ch
Feedback
qos paraq🤍

qos paraq🤍

前往频道在 Telegram

Әр сәтін ертегідей көретін жанның жазбалары... 🕊

显示更多
1 949
订阅者
+324 小时
-67
-3630

数据加载中...

标签云
无数据
有任何问题?请刷新页面或联系我们的客服
进出提及
---
---
---
---
---
---
吸引订阅者
七月 '26
七月 '26
+50
在1个频道中
六月 '26
+40
在2个频道中
Get PRO
五月 '26
+65
在0个频道中
Get PRO
四月 '26
+119
在0个频道中
Get PRO
三月 '26
+49
在0个频道中
Get PRO
二月 '26
+39
在0个频道中
Get PRO
一月 '26
+76
在0个频道中
Get PRO
十二月 '25
+108
在0个频道中
Get PRO
十一月 '25
+138
在0个频道中
Get PRO
十月 '25
+749
在0个频道中
Get PRO
九月 '25
+28
在0个频道中
Get PRO
八月 '25
+38
在0个频道中
Get PRO
七月 '25
+75
在0个频道中
Get PRO
六月 '25
+197
在0个频道中
Get PRO
五月 '25
+17
在0个频道中
Get PRO
四月 '25
+65
在0个频道中
Get PRO
三月 '25
+113
在0个频道中
Get PRO
二月 '25
+95
在0个频道中
Get PRO
一月 '25
+93
在0个频道中
Get PRO
十二月 '24
+113
在0个频道中
Get PRO
十一月 '24
+83
在0个频道中
Get PRO
十月 '24
+34
在0个频道中
Get PRO
九月 '24
+46
在0个频道中
Get PRO
八月 '24
+102
在0个频道中
Get PRO
七月 '24
+214
在0个频道中
Get PRO
六月 '24
+100
在0个频道中
Get PRO
五月 '24
+65
在0个频道中
Get PRO
四月 '24
+155
在0个频道中
Get PRO
三月 '24
+439
在1个频道中
Get PRO
二月 '24
+208
在0个频道中
Get PRO
一月 '24
+259
在1个频道中
Get PRO
十二月 '23
+242
在0个频道中
Get PRO
十一月 '23
+90
在1个频道中
Get PRO
十月 '23
+62
在0个频道中
Get PRO
九月 '23
+58
在0个频道中
Get PRO
八月 '23
+44
在0个频道中
Get PRO
七月 '23
+63
在0个频道中
Get PRO
六月 '23
+85
在0个频道中
Get PRO
五月 '23
+117
在0个频道中
Get PRO
四月 '23
+124
在0个频道中
Get PRO
三月 '23
+143
在0个频道中
Get PRO
二月 '23
+151
在0个频道中
Get PRO
一月 '23
+624
在0个频道中
日期
订阅者增长
提及
频道
28 七月+1
27 七月+3
26 七月+1
25 七月+1
24 七月0
23 七月+4
22 七月+2
21 七月+1
20 七月+4
19 七月0
18 七月+2
17 七月+3
16 七月+2
15 七月+4
14 七月+1
13 七月+1
12 七月+2
11 七月+3
10 七月+2
09 七月0
08 七月+2
07 七月+3
06 七月0
05 七月+1
04 七月+1
03 七月+1
02 七月+3
01 七月+2
频道帖子
Өмірімнің "бәлкім, өз адамымды ешқашан кезіктірмей қаламын-ау" деген күрделі тұсында ұзақ аялдап қалғым келмейді. Шындығында үмітсіздік жүректі шаршататын сезім. Ал мен жүрегімнің үміттен айырылғанын қаламаймын. Тәңір әр пенденің несібесін, бақыты мен кездесуін өз уақытында жазады деп сенгім келеді. Кейде күткеніміз кешігетіндей көрінеді, бірақ кешіккеннің бәрі жоғалған емес. Әрбір сынақтың, әрбір жалғыздықтың, әрбір күту сәтінің артында біз әлі түсініп үлгермеген бір даналық жатады. Мен тағдырымның ең әдемі тарауы әлі алда екеніне сенгім келеді. Бір күні жүрегіме тыныштық сыйлайтын, жанымды түсінетін, үнсіздігімді де ұғатын адаммен жолықсам екен деймін. Сол сәтке дейін өзімді жоғалтпай, жүрегімдегі мейірімді, сенімді және махаббатқа деген үмітті сақтап қалғым келеді. Тәңірдің уақыты адамның асығыстығынан әлдеқайда кемел. Сондықтан мен қорқынышпен емес, сеніммен өмір сүргім келеді. "Бәлкім, ешқашан кездестірмеспін" деген ойдың емес, "Тәңір маған лайықтысын дәл уақытында жолықтырады" деген сенімнің жетегінде болғым келеді. Үміт бар жерде ғажайыптың да орны бар. Ал тағдырдың ең керемет сыйлары көбіне біз күдерімізді үзбей күткен сәтте келеді…🤍
«(Уа, Мұхаммед!) Айт: “Уа, өздеріне зиян жасаған құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер. Расында, Алла барлық күнәларды кешіреді. Шын мәнінде, Ол – аса Кешірімді, ерекше Мейірімді.”»
