Аударгазм🇰🇿🇬🇧🇷🇺
前往频道在 Telegram
1 031
订阅者
无数据24 小时
-17 天
-130 天
帖子存档
1 031
Баршаңызға бүгінгі аудармашылар мерекесі құтты болсын! Сұрағым бар еді:
1 031
On this slide, you can see that...bla-bla / На этом слайде вы можете увидеть, что бла-бла-бла
1 031
Аудармадағы алгоритм жайлы 🤔
Алгоритмсіз ЖИ болмайды. Одан да қызығын айтайын — алгоритмсіз ми болмайды. 🧠
Ол алгоритмді саналы түрде пайдаланамыз ба? Бұл енді бөлек мәселе.
Тіпті қатенің де өз заңдылығы, өз жүйесі болады.
Қатені біз жүйесіз болғандықтан емес, тілімізге ғасырлап біткен үйреншікті жүйемізді бұзып тұрғандықтан "қате" дейміз.
Айталық, әлдебір тіркесті аударғанда қостілді сөздіктен табылған немесе кең тараған баламасына көзсіз жүгіну — қисынсыз аударма мен лексикалық кальканың басты алгоритмі. 📚
Осыны енді қабілетімізше калькасыз аударудың алгоритмі бар ма?
Дәрігер науқасты қабылдамас бұрын "анализ тапсырып кел" дегеніндей, мен де мұндайда ең алдымен сөздің полисемиясын тексерем. 🔍
Мыс. Тредсте өріп жүрген "Менің танымал емес ойым" деген тіркесті алайық.
"My unpopular opinion".
-дегеннің калькасы екенін білдіңіз.
Құлағыңызға жақпайды.
Popular - деген "танымал", "кең тараған" деген баламасын алған да болымсыз ете салған.
Не істейміз?
1) Түсіндірме сөздікті не гуглды ашып, "unpopular meaning" деп сөздің барлық мән-мағыналарын шығарып аламыз. 📖
2) Сосын оның синонимдерін аламыз да қазақшаға аударамыз.
3) Соның ішінен контекске сай келетін үздігін аламыз.
Сонда, әлгі тіркесіміздің:
"Жұртқа жақпайтын пікір"
"Көп айтыла бермейтін пікір", екені де белгілі болады.
***
Калькаға себеп болатын он бәленің тоғызы — интерференция (мыс. "жәрдем берудің" орнына - "көмек көрсету", "қамданудың" орнына "алдын ала шара қабылдау"), екінші проблемасын "морфологиялық инерция" деп атаймын (яғни қазақ тілінің агглютинациясын желеу қылып, артық жалғауларды үсті-үстіне үйе беру (мыс.: қауіп - қауіптілік боп кетеді, маңыз - маңыздылық боп кетеді).
Ақыры, "стилистикасын пысықтайыншы" деп білек сыбанған редакторың мәтініңді желшешекше дендеп алған "лылығың" мен "тықдығыңды" сүзіп отырудан көзі ашылмайды.
Бірақ бұлардың жарасы ауыр болғанымен, емі жеңіл. 💊
Біріншісінде шұбырған көп сөзді тіркесті бір сөзден беретін синонимін тауып алып, соны аударасың, Контекске дәл келгенін қалдырасың.
Екіншісінде артық жұрнақтарды сыдырып алып, жалғаудың ең азымен өзіңе керек ұғымды шығарып аласың*.
Ұнамаса, синонимін, құрып қалса, тіпті антонимін қарайсың.
Мыс.:
Безопасность людей прежде всего.
Адам амандығынан артық ештеңе жоқ.(антонимін терістеу арқылы аудару)
*Салалық сөздікті пайдалану негіздерінен хабарыңыз барын ескеріп отырмын.
1 031
Тарих диалектикасы: Шоқан мен Достоевский 📜
Бір біріне қайшы екі шындық қатар өмір сүре ала ма? Тарихымыздағы ұлы парадокс та сонда. ⚖️
Бір жағы – ұлт зиялыларын қанға бөктірген империя зұлымдығы.
Екінші тұсында – сол қара түнек ішінде гүл жарған Шоқан мен Достоевскийдің асқақ бауырластығы. 🕯️🤝
Тағдыр Достоевскийді Сібірге айдамаса, ол 19 жасар Шоқанмен жолықпас еді. Көзқарастары кереғар болса да, рухани биіктік саяси шекараны тас-талқан етті.
«Туған бауырыма да дәл сіздей байланған емеспін», – деп ағынан жарылды орыс данышпаны.
