ch
Feedback
ҚҰРАН КӘРІМ (ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ АУДАРМА)

ҚҰРАН КӘРІМ (ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ АУДАРМА)

前往频道在 Telegram

📗ҚҰРАН КӘРІМ ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ АУДАРМАСЫ ✍️АВТОР: ӘКІМХАНОВ АСҚАР БОЛАТБЕКҰЛЫ, АНАРБАЕВ НҰРЛАН САЙЛАУҰЛЫ

显示更多
2 826
订阅者
-224 小时
-147 天
-3530 天
帖子存档
Әссәләму 'әләйкум құрметті оқырмандар! Аллаһ нәсіп етсе аз күннің ішінде дәл осы Құран тәпсірі бойынша жазбалар жариялайтын б
+1
Әссәләму 'әләйкум құрметті оқырмандар! Аллаһ нәсіп етсе аз күннің ішінде дәл осы Құран тәпсірі бойынша жазбалар жариялайтын боламыз! Әзірге парақшаға тіркеліп, қолдап қоюларыңызды сұраймыз!

Repost from N/a
📌 Хиджаб қалай парыз болды? 🎙️Ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет

139. (Уа, Мұхаммед! Өздерін ғана тура жолдамыз деп санайтын кітап иелеріне): «(Біз Алланың сүйікті де таңдаулы пенделеріміз деп,) бізбен Алла жайында керісіп, шекіспексіңдер ме? Анығына келгенде, Алла біздің де, сендердің де Раббыларың (дін мәселесінде бізге не бұйырса, сендерге де соны бұйырады. Егер алған беттеріңнен қайтпайтын болсаңдар), онда біздің істегендеріміз өзімізге, сендердің істегендерің өздеріңе (әркім өзі үшін жауап береді). Біз сеніміміз бен барлық іс-әрекеттерімізде Оның бұйрықтарын басшылыққа алып, Оның разылығына бөленуді ғана көздейтін ықыласты жандармыз», – деп айтыңдар. 2:139 https://t.me/kuran_karim_kz

135. Сондай-ақ яһудилер «яһуди болыңдар», ал христиандар «христиан болыңдар, сонда ғана тура жолды табасыңдар» – дейді. Сен оларға: «Жоқ, күпірлік пен Аллаға серік қосудан аулақ болып, таухид сенімі негізінде Ибраһимнің дінін ұстанғанда ғана тура жолда боласыңдар», – деп айт. Ибраһим әсте мүшріктердің қатарында болған емес. 2:135 https://t.me/kuran_karim_kz