Информатика | Python | Олимпиада
前往频道在 Telegram
Оқушылар мен ұстаздарға информатика олимпиадасында бағыт-бағдар беретін пайдалы ресурс
显示更多554
订阅者
无数据24 小时
-47 天
-1030 天
帖子存档
Repost from TESTCENTERKZ
📣ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
💻2026 жылғы 1-6 сәуір аралығында app.testcenter.kz сайтында ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
📆ПББ-ның өзі 2026 жылғы 7-15 сәуір аралығында өтеді.
✅Бұл тестілеуге қатыса алады:
✍️біліктілікті арттыратын немесе растайтын педагогтер (2026 жылы бірінші мүмкіндік тегін, екінші мүмкіндік – 5640 тг.);
✍️педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша колледж және жоо түлектері болып табылатын тәжірибесі жоқ кандидаттар және педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар (2026 жылы бірінші мүмкіндік үшін тегін, келесі мүмкіндіктер үшін – 5640 тг.).
📝Педагогтер үшін тестілеу 1 блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады.
⏰Тестілеу ұзақтығы – 80 минут, ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 125 минут.
ℹ️Толығырақ testcenter.kz сайтында «Тестіленушілерге» ➡️ «Педагогтердің білімін бағалау» бөлімінде таныса аласыздар.
🔔🔔🔔🔔🔔🔔
📣ОЦЕНКА ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ
💻С 1 по 6 апреля 2026 года на сайте app.testcenter.kz будет проводиться прием заявлений на ОЦЕНКУ ЗНАНИЙ ПЕДАГОГОВ.
📆ОЗП пройдет с 7 по 15 апреля 2026 года.
✅В данном тестировании могут принять участие:
✍️педагоги, повышающие или подтверждающие квалификацию (первая попытка в 2026 году бесплатная, вторая попытка – 5640 тг.);
✍️кандидаты без стажа, которые являются выпускниками колледжей и вузов по педагогическим (специальностям) направлениям и лица, желающие возобновить педагогическую деятельность (первая попытка в 2026 году бесплатная, для последующих попыток – 5640 тг.).
📝Для педагогов тестирование состоит из 1 блока и 50 тестовых заданий.
⏰Продолжительность тестирования – 80 минут, а для сдающих предметы «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» – 125 минут.
ℹ️Подробнее можете ознакомиться на сайте testcenter.kz в разделе «Тестируемым» ➡️ «Оценка знаний педагогов».
+6
600 финалист, 10 ел, мықты бәсеке. Осындай додада топ жару үшін тек бақ сынау жеткіліксіз. Мықты база мен нақты дағды керек 👇
Бүгінгі халықаралық Infomatrix-тегі жеңіс — сол мықты іргетастың заңды жемісі. "AI Hackathon" категориясында топ жарған 9-сынып оқушылары Ерболат Әлназар, Сабыр Ілияс, Бекбулатов Ерасыл және "Applied Science" категориясында СДУ-дың 100% грантын иеленген 11-сынып оқушысы Бейбіт Санжар өз мықтылықтарын нақты дәлелдеді.
Бірақ мен үшін ең бағалысы марапаттың өзі емес. Ең бағалысы — жігіттердің осы жолдағы трансформациясы және 2023 жылғы түлек шәкіртімнің жаңа буынға тәлімгер болуы 🤝
Бұл жүйе қалай жұмыс істеді? Жеңістің артында қандай құпия жатыр? Карусельді парақтап, халықаралық Infomatrix сайысының ішкі асханасымен танысыңыз 👉
+5
600 финалист, 10 ел, мықты бәсеке. Осындай додада топ жару үшін тек бақ сынау жеткіліксіз. Мықты база мен нақты дағды керек 👇
Бүгінгі халықаралық Infomatrix-тегі жеңіс — сол мықты іргетастың заңды жемісі. "AI Hackathon" категориясында топ жарған 9-сынып оқушылары Ерболат Әлназар, Сабыр Ілияс, Бекбулатов Ерасыл және "Applied Science" категориясында СДУ-дың 100% грантын иеленген 11-сынып оқушысы Бейбіт Санжар өз мықтылықтарын нақты дәлелдеді.
