cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Al-Azim

Бұл дұғалар кәдеңізге жарарына сенімдіміз. Алла Тағала әрбіріңізге көп сауаптан жазғай! •жақындарыңызбен бөлісіңіздер

Show more
Advertising posts
798
Subscribers
No data24 hours
-117 days
-630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

«Шүбәсіз, бұл дұға – оқыған адамды қорғайтын сауыт іспетті»
اَللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ فَجْأَةِ الْخَيْرِ وَ أَعُوذُ بِكَ مِنْ فَجْأَةِ الشَّرِّ. Оқылуы: Аллааһуммә иннии әс'әлукә мин фәж'әтил-хайри уә а‘уузу бикә мин фәж'әтиш-шәрр. Мағынасы: Уа, Алла тағалам! Сенен тосын жақсы-лықтар сұраймын. Сондай-ақ, күтпеген жамандықтардан сақтай көр деп, бір Өзіңе сиынамын!
Ерекшелігі:
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыз-дың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұғаны таңғы және кешкі уақыттарда үзбей оқығандығын айтып: «Расында, адам баласы таңертең немесе кешке өзін не күтіп тұрғанын білмейді», – деген. Осы дұғаға қатысты Мунәуидің «Файдул-қадир» атты еңбегінде Ибн әл-Қайим: «Кімде-кім бұл дұғаны үзбей оқыса, қаншалықты ізгілікті дұға екендігін түсінеді, әрі көптеген пайдасын көреді. Бұл дұға адамды Алланың қалауымен көз тиюден де сақтайды. Ал егер көз тиген болса, оның кері әсерін жояды. Әйтсе де бұл – осы дұғаны оқыған құлдың иманының беріктігіне, тәуекелінің бекемдігіне және жүрегінің тазалығына байланысты. Шүбәсіз, бұл дұға – оқыған адамды қорғайтын сауыт іспетті», – деген. (Мәжма‘уз-зәуәид, 10-том, 115-бет; Муснәду Әби Я‘ла, 6-том, 106-бет; Файдул-қадир, 5-том, 10-бет)
Show all...
6
اَللَّهُمَّ مَا أَصْبَحَ بِي مِنْ نِعْمَةٍ أَوْ بِأَحَدٍ مِنْ خَلْقِكَ فَمِنْكَ وَحْدَكَ لاَ شَرِيكَ لَكَ فَلَكَ الْحَمْدُ وَ لَكَ الشُّكْرُ. Оқылуы: Аллааһуммә мәә асбаха бии мин ни‘мәтин әу биахадин мин халқикә фә минкә, уахдәкә ләә шәриикә ләкә, фәләкәл-хамду уә ләкәш-шукр. Мағынасы: Уа, Алла тағалам! Осы таңда маған немесе жаратқандарыңның біріне берілген қандай да бір нығмет бір Өзіңнен ғана. Сенің ешбір серігің жоқ. Айтылған бар мақтау мен сансыз алғыс бір Өзіңе ғана тиесілі.
Ерекшелігі: Бұл дұға дәл осы қалпында Ибну Рәжәб әл-Ханбәлидің «Жами‘ул-‘улум» атты еңбегінде, Бәйһақидің «Шу‘абул-иман» атты еңбегінде және басқа да дереккөздерде кездеседі. Аталмыш дереккөздердегі хадистерге зер салып қарасақ, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл дұға жайлы былай деп айтқанын көреміз: «Кімде-кім бұл дұғаны таңертең оқыса, Алланың алдындағы сол күнгі, ал кім кешке оқыса, сол түнгі шүкіршілік ету борышын өтеген болады». Дәл осы мағыналас бір хадис Әбу Дәуіттің «Сунәнінде» де кездеседі. (Жами‘ул-улум, 1-том, 244-бет; Сунәну Әби Дәууд, Китәбул-әдәб 4411)
Show all...
7
يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ أَسْتَغِيثُ أَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ وَ لاَ تَكِلْنِي إِلَىٰ نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ. Оқылуы: Я, Хайю! Я, Қаййуум! Бирахмәтикә әстәғиису аслих лии шә'нии кулләһу уә ләә тәкилнии иләә нәфсии тарфәтә ‘айн. Мағынасы: Уа, мәңгі Тірі әрі күллі жаратылысты меңгеріп тұрған Алла! Шексіз мейіріміңе сүйене отырып, бір Өзіңнен жәрдем сұраймын. Менің барлық ісімді оңынан жарылқай көр әрі мені қас-қағым сәтке болса да нәпсіммен оңаша қалдыра көрме!
Ерекшелігі: Хаким ән-Нәйсабуридің «Мустәдрак» атты еңбегіндегі бір хадисте Абдулла ибн Масғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай да бір қиын жағдайға душар болғанда осы дұғаны оқитындығын жеткізген. Сондай-ақ, аталмыш еңбектегі басқа бір хадисте Әнәс ибн Малик (р.а.) былай деген: «Расулуллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйікті қызы Фатимаға: «Әй, Фатима! Осы дұғаны ертелі-кеш аузыңнан тастамай үзбей оқы», – деп айтқанын естідім». (әл-Мустәдрак 1-том, 730-бет, 1875 және 2000-хадистер)
