ch
Feedback
Qalan.kz

Qalan.kz

前往频道在 Telegram

Ата-аналарға арналған пайдалы ақпараттар! 🚀

显示更多

📈 Telegram 频道 Qalan.kz 的分析概览

频道 Qalan.kz (@qalanmath) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 11 344 名订阅者,在 家庭与儿童 类别中位列第 1 482,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 825

📊 受众指标与增长动态

невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 11 344 名订阅者。

根据 22 六月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 394,过去 24 小时变化为 36,整体触达仍然可观。

  • 认证状态: 未认证
  • 互动率 (ER): 平均受众互动率为 17.29%。内容发布后 24 小时内通常能获得 N/A% 的反应,占订阅者总量。
  • 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 0 次浏览,首日通常累积 0 次浏览。
  • 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 0

📝 描述与内容策略

作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
Ата-аналарға арналған пайдалы ақпараттар! 🚀

凭借高频更新(最新数据采集于 23 六月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 家庭与儿童 类别中的关键影响点。

11 344
订阅者
+3624 小时
+1517
+39430
帖子存档
Qalan.kz
11 344
Қайырлы таң!😴 Жаңа айдың басталуымен құттықтаймыз🫂 Сізге де қаңтар айы ұзааақ болғандай сезілді ме?😄⤵️

Qalan.kz
11 344
Қайырлы күн🪐 Бүгін логикалық сұрақтарға жауап беріп көрейік✅ 1. Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты. Ол не? 2. Лимонның жартысы неге ұқсайды? 3. Король кімнің алдында тәжін шешеді? 4. Суды елекпен қалай тасуға болады? Дұрыс жауабын төменге жазыңыз⤵️😴

Qalan.kz
11 344
Кімге алғыс айтар едіңіз? Алғыс айту — жай ғана әдеп емес, өмірге деген көзқарас. Алғыс айтатын адам өміріндегі жақсыны көбірек байқайды, күйзеліске аз беріліп, адамдармен қарым-қатынасы нығаяды. Алғыс адамның: — ішкі тыныштығын арттырады — күйзеліс деңгейін төмендетеді — сенімділік пен жылулықты күшейтеді — өмірге ризашылықпен қарауды үйретеді Бүгін кімге алғыс айтқыңыз келеді? Мүмкін анаңызға, әкеңізге, жұбайыңызға, немесе… өзіңізге🤍 Төменге жазыңыз⬇️🫂

Qalan.kz
11 344
Балаңызға қою керек 5 сұрақ✅ 1️⃣ Бүгін сені не қуантты? Баланы позитивті сәттерді байқауға үйретеді. 2️⃣ Бүгін сен үшін не қиын болды? Қиындықты жасырмай айтуға мүмкіндік береді. 3️⃣ Сені біреу ренжітті ме немесе сен біреуді ренжітіп қойдың ба? Эмоцияны тануға, жауапкершілікке үйретеді. 4️⃣ Бүгін өзіңе не үшін риза болдың? Өзін-өзі бағалауды қалыптастырады. 5️⃣ Ертең ерекше не істегің келер еді? Ойлануға, шешім қабылдауға үйретеді. Сіз балаңызбен жиі сөйлесесіз бе?⤵️

Qalan.kz
11 344
✈️ Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін Елімізде ұшақтарға арналған отын бағасы біртіндеп төмендеп жатыр. Бұл өзгеріс әуе қатынасының құнын азайтуға әсер етуі мүмкін. Бұрын авиакеросиннің бағасы 1200–1300 доллар аралығында болса, қазір Энергетика министрлігі оны 940 долларға дейін түсірді. Сонымен қатар алдағы кезеңде бағаны тағы шамамен 100 долларға төмендету жоспарланып отыр. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың мәлімдеуінше, отын арзандаса, бұл әуе билеттерінің бағасына және жүк тасымалы тарифтеріне тікелей ықпал етеді. Нәтижесінде ішкі және халықаралық бағыттардағы рейстер қолжетімді бола түсуі мүмкін. Сіз қай бағыттарда жиі ұшасыз?😍⬇️