Бірақ мен үшін ең бағалысы марапаттың өзі емес. Ең бағалысы — жігіттердің осы жолдағы трансформациясы және 2023 жылғы түлек шәкіртімнің жаңа буынға тәлімгер болуы 🤝
Бұл жүйе қалай жұмыс істеді? Жеңістің артында қандай құпия жатыр? Карусельді парақтап, халықаралық Infomatrix сайысының ішкі асханасымен танысыңыз 👉
Repost from Python от педагога-мастера
🔥 Регистрация на курс «Python от педагога-мастера» ОФИЦИАЛЬНО ОТКРЫТА!
За 10 недель мы с нуля выстроим мощную алгоритмическую базу для сдачи ОЗП, ЕНТ и олимпиад. Никакой воды, только практика (100+ задач), живые разборы и моя личная поддержка.
Переходите по ссылке, внимательно читайте все условия (я расписал там каждую деталь прозрачно и честно) и бронируйте свое место:
🔗 Ссылка на анкету: tiny.cc/master-python
❗️ Важный момент: чтобы обучение состоялось и было максимально эффективным, нам нужно собрать группу минимум из 30 человек.
Если после прочтения анкеты останутся вопросы — смело пишите в комментарии или мне в личку. Погнали работать! 💻🚀
Источник: t.me/python3master
Repost from Python от педагога-мастера
🔥 Запись мастер-класса уже на YouTube!
Для тех, кто не смог быть онлайн или хочет пересмотреть разбор сложных задач — залил полное видео эфира.
Что внутри:
⚡️ Разбор ловушек ОЗП: показываю, как решать страшные задачи структурировано и поэтапно.
⚡️ Немного личного: моя 4-месячная борьба за баллы на ОЗП и мой путь педагога.
⚡️ От школы до мирового IT: как правильная база помогает проходить жесткие интервью (кейс моего ученика в Bloomberg).
Эфир получился максимально плотным, без воды и скучной теории. Берите чай, открывайте Python и погнали писать красивый код! 💻
🎥 Смотреть запись мастер-класса: https://youtu.be/0wlyqLtDS9A
P.S. В конце видео я презентовал полную 10-недельную программу моего курса по Python и алгоритмам. Все подробности тоже там! 😉
👇 Делитесь инсайтами после просмотра в комментариях! Какой пример кода удивил больше всего?
Источник: t.me/python3master
Repost from Python от педагога-мастера
🔥 ОЗП сдали только 17%. Что делать дальше и как тащить Python?
Недавно ради интереса зашел в общий чат информатиков (нас там около 2000 человек). Опрос группы показал, что ОЗП прошли всего 17%. И это, честно говоря, шок.
С прошлого года из тестирования убрали педагогику и методику, оставив только профиль. А в этом году добавили очень много вопросов по Python. Вопросы объективно сложные и выходят за пределы школьной программы.
Одна из коллег в чате написала: "Нас тут 2000 человек, неужели нет того, кто сможет подготовить нас ко второй попытке?". Я ответил, что готов, и многие поддержали.
Буду с вами предельно честен. Я не пытаюсь строить из себя спасителя. Сейчас я максимально сконцентрирован на своих онлайн-курсах по информатике на казахском языке (там критически не хватает качественных ресурсов). Но я вижу реальный спрос, вижу боль моих коллег с этим ОЗП и понимаю, что могу закрыть эту потребность на русском языке.
Я знаю систему тестирования изнутри: в 2024 году я 4 месяца добивался справедливости по своим результатам вплоть до уровня вице-министра, поэтому прекрасно понимаю, где зарыты главные ловушки.
Поэтому я решил запустить этот канал и провести открытый мастер-класс по Python для ОЗП:
🗓 Когда: Сегодня (суббота, 28 февраля)
⏰ Время: 14:00
📍 Где: В прямом эфире на этом канале
Кто будет вести трансляцию?
Меня зовут Нурсултан Ахметов — я педагог-мастер, соавтор учебников "Астана-кітап" и наставник 300+ призеров олимпиад. Подробнее обо мне читайте в закрепленном сообщении на моем канале.
