынаймыз (яғни, мансап, шен-шекпен, нәсіл, ата тек пен байлықты артық көретіндер қоғамдағы қарапайым мүміндер жайлы): «Алла тағаланың арамыздан басқа ешкімді таппағандай жарылқап, жақсылығына бөлегені солар болды ма?!» – деп айтады. Дегенмен Алла (бүкіл нығметтердің бір Алладан келетінін біліп) өзіне лайықты түрде шүкіршілік ететін (һәм нығметіне бөленуге лайықты) құлдарын бәрінен жақсы біледі емес пе?! (Әнғам сүресі, 6:53)
🩷 Күніңізді 3 ке бөлу Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 күнін үшке бөлетін: құлшылыққа, өзіне, өзгеге. 📆 Яғни, әркімнің, әрнәрсенің ақысын беруге мұқият болған. Бір рет әйелдеріне бөлетін уақытта бір мәселелермен кешігіп қалады, сондай кезде жұбайлары оның үнемі дәл уақытында келетінін ескеріп, не болды екен деп уайымдайды) 🩷 Құранды мағынасына ой жүгіртіп оқу, әр аятқа жауап беру Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 жәннат жайлы аяттарды оқыса, Аллаһтан жәннат тілеп, азап аяттары келсе, пана сұрап, ұлықтау сөздері келсе ұлықтап, әр аятқа тиісті ақысын бермей, келесісіне өтпейтін, тіпті кейде 1 аятты қайта-қайта оқып, мағынасына ойланып, жылаған кездері көп болатын. 🧕Соның бір мысалы, Имран сүресінің соңғы 10 аятын оқып, бұл аятты түсінбегендерге өкінішті деп жылағанын Айша анамыз радыйаллаху анха таңғалып сипаттаған) 🩷Жақындарыңыздың, науқастардың жағдайын сұрау, мүмкіндік болса зиярат ету Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 таң намазынан кейін жамағатына бұрылып, 🧡 бүгін кім қандай түс көрді, жорып берейін деп сұрайтын болған. Сосын, кім бүгін садақа берді, кім жаназа оқыды, кім науқасты зиярат етті деп сұрайтын болған. Әбу Бакр радыйаллаху анху “мен” деп әр сұрағына жауап беретін. Оо сондай озық кісі еді салиқалы амалдарда. Егер бір сахабасы көрінбей қалса, оны да сұрастырып, іздейтін еді, үйіне де баратын еді) 🩷 Жымиып жүру Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 жеке қалғанда көбіне мұңлы, ой үстінде болатын.🤎Үмметін уайымдап. Ал адамдармен болғанда, одан асқан көп жымиятын адам болмаған.💐Ол сондай адамдарға қуаныш сыйлап, жымиып тыңдап, жымиып сұрақ қойып, жымиып жауап беретін. Оған қараған әр адамның жүрегі махаббатқа толатын) 🌺 Әл-Ләтыфтың құлы #сүннет #береке

Repost from N/a
اللّٰهُمَّ اجْعَلْ فِى قَلْبِى نُورًا وَفِى لِسَانِى نُورًا وَفِى سَمْعِي نُورًا وَفِى بَصَرِى نُورًا وَمِنْ فَوْقِى نُورًا وَمِنْ تَحْتِى نُورًا وَعَنْ يَمِينِى نُورًا وَعَنْ شِمَالِى نُورًا وَمِنْ أَمَامِى نُورًا وَمِنْ خَلْفِى نُورًا وَاجْعَلْ فِى نَفْسِى نُورًا وَأَعْظِمْ لِى نُورًا وَعَظِّمْ لِى نُورًا وَاجْعَلْ لِى نُورًا وَاجْعَلْنِى نُورًا اللّٰهُمَّ أَعْطِنِى نُورًا وَاجْعَلْ فِى عَصَبِى نُورًا وَفِى لَحْمِى نُورًا وَفِى دَمِى نُورًا وَفِى شَعْرِى نُورًا وَفِى بَشَرِى نُورًا اللّٰهُمَّ اجْعَلْ لِى نُورًا فِى قَبْرِى وَنُورًا فِى عِظَامِى وَزِدْنِى نُورًا وَزِدْنِى نُورًا وَزِدْنِى نُورًا وَهَبْ لِى نُورًا عَلَى نُورٍ «Аллааһуммәж‘әл фии қалбии нууран уә фии лисәәнии нууран уә фии сәм‘ии нууран уә фии бәсарии нууран уә мин фәуқии нууран уә мин тәхтии нууран уә ‘ан иәмиинии нууран уә ‘ан шимәәлии нууран уә мин әмәмии нууран уә мин ẋалфии нууран, уәж‘әл фии нәфсии нууран уә а‘зим лии нууран уә ‘аззим лии нууран, уәж‘әл лии нууран, уәж‘әлнии нууран, Аллааһуммә а‘тинии нууран, уәж‘әл фии ‘асабии нууран уә фии ләхмии нууран уә фии дәмии нууран уә фии шә‘рии нууран уә фии бәшәрии нууран». (Аллаhуммәж‘әл лии нууран фии қабрии уә нууран фии ‘изаамии) (уә зиднии нууран уә зиднии нууран уә зиднии нууран) уә hаб лии нууран ‘аләә нурин». «Йа, Алла! Жүрегіме нұр сал, тіліме нұр сал, құлағыма нұр сал, жанарыма нұр сал және менің үстімен нұр бер, астымнан нұр бер, оң жағымнан нұр бер, сол жағымнан нұр бер, алдымды нұрландыр, артымды нұрландыр, жан дүниеме нұр сал, мен үшін нұрды ұлы ет, әрі мен үшін нұрды үлкен ет, мен үшін нұрды жақ әрі менің өзімді нұр ет! Йа, Алла! Маған нұр сыйлай көр, сіңірлеріме нұр сал, тәніме нұр сал, қаныма нұр сал, шашыма нұр сал, теріме нұр сал. Йа, Алла! Менің қабіріме нұр сал, сүйектеріме нұр сал, нұрды маған көбейте көр, нұрды маған көбейте көр, нұрды маған көбейте көр, маған нұр үстіне нұр сыйла. (хадис, Бұхари)