Show all...
6
اَللّٰهُمَّ إِنّ۪يٓ أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ الْجُبْنِ وَالْبُخْلِ وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ غَلَبَةِ الدَّيْنِ وَقَهْرِ الرِّجَالِ (٣). Оқылуы: Аллааһуммә иннии а‘уузу бикә минәл-һәмми уәл-хазән, уә а‘уузу бикә минәл-‘ажзи уәл-кәсәл, уә а‘уузу бикә минәл-жубни уәл-бухл, уә а‘уузу бикә мин ғалабатид-дәйни уә қаһрир-рижәәл (3 рет). Мағынасы: Уа, Алла тағалам, мені уайым жеуден, қайғы-қасіреттен, дәрменсіздіктен, жалқау-лықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан сақтай көр!
Ерекшелігі: Белгілі сахаба Әбу Саид әл-Худри (р.а.) аталмыш дұғаға қатысты мына бір оқиғаны әңгімелеген: Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан тыс уақытта мешітке кіргенінде, ансарлық Әбу Үмәмә атты бір кісінің отырғанын көріп: «Әй, Әбу Үмәмә! Намаздан тыс уақытта мешітте не істеп істеп отырсың?» – деп сұрайды. Ол: «Уа, Алланың елшісі! Қарызға белшеден батып, қатты қиналып отырмын», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Саған оқығаныңда уайым-қайғыңды сейілтіп, қарыздарыңнан Алланың Өзі құтқаратын бір дұға үйретейін бе?» дегенде, Әбу Үмәмә (р.а.): «Әлбетте, уа, Алланың елшісі!» – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған осы дұғаны үйретіп: «Бұл дұғаны таңертең және кешке үзбей оқып жүр», – дейді. Кейіннен Әбу Үмәмә: «Мен Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырғанын бұлжытпай орындап жүрдім. Соңында, Алла тағала менің барлық уайым-қайғымды сейілтіп, қарыздарымнан да толық құтылдым», – деген болатын. (Сунәну Әби Дәууд, Китәбус-салат 1330)
Show all...
6
«Аллахумма салли ‘аля сәийдина Мухаммадин ‘адәдә мә ‘индаллаһи минәл ‘адәди би кулли ләмхати ‘айним минәл әзәли иләл әбәд» Әзелден(ежелден) шексіздікке дейінгі бүкіл көздердің ашылып жабылуы санынша,Алланың іліміндегі цифрлардың санынша( яғни “сан жетпес”) Мұхаммед пайғамбарымызға салауат!
Show all...
9
“Уа, Раббым! Өзің разы болмайтын нәрселерден мені алыс ет. Жүрегімді нұрыңмен жарқырат һәм тіліме Саған шүкір етуді үйрет. Сені пәктеуіммен көңіліме тазалық бер”. (Низами Гәнжәуи)
Show all...
7
“Уа, Алла тағалам! Күнәларымнан бас тартып, Өзіңе қауышам. Өзіңе тәубе етем. Мен оларға қайта оралмаймын. Алла тағалам,Сенің жәрдемің мен кешірімің менім күнәларыма қарағанда әлдеқайда көп әрі Сенің шексіз мейірімің менім құлшылығыма қарағанда сарқылмас үміт бастауы”. (Тәубе намазының дұғасы)
Show all...
7
Аббас айтады: «Кімде-кім осы салауатты оқыса, Пайғамбарымыз сол кісіге, анасына, әкесіне және жақындарына иншалла шапағат ететін болады». Аллаһуммә салли 'алә сәйидинә Мухаммәдин уә тақаббәл шәфаʻатәһул кубра уә әрфә‘а дәрәжәтәһүл ‘улйа уә әтиһи суләһу фил ахирәти уәл улә кәма әтәйта Ибраһими уә Муса. 📖 “Сағынышқа толы салауат”
Show all...
8
Әнәс ибн Маликтен риуаят. Пайғамбарымыз былай деген: «Кімде-кім жұма күндері осы секілді салауат етсе, Хақ Тағала оның сексен жылдық күнәсын кешіреді». Аллаһуммә салли 'алә Мухаммәдин 'абдикә уә Расуликән нәбийл уммий. 📖 “Сағынышқа толы салауат”
Show all...
6
Қады Йаздың «Шипа Шәріп» кітабынан Зейдулхабтан риуаят: Пайғамбарымыз былай депті: «Кімде-кім осы салауатты оқыса, менің шапағатым оған уәжіп болады». Аллаһуммә салли 'алә Мухаммәдин уә әнзилһу мүнзәләл муқаррәба 'индәкә яумал-қиямати. 📖 “Сағынышқа толы салауат”
Show all...
8