Обязательно включайте уведомления, чтобы не пропустить старт! И перешлите этот пост коллегам-информатикам, которым сейчас нужна поддержка перед второй попыткой. Мы справимся. 👇
🔗 Ссылка: t.me/python3master
Repost from Kazakhstan CP Federation
❓ Uzdik IT Ustaz: часто задаваемые вопросы
Отвечаем на самые важные вопросы:
этапы олимпиады, как пройти в финал и как зарегистрироваться ⚡️
📅 Первый отборочный этап:
30 января, 16:00
📌 Регистрация - по ссылке
370 000 000$ тұратын бір ғана қателік 🚀🔥
1996 жыл, 4 маусым. Ariane 5 зымыраны аспанға көтерілгеннен кейін небәрі 40 секундтан соң жарылып кетті. Себебі не деп ойлайсыз? Қозғалтқыш па? Жанармай ма?
Жоқ. Себебі — бір ғана айнымалының дерек типі.
Бағдарламашылар 64-биттік бөлшек санды (float) 16-биттік бүтін санға (int) сыйдырмақшы болды. Нәтижесінде — «сан сыймай қалды» (overflow), жүйе істен шықты және 370 миллион доллар ауаға ұшты.
Көпшілік үшін «айнымалы» немесе «дерек типі» — информатиканың жалықтыратын тақырыбы. Бірақ кәсіби девелопер үшін бұл — бағдарламаның іргетасы.
Жаңа видеода біз дәл осы «іргетасты» қалай дұрыс қалауды үйренеміз:
✅ айнымалылар мен олардың қасиеттері;
✅ деректер типтері мен type() функциясы;
✅ неге Python-да типтер автоматты түрде анықталады?
✅ f-string және мәндерді алмастырудың кәсіби әдістері.
Бұл видеодан кейін сіздің кодыңыз Ariane 5 сияқты жарылмайды, керісінше, жаңа биіктерге көтеріледі! 😉
🔗 Видеоны көру:
https://www.youtube.com/watch?v=mx1eH7zqnZE
🚀 Challenge: Бұл тарихты бағдарламалауды оңай деп жүрген досыңа жібер. Дерек типтерін білмеу — «миллиондарды» жоғалтумен тең!
👇 Пікірге жаза кетіңіз: Сіздің кодыңызда осындай «кішкентай» қатеден үлкен мәселе туындаған кез болды ма?
#Python4Olymp #НұрсұлтанАхметов
Дереккөз: t.me/python4olymp
print() функциясын білемін деп ойлайсыз ба? 🤔
Көпшілік үшін бұл — экранға мәтін шығарудың қарапайым жолы ғана. Бірақ ҰБТ мен олимпиада тапсырмаларында бұл функцияның нағыз "сиқыры" басталады.
Мен бұл 30 минуттық сабаққа 10 сағаттан астам уақытымды және 11 жылдық ұстаздық тәжірибемді салдым. Бұл — жай ғана видео емес, бұл — кәсіби деңгейге өту.
🔗 Видеоны көру:
https://www.youtube.com/watch?v=f-D3tMJaY40
😎 Challenge:
Python-ды жаңа бастаған немесе «бәрін білемін» деп жүрген досыңызға жіберіңіз. Көрейік, ол мына 30 минут ішінен өзіне неше жаңа инсайт табады екен? 😉
👇 Ал Python-ды 0-ден бастап ең жеңіл түрде үйренем десеңіз:
Комментарийге “Python” деп жазыңыз.
Python әлемін бағындыруды бірге бастайық! 🚀
Дереккөз: t.me/python4olymp
+3
4 жыл информатикадан олимпиадчигім болған шәкіртім - Дарханмен кездесу!
Бүгін Қарағандыға менімен арнайы кездесу үшін келіп қалыпты 🫂
Дарханның хикаясын жоғарыдағы карусельде қалдырдым😉
Дереккөз: t.me/python4olymp
XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZHO) — ҚОЛА! 🥉
Оқушым Даниялдың халықаралық деңгейдегі нәтижесі — 4 жылғы жүйелі дайындығының жемісі. Күміске небәрі 1 балл жетпей қалса да, бұл — әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттіліктің белгісі және жеңістердің бастамасы ғана😉
Егер сіз де осындай халықаралық додаларда топ жаруды армандасаңыз, алғашқы қадамды осы жексенбіде бірге жасайық. Жаңа курсымыздың басталуы олимпиада әлеміне ашылған үлкен есік болмақ. Дайындыққа қосылуға асығыңыздар!🔥
Дереккөз: t.me/python4olymp
Repost from Kazakhstan CP Federation
Бір хабарлама жоспарды өзгертеді 📣
Біз Uzdik IT Ustaz информатика пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданың жаңа маусымын бастаймыз!