Жүйенің қатыгездігі мен тұлғалардың таза махаббаты – міне, шынайы диалектика.
Трагедияны ұмытпай, оның ішіндегі жарқ еткен сәулені де көре білу бізді соқыр кекшілдіктен де, құлдық санадан да азат етеді.
Өткеннің түнегі мен сәулесін қатар құшқанда ғана ұлттық жадымыз оңалады. 🧠✨
1 031
Fun fact:
almost any language has Imperative mood as a verb form.
But only Kazakh* enjoys its 1st person form.
Which ...can only be translated into English (or any other European language) by adding another verb "Let" or a modal verb construction "I'd better" in most of the cases.
- Қой, мен кете берейін.
- Welp, I'd better get going.
- Саған бірдеңе айтайын.
- Let me tell you something.
--
* and some other turkic languages
1 031
50 shades of Kazakh
Қазақ "гештальтім" жабылды демейді.
Қазақ:
- "Көңілім бірленді" дейді.
- "Кеткенім келіп, кемтігім толды" дейді.
- "Жығылған туым қайта тігілді" дейді.
- "Қисығым түзеліп, көсегем көгерді" дейді.
- "Жыртығым жамалып, сынығым бүтінделді" дейді.
- "Ойым орнығып, түйінім шешілді" дейді.
- "Есем қайтып, еңсем тіктелді" дейді.
- "Көкейімдегі келісті" дейді.
- "Арманымнан арылдым, аңсарым қанды" дейді.
- "Құмарым тарқап, қалауыма қарқ болдым" дейді.
- "Төрт құбылам тең болды" дейді.
Қазақ "гештальтім жабылмады" демейді.
Қазақ:
- "Арманым ішімде кетті" - дейді.
- "Арманда кеттім"- дейді.
- "Жұмбағым шешілмей, жұмсағым табылмай кетті" дейді.
- "Өзегімде өксік қалды" дейді.
1 031
Russian калькаға ерегесіп, English-тен тура аударсам оңады екем демеңіздер😀.
🇬🇧 "All quantities will be confirmed and finalized as part of the field services provided before sales".
🇰🇿 "Барлық көлемдер/мөлшерлер сатуға дейін ұсынылатын далалық қызмет аясында расталып, түпкілікті бекітіледі." 🤪🫣🤠
Бізде деймін де, сын-сипатты білдіретін сөздер нақты бір затқа қатысты айтылса, мысалы, (*анықтауыш сөз әлдебір топтың тұрақты атауына айналмайынша (мыс.:"қызылдар", "ақтар", "сексенүштер")),
немесе
сол ұғымға сыятын бүкіл заттарды қамтымайынша — объект сұрап, "жыламсырайтыны" бар.
Кішкене миды қозғап, "quantity" деп отырғаны —құр көлем, не абстракт сандар емес, тізімдегі тауарлардың есебі екенін ұғамыз ( бұл жерде есептің "report", "calculation"- нан басқа да мағынасы барын ескеріп, аяусыз қолданамыз).
Демек:
"All quantities" 🔄
"(Тізімдегі) әрбір тауардың есебі" деп аударуға болады.
Енді мына қызықты қараңыз:
"Confirm-растау" қазір жас аудармашыларда өлсе де жұбы жазылмайтын Ромео мен Қыз Жібек сияқты.❤️🩹❤️🩹❤️🩹
Бірақ шын өмірде бұл екеуін бірге көрсек, QazaqBubble айтпақшы "What in the freudian fuck?!👺"деп қалар е'к.
Сондықтан реті келсе, бұл жұптың айрылысуына себепші болуға қысылмаңыз.
Ол үшін Ромеоға у берудің де, артынан садақ атудың да қажеті жоқ.
Confirm - ге балама балама (pun intended) бола алатын "тексер", "анықта", "нақтыла" ұғымы барын ескерсең жетіп жатыр.
Мұндағы ең қызығы —"finalize" сөзінің "түпкілікті бекітіледі" деп аударылғаны.
Былай түсінікті.
Бірақ бірдеңе жетпей тұр.
Тәәк. Неге?
Өйткені "түпкілікті" деген қатыстық сын есім. Оның тігісін қалай жатқызамыз? Аудармадағы ең өнімді, әмбебап шылау —"түрдені" әкеп, ябштыра қоямыз.
Дұрыс па?
Psych!
Атасының басы "дұрыс".
