“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ
前往频道在 Telegram
Білім беру саласындағы маңызды ақпараттар мен пайдалы кеңестер, іс-шаралар. Полезная информация в сфере образования и анонсы мероприятий. Instagram: instagram.com/bil.edu.kz Facebook: facebook.com/bil.edu.kz Youtube: youtube.com/c/BILIMINNOVATIONISF
显示更多1 178
订阅者
无数据24 小时
无数据7 天
无数据30 天
帖子存档
✨Көтермесе көңілді кір басады.
Жастың меселі қайтпасын. Елдің еңсесі түспесін. Бірлігіміз сыналмасын,- деген тілекпен барша тілеулес жандарға бүгін сағат 21:00-де «Көңілді Тапқырлар Лигасының» финалға арналған билеттер сатылымы ашылатынын хабарлаймыз! Қапы қалмаңыздар!
Естеріңізге сала кетейік қалың көрерменге жол тартқан «КТЛ» финалы:
18 мамыр, сағат 19:00- де
Астана, Тәуелсіздік 57, Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді
Шараның белсенді қатысушылары:
JIHC - Лицей емес
Құлсары - Біз Жанбасақ Лапылдап
Алқыз - Сол баяғы Алқыз
Қарағанды ұл - Майқұдық
Павлодар ұл - Синдикат
Астана Nurorda - NurVuitton командалары Сіздің ыстық ықыласыңыз бен қолдауыңызды күтеді, патша пейілді көрермен!
Сіз қай командаға жанкүйерсіз?
✨Көтермесе көңілді кір басады.
Жастың меселі қайтпасын. Елдің еңсесі түспесін. Бірлігіміз сыналмасын,- деген тілекпен барша тілеулес жандарға бүгін сағат 21:00-де «Көңілді Тапқырлар Лигасының» финалға арналған билеттер сатылымы ашылатынын хабарлаймыз! Қапы қалмаңыздар!
Естеріңізге сала кетейік қалың көрерменге жол тартқан «КТЛ» финалы:
18 мамыр, сағат 19:00- де
Астана, Тәуелсіздік 57, Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді
Шараның белсенді қатысушылары:
JIHC - Лицей емес
Құлсары - Біз Жанбасақ Лапылдап
Алқыз - Сол баяғы Алқыз
Қарағанды ұл - Майқұдық
Павлодар ұл - Синдикат
Астана Nurorda - NurVuitton командалары Сіздің ыстық ықыласыңыз бен қолдауыңызды күтеді, патша пейілді көрермен!
Сіз қай командаға жанкүйерсіз?
💥b.show
⠀
Мектеп оқушыларының алғашқы медиа жобасы🎬
⠀
📍30.03 Нұрорда мектебі
Сәбидей мұңсыз ғұмырды бейбіт кештірген Отанға - алғыс!
Тыныштықты күзеткен сап түзеген сақшыға - алғыс!
Жанға дауа, дертке шипа іздеген ақ халатты абзал жанға - алғыс!
Ұл мен қызға білім нәрінің дәнін сепкен ұлағатты ұстазға - алғыс!
Мейірім мен махаббаттың шуған төккен анаға - алғыс!
Көкірегі шежіреге тұнған қарияға - алғыс!
Былдырлаған бал тәлді балаға - алғыс!
Дүние дидарынан тек парасат пен пайымның діңгегі болған данаға - алғыс!
⠀
Бүтіндей тіршілік атаулыға қамқор, жаны ізгілікке іңкәр болған БАРШАҢЫЗҒА мың - алғыс!
⠀
1- наурыз алғыс күні құтты болсын!
Құрметті ата-аналар және 6 - сынып оқушылары!
Ақпанның 1-нен бастап «Білім-Инновация» лицейлеріне құжаттарды қабылдау басталды.
Үміткерлерді тіркеу онлайн bilemtihan.kz сайтында іске асады.
Құжаттарды қабылдау 12 сәуірге дейін жалғасады.
Емтихан 12 мамыр күні өтеді.
🔹🔹🔹🔹🔹
⠀
Уважаемые родители и ученики 6-х классов!
Хотим сообщить вам, что с 1 февраля началась регистрация учеников 6-х классов для поступления в лицеи «Білім-Инновация».
Регистрация претендентов осуществляется онлайн на сайте bilemtihan.kz. Прием документов продлится до 12 апреля 2024 года.
Экзамен запланирован на 12 мая."
🕘🕠🕙Көңілді Тапқырлар Лигасы • Президент Кубогы
Жекпе-жек! Жекпе-жек! Жекпе-жек!
⠀
Ойыңызға шаршы алаңда, жауырыны жер иіскемеген қос батырдың жекпе-жегі елестеді ме?