Qalan.kz
11 344
ТЕК БҮГІН ата-анаға арналған ЖЕҢІЛДІК🤯 Дәл бүгін төменге номеріңізді қалдырып, -35% жеңілдік алып үлгеріңіз⬇️ Жеңілдікпен қоса СЫЙЛЫҚҚА “БАЛА ТӘРБИЕСІ” курсы беріледі😍🥳

Qalan.kz
11 344
⚠️АЛАЯҚТАРДАН АБАЙЛАҢЫЗ‼️ Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы елімізде 20 000-ға жуық интернет-алаяқтық тіркелген. Өкінішке қарай, олардың арасында білім беру саласына қатысты жағдайлар да бар. Ата-аналар назарына! Балаңыздың білімі үшін дұрыс шешім іздеп жүргенде, күмәнді курстарға, жабық чаттарға, уәде көп, нақты нәтижесі жоқ платформаларға алданып қалу оңай. 📌 Сондықтан онлайн білім таңдағанда мынаған назар аударыңыз: – ресми түрде жұмыс істей ме? – ашық статистикасы бар ма? – нақты нәтижелері көрсетіле ме? – ата-аналар пікірі бар ма? Осы талаптарға сай келетін платформалардың бірі — Qalan. Qalan — жылдар бойы сенім жинаған, баланың білімін жүйелі түрде дамытатын платформа. Балаңыздың білімі — кездейсоқ таңдаудың емес, сенімді жүйенің қолында болғаны дұрыс. 👉 Qalan баланың сапалы, сенімді білімін қамтамасыз етеді✅

Qalan.kz
11 344
Адам неге жиі шаршап жүреді? Медицинада созылмалы шаршаудың ең жиі себептері мыналар⬇️ ▪️ Ұйқының сапасыздығы — 7–9 сағат ұйықтаса да, терең ұйқы болмауы ▪️ Темір тапшылығы — әсіресе әйелдерде жиі кездеседі ▪️ D витамині жетіспеуі — әлсіздік пен ұйқышылдық тудырады ▪️ Қалқанша бездің жұмысы (гипотиреоз) — энергияның төмендеуіне әкеледі ▪️ Созылмалы стресс — жүйке жүйесін сарқиды ▪️ Қант деңгейінің ауытқуы — тез шаршауға себеп болады 📌 Егер шаршау 2–3 аптадан ұзақ сақталса, талдау тапсырып, дәрігерге қаралған дұрыс. Шаршау — еріншектік емес, ағзаның сигналы. Сіз жиі шаршайсыз ба?🧐

Qalan.kz
11 344
⚠️ Қыстағы ең үлкен қауіп — тайғақ мұз Қыс мезгілінде жарақат алудың жиі себебі – тайғақ мұз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін мына ережелерді сақтаңыз⬇️ ▫️ Асықпаңыз. Ұсақ қадаммен, табанды толық басып жүріңіз. ▫️ Таймайтын аяқ киім киіңіз. Резеңке табанды немесе арнайы қаптамасы бар аяқ киім таңдаңыз. ▫️ Қолды бос ұстаңыз. Қолды қалтаға салмай, тепе-теңдік сақтау үшін еркін ұстаған жөн. ▫️ Қауіпті жерлерден аулақ болыңыз. Көлеңкелі, еңіс, су жиналған аумақтар тайғақ келеді. ▫️ Балалар мен қарттарға көмектесіңіз. Қолтықтап, қолынан ұстап жүргізу маңызды. ▫️ Құлап бара жатсаңыз, отырыңыз. Тізені сәл бүгіп, бүйіріңізге құлауға тырысыңыз. ⚠️ Есіңізде болсын Сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі. Өзіңізді де, өзгелерді де қорғаңыз!