"Бекітудің" өзі —түпкілікті әрекет. Әлденені тапжылмастай қатырып қою. Бек қылу.
Түпкілікті - мұнда қажет ЕМЕС.
Осылайша, сөзді көбейтпей, артық бас аурудан құтыламыз.
⏯️ Егер "Final" дегендегі "соңғы, түпкілікті, тоқ етер" деген ұғымды бастырмалап жеткізгің кеп бара жатса, қатыстық сын есімді етістіктің алдына апарып сүмірейтіп қоймай, тиісті объектіге апарып ешқандай шылаусыз, ябыштыра қабыстыра қоясың. ▶️
Не шықты өзі, көрейік ал:
🇰🇿"Әрбір тауардың нақты есебі (немесе саны мен мөлшері) сатылмас бұрын, өндіріс басында қызмет көрсеткенде тексеріліп, қайта бекітіледі.
Әрі қарай "Қызмет көрсеткеде, көрсетілетін қызмет аясында" де оны мекемеңде бекітілген термин шешсін.
Бастысы — логика мен синтаксис тұрғысынан шиеленісіп қалған блоктарды тарқатып, сөйлем қаңқасын жеңілдетіп, қазаққа бетін беріп тұрған сөйлем жасадық.
Бұдан да жақсы етіп аударатындар барына еш күмәнім жоқ.
Мен тек аудармадағы трансформация әдісімен сөйлемді ұғым блоктарына шашып тастап, қайта жинаудың бір жолын көрсеттім.
#трансформация #синтаксис #аударма
1 031
📉
jpg формат-пен көзге қолайлы деп ойлаймын, бірақ оригиналы excel мен html -код түрінде. Кейбір тұстарында каналда тиісті дерек таба алмағаны үшін ғана төмендеткен сияқты. Бұл автордың ол тұста осал екенін білдірмейді.
1 031
Repost from Қатал редактор
тұйық етістік+арқылының орнына —
-ып, -in, -п, -а, -е, - й деген көсемше;
тұйық етістік+үшін+етістіктің орнына — -н деп, -қалы, -келі, -ғалы, -гелі (т.б.);
"ретінденің" орнына болып/деп/етіп/қылып.
Осы формула мәтінді ЖИ-дікінен де, тірі мидікінен де уникал қылады.
Көсемшелеткен жалықпас Үйретуден мәшинеге. Мәшинені емес, мәшинеГЕ үйрету ма не. Көсемше — омырдын маны.
1 031
Паттерн тану бір бөлек, оны ауылда не қазақи ортада өсіп, қазақша кітап оқып, айтыс тыңдап, жыр жаттап өссең де қалыптастырасың.
Сүйсінетін дүние, бірақ таң қалатын нәрсе емес. Ана тіліңді C2 - деңгейде меңгергеніңді білдіреді тек.
Бұл – лексиколог-лингвист білігінің базасы һәм фундаменті.
Бірақ ҚаталРедактордың осыған қоса, тонна мәтін талдаудан қалатын кәсіби тәжірибесі мен аналитикасы және маған ең ұнайтыны — жүйелі синтез бар. Яғни тапқан деректерін жүйелі паттернге біріктіріп, жаңа практикалық ереже жасай білетіні – ғылыми тұрғыдан амбалдай артықшылық.
1 031
Әлемнің үздік әндері.
Осыдан екі аптадай бұрын кантри сазының жарқыраған жұлдызы, жүрегіне әлем сыйған Долли Партон жеңшем бақилық болды.
Миллиондаған адамның кеуліне медет, жанына пана, жүрегіне жұбаныш болған Долли ханымның өмір жолы да, адами даналығы оның тек әнші емес, "бұл өмірді қалай сүрмек керек?" деген пенденің бәріне өнеге болатындай.
Адамның үздіктері осылай өздерін пайғамбар жарияламай-ақ елшіге татитын өмір сүріп кете беретіні бар.
Долли әнді қалай сүйсе, тілдерді мен солай сүйем.
Ережесімен, еркелігімен, ауытқуларымен, жабайы, шынайы, костюм-галстук не шекпен бөрік киген, тырдай жалаңаш не асқақ, күрделі не қарадүрсін кейпінде де.
Шартсыз түрде сүйемін.
Ақ жеңшемнің ең танымал әнін 2014 жылы қазақшаға буын ырғағын сақтап аударғаным бар еді. Партон ханымның кіршіксіз бейнесіне тағзым ретінде қайта салып отырмын.
Dolly Parton - орындауындағы Jolene әні.