(Зүмәр сүресі, 39:53)

2
Өмірімнің "бәлкім, өз адамымды ешқашан кезіктірмей қаламын-ау" деген күрделі тұсында ұзақ аялдап қалғым келмейді. Шындығында үмітсіздік жүректі шаршататын сезім. Ал мен жүрегімнің үміттен айырылғанын қаламаймын. Тәңір әр пенденің несібесін, бақыты мен кездесуін өз уақытында жазады деп сенгім келеді. Кейде күткеніміз кешігетіндей көрінеді, бірақ кешіккеннің бәрі жоғалған емес. Әрбір сынақтың, әрбір жалғыздықтың, әрбір күту сәтінің артында біз әлі түсініп үлгермеген бір даналық жатады. Мен тағдырымның ең әдемі тарауы әлі алда екеніне сенгім келеді. Бір күні жүрегіме тыныштық сыйлайтын, жанымды түсінетін, үнсіздігімді де ұғатын адаммен жолықсам екен деймін. Сол сәтке дейін өзімді жоғалтпай, жүрегімдегі мейірімді, сенімді және махаббатқа деген үмітті сақтап қалғым келеді. Тәңірдің уақыты адамның асығыстығынан әлдеқайда кемел. Сондықтан мен қорқынышпен емес, сеніммен өмір сүргім келеді. "Бәлкім, ешқашан кездестірмеспін" деген ойдың емес, "Тәңір маған лайықтысын дәл уақытында жолықтырады" деген сенімнің жетегінде болғым келеді. Үміт бар жерде ғажайыптың да орны бар. Ал тағдырдың ең керемет сыйлары көбіне біз күдерімізді үзбей күткен сәтте келеді. «(Уа, Мұхаммед!) Айт: “Уа, өздеріне зиян жасаған құлдарым! Алланың рақымынан үміт үзбеңдер. Расында, Алла барлық күнәларды кешіреді. Шын мәнінде, Ол – аса Кешірімді, ерекше Мейірімді.”» (Зүмәр сүресі, 39:53)
1
3
Қазақтың тілінің қадір-қасиетін білмейтін мәңгүрт ұрпақ өсіп келеді. Өкініштісі бұған өзгеден бұрын өзіміз кінәліміз. Тілінен безген ұрпақ тамырынан ажыраған бәйтерек секілді. Тамыры жоқ ағаштың ұзақ көгермейтіні сияқты, ана тілінен алыстаған ұлттың да рухани қуаты әлсірейді. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда қазақша сөйлеуді намыс көретін, ал өз тілін білмеуді заман талабы мен білімнің белгісіндей қабылдайтын түсінік бой көтеріп барады. Ана тілін ұмыту жай ғана сөздік қордан айырылу емес. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымнан, салт-дәстүрден, ұлттық мінезден, ата-баба аманатынан алыстау. Өйткені әр халықтың жаны оның тілінде. Тіл жоғалса, тарих үнсіз қалады. Тіл әлсіресе, ұлттық сана әлсірейді. Ал ұлттық сана әлсіреген жерде елдіктің де еңсесі биік болмайды. Тіл – тағдыр. Тілге жасалған құрмет – ұлттың болашағына жасалған құрмет. Ал оған деген немқұрайлылық болашақ алдындағы кешірілмес қателік.