🗓 30 қаңтар
⏰ 16:00
⏱ Ұзақтығы: 2 сағат
🌐 Форматы: онлайн
📌 Іріктеу кезеңіне барлық аймақтың мұғалімдері қатыса алады.
Облыстық және қорытынды кезеңге қатысатын аймақтар тізімін жақында жаңалықтарда күтіңіздер!
🔗 Сілтеме арқылы олимпиада ережесімен танысып, тіркелулеріңізді сұраймыз.
—
Одно уведомление, которое меняет планы 📣
Мы запускаем новый сезон олимпиады для учителей информатики Uzdik IT Ustaz!
🗓 30 января
⏰ 16:00
⏱ Продолжительность: 2 часа
🌐 Формат: онлайн
📌 В отборочном этапе могут участвовать учителя из всех регионов.
Список регионов, участвующих в областном и финальном этапах, скоро будет опубликован в новостях!
🔗 Ознакомиться с правилами олимпиады и зарегистрироваться можно по ссылке.
Жалғасы жазылмай қалыпты…
Менің оқушым, студент бола тұра, биыл жазда Лондондағы Bloomberg компаниясына Software Engineer позициясына стажировкаға шақырту алды. Оның 3 айлық табысы — 15 000 фунт стерлинг (шамамен 10 млн теңге). Бұған қоса, компания оның визасы мен ұшу билеттерін толық өз мойнына алды.
🚀 Неге бүгін бағдарламалауды үйрену керек? Сіз мектеп оқушысы, студент, ұстаз немесе IT-ге қызығып жүрген жан болсаңыз да — бағдарламалау бүгінгі күннің басты құралы. Stack Overflow Survey 2025 мәліметінше, Python — әлемдегі ең жылдам дамып жатқан және ең танымал тіл. Бұл жай ғана код емес, бұл — жаңаша ойлау жүйесі. Менің курсым — “тез баю” туралы емес, Bloomberg сияқты алпауыттарға жол ашатын сапалы білім туралы.
Құрметті әріптестер, ұстаздар! Шәкіртіміздің Bloomberg немесе Google деңгейіне жетуі — біздің берген бағытымыз бен білімімізге тікелей байланысты. Біз тек бағдарламалау тілін емес, баланың тағдырын қалаймыз. Оқушыны биікке жетелеу үшін, ұстаздың өзі сол деңгейден көрінуі тиіс. Сіздерді де осы даму жолына қосылуға шақырамын.
🚀 Болашаққа алғашқы қадам — бүгіннен басталады. Мен “Python 1-деңгей 2.0” курсын бастаймын. Бұл жай ғана оқу емес, бұл — нағыз маман болуға бағытталған алғашқы сапалы іргетас.
👇 Курс туралы мәлімет алғыңыз келсе: Комментарийге “Python” деп жазыңыз. Мен сізге бағдарлама мен тіркелу жолын жіберемін.
Құндылық — білімде, нәтиже — еңбекте. Бірге бастайық!
Дереккөз: t.me/python4olymp
Миллионер студенттің құпиясы 👨🏻💻✈️🇬🇧👇
Қазіргі “тез байып кету” мен “оңай ақша” тренд болып тұрған заманда, нағыз білім мен еңбектің құны жоғалып бара жатқандай көрінеді. Бірақ нарық — алдамайды. Нағыз маманның бағасы әрдайым биік.
Менің оқушым, студент бола тұра, биыл жазда Лондондағы Bloomberg компаниясына Software Engineer позициясына стажировкаға шақырту алды. Оның 3 айлық табысы — 15 000 фунт стерлинг (шамамен 10 млн теңге). Бұған қоса, компания оның визасы мен ұшу билеттерін толық өз мойнына алды.