1973-жылы жарыққа шыққан.
Джолин, Джолин, Джолин, Джолин!
Әкетпе жігітімді, жалынам,
Джолин, Джолин, Джолин, Джолин!
Әкетпеші, келсе де қолыңнан.
Сұлулығың қайталанбас:
Күрең шашың, қиылған қас,
Жүзің аппақ, жауһардай жанарың .
Жымиысың көктемдейін,
Даусың жауын сепкендейін ,
Сенің күндесің мен емес, Джолин...
Есіміңді ол түсінде,
Қайталағаны есіме
түскен сайын жылаймын мен, Джолин
Түсінемін өмір солай,
Еркекті еліту оңай,
Тек сен де біл, ол мен үшін дара.
Джолин, Джолин, Джолин, Джолин!
Әкетпе сүйіктімді, жалынам,
Джолин, Джолин, Джолин, Джолин!
Әкетпеші, келсе де қолыңнан...
Саған еркек көп құмартқан,
Ал мен басқасын сүйе алман:
Барым да өзі, нарым да өзі, Джолин...
Жарылдым саған ағымнан,
Айырма мені бағымнан,
Ерік өзіңде, қайтейін, Джолин...
Джолин, Джолин, Джолин, Джолин!
Әкетпе арысымды, жалынам,
Джолин, Джолин, Джолин, Джолин!
Әкетпеші, келсе де қолыңнан...
Джолин, Джолин...
(c)
#RIP #DollyParton
1 031
Сізге қай тілде оқып-жазған ыңғайлы?
--
На каком языке вам удобнее всего читать и писать? -- What is preferred language for reading and writing?
1 031
Лингвист пен филолог ғалым мен инженер сияқты.
Лингвист (Ғалым): Тілді лабораториядағы элемент ретінде зерттейді.
Ол тілдегі заңдылықтарды, дыбыстардың өзгеруін, грамматикалық құрылымдарды объективті түрде тіркеп, қорытынды жасайды. Оныкі — үкім емес, факт.
Филолог (Инженер): Лингвистің ашқан заңдылықтары мен қорытындыларын негізге ала отырып, оны мәдениетпен, әдебиетпен, халықтың болмысымен байланыстырады.
Қай норманың қоғамға тиімді, көркем әрі ыңғайлы екенін анықтап, «үкім» (нормативтік ереже) шығарады.
Мұғалімдер мен журналистика: Дайын болған осы норманы халыққа жеткізуші алтын көпір. Олар тілді өңдеп, бұқараға сіңіреді.Егер осы тізбектің бір буыны үзілсе немесе бірінің міндетін екіншісі иеленіп кетсе, тіл саясатында хаос басталады.
Тіл — тек ережелер жиынтығы емес, ол тірі ағза болғандықтан, ғылыми қорытынды мен прагматикалық шешімнің бірлігі өте маңызды.
#лингвистика #филология
1 031
We are not here to be a drop, a drip, to make a splash or be a ripple. 🌊
We are here to make waves in an ocean of infinite possibilities.
- Spike Humer
***
Таңғы шықтай үзіліп, тамайын деп келгем жоқ, 💧
Тұмадайын сызылып, ағайын деп келгем жоқ,
Айдалаға шашырап, таусылғалы келгем жоқ,
Сай-салада сарқырап, сарқылғалы келгем жоқ... 🏞️
Жойқын болып тереңді — қоздырғалы кеп тұрмын, 🌊
Толқын болып кемеңді оздырғалы кеп тұрмын. ⛵
- Audargazm
1 031
Қазақ мақалдарын ағылшынша сөйлетіп көреміз бе?
Бүгін мағынасы терең, күнделікті өмірде жиі қолданылатын алғашқы 5 мақалымыз бен олардың ағылшынша көркем аудармасын жасап (1), ағылшынтілді әлемде кездесетін баламасын (2) келтіреміз. 📌
🔹 1. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
* 🇬🇧 Көркем аудармасы: A mother’s milk will shape your frame; a mother tongue will shape your brain.
* 🎯 Ағылшын мәтелі: A child’s first teacher is the mother.
🔹 2. Алдыңа қарап пікір қыл, өткенге қарап шүкір қыл!
* 🇬🇧 Көркем аудармасы: Look ahead to find your pace, look behind with thanks and grace.
* 🎯 Ағылшын мәтелі: Learn from the past, prepare for the future.
🔹 3. Ел ағасы ақымақ болса, жау тұрмақ, жаушысы шабар!
