882
订阅者
-224 小时
+17 天
-1530 天
帖子存档
882
өзі туған айының бір ғажайыппен байланысы бар секілді, әр адамда…
мен үшін ол ай - Тамыз.
тамызда мен қоштасудың не екенін алғаш сезгем.
тамызда орындалмастай көрінген армандарым орындалған.
тамызда мен ең алғашқы жұмыс орнымды тапқанмын.
тамызда мен өмірімде үшінші рет жалғыз өзге қалаға көшіп көрдім.
тамызда мен жаңа жұмыс орныма орналастым.
тамызда мен оны кездестіргенмін…
тамызда мен ересек өмірге тағы бір қадам жақындап, отбасын құрдым.
алда тағы бір тамыз жақындап келеді. не күтсем екен?
882
кеше аға жеңгемнің дүниеге қызы келді, есімін Ләйлә деп қойды. туған күні де, есімі де сұлу 🥹💔
882
Repost from N/a
Сен үмітің үзілген нәрседен азатсың,
ал дәметкен нәрсеңе құлсың.
©️Ибн Атауллаһ
882
әліге дейін қасыңда бетім қызарып, қан қысымым жоғарылап, жүрегім тез-тез соғып кетеді
күйеуім (с) 😂
882
оның мені
менен гөрі артық сүйетініне,
менен гөрі көбірек іздейтініне,
менен гөрі көбірек уайымдайтынына
ғашық боп қала берем.
882
адамды екі нәрсе құртады: бірі сенімсіздік, екіншісі өзіне деген әсіре сенімділік.
күйеуім (с)