Жалғасы комментарий бөлімінде 👇
Дереккөз: t.me/python4olymp
Python. 30 күн. 100+ есеп! 🔥🚀👇
Python-ды неше рет бастап, орта жолда тастап кеттіңіз? Көбісі алғашқы күрделі циклдер мен функцияларға келгенде тоқтап қалады. Жалғыз үйрену қиындау, өйткені қатеңізді түсіндіретін, бағыт беретін орта жоқ.
Мен, Ахметов Нұрсұлтан — педагог-шебер санаты бар Үздік педагог пен ҰБТ сұрақтарын әзірлеушімін. 300+ олимпиада жүлдегерін дайындаған методикамды бір курсқа жинақтадым.
🚀 Авторлық курсымның ерекшелігі:
🔹 0-ден функцияға дейін ең қарапайым жолмен үйренесіз
🔹 ACMP және Codeforces-та 100+ олимпиадалық есеп
🔹 ҰБТ мен ПББ тесттерінде Python сұрақтарынан қиналмай шешесіз
📈 Оқу форматы:
🔹 Аптасына 3 жаңа тақырып + 3 үй жұмысы
🔹 Жексенбі күндері тікелей эфирде есеп талдау
🔹 12 ай бойы материалдарға толық қолжетімділік
👥 Күшті коммюнити — нәтиже кепілі! Біз орта жолда тоқтауға жол бермейміз. Жабық чаттағы пікірлестер ортасы мен менің жеке бақылауым — сіздің ең қиын сәттегі тірегіңіз!
🔗 Толық ақпарат алу үшін комментарийге “Python” деп жазыңыз 👇
Дереккөз: t.me/python4olymp
📌 PYTHON 1-ДЕҢГЕЙ КУРСЫ
Сәлем, достар! Байланыста — Нұрсұлтан Ахметов 👋🏻 Менімен танысқысы келетіндерді taplink.cc/nursultan.akhmetov сілтемесі арқылы күтемін 😉
Соңғы айларда маған келетін сұрақтардың басым бөлігі — ҰБТ/ПББ тестіне қатысты болсын, олимпиадаға қатысты болсын — “Python бойынша курсыңыз бар ма?”
Шыны керек, 2022 жылы жарық көрген 30 сағатқа жуық авторлық курсым әлі күнге дейін көптеген оқушылар мен әріптестерімнің жоғары бағасына ие болып келеді. Алайда, уақыт бір орнында тұрмайды, ал сұраныс күн сайын артып жатыр.
Сондықтан мен бұл бағдарламаны заман талабына сай жаңартып, кез келген мақсатқа (Олимпиада | ҰБТ | ПББ) сәйкес келетін бірегей шешім жасауды жөн көрдім. Осылайша, алдарыңызға жаңа авторлық жобамның алғашқы бөлімі — “Python 1-деңгей” курсын ұсынамын!
🚀 КУРС КІМДЕРГЕ АРНАЛАДЫ?
• 7-11 сынып оқушыларына
• Информатика мұғалімдеріне
• Бағдарламалауды үйренгісі келетіндерге
🎯 КУРС МАҚСАТТАРЫ:
• Python негіздерін 0-ден бастап функцияларға дейін толықтай меңгеру
• ҰБТ және ПББ тесттерінде Python сұрақтарынан максималды балл жинау
• ACMP және Codeforces платформаларында 100+ олимпиадалық есеп шығару
• IT мен Информатика саласына қажетті ең басты дағды — алгоритмдік ойлауды дамыту
🎯 КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ:
1. Енгізу мен шығару операторлары: input, print
2. Айнымалылар және деректер түрлері: int, float, str, bool
3. Арифметикалық және жолдық операторлар: +, -, *, /, //, **, %
4. Математикалық функциялар: min, max, round, abs, pow, sqrt, isqrt, ceil, floor, gcd, lcm
5. Шартты және ерекшелік операторлар: if, elif, else; try, except
6. Салыстыру және логикалық операторлар: ==, !=, >, >=, <, <=; and, or, not
7. Циклді басқару операторлары: for; while, else; break, continue
8. Күрделі басқару құрылымдары (шарттың ішінде шарт, цикл ішінде цикл)
9. Жолдар: индекстер, срездер, циклдермен байланыс, “in” операторы
10. Жолдық әдістер: isnumber, isalpha, isupper, islower, upper, lower
11. Бір өлшемді тізімдер мен кортеждер: индекстер, циклдармен байланыс
12. Тізім әдістері: append, extend, insert, pop, remove, clear, index, count, sort, reverse, copy
13. Тізімдермен қолданылатын функциялар: len, enumerate, sorted, reversed, sum, min, max, all, any
14. Функциялар: def; parameters, arguments; return, exit
🎯 ОҚУ ФОРМАТЫ (100+ практикалық есеп):
• acmp.ru және codeforces.com платформаларында күнделікті жұмыс
• Дүйсенбі, Сәрсенбі, Жұма: Жаңа тақырып + үй тапсырмасы
• Сейсенбі, Бейсенбі, Сенбі: Үй жұмыстарын видео-талдау
• Жексенбі: Codeforces контесті және тікелей эфирдегі онлайн талдау🏁
• Қорытынды: Курс соңында барлық тақырыптарды қамтитын үлкен контест
🤝 КУРС БАРЫСЫНДА ҚОЛДАУ:
• Тікелей эфирлер: Әр жексенбі LIVE-кездесуде апталық қорытынды жасап, қиын есептерді бірге талдаймыз және барлық сұрақтарыңызға жеке жауап беремін.