1
4
Біздің осы адамдармен қарым қатынасымыз жақсы көруден бе? Әлде жауапкершіліктен бе? Шынында бір сәт ойланып қарайықшы. Мысалы әкеміздің қамқорлығы, біз үшін жұмыс істегені әкелік жауапкершілігі ме? Әлде жақсы көргеннен бе? Мен мұны жауапкершіліктің артында жасырылған әкелік махаббат деп түсінер едім. Екі адамның арасындағы қарым-қатынаста не сезім, не жауапкершілік бірінші орында тұрады. Жақсы көрудің шекарасы болмайды. Ал жауапкершілікте бар. Жақсы көру деген — бір алма берсе қайтымына он алма күту сынды. Ал біреуден бір нәрсе күту адамды бақытқа жетелемейді. Ал жауапкершілік — бір алмаға бір алма. Жауапкершілігіңе жауап қайтпаса да, сен өзіңнің қай деңгейде орындағаныңды білесің. Менің күнделігім: 21.04.26
77
5
Сенімен бірге болғанда тынысым тарылмайтын өмірді елестетемін. Жаныңда жүріп, өзімді жоғалтып аламын ба деген үрей емес, керісінше, өзімді бұрынғыдан да анық тани түсетін сенім болса екен. Оқып жатқан кітабымның әр беті жарты жолда жабылып қалмай, оқып болған соң ең әуелі саған айтқым келетін ойға айналса екен. Кейіпкерлердің тағдырын, бір ауыз сөйлемнің салмағын, үнсіз қалдырған әсерін бірге бөліссек екен. Жоспарлаған сапарларым мен армандаған мекендерім жалғыздықтың емес, екеуміздің ортақ естелігімізге айналса қандай жақсы. Әлемнің қай бұрышына барсам да, «осыны сен де көрсең ғой» деген сағыныш емес, «мұны бірге көреміз» деген үміт еріп жүрсе екен. Армандарымнан ештеңе кемімей, қайта сен келген соң олардың бояуы қанығып, мәні тереңдей түссе екен. Менің көкжиегімді тарылтпай, кеңейткен жан болсаң екен. Сенің жаныңда ешкім болып көрінуге тырыспай-ақ, өзім болып қала алсам екен. Даусымды көтермей-ақ түсінілсем, үнсіз қалсам да естілсем екен. Шаршаған күндерімнің тыныштығы, қуанышты күндерімнің көбейген күлкісі сенің жаныңнан табылса екен. Өйткені мен үшін махаббат бір-бірін өзгертудің емес, бір-біріне орын берудің аты. Махаббат жүректі тарылтпайтын кеңдік. Махаббат өзіңді жоғалтып алу емес, бір адамның жанынан өзіңді бұрынғыдан да анық табу. Сенімен бірге өткен әр күн өмірдің салмағын ауырлатпай, жүректің тынысын жеңілдетсе екен. Менімше, шын сүйіспеншілік адамды шаршатпайды. Ол адамның ішіндегі ең тыныш, ең жарық, ең қауіпсіз мекенге айналады… -иесіз хаттар..💌 qos paraq
692
6
13 қабырғам.mp3
720
7
Ұйқым мені әлдеқашан ұмытқандай. Түннің тыныштығы ғана маған серік. Қараңғылық қоюланған сайын, қолым еріксіз ұялы телефоныма созылады. Экранын бір қосып, бір өшіремін. Бәлкім, біреу іздеген шығар… Бәлкім, бір хабарлама келген болар… Бәлкім… Бірақ экран суық. Үнсіз. Ешқандай хабарлама жоқ. Ешқандай сағыныш жоқ. Ешқандай “қалайсың?” деген сөз де жоқ. Содан кейін өзім де түсінбей бір қосымшадан екіншісіне өтіп, әлеуметтік желілерді мағынасыз ақтара беремін. Біреулер күліп жүр, біреулер бақытын бөлісіп жатыр, біреулер өмірін қызыққа толтырып қойғандай. Ал мен… өз ойымның ішінде адасып қалған жанмын. Экранның жарығы ғана жүзімді жарық қылғанымен, көңілімнің қараңғылығын сейілте алмайды. Кейде адамның жалғыздығы бөлменің бос болғанынан емес, телефонының үнсіз жатқанынан сезілетін сияқты. Бір ғана хабарлама күтесің. Бір ғана адамның есіңе алғанын қалайсың. Бірақ күткенің келмеген сайын, уақыт та баяулап, түн де ұзара түседі. Сөйтіп, тағы бір түн үнсіз өтеді. Телефонның экраны сөніп қалады. Бірақ көңілдегі күту… әлі сөнген жоқ. -мейлі, қайырлы түн тілеймін…✨
