cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Al-Azim

Алла Тағала барлығымызға мызғымас иман, пайдалы iлiм, адал ризық, таза жүрек берiп, екi дүниеде де ізгі пенделерiнiң қатарына қосқай! Әмин! •жақындарыңызбен бөлісіңіздер

Show more
Advertising posts
788
Subscribers
-224 hours
-97 days
-2030 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Айт қүтты болсын, жақсым!
Show all...
10🎉 3
Repost from Narkes
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): مَنْ وَجَدَ سَعَةً فَلَمْ يُضَحِّ فَلَا يَقْرَبَنَّ مُصَلَّانَا «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деген (ибн Мәжә).   Алла Тағала барша мұсылман қауымының құрбандық күндері шалған құрбандықтарын қабылдыққа жазып, атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріне сауаптан жазғай!
Show all...
6🎉 2👍 1🕊 1
Көптеген адамның тозақтан құтылатын ең үлкен күн – арапа күні. Осы бір күні мына дұғаны көп айтыңдар: «Уа, Аллаһым! Мені тозақтан құтқар! Маған адал ризығымды мол етіп бер! Және адамзат пен жындардың жаманынан мені сақтай көр!» ©️Ардақты сахаба Али (радиаллаһу анһу)
Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.
Show all...
10
Repost from Ainur_ustaz_
Тәкбір ташриқ сөздері: 👇🏼👇🏼👇🏼 Ертең 15-маусым арапа күні таң намазынан соң айтып бастайсыздар. Әр парыз намаздан соң сәлем бере салып айтамыз. Басқа уақытта да көбірек айту керек. Аллаһу акбар, Аллаһу акбар! Лә илааһа иллаллаһу, уаллаһу акбар! Аллаһу акбар, уә лиллаһил хамд!
Show all...
10
Repost from Ainur_ustaz_
Photo unavailableShow in Telegram
Арапа күні айтылатын ең абзал дұға. Көбірек айтыңыздан. Ертең 15-ші маусым Арапа күні.
Show all...
9
Алла тағаланың есім-сипаттарын келтіре отырып дұға ету
بِسْمِ اللّٰهِ الرَّحْمٰنِ الرَّحيمِ اَللّٰهُمَّ اِنِّي اَسْئَلُكَ بِاَسْمَائِكَ يَا اَللّٰهُ ﴿١﴾ يَا رَحْمٰنُ ﴿٢﴾ يَا رَحِيمُ ﴿٣﴾ يَا عَلِيمُ ﴿٤﴾ يَا حَلِيمُ ﴿٥﴾ يَا عَظِيمُ ﴿٦﴾ يَا حَكِيمُ ﴿٧﴾ يَا قَدِيمُ ﴿٨﴾ يَا مُقِيمُ ﴿٩﴾ يَا كَرِيمُ ﴿١٠﴾ سُبْحَانَكَ يَا لاَ اِلٰهَ اِلَّا اَنْتَ الْأَمَانَ الْأَمَانَ خَلِّصْنَا مِنَ النَّارِ ﴿١﴾ Бисмилләәһир рахмаанир рахиим Аллааһуммә инни әс-әлукә би-әсмәәикә 1. Я, Аллаһ 2. Я, Рахмаан 3. Я, Рахиим 4. Я, ‘алиим 5. Я, Хәлиим 6. Я, ‘азиим 7. Я, Хәкиим 8. Я, Қадиим 9. Я, Муқиим 10. Я, Кәриим 1) Субхәәнәкә я ләә иләәһә иллә әнтәл-әмәәнәл-әмәәнә халлиснәә минән-наар Алла тағалам, осы көркем есімдеріңмен шексіз мейіріміңе арқа сүйеп сұраймын және өзіңе ғана жалбарынамын. 