⠀
Алайда бұл “Face 2 Face” шығатын командалар да әзіл әлемінің майталмандары.
Биылғы «Көңілді Тапқырлар Лигасы» Президенті кубогы ойынының басты ерекшелігі қарсылас командалардың “Face 2 Face” кездесуінде болмақ!
⠀
Ендеше, ең әсерлі сәттің куәсі болғыңыз келсе, бүгін билет алып үлгеріңіз!
⠀
🎫Билет сатылымы 21:00-де bevents.kz сайтында ашылады!
🔸Павлодар қыз – 6 madam
🔸Астана Nurorda – NUR VUITTON
🔸Ақтөбе ұл – Born “ТөБе”
🔸Қарағанды қыз – Bilbeni
🔸Шымкент қыз – Bil.aynalayin
🔸Ақтөбе қыз – Belaya Vyshka
🔸Galaxy – 2GIS
🔸Тараз ұл – Сүлейменов 19
🔸Петропавл – ҚызҰлЖар
🔸Талдықорған - Талдыжаргон
командалары өз жанкүйерін күтеді!
⚡️Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар!
📣 СОЛТҮСТІК АЙМАҚТЫҚ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ
ℹ️ Павлодар қ., Академик Шокин к., 146, Павлодар “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернаты
✨23 Желтоқсан, 2023, 19:00
🖥 Билеттер сатылымы ертең сағат 15:30 ашылады: bevents.kz
🔼🔼🔼
Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар!
💓 ОРТАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ
📌 Астана қаласы, Қасым Аманжолов к. 34, NURORDA мектеп-лицейі акт залы
📌 15 Желтоқсан, 2023, 19:00
🎫 Билеттер сатылымы сағат 15:30 ашылады: bevents.kz
⬆️⬆️⬆️
Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар!
ШЫҒЫС АЙМАҚТЫҚ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ
📌 Алматы қаласы, Төле би 86, Абай ат. ҚазҰПУ акт залы
📌 9 Желтоқсан, 2023, 19:00
📥Билеттер сатылымы: bevents.kz
🪐Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар!
🔤🔤🔤🔤🔤
ОҢТҮСТІК АЙМАҚТЫҚ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ
📌Тараз қаласы, Сүлейменов 7,
ТарМУ, акт залы
📌25 Қараша, 2023, 19:00
📥Билеттер сатылымы:
bevents.kz
🪐Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар!
Дәл осы күнді күттіңіз бе?
Біз де Сізбен ақжолтай жаңалығымызбен бөлісуге асықпыз!
Жылдың ең үздік дүбірлі шарасы. Мыңдаған көрерменнің басын қосқан. Әзіл әлемінің аламандарын сахна төріне тоғыстырған, «Бір үйдің баласындай» тақырыбымен, «Көңілді Тапқырлар Лигасының» ақтық сайысына БИЛЕТТЕР сатылымы ашық деп жариялаймыз! Думанды кештің көзқарақты көрермені – біз Сізді күтеміз. Қапы қалмаңыз!
Қатысатын командалар:
🟡Тараз ұл - Сүлейменов 19
🟡Шымкент қыз - BilAynalayin
🟡Семей - SBIL Gates
🟡Ақтөбе қыз - Белая Вышка
🟡Астана ұл - Шаңыраққа қара
🟡Galaxy - 2GIS
🟡Екібастұз - Oinap Aitam
📍 Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында 20 мамыр күні сағат 19:00-де күтеміз!
↘️ Билеттер сатылымы:
bevents.kz
💫Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар! 💫
🕘🕠🕙Көңілді Тапқырлар Лигасы • Президент Кубогы
Сахна мәдениеті. Әзілдің астарлы әдебі. Көпшілік қошеметі.✨
Әзіл әлемінде өзіндік жолы бар. Өнер додасында бұғанасы бекіген талантты шәкірттер.
Елдің 5 аймағын аралап, рухани үзеңгілес достықты дәріптеп жүрген “Көңілді Тапқырлар Лигасы “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Президенті Кубогында” тағы бір мәрте көрерменге жол тартады.
Қатысатын командалар:
🟡Павлодар - Синдикат
🟡Шымкент - Тентек Қошқарлар
🟡Атырау - Гурьев
🟡Құлсары - Біз жанбасақ лапылдап
🟡Алкыз - Сол баяғы Алқыз
🟡Galaxy - 2GIS
🟡Караганды - Kardeş
🟡Spectrum - Yeni bir dünya
📍Ұтымды әзіл, ұтқыр ойынның риясыз жанкүйерлерін Алматы қаласы, “Алатау” театрында 18 ақпан күні сағат 19:00-де күтеміз!
↘️↘️ Билеттер сатылымы:
https://bevents.kz/presidentscup
💫Орындар шектеулі, қапы қалмаңыздар!💫