Дұға “Дүниедегі, Ахиреттегі, күллі ісімдегі Жалғыз Қамқоршым🤍маған қайда қарасам да тек Сенің Ісіңді, Сенің Ісіңнен Мейіріміңді көріп, ол іс бітіп, даналығын Сенің үйретуіңмен түсінбестен бұрын да Сенің Мейіріміңді көріп, соған сеніп, Саған шынайы тәуекел етуді, Сенің Мейіріміңді ғана көргеннен барлық нәрседен-Саған махаббатым арта түсуін нәсіп етуіңе мұқтажбын, өзім де, өзгелер де көрінбей, Тек Сен Көрінетін йақин, жүрек нәсіп етші, сыйлашы Раббым” #дұға

۞ لَّيْسَ عَلَيْكَ هُدَىٰهُمْ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهْدِى مَن يَشَآءُ ۗ وَمَا تُنفِقُوا۟ مِنْ خَيْرٍ فَلِأَنفُسِكُمْ ۚ وَمَا تُنفِقُونَ إِلَّا ٱبْتِغَآءَ وَجْهِ ٱللَّهِ ۚ وَمَا تُنفِقُوا۟ مِنْ خَيْرٍ يُوَفَّ إِلَيْكُمْ وَأَنتُمْ لَا تُظْلَمُونَ (Уа, Мұхаммед! Осынау үкімдерді адамдарға жеткізу тікелей міндетің болғанымен) оларды (жаппай) тура жолға салу сенің міндетің емес. Аллаһ қалағанына ғана тура жолға түсуді нәсіп етеді. (Міне, сондықтан істеген жақсылықтарыңды міндетсінбеңдер, өйткені) қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де, өздерің үшін (яғни пайдасы мен сауабы өздеріңе тиеді). Сендер онсыз да (мүмін ретінде) не берсеңдер де, тек бір Аллаһтың разылығына бөлену үшін бересіңдер. Игі жолда не сарп етсеңдер де, сауабын толық аласыңдар және әсте әділетсіздікке ұшырамайсыңдар (ақыларыңды ешкім жемейді). («Бақара» сүресі 2:272)

Аллаһтың әмірімен оны (адамды) алдынан да, артынан да алма-кезек бақылайтын һәм қорғайтын, не істеп, не қойғанын түгел жазып отыратын періштелер бар. Қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Аллаһ ол қауымды өзгертпейді. Егер Аллаһ бір қауымның басына қандай да бір жамандықтың келуін қаласа, оның бетін ешкім де қайтара алмайды. Адамдарға Аллаһтан өзге қамқор болатын ешкім жоқ. («Рағыд» сүресі 13:11)