Qalan.kz
11 344
📌 Қазақстанда ауа райына байланысты онлайн оқу Қатты аяз, боран, көктайғақ кезінде Қазақстанда мектептер уақытша онлайн форм
📌 Қазақстанда ауа райына байланысты онлайн оқу Қатты аяз, боран, көктайғақ кезінде Қазақстанда мектептер уақытша онлайн форматқа көшіріледі. Бұл – балалардың қауіпсіздігі үшін қабылданатын шешім. Онлайн оқу: – баланы жолдағы қауіптен қорғайды – оқу процесін тоқтатпайды – үйден отырып білім алуға мүмкіндік береді 💡 Осындай күндері баланың уақыты бос кетпей, пайдаға жұмыс істеуі үшін математика мен логиканы күнделікті қысқа тапсырмалармен дамытатын Qalan көмектеседі. 📱 Бала үйде отырса да: – жеке оқу жоспары – күнделікті есеп – нәтижеге қарай мотивация Қай өңірде оқушылар онлайн оқып жатыр?⬇️

Qalan.kz
11 344
Бала суықтан ауыра ма?❄️ Жоқ ❌ Бала суықтан емес, вирус пен бактериядан ауырады. Бірақ суықта иммунитет әлсіз болғандықтан вирустар тез жұғады. 👩‍⚕️ Дәрігерлер дұрыс, жылы киінген балаға суық ауа пайдалы. Суық ауада терлеу, дымқыл аяқ, жел бұл қауіпті. Суық ауруға тікелей себеп емес, жағдай жасайды. Аурудың көзі негізгі көзі – микроб 🦠 Пікірмен келісесіз бе?

Qalan.kz
11 344
Баланың жетістігіне қуану✅🥰😍 🌱 Бала әрбір жетістігіне ата-анасының қуанып отырғанын қалайды. Жетістік үлкен болуы шарт емес, мектепте жақсы баға алу, үйді жинау, бауырларына қамқор болу т.б Кішкентай қадам да алға жылжу екенін ұмытпаңыз. Балаңызға қателесу үйренудің бір бөлігі деп түсіндіріңіз 💬 «Жарайсың» деп үнемі демеп отыру баланың өзіне деген сенімін өсіреді. ❤️ Қолдау — ең күшті мотивация Сіз балаңызға қандай қолдау сөз айтасыз, төменге жазып кетіңіз⬇️

Qalan.kz
11 344
🧠 Баланың логикасын дамытатын тағамдар⬇️ • 🥚 Жұмыртқа – миға қажет ақуыз бар • 🐟 Балық – омега-3 зейінді күшейтеді • 🥜 Жаңғақ – ойлау жылдамдығын арттырады • 🍫 Қара шоколад – есте сақтауды жақсартады • 🫐 Жидектер – ми жасушаларын қорғайды 💡 Дұрыс тамақ пен күнделікті ой жаттығулары баланың логикасын дамытады. ✅Біздің инстаграм аккаунтымызда түрлі смарт ойындар бар.

Qalan.kz
11 344
Баланың қиялын қалай дамытамыз? 📚 Кітапты бірге оқып, соңын баланың өзі ойлап табуына мүмкіндік беріңіз. 🎨 Сурет салу, мүсіндеу, құрастыру арқылы еркін елестетуге жол ашыңыз. 🗣️ «Егер осылай болса ше?» деген сұрақтарды жиі қойыңыз. 🎭 Рөлдік ойындар мен ертегі құрастыру қиялды күшейтеді. ⏳ Балаңызға бос уақыт беріңіз, қиял тыныштықта дамиды. Сіздің балаңыз қиялшыл ма?😅

Qalan.kz
11 344
ТЕК 10 ата-анаға арналған ЖЕҢІЛДІК🤯 Дәл бүгін төменге номеріңізді қалдырып, -35% жеңілдік алып үлгеріңіз⬇️ Жеңілдікпен қоса СЫЙЛАҚҚА “БАЛА ТӘРБИЕСІ” курсы беріледі😍🥳

