🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Ir al canal en Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
Mostrar másEl país no está especificadoLa categoría no está especificada
1 744
Suscriptores
-224 horas
+17 días
+430 días
Archivo de publicaciones
Адамның жүрегі қандай екені – тілінен, әрекеттерінен, тіпті жүрісінен білініп қалады.✨
#жүрек
+3
“Саналы, Көркем қарым-қатынас” топтық менторлығы 💗🌿✨
#менторлық
#конспект
Сбор жабылды🌿
Әрбір қолдап, көмектескен ханымға Аллаһ Өзінің Махаббатын нәсіп етсін! 💗
Repost from N/a
В1 такаллумнің ортасына келдік. Топтық сабаққа қатысқысы келетіндер болса жазсаңыздар(алдыңғы сабақтар сақтаулы) 🤍
Келесі ай А2 ге орын болады.
Йақин артқан сайын, өзгелерге айту, таң қалу азаяды, Аллаһқа айту, тыныштықпен қабылдау көбейеді.
رَّبَّنَآ إِنِّىٓ أَسْكَنتُ مِن ذُرِّيَّتِى بِوَادٍ غَيْرِ ذِى زَرْعٍ عِندَ بَيْتِكَ ٱلْمُحَرَّمِ رَبَّنَا لِيُقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ فَٱجْعَلْ أَفْـِٔدَةً مِّنَ ٱلنَّاسِ تَهْوِىٓ إِلَيْهِمْ وَٱرْزُقْهُم مِّنَ ٱلثَّمَرَٰتِ لَعَلَّهُمْ يَشْكُرُونَ
«Уа, Раббым! Мен ұрпағымның бір қатарын (дүниеге қызықпай) намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқысын деп қасиетті Үйіңнің маңына егін өспейтін бір алқапқа орнықтырдым. Енді сол ұрпағыма адамдардың бір бөлігінің көңілін түсіргейсің һәм Өзіңе шүкіршілік етуі үшін оларға кейбір (көкөністер мен) жемістерді ризық етіп бергейсің!»
(«Ибраһим» сүресі 14:37)Шынайы ықыласпен дұғаңызда сұрап жүрген затты Аллаһты көбірек еске алуға, көбірек шүкір етуге себеп қылып, ниет етсеңіз, дұғаңызға жауаптарды тез байқайсыз🌿✨
هَٰرُونَ أَخِى
«Бауырым Һарунды (жәрдемші қыла көр)!»
(«Та-Һа» сүресі 20:30)
وَأَشْرِكْهُ فِىٓ أَمْرِى
«Оны осы ісіме ортақ қылғайсың!»
(«Та-Һа» сүресі 20:32)
كَىْ نُسَبِّحَكَ كَثِيرًا
«Сол арқылы Сені (мінсізсің, кемелсің деп) көп ұлықтайтын болайық».
(«Та-Һа» сүресі 20:33)
وَنَذْكُرَكَ كَثِيرًا
«Өзіңді көбірек еске алайық».
(«Та-Һа» сүресі 20:34)فَفَهَّمْنَٰهَا سُلَيْمَٰنَ ۚ وَكُلًّا ءَاتَيْنَا حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُۥدَ ٱلْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَٱلطَّيْرَ ۚ وَكُنَّا فَٰعِلِينَ
Сөйтіп, аталмыш мәселеге қатысты ең дұрыс үкімді аян беру арқылы Сүлейменге білдірдік. Анығында, Біз екеуіне де дұрыс һәм орынды үкім шығара білу қабілетін, даналық және ілім бердік. Дәуітпен бірге Аллаһты ұлықтасын деп, таулар мен құстарды (оның көркем зікірі, әсем дауысы мен жаратылыс атаулыны тербелткен дауыс ырғағына тәнті қылып) оған бағынышты етіп қойдық. (Сөйтіп, олар да Дәуітке қосылып, зікір айтып, Аллаһты ұлықтайтын еді). Міне, осының бәрін Біз істедік.