• Арнайы жабық Telegram чаты: курс авторымен үнемі байланыста болып, кез келген уақытта кәсіби көмек ала аласыз.
• Ұзақ мерзімділік: Барлық сабақ жазбалары мен материалдарға 12 ай бойы қолжетімділік.
📌 НЕГІЗГІ АҚПАРАТ:
🗓 Курс мерзімі: 19.01.26 - 17.02.26
⏳ Ұзақтығы: 30 күн қарқынды дайындық
💳 Курс құны: 30 000 ₸ - 40 000 ₸ (тіркелу уақытына байланысты)
🔗 КУРСҚА ТІРКЕЛУ СІЛТЕМЕСІ:
👉 tiny.cc/python-level1
📈 Облыстық олимпиада нәтижелері 2026 (Алдын ала)
Қайырлы күн, құрметті әріптестер мен оқушылар!
Білім додасының ең толқынысты сәті келді. Олимпиада — бұл тек қана рейтинг емес, бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Мен сіздердің әрқайсысыңыздың талпыныстарыңызды мақтан тұтамын! ✊🏻
Төменде алдын ала нәтижелерді екі түрлі форматта бөлісіп отырмын:
📂 1. Өңірлік және сыныптық талдау:
Мұнда облыстар мен сыныптар арасындағы бәсеке қалай өрбігенін көре аласыздар.
Сілтеме: https://t.me/python4olymp/50
📂 2. Жалпы рейтинг:
Аймаққа қарамастан, барлық қатысушылар арасындағы нақты көрсеткіштер.
Сілтеме: https://t.me/python4olymp/49
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! 🏆 Ал жоғары ұпай жинай алмаған оқушыларға айтарым: бұл тек бастамасы. Әрбір қате — жаңа білімге бастар жол.
🚀 Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Тоқтамаңыздар!
Реакция қоюдан олимпиада болса, алтын алатын сияқтысыздар ғой! 🥇😂
Информатика олимпиадасына қалай өзіміз дайындаламыз? | 2-күн
Сәлем, достар! Кеше біз информатика олимпиадасының іргетасы мен стратегиясы туралы сөйлестік. Бүгін теориядан нақты практикаға көштік.
📅 Бүгінгі эфирде: Біз Stepik, CodeHS, ACMP, Codeforces платформаларымен жұмыс істеп, оларды оқу процесіне қалай тиімді енгізуге болатынын қарастырдық. Оқушыларды жүйелі жаттықтырудың нақты жолдарымен бөлістім.
Егер тікелей эфирге қатыса алмай қалсаңыз немесе ақпаратты қайта бекіткіңіз келсе — жазба дайын! 👇
🎥 Екінші күннің жазбасын көру: https://youtu.be/qFsWvteY9y0
📌 Маңызды ескерту: Мастер-класста айтылған барлық пайдалы ресурстар (тегін курстар, есептер архиві, практикалық сайттар) YouTube-тегі видеоның сипаттамасында (описание) жинақталған. Сондықтан видео астындағы сілтемелерді тексеруді ұмытпаңыздар!
Дереккөз: t.me/python4olymp
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