Пассивті сабыр емес, активті сабырды үйренуіміз керек🧡 Адам баласы сынаққа тап болғанда, сабыр етейін, шыдайын, тазару болады, артынан нығмет болады деп, бірақ сол сынақ арқылы келіп тұрған тәрбиені көрмесе, көруге тырыспаса, оның пассивті сабырынан көп пайда болмайды. Себебі, сынақ арқылы Аллаһ құлдары тек қиындыққа шыдаумен қиналғанын қаламайды, жалпы Раббымыз құлдарына тек жақсылық қалайды, Оны қиналып, мұңайып, жертва рөліне түсуіміз Разы етпейді. Қайта сол қиындық арқылы тәрбиені ұғыну, тазару, кемелдену жолына түсу Оны Разы етеді. (Уа, Мұхаммед!) Бұл Құранды саған (оны адамдарға жеткізу жолында) машақат көрсін деп түсірген жоқпыз.(«То-Һа» сүресі 20:2) Біз оны Аллаһтан именетіндерге насихат һәм ескертпе ретінде ғана(«То-Һа» сүресі 20:3) Аллаһ Елшісі 🌱 уахиды жеткізу үшін көп қиындықтарға душар болды, алайды ол сол қиындықтардың өзіне емес, назарды Раббысы бұйырғандай мақсатқа, сол қиындық арқылы одан күтілетін міндетке, жауапкершілікке бұрды. Біз де қандай да бір сынаққа тап болғанда, жәй ғана шыдап отырмай, сол сынақ арқылы мен қалай өзгеруім керек, қандай пайдалы әдет, амалдар қалыптастыруым керек, қалай Раббым разы болатын құл бола аламын деп ойланып, соған сай әрекеттер жасауымыз керек. Раббымыз құлдарына жақсылық қалайды. 1) Сіз қарым-қатынаста сыналып жүрсеңіз, мақсат – көз жасыңыз емес, мақсат – бәлкім дұрыс коммуникацияны үйрену, бәлкім шүкірді, бағалауды үйрену, бәлкім әйелдік фитраңызға оралу, бәлкім көзді тыю… 2) Сіз денсаулықпен сыналып жүрсеңіз, мақсат – қиналуыңыз емес, мақсат – бәлкім көбірек қамқорлық жасау аманатыңызға, тәніңізге, бәлкім дұрыс тамақтанып үйрену, бәлкім ысыраптан арылу, бәлкім заңдылыққа сай дұрыс амалдар жасау, соқыр тәуекел етпей… 3) Сіз құлшылықпен сыналып жүрсеңіз, мақсат – жалығуыңыз, өзіңізді күштеп, зорлау емес, бәлкім көбірек жүректі тексеру, бәлкім жиірек ниетті жаңарту, бәлкім пайдалы білім алып бастау, бәлкім алаңдатушы факторлардан арылу, бәлкім “мен” ді тастап, әлсіздігіңізді мойындап, Аллаһқа жалбарынып, табанды дұға етіп, кішірею… Аллаһ құранда сабыр етіп және игі амалдар жасағандар деп сипаттайды аяттарда мақтаулы құлдарын. Тек сабыр емес, қасында амалдар бірге жүреді🧡 Сол үшін Раббым бұл сынақ арқылы қандай маған жақсылық қалауда, менде қалыптастыруым керек болған не нәрсе жоқ? менде арылуым керек не нәрсе бар? Қандай кемелдену тәрбиесін көре аламын? деп ақылға салу пайдалы🧡 Ант етеміз! Сенен бұрын да көптеген үмбеттерге пайғамбарлар жібердік. (Алайда олар пайғамбарларға құлақ аспады). Сонда күнәларынан арылу үшін алдымызда бас иіп, жалынып-жалбарынсын, сөйтіп, қайтадан хақ жолға түссін деп, оларды жоқшылыққа, адам айтқысыз қиындықтарға душар қылып, жазаладық. («Әнғам» сүресі 6:42) Олар ең болмаса, азабымызға душар болғанда жалынып-жалбарынса ғой. Бірақ олардың жүрегі тас болып қатып қалған һәм шайтан оларға істеп жүрген күнәларын «безендіріп» өздеріне сондай жағымды, сондай керемет іс етіп көрсетті. («Әнғам» сүресі 6:43) Алайда (екі жағдайда да) сабыр етіп, (жақсылықтан үмітін үзбей, орынсыз мақтангөйлікке басып шолжаңдамай Аллаһтың разылығына бөлейтін) игі істер атқарғандардың жөні бөлек. Міне, сондай ізгі жандар үшін кешірім мен үлкен сый-сияпат бар. («Һуд» сүресі 11:11) #насихат #сынақ

Эстетика, гүлдер, ас үйіңіздің ыдыстарын салмай-ақ бақытты болуға болады🧡Сала берген сайын соған тәуелді болып кетесіз. Дофамин дейтін нейромедиатр сол арқылы ғана ләззат іздей бастайды. Әрі риякершілік қасиеті күшейіп кетуі мүмкін. Одан бөлек бүгінгі тақырыбымыздағы көз тию мәселесі бар…