(«Әнбия» сүресі 21:79)۞ وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا دَاوُۥدَ مِنَّا فَضْلًا ۖ يَٰجِبَالُ أَوِّبِى مَعَهُۥ وَٱلطَّيْرَ ۖ وَأَلَنَّا لَهُ ٱلْحَدِيدَ
Біз расында да, Дәуітке өз тарапымыздан артықшылық бердік. Сөйттік те: «Уа, таулар, онымен бірге Аллаһты («Сен – мінсізсің, кемшілік атаулыдан адасың, серігі жоқ жалғыз Құдайсың», – деп, өз тілдеріңмен) ұлықтаңдар», – дедік, құстарға да соны бұйырдық. Сондай-ақ ол үшін темірді жұмсарттық (яғни, оны темірді қамырдай илеп, одан қажетті бұйымдар жасайтын шебер ұста қылдық).
(«Сәбә» сүресі 34:10)Кез келген нығметті Аллаһты еске алу жолында қолданған сайын, оның БЕРЕКЕСІ арта береді 🌿✨
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Түске дейінгі уақытта жасауға 5 сүннет 🕯️ 🪟
🩷 таңғы зікірлер, дұғалар Аллаһ үшін
(Аллаһ құлдарының таңғы-кешкі зікір, дұғаларға уақыт бөліп, Аллаһқа жалбарынып, әлсіздіктерін мойындап, Оны ұлықтауларын сондай бағалайды. Тіпті Аллаһ Елшісінің өзіне 💛 “қасыңнан қума, әйтпесе залымдардың қатарына қосыласың” деуімен оларды қалай бағалайтынын көрсетіп тұр💔
وَلَا تَطْرُدِ ٱلَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِٱلْغَدَوٰةِ وَٱلْعَشِىِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُۥ ۖ مَا عَلَيْكَ مِنْ حِسَابِهِم مِّن شَىْءٍ وَمَا مِنْ حِسَابِكَ عَلَيْهِم مِّن شَىْءٍ فَتَطْرُدَهُمْ فَتَكُونَ مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ Раббыларының разылығына бөленуді ғана тілеп, ертелі-кеш жалбарынып дұға ететін (қарапайым ғаріп мүміндерді мүшріктер айтты екен деп) қасыңнан қума. Олар өз істеріне өздері жауап береді, сен олар үшін жауапқа тартылмайсың, олар да сен үшін жауапқа тартылмайды. Ендеше, оларды қасыңнан қума, әйтпесе, залымдардың қатарына қосыласың. («Әнғам» сүресі 6:52) ♥️ әрі келесі аятта ондай құлдарды Мейіріміне бөлейтінін, таңғы-кешкі уақыттағы дұға, мінәжаттарын Өзіне шүкіршілікке санап, қабылдауда🥹🤍 وَكَذَٰلِكَ فَتَنَّا بَعْضَهُم بِبَعْضٍ لِّيَقُولُوٓا۟ أَهَٰٓؤُلَآءِ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَيْهِم مِّنۢ بَيْنِنَآ ۗ أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِأَعْلَمَ بِٱلشَّٰكِرِينَ Біз осылайша адамдарды бір-бірімен сынаймыз (яғни, мансап, шен-шекпен, нәсіл, ата тек пен байлықты артық көретіндер қоғамдағы қарапайым мүміндер жайлы): «Алла тағаланың арамыздан басқа ешкімді таппағандай жарылқап, жақсылығына бөлегені солар болды ма?!» – деп айтады. Дегенмен Алла (бүкіл нығметтердің бір Алладан келетінін біліп) өзіне лайықты түрде шүкіршілік ететін (һәм нығметіне бөленуге лайықты) құлдарын бәрінен жақсы біледі емес пе?! (Әнғам сүресі, 6:53)🩷 Күніңізді 3 ке бөлу Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 күнін үшке бөлетін: құлшылыққа, өзіне, өзгеге. 