1. Уа, бүкіл тіршілік атаулының шынайы жаратушысы, түрлі кемшіліктерден пәк, барлық көркем есімдердің және барлық жаратылыстың жалбарынушысының иесі Алла, 2. Уа, бұл дүниедегі жақсы да, жаман да алаламай бүкіл жаратылысқа ырзық беруші Рахман, 3. Уа, ақиретте (өзіне мойынсұнған) тек ізгі құлдарына ғана рақымшылық сыйлап, оларды шексіз мейіріміне бөлеуші Рахим, 4. Уа, білімі ғаламдағы бүкіл-ірілі ұсақты, ашық жасырын беймәлім болып жатқан нәрселердің барлығын қамтыған, шексіз ғылым иесі Алим, 5. Уа, құлдарын күнә жасаған мезетте жазаламай, оларға тәубе етуі үшін мұрсат беретін, өте сабырлы Хәлим, 6. Уа, шексіз ұлылық пен құдіреттіліктің иесі Азим, 7. Уа, барлық істерін асқан даналықпен жасайтын Хәким, 8. Уа, тіршілігінің (бар болуының) бастауы мен соңы жоқ Қадим, 9. Уа, барлық тіршілік атаулыны мүлтіксіз жүйемен ұстап тұрған және ешбір нәрсеге мұқтаждығы болмаған Мұқим, 10. Уа, құлдарына жақсылықтары мен сыйлықтарын молынан беретін, шексіз мейірімділік пен жомарттықтың иесі бүкіл атақ-абырой өзіне тән, істері мақтауға лайық, кешірімді Раббымыз Кәрим. 1) Я, Алла! Сен ұлықсың! Сенен басқа құдай жоқ! Тек өзіңнен ғана жәрдем тілейміз. Бізді жаһаннам отынан сақтай көр!
Show all...
10
اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَ عَلَىٰ آلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَ عَلَىٰ آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ. (٠١) Оқылуы: Аллааһуммә салли ‘аләә Мухаммәдин уә ‘аләә әәли Мухаммәдин кәмә салләйтә ‘аләә Ибраһимә уә ‘аләә әәли Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид. (10 рет) Мағынасы: Уа, Алла тағалам, әзірет Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) әзірет Мұхаммедке және оның отбасына салауат еткейсің. Шүбәсіз, Сен – бар мадаққа лайықсың һәм ұлысың! اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَ عَلَىٰ آلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَ عَلَىٰ آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيد.(١٠) Оқылуы: Аллааһуммә бәәрик ‘аләә Мухаммәдин уә ‘аләә әәли Мухаммәдин кәмә бәәрактә ‘аләә Ибраһимә уә ‘аләә әәли Ибраһимә иннәкә Хамиидун Мәжиид. (10 рет) Мағынасы: Уа, Алла тағалам, әзірет Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, әзірет Мұхаммедке және оның отбасына да береке бергейсің. Шүбәсіз, Сен – бар мадаққа лайықсың һәм ұлысың!
Ерекшелігі: Адамзаттың мақтанышына арнап салауат айтып, сәлем жолдаудың артықшылығына қатысты бізге көптеген хадистер жеткен, соның бірі Әбу Дәрда (р.а.) жеткізген бір хадис шәріпте Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдайтын болса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді», – деген. (Мәжму’атуз-зәуәид, 10-том, 120-бет; әт-Тәрғиб уәт-тәрһиб, 1-том, 261-бет; Файдул-қадир, 6-том, 169-бет) Ескерту: Ардақты Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арнап айтылатын салауаттың түр-түрі бар. Алайда күнделікті бес уақыт намазда оқылатын осы салауат Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі ұсынған және барша мұсылманға мәлім салауат болып табылады.
Show all...