Мен “береке” деген курс ашқан күндері бір ханым көрген түсімен бөліскен. Ия, байқасыңыздар, түстер жайлы көп айтамын, бөлісемін, сол арқылы белгілер көп болады. Оны да йақин артуына керемет Аллаһтың берген нығметі деп көріп, әрі қарай насихат алып, амал етуге қолдансақ. Аллаһ Елшісі 🌱 күнде таңертең таң намазын оқып болғасын, жамағатқа бұрылып қарап, кім қандай түс көргенін сұрап, жорып беретін болған. Сол арқылы Аллаһ құлдарына белгі беретінін айтып, кей сахабалары қорқынышты түсімен бөліссе, сен осы амалды жаса деп оған түсіне сай насихат айтып, жетектеп, нұсқап отырған. Юсуф сүресі де түстен басталады. Сонымен, әлгі ханым түсінде менен насихаттар естіп тұрғанын көреді. “Өміріңізді көрсетпеңіз, салмаңыз, тіпті спортпен айналысып жатқаныңызды да жасырыңыз, мен сөйтемін, әйтпесе береке кетеді”,-деп айтқызыпты Раббымыз мен арқылы. Осы арқылы насихат алсақ болады, бақытты болғыңыз келе ме, тыныш, қарапайым өмір сүріңіз, мақтаншақтықсыз, дәлелдеусіз, эмоциясыз, жасырып, әдемі шүкірін өтеп, сол бақытты сақтай аласыз🧡

Бүгін дәрігерімнің қабылдауында Хаммад кішкентай тастармен әдемі ойнап отырғанын көріп, дәрігер: “Түрін алмай, шетінен ойнап отырғанын суретке түсірсем болама? Күйеуіме жіберейін дегем, ол да дәрігер, ол маған балалармен қиын шығар деп ойлайды, мен қиын емес екенін, осындай методтарымды көрсеткім келіп тұр”,- деді. Мен келістім де, контент үшін бе деп ойлап қалғанымды айттым. Ол кісі: “жооқ, мен контент, сурет салу дегенді жақсы көрмеймін, мен бұрында сурет әлеум.желіге салған күні бірден ауырып қалатынымды бірнеше рет байқадым, содан кейін алыспын”,-деді. Көз тию – ақиқат. Аллаһ Елшісі 🌱 көз тиюден сақтануды сүннеті еткен. Арнайы дұғаларды оқу таңда, кешке әрі содан сақтандыратын амалдар жасау, мысалы бауырыңа сұқтанып, ұзақ қарамау, Аллаһтан береке тілеу дегендей. Бір рет бір кісі басқаға көзімен Аллаһтың қалауымен науқастануына себеп болғанын ескертіп, абайлауды насихаттаған. Қазір ойланбай, эмоциямен адамдар сала береді ғой. Бірақ, мінекей осындай мысалдар арқылы адам ойланса болады. Қаншалықты өміріңізге, ондағы берекеге бұл әрекетіңіз теріс әсер ететінін. Манағы кісі сурет салған күні ауырып қала берсе, сізде ондай болмауы мүмкін, сізде басқа нығметпен сыналу болуы мүмкін. Мысалы, отбасымен жанжал, уақытыңыздан береке кету, санаңыздағы, миыңыздағы проблемалар, мазасыздық, жалқаулық, ашушаңдық, құлшылықтағы әлсіздік дегендей.

Бүгін Аллаһтың қалауымен кішкене күш-қуат сезіп, соңғы күндерден алып жатқан сабақпен күнделігімде бөлісемін деп, сіздермен д
Бүгін Аллаһтың қалауымен кішкене күш-қуат сезіп, соңғы күндерден алып жатқан сабақпен күнделігімде бөлісемін деп, сіздермен де бөлісуді, аят, хадистермен кішігірім насихат жасауды жөн көрдім🧡

Адамдарға рақымымыздың дәмін таттыра қалсақ, соған масайрап шыға келеді. Ал өз қолдарымен істеген күнәларының кесірінен бастарына қандай да бір жамандық келсе, бірден түңіліп, бар жақсылықтан үміт үзеді. («Рум» сүресі 30:36)

Алайда (екі жағдайда да) сабыр етіп, (жақсылықтан үмітін үзбей, орынсыз мақтангөйлікке басып шолжаңдамай Аллаһтың разылығына бөлейтін) игі істер атқарғандардың жөні бөлек. Міне, сондай ізгі жандар үшін кешірім мен үлкен сый-сияпат бар. («Һуд» сүресі 11:11)

Ал егер басына түскен қиындықтан кейін оған қандай да бір нығметтің дәмін таттырсақ, еш шүбәсіз: «Қиыншылық пен жамандық атаулыдан біржола құтылдым-ау әйтеуір!» – деп (бұдан былай әсте қиындыққа тап болмайтындай) орынсыз тайраңдап, мақтанып жер-көкке сыймай кетеді. («Һуд» сүресі 11:10)