ch
Feedback
Кітапсүйер

Кітапсүйер

前往频道在 Telegram

Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін.. ✓Біздің канал: @kitapsuyer ✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

显示更多

📈 Telegram 频道 Кітапсүйер 的分析概览

频道 Кітапсүйер (@kitapsuyer) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 15 728 名订阅者,在 书籍 类别中位列第 2 324,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 565

📊 受众指标与增长动态

невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 15 728 名订阅者。

根据 10 六月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 -53,过去 24 小时变化为 -3,整体触达仍然可观。

  • 认证状态: 未认证
  • 互动率 (ER): 平均受众互动率为 25.50%。内容发布后 24 小时内通常能获得 N/A% 的反应,占订阅者总量。
  • 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 4 011 次浏览,首日通常累积 0 次浏览。
  • 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 121

📝 描述与内容策略

作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін.. ✓Біздің канал: @kitapsuyer ✓Біздің чат: @kitapsuyerchat

凭借高频更新(最新数据采集于 11 六月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 书籍 类别中的关键影响点。

15 728
订阅者
-324 小时
-167
-5330
帖子存档
«Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға!» М. Мақатаев

Қасиетті құрбан айт мерекесі құтты болсын ❤

Сөзбенен сомдап таза сымбатын Жүрекке мәңгі жазасың ба атын. Ақылман әйел – ақынның бағы Ақынның соры – мазасыз қатын. Ж. Е

Кеше қазақ әдебиеті тағы да бір ерекше жазушысынан, аңыз адамынан айырылыпты. Өмірімде бірінші рет көргенімде соңғы рет көріп
Кеше қазақ әдебиеті тағы да бір ерекше жазушысынан, аңыз адамынан айырылыпты. Өмірімде бірінші рет көргенімде соңғы рет көріп тұрғанымды білмеппін. Бақұл бол, қазақтың бөлек тұлғасы, парасаты..

🎈 Жұма күнінің қуанышымен қатар келген Ораза Айт құтты болсын!!! 🎊Алла сіздерден де, бізден де қабыл етсін! 🎉 Өмірлеріңіз
🎈 Жұма күнінің қуанышымен қатар келген Ораза Айт құтты болсын!!! 🎊Алла сіздерден де, бізден де қабыл етсін! 🎉 Өмірлеріңіз дәл осы Айт секілді көңілді өтсін! 🎁 Біз сіздерге тек бақыт тілейміз!!!

Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың жұбайы Мария­ Шоқайға жазған бір хатынан үзінді: «Менен көмек сұрап, үміт күткен осы бақытсы
Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың жұбайы Мария­ Шоқайға жазған бір хатынан үзінді: «Менен көмек сұрап, үміт күткен осы бақытсыз бейшараларға ешқандай жәрдем жасай алмағаным үшін жан азабын шегудемін. Мен оларға көмектесетінімді айтып сөз бердім, алайда бұл әншейін оларды жұбату ғана. Қолымнан ештеңе келмейтінін біле тұра жалған сөйлеп жүрмін... Кеше 35 адамды ату жазасынан құтқардым, бірақ қаншаға дейін екені белгісіз. Оларды бір шұңқырға тізіп қойды, қазір қазан айы, ал олар болса жаздық киімдерімен жартылай жалаңаш, суықтан қорғану үшін, топырақтан пана жасау үшін қолдарымен жер қазуда. Оларға итке тастаған сияқты нан тастайды, су атымен­ жоқ».

Қандай ғажап естелік! Кімдерді таныдыңыз?
Қандай ғажап естелік! Кімдерді таныдыңыз?

Қара тізім ішінде аты-жөнім, Тұрғандай бір сыздады көкірегім. Мен туралы ештеме сұрамашы, Сұрамашы, сұрама өтінемін. Бағынумен әпенде әмірлерге, Өтіп бара жатырмын өмірден де. Қадірлеймін барлығын, бірақ менің, Өз-өзімді құқым жоқ қадірлеуге. Сырласым да жоқ менің, сыйласым да, Біреулермен мәжбүрмін сыйласуға. Жүрегімді ауыртып алам ылғи, Болмаған соң титімдей ми басымда. Жалп етсе де жапалақ жасқанамын, Жалпақтаудан қалмады басқа амалым. Ауырмашы жүрегім, сенен басқа, Арқа сүйер жоқ менің тас қамалым... 🔖Есенқұл Жақыпбеков

Ескеріңіз: 1. Адамдарға екі реттен артық қоңырау шалма. 2. Айналаңдағы адамдарға шамадан тыс жағымпаз болма. 3. Сенен сұрамаса, білгеніңді айтпа. 4. Ешқашан ақталма. 5. Жоспарларыңды бәрімен бөлісе берме. 6. Біреуге “міндетті адам” болуға тырыспа, қайта “таңдау жасайтын адам” бол. 7. Бәріне бірдей жағуға тырыспа. 8. Өзің дұрыс деп санаған істі ғана жаса. 9. Егер біреу өміріңе құнды нәрсе әкелсе, ол ұсақ болса да, алғыс айт. 10. Берген уәдеңді әрқашан орында.