📆 Яғни, әркімнің, әрнәрсенің ақысын беруге мұқият болған. Бір рет әйелдеріне бөлетін уақытта бір мәселелермен кешігіп қалады, сондай кезде жұбайлары оның үнемі дәл уақытында келетінін ескеріп, не болды екен деп уайымдайды) 🩷 Құранды мағынасына ой жүгіртіп оқу, әр аятқа жауап беру Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 жәннат жайлы аяттарды оқыса, Аллаһтан жәннат тілеп, азап аяттары келсе, пана сұрап, ұлықтау сөздері келсе ұлықтап, әр аятқа тиісті ақысын бермей, келесісіне өтпейтін, тіпті кейде 1 аятты қайта-қайта оқып, мағынасына ойланып, жылаған кездері көп болатын. 🧕Соның бір мысалы, Имран сүресінің соңғы 10 аятын оқып, бұл аятты түсінбегендерге өкінішті деп жылағанын Айша анамыз радыйаллаху анха таңғалып сипаттаған) 🩷Жақындарыңыздың, науқастардың жағдайын сұрау, мүмкіндік болса зиярат ету Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 таң намазынан кейін жамағатына бұрылып, 🧡 бүгін кім қандай түс көрді, жорып берейін деп сұрайтын болған. Сосын, кім бүгін садақа берді, кім жаназа оқыды, кім науқасты зиярат етті деп сұрайтын болған. Әбу Бакр радыйаллаху анху “мен” деп әр сұрағына жауап беретін. Оо сондай озық кісі еді салиқалы амалдарда. Егер бір сахабасы көрінбей қалса, оны да сұрастырып, іздейтін еді, үйіне де баратын еді) 🩷 Жымиып жүру Аллаһ үшін (Аллаһ Елшісі 🤎 жеке қалғанда көбіне мұңлы, ой үстінде болатын.🤎Үмметін уайымдап. Ал адамдармен болғанда, одан асқан көп жымиятын адам болмаған.💐Ол сондай адамдарға қуаныш сыйлап, жымиып тыңдап, жымиып сұрақ қойып, жымиып жауап беретін. Оған қараған әр адамның жүрегі махаббатқа толатын) 🌺 Әл-Ләтыфтың құлы #сүннет #береке
ثُمَّ قَسَتْ قُلُوبُكُم مِّنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ فَهِىَ كَٱلْحِجَارَةِ أَوْ أَشَدُّ قَسْوَةً ۚ وَإِنَّ مِنَ ٱلْحِجَارَةِ لَمَا يَتَفَجَّرُ مِنْهُ ٱلْأَنْهَٰرُ ۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَشَّقَّقُ فَيَخْرُجُ مِنْهُ ٱلْمَآءُ ۚ وَإِنَّ مِنْهَا لَمَا يَهْبِطُ مِنْ خَشْيَةِ ٱللَّهِ ۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ
Содан соң уақыт өте келе жүректерің қатайып кетті, жүректерің тас сияқты, тіпті одан да қатты. Алайда кейбір тастардан – атқылаған өзендер шығады; қақ жарылып ішінен қайнар су ағатын тастар да бар; енді бірі Аллаһтан қорыққаннан, опырылып биіктен құлап жатады. Аллаһ не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес.
(«Бақара» сүресі 2:74)Бәрін Аллаһтың қалауымен байланыстырып, үнемі әлсіздігіңізді мойындап, Аллаһтан үміт ету, Одан сұрау – барлық жақсылықтың, құтылудың кілті. ✨💗
#насихат
يُدْخِلُ مَن يَشَآءُ فِى رَحْمَتِهِۦ ۚ وَٱلظَّٰلِمِينَ أَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمًۢا
Ол қалағанын шексіз рақымына бөлейді. Сондай-ақ Ол (Өзіне өзгелерді серік етіп қосып, кешірілмес күнәға батқан) залымдар үшін жан төзгісіз азап дайындап қойды.
(«Инсан» сүресі 76:31)