ch
Feedback
Хитба және неке💞

Хитба және неке💞

前往频道在 Telegram

Үйленуге/ тұрмысқа шығуға дайындық және қарым-қатынас туралы кеңестер✨ Ер адамдар да тіркеле алады🙌🏻

显示更多
553
订阅者
无数据24 小时
+17 天
+730 天

数据加载中...

标签云
无数据
有任何问题?请刷新页面或联系我们的客服
进出提及
---
---
---
---
---
---
吸引订阅者
一月 '25
一月 '25
+9
在0个频道中
十二月 '24
+38
在0个频道中
Get PRO
十一月 '24
+25
在0个频道中
Get PRO
十月 '24
+59
在1个频道中
Get PRO
九月 '24
+55
在1个频道中
Get PRO
八月 '24
+240
在3个频道中
Get PRO
七月 '24
+278
在1个频道中
日期
订阅者增长
提及
频道
09 一月0
08 一月+1
07 一月+1
06 一月0
05 一月+2
04 一月+1
03 一月+1
02 一月+1
01 一月+2
频道帖子
Нағыз еркек - сыртта лайықты (достойно) түрде жүріп, өзін байыпты ұстайтын адам. Ал үйде балаша ойнап, отбасымен көңілді болған адам.
Керісінше емес. Сыртта күліп-ойнап, үйге келіп мен отағасымын деп қатты болмау керек. Барынша әйелімен әзілдесіп, күлдіріп, балаларын ойнатып, көңіл бөлгені жөн.