Құр ауаға қалды асылып қанша әнім, Жер бетінде сенделем бе әлі көп. Мен жарықты күте-күте шаршадым, Ендігі өмір түс сияқты мәні жоқ. Уақытымды күте-күте бітті әлім, Маңай тұман, жұлдыз біткен адасты. Кім біледі, кімдер не істеп жатқанын, Кімдер қалай жұбатарын алашты? Қасіретімді түсін мейлі, түсінбе, Өз талайын әркім өзі тапқандай. Жонарқамда, жұлынымның ішінде, Жауынқұрты қабір қазып жатқандай. ©️Ә. Балқыбек

Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен, Сол Алматы, сол өзен. Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен Терезем. 🪶 Е. Раушанов
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен, Сол Алматы, сол өзен. Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен Терезем. 🪶 Е. Раушанов

Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым, Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым. Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен, Соншалықты жүрегіңе жақынмын. Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма, Аспан сені аяғасын жылай ма? Сен бар кезде мен көңілді жүремін, Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма! © Ершат Қайболдин

Таулар жатыр өкініп таздығынан, Аңғар жақтан еседі бағзы бір ән. Адамзаттың ұрпағы азып барад, Тау мінезді жандардың аздығынан. Сөзі тәуір болғанмен өзі бөлек, Дәу пенделер отырар төріме кеп. Шынайы асқақ жандарды аңсағанда, Таулар ғана тұрады көзіме кеп. Жер ортасы Көктөбе келген жаста, Дүниеде не көрдік сордан басқа? Заңғар таулар алыстап кеткеннен соң, Жалған тауға не шара алданбасқа? ✅ Есенқұл Жақыпбек ✅ "Таулар"

Айтпақшы, біз сіздермен 15 мың оқырманға жеттік 🥳 Бізге тіркелген әр оқырманға мың алғыс. Біз сіздерді жақсы көреміз ❤️ Сіздің: @kitapsuyer 😀

Періште қай ғаламда, Пейішке барасың ба? Адам көп айналамда, Анам жоқ арасында. Өмірде көп амал бар, Өлімнің жоқ амалы.. Анасы жоқ адамдар, Құдайдың балалары... © Ақжол Түменбай

Баяғыда дүниенің дәмі көңілдің жылуында еді. Ал қазір адам көңілінен гөрі дүние жылтырағы қадірлі болып барады. Көңілдің орнына – пайда, ізгіліктің орнына есеп кірді. Жылы сөзге уақыт таба алмаған жандар дүние үшін тәулік бойы тыным таппайды. Байлық көбейген сайын мейірім азайып, қалта қалыңдаған сайын жүрек жұқарды. Бәлкім, біз қайтадан көңілдің қадірін түсінгенде ғана дүниенің де, өмірдің де шынайы құнын ұғармыз. Дүние – өткінші, ал көңіл – мәңгілік ізгі қасиет. Көп пенде осыны ұқпай жүр. 🗣️ Бекжан Тұрыс

Көрмеппін жерден мұндай жан, Көрімдік алса Күн алсын. Құтқарып алған мұңды ойдан, Құдіреттің өзі шығарсың. 💌 С. Томанов

Алатауым, ала, арша, асқағым-ай, Қапталдағы қасқа бас қаспағың-ай. Құлазыған қу тастар таудың іші, Құмартпаймын тауларға жастағыдай. Таулар жатыр өкініп таздығынан, Аңғар жақтан еседі бағзы бір ән. Адамзаттың ұрпағы азып барад, Тау мінезді жандардың аздығынан. Сөзі тәуір болғанмен өзі бөлек, Дәу пенделер отырар төріме кеп. Шынайы асқақ жандарды аңсағанда, Таулар ғана тұрады көзіме кеп. Сөзі жақсы болғанмен арман басқа, Отырады төрімде жалған қасқа. Кең өлкемде керілген қарап тұрсам, Елде ештеңе қалмапты таудан басқа. Жер ортасы Көктөбе келген жаста, Дүниеде не көрдік сордан басқа? Заңғар таулар алыстап кеткеннен соң, Жалған тауға не шара алданбасқа? ©Есенқұл Жақыпбек

«Өмірдегі ең зор бақыт — өзіңді керек адам сезіну» 🧠 Оралхан Бөкей