ch
Feedback
Aiba | Notes 📝

Aiba | Notes 📝

前往频道在 Telegram
1 834
订阅者
无数据24 小时
-47 天
-4530 天
帖子存档
Жеке ойым: Қыз баланың өз күйеуіне “сіз” деп сөйлегені әдемі, жарасымды. Ал ер адамның өз келіншегіне “сіз” деп сөйлегені біртүрлі естіледі, үйлеспейді.

https://t.me/quran_on/701 👆 Құран салып тұратын каналым. Тіркеліп алыңыздар✨

Жаман адам “жақсымын” деп айқайлайды, Жақсы адам “жақсымын” деп айта алмайды. Жақсы адам тыныш жүреді, жақсылығын жар салмайды. Әр жерде өзінің жақсылығын айтып, айқайлап жүрген жанды жақсы адам дей алмаймын. Шын мәнінде, жақсы адам — өзін “жақсымын” деп айтуға тілі бармайды. Сол себепті де “Мен имандымын, тақуамын, тәрбиелімін, жақсымын» дегендерден алыс жүремін.

ДАНАЛЫҚ Аллаһ айтады Құранда: “Ол (Аллаһ) қалағанына даналық береді, ал кімге даналық берілсе, ол үлкен игілікке (жақсылыққа) ие болды…” (Бақара сүресі, 269 аят) Даналық ол – ең үлкен байлықтардың бірі. Аллаһ Тағала оны өзінің қалаған құлдарына береді. Даналық дегеніміз – әр нәрсені өз орнына қоя білу. Орынға қарап, уақытқа қарап, қандай адамдар мен қандай жағдайда тұрғанына қарап “дұрыс әрекет” жасай білу. Даналық дегеніміз – Құран мен сүннетке сай дұрыс, тура біліммен амал ету. Даналық ол - жұмсақтық, сабырлық, адамдарды түсіне білу. Даналық дегеніміз әрдайым жұмсақ болу емес. Даналық дегеніміз - қаттылық танытатын жерде қатал бола білу. Жұмсақтық қажет жерде жұмсақ бола білу. Даналық дегеніміз - адамды жағдайына қарай бағалап, оның түсінік деңгейіне сай сөз сөйлеп, түсіндіре алу. Даналық дегеніміз: ⁃ Білімді дұрыс пайдалана білу ⁃ Қай кезде не айту керек екенін білу (не істеу керек екенін білу) ⁃ Қандай кезде үндемей қоя салу керек екенін білу ⁃ Қандай сөздерді таңдап айту керек екенін білу ⁃ Кімге айту керек екенін білу, кімге айтпау керек екенін білу ⁃ Не туралы айту керек екенін білу. Не туралы айтпау керек екенін білу. Сондықтан даналық ол – кез келген білім алған адамда бола беретін нәрсе емес. Ол – Аллаһтың Өзінің қалаған құлдарына ғана берілетін үлкен байлық. Аллаһ Тағала бізге әр нәрсені өз орнына қоя алатындай, орынды сөз айтып, орынды әрекет ете алатындай даналық нәсіп етсін.

Жалпы қып-қызыл ред флагпын деймін
Жалпы қып-қызыл ред флагпын деймін

“Даналық” жайында жақсы бір пост салғым келіп тұр. Әзірге бір сұрақ. Даналық дегеніміз не? Кім қалай түсінеді?

Отбасыңмен табиғат аясында тынығып, демалғанға жететін нәрсе бар ма? (Өткен айдағы видео, ақыры шықтық-ау маевкаға)

Отбасыңмен табиғат аясында тынығып, демалғанға жететін нәрсе бар ма? (Өткен айдағы видео, ақыры шықтық-ау маевкаға)

Таиландтық бір әйел кісіге көмектесіп едім, алғыс ретінде осындай қалдырып кетті) Бірақ құрамында желатин бар екен. Кейін біл
Таиландтық бір әйел кісіге көмектесіп едім, алғыс ретінде осындай қалдырып кетті) Бірақ құрамында желатин бар екен. Кейін білдім. Қызық-қызық нәрселер жейді осы қыздар, иә?

Дым уақыт жоқ деймін қазір
Дым уақыт жоқ деймін қазір

Телефонымда 1000-нан астам видео болды. Ішінде мүлде қажетсіз видеолар өте көп еді Бір байқағаным - тіпті телефонымның ішінде ретсіздік пен қажетсіз “мусор” болса, бұл менің өміріме де қатты әсер етеді екен. Продуктивтілігім төмендеп, үнемі визуалды шум мазамды алады. Көбісін өшірдім. Қазір: • 1000-нан 195 видео ғана қалды ✅ Фотолар, заметкилар, файлдар әлі тазаланған жоқ. Соңғы 2 жыл ішінде қажетсіз ақпарат пен суреттер жиналып қалыпты. Енді бәрін біртіндеп тазартып, тұрақты түрде тазалап тұруды әдетке айналдырғым келеді. - Телефон іші таза болса, ми да таза. - Телефон ішінде мусор көп болса, мида да мусор көп. Видеодан бөлек, фотолардың саны 5000 еді, қазір 3000-ға түсірдім) әлі де тазалау керек.. Кімде қанша сурет-видео?)

Алматыда ішкен американоның әзірге ең дәмдісі осында😌
Алматыда ішкен американоның әзірге ең дәмдісі осында😌

السلام عليكم ورحمة الله وبركاته Құрметті мұсылман қауымы, баршаңызды құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! 🎉 Аллаһ Тағала құлшылықтарымызды қабыл етсін! تقبل الله منا ومنكم

Бүгін “арафа” күні Хадис: “Ең жақсы дұға – арафа күні жасалған дұға” Бір жылда 1 рет келетін осы арафа күніндегі мүмкіндікті
Бүгін “арафа” күні Хадис: “Ең жақсы дұға – арафа күні жасалған дұға” Бір жылда 1 рет келетін осы арафа күніндегі мүмкіндікті пайдаланып қалайық.

Ертең зуль хиджа айының 9-шы күні — Арафа күні (5 маусым). Осы мүмкіндікті пайдаланып қалайық. Пайғамбарымыз ﷺ айтады: «Арафа күніндегі ораза – өткен және келер жылғы күнәларға кешірім болады» (Муслим, 1162)

6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесі
6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесі

😍🌇
+3
😍🌇

Өткен жылы құрбан айтта.. Бұл жолы табиғатқа шыға алмай кеттім. Осы мамыр айы бітпей тұрып, бір маевкаға шығып үлгеру керек..

Сыртта жан-жағымыздың бәрі толған жас ғашықтар.. Көре-көре жүрекке салмақ түсіп бара жатыр ғой😂

Мына жазбадан кейін 5-6 адам каналдан шығып кетіпті. Қырсықтар ау деймін😂