747
8
ARO - Айтшы шыныңды.mp3
955
9
👤: ашық-жарқын, қылықты екенсіз. Бойдақсыз ғой дим, ия?! -неге бойдақ деп ойладыңыз? 👤: тұрмысқа шыққан қызда қылық болмайды… -ыыы (бірақ мен тұрмыс құрғанан кейінде қылығым мен болмысымның сақталғанын қалар едімммм…)
1 299
10
MYNBAY – MYNBAY - Көңіл 2.m4a
1 362
11
Қош келдің, жаңа жасым… 🤍 Осы жаңа жасымның берекелі, баянды, жақсылығы мен қуанышы мол болуын тілеймін. Жаратқан әр күнімді мәнді етіп, жүрегіме тыныштық, отбасыма амандық, өміріме береке нәсіп етсін. Бірақ бұл жолғы туған күнім жылдағыдай емес...Өткен жылы дәл туған күнімнің қарсаңында бір жанның қазасы жайлы суық хабар естіген едім. Әлі есімде... Есеңгіреп қалғанмын. Өрімдей ғана жас. Менен небәрі бір-екі жас кіші болатын. Өліммен дәл сол күні, дәл сол сәтте бетпе-бет келемін деп екі ұйықтаса да түсіне кірмеген шығар, жарықтық... Сол оқиғадан кейін өмірге деген көзқарасым мүлде өзгерді. Бұрын уақыт шексіздей көрінетін. Ал қазір әр күннің, әр сәттің қадірін көбірек сезінемін. Өмір мен өлімнің арасы бір-ақ қадам екенін түсіндім. Ал сол қадамды қай кезде аттайтынымызды ешқайсымыз білмейміз. Содан бері ренішті ұзақ сақтамауға, жақсы көретін жандарымды бағалауға, “кейін айтармын”, “кейін жасармын” деген сөздерді азайтуға тырысамын. Ертеңнің бізге бұйыратынына ешкім кепіл емес… Жаңа жасымнан тілерім ұзақ ғұмыр ғана емес, мағыналы ғұмыр. Деннің саулығы, жүректің тыныштығы, ата-анамның амандығы, жақындарымның жанымда болуы, адал адамдардың ортасында жүру бақыты. Жаратқан маңдайыма жазған адал, иманды, жанымнан табылатын, өмірдің барлық сынағында серігім болатын болашақ жарымды жолықтырсын. Бірге бақытты ғұмыр кешуді, шаңырағымызға береке мен мейірім ұялатуды нәсіп етсін….Қош келдің, жаңа жасым. Сенен көп нәрсе күтпеймін. Тек әр күнімді қадірлей білетін, жақсылыққа ұмтылатын, шүкіршілігі мол жан болып қалуыма себепші болсаң екен. Ең бастысы, Алла тағала маңдайыма жазған бақытымды, соның ішінде болашақ күйеуімді де, өз уақытымен, ең көркем түрде жолықтырсын. 🤍🤭
1 275
12
Tum_Hi_Ho_Song_Aashiqui_2_|_Music_By_Mithoon_|_Aditya_Roy_Kapur.mp3
1 121
13
Өмірімде ерекше орын алған адамдармен қоштасқым келмейді. Өз еркімен кеткен адамдардың жолына қиыла қарап, өз жүрегімді жұбата алмаймын. Алып қалар дәрмен болса ғой… Бір ауыз сөзбен, бір ғана өтінішпен, бір құшақпен тоқтатып қалуға болатын шығар деп ойлайсың. Бірақ кей адамдар кетуді әлдеқашан жүрегімен шешіп қояды екен. Сенің қимай тұрғаның, үнсіз күтіп тұрғаның, іштей қанша жерден жалбарынғаның олардың шешімін өзгерте алмайды. Сонда жаным мен тәнім қоса жылайды. Бүкіл тұла бойым кеткен адамды сағынатынын айтып тұрғандай болады. Көз ғана емес, көңіл де жылайды екен. Кей адамдармен ойып алар естелігің болмаса да, олардың бітім-болмысы, жаны, рухы сенің санаңнан, жүрегіңнен өз орнын баяғыда иемденіп қойған болады. Міне, ол адам дәл сол үшін де қымбат. Көңілім медет тұтқан қаншама адам өз еркімен өмірімнен кеткелі қашан… Бірі үнсіз алыстады, бірі бөтен болып кетті, бірі бұрынғыдай сөйлеспейтін болды. Бірақ олардың әрқайсысы жүрегімнің бір бұрышында өзгеріссіз қалып қойды. Мен оларды сағынамын. Әлеуметтік желісін ұрлықшыдай бақылаймын. Өміріндегі жаңалықтарына іштей қуанып, сырттай ғана тамсанамын. Кейде суретіне ұзақ қарап отырып қаламын. Жазғым келеді, бірақ жазбаймын. Іздегім