2
Әйелдердің фитна жасауы - ердің әлсіздігінен. Фитна - орамал тақпау, өзін жария ету, сыртқа боянып, әтір сеуіп шығу, видео түсіру, өзін көрсету т.б. Бұның бәрі шариғатқа қайшы. Ер адамның міндеті - әйеліне ескерту, оны күнәдан сақтандыру.
430
3
Ерлі-зайыптылар Аллаға жақын болған сайын аралары да жақындай түседі, махаббатары артады. Алладан алыстаған сайын, бір-біріне
Ерлі-зайыптылар Аллаға жақын болған сайын аралары да жақындай түседі, махаббатары артады. Алладан алыстаған сайын, бір-бірінен де алыстай береді.
617
4
Ердің міндеті - басқару Әйелдің міндеті - бағыну
616
5
Егерде әйел ақылды, бойұсынғыш болса, үйі - жаннаттың бір сарайымен тең. ©️Ұстаз Мухаммад Аззам
589
6
Дінді үйренуде ерлі-зайыптылар бір-біріне көмектесуі керек. Бүгін Құран сабағына бір әйел келді. Кішкентайы 7 айлық екен. Күйеуі қарап алып қалыпты, машаллаһ дедім. Негізі діни білімдерді әйелі білмесе күйеуі үйретуі міндетті. Өйткені, ер адам отбасының басшысы ретінде әйелінің, баласының дініне, иманына жауапты. Ал өзі үйрете алмаса ұстаздарды жалдап оқуына, дәріске баруына жағдай жасауы керек. Дін, құлшылық өте маңызды нәрсе болғаннан кейін, әйел де, ер де білім алып, бір-біріне білмегенін үйретуі өте ізгі амал. Ондай жанұяның берекесі де арта бермек🙌🏻
2 090
7
Отбасылық өмірде конфликттың, ренжісетін сәттердің болуы заңды. Маңыздысы, одан кейінгі әрекет. Көп жағдайда адамдар кешірім сұрауға батпайды, қателігін мойындағысы келмейді. Солай екеуі екі жақта үндемей жүре береді. Уақыт өте дым болмағандай сөйлесіп кетеді. Ұмытып кеттік, бізде бәрі жақсы деп ойлайды. Бірақ тағы да бір сондай ситуация болса сол кездегі реніш қайта шығады. Сол үшін ұрыс болған кезде бірден кешірім сұрап, татуласып аяқтау керек. Іште өкпе, титтей де реніш қалмауы керек. Ол қалса уақыт өте үлкейе береді, сыртқа шықпай іште қалған нәрсе бір күні жарылады. Ал ол кезде қайта кешірім сұрап, көңілді қалпына келтіруге кеш болуы мүмкін…
498
8
Қыз өзіне қаратқысы кеп, сыйлықтар беріп, кездесуге шақырып жүрген жігітті жақсы көрмесе де, жалған үміт беріп пайдалануы дұрыс емес. Бұл жерде аманат, кісі ақысы деген үлкен нәрсе бар. Адамдар уақыт өткен сайын бір-біріне бауыр баса береді. Түбінде ештеңе шықпайтынын білсе ертерек жоқ деген дұрыс.
554
9
Жақсы көру - жүректің ісі. Жүрекке әмір келмесе, өзіңді қинап жақсы көре алмайсың. Кейде қыз бен жігіт танысып бастағанда, сезім болып кетер, жақсы көріп кетермін деп бос үмітпен жүреді. Бірақ әу бастан бір сезім жылт ете қалмаса, одан кейін де пайда болмайды. Сол үшін екі жақ та бір-бірін әуре етпей қарым-қатынасты тоқтату керек.
492
10
Жақсы жар болу үшін осы дұғаны айтыңыз⬇️ Ерлі-зайыптыларға өте керек дұға🙌🏻 https://www.instagram.com/p/DA08QV_A-b5/?igsh=MWZ6ajYzbWsxYzk5Zw==
556
11
Бақытты екі адам бірге жасайды. Себебі, тек біреуі әрекет ете берсе, тырыса берсе шаршайды. Екінші жақтан әрекеттің жоқ екенін көріп шаршайды. Қарым-қатынасты күшейту үшін ер де, әйел де өзгеруге, өсуге дайын болуы керек. Бұл жерде біреу үшін өзіңді өзгерту емес, ортақ бақыт үшін өзіңді өзгерту. Нәтижесінде, тек сен емес екеуің де бақытқа жетесіңдер❤️
709
12
Күйеуім осындай болса…, әйелім осындай болса… деп құр армандап отыра беру жеткіліксіз. Сіз өзіңіз қалаған адамдай болып бастаңыз. Ешкімді күтпей өзгеріңіз. Еш еңбектенбеген адамға өзі қалағандай адам жолықпайды. Жолықса да оның қадірін білмейді.
788
13
Адам үнемі шағымданатын, ренжи беретін, көңілсіз жүретін адамның қасында болғысы келмейді. Ондай адамдар энергияны тауысып қояды. Ерлі-зайыптылардың бірі сондай болса екіншісін жалықтыруы мүмкін. Сол үшін әйел де, еркек те рахмет айта алуды, көңілді болуды, ренжи бермей кешіруді үйренуі керек. Оны үйренбей саналы қарым-қатынас болмайды.
686
14
Имам Ахмадтың үйленер күні ұлына айтқан өсиеті: 1. Асылында, әйел баласы өзіне деген махаббатты дәлелдеуін және мойындауын жақсы көреді, сондықтан сезім білдіруде сараңдық жасама. Әйтпесе араларыңдағы жылу мен махаббатты дөрекілік пен қатыгездік алмастырады. 2. Қатал әрі дөрекі ерден жиреніп, әлсіз әрі көнбіс ерді басыну әйелге тән. Тепе-теңдікті сақта, бұл үйлеріңде махаббат пен тыныштық орнатады.
722
15
Қарым-қатынасты күшейтетін нәрсе - бірге көп уақыт өткізу. Бірге уақыт өткізу - ол тек қыдыру, ресторанға бару, бір жаққа шығу емес. Ресторанға бірге барса да, бір-біріне емес, телефонға көңіл бөлетін жұптар болады. Жұптар аз да болса сапалы уақыт өткізулері керек. Оған шығындалудың да керегі жоқ. Жай бірге шай ішу, әңгімелесу, ойын ойнау т.б. нәрсемен айналысу осы ұғымға кіріп кетеді.
629
16
25 жыл бойы өзге əйелдің қолын ұстамаған... Бір кісі базарда білезік сататын саудагер екен. 25 жыл бойы ешқандай əйелге тіке қарамастан, қолында ұстамастан сол сауданы жасаған. Оның əйелі күйеуі жұмыста болғанда үйінде қалады. Үйінде бірнеше жыл бойы су тасып беріп тұратын еркек күн сайын шелегін əйелге көрінбей ғана беріп кетіп жүреді екен. Бір күні су таситын еркек саудагердің əйеліне шелекті беріп жатып əйелдің қолын ұстай қалады, əйел шошып кетіп, қолын тартып алады. Əйел: "мен қандай қателік жасап қойдым, 10 жылдап үйімізге су таситын адам бүгін неге менің қолымды ұстап қалды" деп қатты қиын халге түседі. Кешкісін отағасы келгеннен кейін: "бүгін не істедіңіз соны маған айтып беріңізші" дейді. Күйеуі күнделікті саудасын жасағанын айтады. Əйелі қайта-қайта тəлпіштеп сұрағаннан кейін, күйеуі: "бүгін шайтан азғырып, базарға бір сұлу əйел келіп, білезік сұрады. Мен білезікті беріп тұрып əлгі əйелдің қолын ұстап қалдым" дейді. Сонда əйелі мəселенің қайда екенін түсінеді. Саудагер бөтен əйелдің қолын ұстаған сəтте, Алла Тағала қаншама жыл хиджабтың артында жүрген əйелінің қолын бөтен еркекке ұстатып қойды. Қанша қыздың қолын ұстадым деп санап кеттіңіз бе? Қанша жігітпен сөйлестім деп ойланып кеттіңіз бе?
753
17
Осыған қатысты бір оқиға⬇️
568
18
Көзін тыя алмайтын еркекке сұлулығын жасыра алмайтын әйел нәсіп болады. Әйелдер үшін өзін жасыруға, ерлер үшін көзін тыюға бұдан артық насихат керек емес сияқты.
674
19
Осы тақырып туралы подкаст каналыма аудио салдым. Қыздарды нәзік ететін 3 сипатты айтып, түсіндіріп кеттім. Өзімен гармонияда
Осы тақырып туралы подкаст каналыма аудио салдым. Қыздарды нәзік ететін 3 сипатты айтып, түсіндіріп кеттім. Өзімен гармонияда, бақытты өмір сүргісі келетін әр арудың бойында болуы керек сипаттар🤗 Каналға доступ ақылы. 2 айғa бар болғаны 3000 тг төлеп, түрлі тақырыптағы пайдалы аудиоларды тыңдай аласыз. Тіркелу үшін➡️ @aqguli
178
20
Көп қыздарға нәзік болу қиын болып жатады. Отбасыда, қоғамда көп жауапкершілік алғаны үшін өзін ер адам сияқты ұстап кетеді. Біреу үшін шешім қабылдайды, басқарғысы келеді, алда болғанды қалайды. Бірақ! Жарысу, басқару, бәсекелесу - ол әйелге тән емес. Ер адаммен жарысып әйел тек шаршайды. Нәзік болмысын жоғалтады.
674