Qalan.kz
11 344
Бала не үшін өтірік айтуы мүмкін?🧐 Біріншіден, қорқыныш 🙂‍↕️ Жазалаудан, ұрыс естуден қорыққан бала шындықты жасырады. Екіншіден, ата-ананың үмітін ақтау 😢 Махаббаттан айырылып қалмау үшін бағасын, қателігін жасырады. Үшіншіден, ересектерден көрген үлгі🤓 Ата-ана өзі өтірік айтса, бала оны қалыпты әрекет деп қабылдайды. Төртіншіден, жас ерекшелігі🙂 3–6 жаста қиял мен шындықты ажырату қиын, бұл өтірік емес, даму кезеңі. Бесіншіден, назар жетіспеуі. Өтірік кейде баланың «мені мән берші» деген белгісі. Бала өтірік айтпайды, ол өзін қорғайды. Өтірікті айту себебін анықтау үшін, асықпай сөйлесу керек. Сіз қандай кеңес бересіз?⬇️

Qalan.kz
11 344
3-тоқсан басталды. Балаңыздың математикасы қандай? ➗📊 Математика — бір тоқсанға ғана оқылатын пән емес. Бұл — күн сайын жиналатын білім. Бір тақырып түсініксіз қалса, артынан келгені де ауырлай береді. Неге дәл қазір математикаға фокус қою керек? 3-тоқсан — ең ұзақ тоқсан. Осы кезде формула, логика, есеп шығару дағдысы қалыптаспаса, соңы төмен баға, “мен математикадан түк түсінбеймін” дегенге әкеледі. 🔹 Бала есепті ұзақ шығара ма? 🔹 Қарапайым тапсырмадан қателесе ме? 🔹 Бағасы тұрақсыз ба? 👉 Балаңыздың математикадан қай жері ақсап тұрғанын дәл бүгін білгіңіз келеді ме? Комментарийге номеріңізді жазып, курсты -35% жеңілдікпен алыңыз⬇️

Qalan.kz
11 344
Армандарды жазудың әдістерін ұсынамыз☺️🥳 1️⃣ 100 арман тізімі Бір параққа 100 арманды тоқтамай жазыңыз. Үлкен-кіші деп бөлме
Армандарды жазудың әдістерін ұсынамыз☺️🥳 1️⃣ 100 арман тізімі Бір параққа 100 арманды тоқтамай жазыңыз. Үлкен-кіші деп бөлмеңіз. Бұл әдіс сананы шектеуден босатып, шынайы қалауыңызды табуға көмектеседі. 2️⃣ Қазіргі шақта жазу Армандарды «бар» сияқты жазыңыз: «Мен сүйікті жұмысымда табысты адам боп жүрмін». Ми оны шындық ретінде қабылдай бастайды. 3️⃣ 3–5–10 жыл әдісі Армандарды мерзімге бөліп жазыңыз: 3 жылда неге жетемін? 5 жылда қандай адам боламын? 10 жылда өмірім қандай болады? Бұл фокус пен бағыт береді. 4️⃣ Эмоциямен жазу Арман орындалған сәттегі сезімді қосыңыз: «Бүгін өзімді еркін, сенімді, бақытты сезініп тұрмын». Эмоция – мотивацияның күшейткіші. 5️⃣ Арман → әрекет Әр арманның астына 1 нақты қадам жазыңыз: Не істей аламын осы аптада? Арман қозғалысқа айналады.

Qalan.kz
11 344
🧠 Армандарды неге параққа жазу керек? Ғылымда дәлелденгендей жазу кезінде ми Reticular Activating System (RAS) іске қосады. Бұл жүйе миға «мынау маңызды» деген сигнал береді. Соның нәтижесінде: • ми мақсатқа қатысты мүмкіндіктерді көбірек байқайды • шешім қабылдау жеңілдейді • әрекетке көшу ықтималдығы артады Зерттеулерге сай, мақсатын жазған адамдардың оған жету мүмкіндігі 30–40% жоғары. ✍️ Жазу — мотивация емес, бұл миды бағдарламалау. Бір арманыңды бүгін жаз.