келеді, бірақ іздемеймін. Кей адамдарды сағынуға болады, бірақ қайтара алмайсың. Міне, өміріңде адамдарды алып қала алмайтыныңның ешкімге айтылмас көрінісі осы. Адамның өмірден емес, сенің өміріңнен кетуі де ауыр екен. Тірі, аман екенін білесің, бірақ оған бұрынғыдай жақын емес екеніңді мойындау қиын. Бір қалада жүріп-ақ, бір әлемнің адамындай болып кетуге болады екен. Жақыннан жатқа айналу деген осы ғой… Бір кезде бәрін айтып отыратын адамыңның бүгінде хәлін де сұрай алмай қалуы. Бір кезде күн сайын іздейтін жанның енді тек естелігіңде ғана өмір сүруі. Қанша уақыт өтсе де, кей адамдарға жүрегіңнің есігі жабылмайды екен. Ол не досың болсын, құрбың болсын, бәлкім сүйгенің болсын…Олар кетеді, бірақ олардан қалған сағыныш ешқайда кетпейді… qos paraq🤍
1 190
14
Хабарлас-Baller & AYAT.mp3
1 329
15
📌+1
📌
1 322
16
Адамдар бәрін өзі ушықтырады. Жалпы, “анаң ба, әлде әйелің бе?” деп екеуін таразының екі басына қойып, міндетті түрде біреуін ғана таңдау керек деген түсінік адамдықтың ең төмен нүктесі. Ана мен жар бір-біріне қарсы қойылатын адамдар емес. Екеуінің де адамның өміріндегі орны бөлек, міндеті бөлек, қадірі бөлек. Ана өмір сыйлаған, тәрбиелеген, өсірген жан. Ал жар өмір жолын бірге жалғайтын, отбасыңды құрып, болашағыңды бірге қалыптастыратын серігің. Бірінің орнын бірі ешқашан баса алмайды. Мәселе “кім маңыздырақ?” деген сұрақта емес. Мәселе әрқайсысына өз орнын, өз құрметін бере білуде. Ақылды адам анасын да ренжітпеуге, жарын да қорлатпауға тырысады. Даналық біреуін таңдау емес, арадағы тепе-теңдікті сақтап, әділ бола білуде. Өкінішке қарай, қоғамда осы тақырыпты дау мен айтысқа айналдырып, адамдарды бір-біріне қарсы қою сәнге айналғандай. Бірақ мұндай сұрақтың өзі дұрыс қойылмаған. Шынайы өмірде махаббат пен құрмет жарысқа түспейді. Анаға деген құрмет әйелге деген сүйіспеншілікті кемітпейді, дәл сол сияқты әйеліне деген адалдық анасына деген перзенттік парызын жоққа шығармайды. Ал, нағыз ер азаматтың міндеті екеуінің де жүрегін жараламай, әділдік пен парасатты ұстану. Себебі отбасының берекесі таңдау жасаудан емес, әр адамға өзінің лайықты орнын бере білуден басталады. qos paraq🕯️
2 154
17
қашан да маған керексің, мама 🤍
1 763
18
-21жасыңма 21 дана кітап алғым келеді…✨ орындалмайтын сияқты…
165
19
-21жасыңма 21 дана кітаптар алғым келеді…✨ орындалмайтын сияқты…
7
20
Көптің есінен менің де адам, пенде екенім шығып кететін сияқты. Менің де сүрінер, сынар тұсым болады. Менің де адасып барып, тура жолға қайта түсуге құқым бар. Мен де қателесемін, кейде дұрыс шешім қабылдай алмаймын. Кейде үнсіз қаламын, кейде артық сөйлеп қоямын. Бірақ сол қателіктерім мен әлсіздіктерім мені адам ететін нәрселердің бір бөлігі ғана. Ешкім мінсіз болып жаратылмаған. Адамның қадірі ешқашан қателеспегенінде емес, қателігін түсініп, одан сабақ алып, қайта тұра білуінде. Сүрінген сайын қайта аяққа тұру әлсіздіктің емес, күштің белгісі. Сондықтан мені бір ғана қателігіммен бағаламаңыздар. Менің де ішімде күресім, өкінішім, арманым мен үмітім бар. Мен де өзгелер сияқты бақыт іздеген, тыныштық аңсаған қарапайым адаммын. Кейде түсіністік керек болады, кейде уақыт керек болады. Өйткені әр адамның сырт көзге көрінбейтін өз сынағы, өз жүгі бар. Ал адамға ең керегі мінсіз болу емес, қателескен сәтінде де қайтадан дұрыс жолды таңдауға мүмкіндік берілуі.
1 881