ch
Feedback
Рисалей-Нұр

Рисалей-Нұр

前往频道在 Telegram

[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415

显示更多
哈萨克斯坦20 151未指定类别
207
订阅者
无数据24 小时
+57 天
+1830 天
帖子存档
photo content

لَهُ الْمُلْكُ 🔸Төртінші кәлима: яғни, мүлiк атаулы – Оныкi. Сен де оның мүлкісің, hәм мәмлүгісің, hәм мүлкінде жұмыс істейсің. Бұл сөздiң шипалы да қуанышты хабары: "Ей, адамзат! Сен өзіме-өзім қожайынмын деме. Себебі сен өзіңді алып жүре алмайсың, ол жүк өте ауыр. өз бетіңмен қорғана алмайсың. Пәлекеттерден сақтанып, өзiңдi қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайсың. Олай болса, құр босқа күйзеліп, өзіңді азаптама, мүлік басқанiкi. Мүліктің иесі Мәлік hәм Қадир, hәм Рахим. Оның құдіретіне сен, мейірімділігін айыптама. Жаныңның қамын ойла, мұңайма, еңсеңді көтер! Оған қоса былай дейді: Ынтығып әрі қайғысын жұтып, түзету болса қолыңнан келмейтін мына дүние Қадиры- Рахимнің мүлкі. Мүлікті иесіне тәсілім ет, оған тапсыр да жапасын шегудің орнына рахатын көр! Ол Хаким, hәм Рахим. Мүлкінде не істесе де өз еркі. Әлденеден үрейленген сәтте Ибраhим Хаққының дегеніндей былай де: «Құдайдың жазғанын көрейік. Ол не жазса да жақсы болады деп сенейік». Алыстан қара, араласпа! Терезеден тамашала, ішіне кірме! "Асай Мұса" 📚 #мүлікиесі #иманныңоныншыайғағы