* 🇬🇧 Көркем аудармасы: Where the leader is a fool, even an enemy’s messenger grows bold.
* 🎯 Ағылшын мәтелі: When the blind lead the blind, both shall fall into the ditch.
🔹 4. Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
* 🇬🇧 Көркем аудармасы: When anger comes, wisdom leaves.
* 🎯 Ағылшын мәтелі: Anger clouds judgment.
🔹 5. Күші көппен алыспа, ақылы көппен айтыспа!
* 🇬🇧 Көркем аудармасы: Do not fight the mighty; do not debate the wise.
* 🎯 Ағылшын мәтелі: Pick your battles.
Қай мақалдың ағылшынша нұсқасы көбірек ұнады немесе мағынасын дәл берді деп ойлайсыз? Пікір айта отырыңыз!
Егер жалғасы керек десеңіздер, келесі топтаманы да дайындаймыз.
1 031
Тіл айналасындағы қазақша Telegram арналарды ЖИ-ге талдатып жатыр едім. Маған мынаны айта аласыздар ма?
1) @qzq_purism пен qazaq grammar арналары бір қолдан ба? Қатысы бар ма өзара?
2) Лингвистикаға қатысты қызықты арналарды ұсыныңыз.
Бағалау критерийлері:
- Тіл интуициясы (түйсігі)
- Лексикалық сезімталдық
- Фразеологиялық түйсік
- Аудармашылық сезімталдық
- Мәтінмән мен прагматика
- Морфологиялық түйсігі
- Синтаксистік түйсігі
- Тіл эволюциясын бағамдай алуы
- Металингвистикалық түсінігі
- Ғылыми сақтығы
- Сыни көзқарас
- Формальды лингвистикалық теориядан хабары
- Тілді феномен ретінде түсінуі
1 031
Қазақшаға аударылып жатқан "Gone with the Wind - романының атауын: "Желге ұшқан тағдырлар" дер едім.
📚 Атауларды аудару – ізденуге ерінбейтін, сүйікті ісім. Өзім аударма ісінің маманымын. Мақала атауын дөп қоятынымды оқырман да, қазылар да атап өткен-ді. Бұған кездейсоқ емес, тәжірибе, теңеу, фразеология мен афористика, архетиптер, фольклор, сленг, тіпті, мемдер мен көрермен сын-пікірлеріне үнемі ден қойып жеттім. ✍️
Сәтті атау - сөздік қорыңмен ғана емес, елдің коллективті түйсігімен де үйлесетін атау.
Түсініктеме:
Жақында ғана тағы бір қарадым осы өлмес классиканы. 🎬
Фильмге тарих тұрғысынан да, эмпатия тұрғысынан да қарауға болады.
Соңғы он жылда осы екі көзқарасқа қоса, таргетинг көзқарасы қосылды. 🎯
Егер біз фильмді тарих тұрғысынан қабылдайтын, АҚШ тарихшылары, республикандар мен өткенді аңсаған эстеттер назарына ұсынсақ, пафосты шырқыратып "Көзден бұл-бұл ұшқан дәуір" десек болар еді.
Себебі, фильм тек быт шыт болған адамдар емес, тұтастай дәуірдің келмеске кеткенін жырлайды. Бірақ!!!
Қазіргі түйсікпен қарасақ, автордың ностальгиясы мүлде орынсыз. Эшли Ку-Клус-Кланға қызмет етеді, Скарлет үйдегі малайын сатып жіберем деп қорқытады, Сьюлин "Мен саған негр емеспін жұмыс істейтін!" -дейді. Сондықтан, дәуірге ностальгия емес, тарихи апат құрбандарына екпін қойсақ, заманауи оқырманға өтімдірек болады.
Қазіргі заманның поп-психологияға тойып алған зумерлері үшін Рет Батлер "краш" емес, оңбаған абьюзер, зорлықшы, сексист, нарцисс, ал Эшли намыстың құрбаны емес, екі көтен сүмелек. 🧐
Мелани - шексіз мейірбандық пен қиын-қыстауда нағыз леди тұғырынан таймаудың үлгісі һәм бәріне рухани тірек болған жалғыз мықты тұлға емес, әншейін құрбан, "удобная жертва".
Сондықтан, "бүйткен дәуіріңнің әкесінің аузысс" деп, қаранәсілді бағушы Мэммиден басқа ешкімге жаны ашымаса, "оның дұрыс емес" деп, тағы айта алмайсың.