6
لاَ إِلٰهَ إِلاَّ أَنْتَ لاَ شَرِيكَ لَكَ. سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ أَسْتَغْفِرُكَ لِذَنْبِي وَ أَسْأَلُكَ رَحْمَتَكَ. اَللَّهُمَّ زِدْنِي عِلْمًا وَ لاَ تُزِغْ قَلْبِي بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنِي وَهَبْ لِي مِنْ لَدُنْكَ رَحْمَةً، إِنَّكَ أَنْتَ الْوَهَّابُ. Оқылуы: Лә иләәһә илләә әнтә, ләә шәриикә ләкә, субхаанәкаллааһуммә астағфирукә ли-зәнбии уә әс’әлукә рахмәтәк. Аллааһуммә зиднии ‘илмән уә ләә тузиғ қалбии ба‘дә из һәдәйтәнии уә һәб лии мин ләдункә рахмәтән иннәкә әнтәл-уәһһәәб. Мағынасы: (Уа, Алла тағалам!) Бір Өзіңнен басқа тәңір жоқ. Серігің де жоқ. Уа, Алла тағалам, Сені (ұлылығына жарас-пайтын кемшілік атаулыдан адасың, мінсізсің деп) ұлықтаймын. Күнәм үшін бір Өзіңнен кешірім өтініп, шексіз мейіріміңе бөлеуіңді сұраймын! Уа, Алла тағалам, ілімімді арттыра көр! Тура жолға салғаннан кейін жүрегімді ауытқыта көрме. Сондай-ақ, мені шексіз мейіріміңе бөлей гөр. Шүбәсіз, Сен – мол сый-сияпатқа бөлеушісің!
Ерекшелігі: Ардақты Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өнегелі ғұмырының басым бөлігіне, соның ішінде, күндізі мен түніне бірдей куә болған Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаларды ұйқыдан тұрғанда міндетті түрде оқыған екен. (Сунәну Әби Дәууд, Китәбул-әдәб 4402) 📖 “Пайғамбарымыздың ﷺ таңғы және кешкі дұғалары”
Show all...
6
اَلْحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذِي أَحْيَانَا بَعْدَ مَا أَمَاتَنَا وَ إِلَيْهِ النُّشُورُ. Оқылуы: Әлхамду лилләһил-ләзии ахйәәнә ба‘дә мәә әмәәтәнәә уә иләйһин-нушуур. Мағынасы: Бар мадақ бізді өлтіріп, қайта тірілткен Аллаға тән! (Уа, Алла тағалам!) Соңында бәріміз де бір Өзіңе қайтамыз.
Ерекшелігі: Бұл дұға да сенімді хадис кітаптарының көбінде кездеседі. Аталмыш дұғаны жеткізген Әбу Зәрр мен Хузәйфа ибн Ямән (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны күнде таңертең ұйқыдан тұрған бойда оқығандығын жеткізген. (Сахих Бұхари, Дағауат 5837; Сахих Мүслим, Китәбуз-зикр 4886; Сунәну Ибни Мәжа, Китәбуд-ду‘а 3870; Муснәду Ахмәд, Муснәду әл-ансар 20404)
Show all...
6
“Пайғамбарымыздың ﷺ таңғы және кешкі дұғалары”
اللَّهُمَّ بِكَ أَصْبَحْنَا وَ بِكَ أَمْسَيْنَا وَ بِكَ نَحْيَا وَ بِكَ نَمُوتُ وَ إِلَيْكَ النُّشُورُ. Оқылуы: Аллааһуммә бикә асбахнәә уә бикә әмсәйнәә уә бикә нахя уә бикә нәмууту уә иләйкән-нушуур. Мағынасы: Уа, Алла тағалам! Сенің арқаңда таң атырып, Сенің арқаңда кеш батырдық. Сенің арқаңда тіршілік етіп, Өзіңнің қалауыңмен дүниеден озамыз. Соңында қайта тіріліп, бір Өзіңе қайтамыз.
Ерекшелігі:
«Кутубу ситтә» деп аталатын ең сенімді алты хадис кітабының төртеуінде де аздаған өзгеріспен кездесетін бұл дұға жайлы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Кімде-кім аман-есен таң атырса, осы дұғаны оқысын. Сондай-ақ, кімде-кім амандықпен кеш батырса, осы дұғаны оқысын»
,
– деген.
(Сунәну Тирмизи, Китәбуд-дағауат 3313; Сунәну Әби Дәууд, Китәбул-әдәб 4406; Сунәну Ибни Мәжа, Китәбуд-ду‘а 3858; Муснәду Ахмәд, Бақи Муснәди әл-муксириин 10345)
Show all...
6