ой таспа
前往频道在 Telegram
шимайларым, қиялдарым. ЕСКЕРТУ: жазбаларымды алатын болсаңыздар, автордың ақысына кірмей, белгілеуді сұраймын🙌🏻 — махаббатпен, Ұлпан Нұржанова🤍
显示更多哈萨克斯坦5 297未指定类别
564
订阅者
无数据24 小时
-37 天
-1530 天
帖子存档
564
Шашылса деп бір күні маған арай,
Жол жүреді ойларым саған қарай.
Қысқартам деп үзігін екі араның,
Жарықты шырақ қылып жағам қалай?
#UN_poetry
564
- Уақытында жасамасаң, өкінесің,- деді…
Бәрін жақсы білемін. Өкінетінімді. Ойлайтынымды. Сан соғатынымды. Жанымда бір “әттеген-ай”, жүректе бір жазылмас тыртық қаларын. Жақсы білем. Осының бәрін біле тұра, қыпылықтап қаламын. Сондай әлсізбін, қырсықпын, қыңырмын. Әйтеуір “Тағдырыма жазылса, бір мәнісі болар”,- деп мыңқ етпей отыра беремін. Бұныма еш дауа да, сұрау да жоқ болып тұр.
#UN_notes
564
Кетпей қойған ойымнан есімің бе?
Сені ойлау - емім бе? Кесірім бе?
Толқыны көп жағаға қанша бардым,
Жұбатпады мені еш Есілім де…
Сенбей мүлде жаныңда бақ барына,
Сені ойлау жүрекке жақпады ма?
Қатырып сол жүректі айналсам ғой,
Сен жүрген Алатаудың ақ қарына?
Үзігін толтырам деп қашықтықтың,
Қиялды сені ойлаумен шашып біттім.
Сағынған түндерімнің сұрауындай,
Сені мен қаншама күн тасып күттім….
Ұ.Н
#UN_poetry
564
И я, наверно, худшая,
Кем бы ты мог дышать
Моя душа колючая,
Дай мне с тобою стать
Хотя бы на каплю лучше
P.S песни Асии>>>
564
Кеш болмай тұрғанда
ойыңды жеткіз
сезіміңді білдір
тәуекел ет
қолыңнан келгенше әр сәтіңді бақытты естеліктерге толтыр
тым жаттанды болса да, өзіме де, сізге де айтарым осы!
#UN_notes
564
Сағыныш жесе жаныңды,
Қалымды біліп жазып тұр.
Тағдырға жүрек бағынды,
Қиялды қайтем тағып құр…
#UN_poetry
564
Бұл дүниеде барлығы адамның игілігі үшін, адамға қызмет ету үшін өзінің мінсіздігіменен, саф кереметімен жаратылған. Сол игіліктерге лайық деген үлкен сеніммен, шексіз махаббатпен адами болмыс та жаратылса керек. Бірақ қазіргі айналаның “бірағы” көп, “әттеңі” де жетерлік. Себебі бізге таңдау берілді. Сол таңдаудың бергі шеті мейірім-махаббат болса, арғы шеті ессіз суықтық шығар-ау… Содан ілініп-салынып тұрған, жел тисе мың шайқалатын күзгі жапырақтай жүрегімізбен мың құбыламыз, болмашыға өкпемізді өшіреміз, арғыдан бергіге, бергіден арғыға сабылып, ортасын, шегін, орнын, құнын білмей жатамыз. Иә, сондаймыз. “Ешқашан”, “әрқашан”, “үнемімен” басталатын уәдемізді ұмытамыз. Бір күні айнадан ең сорлы құбыжықты көрсек, екінші күні өзімізді періште санаймыз. Өзге түгіл өзімізге қастандық жасап, сан соғып жатамыз. Мен де сол керуеннің көшімін. Бүгінгіні ертеңмен жалғайтын. Тұрақсыз. Ертең жансыз судың өзі қалай жұмсалдың, қай игілікке жарадың деп сұралса, менің сұрауым қандай болмақ?
#UN_notes
564
Болса деп ем,
Болса деп ем хақ түсім.
Ой қорыту -
Осы менің шақ күшім.
Көктем болып
Жазылсаңшы маңдайға,
Көктен тілеп
Жүрген менің ақ құсым…
Тағдырым да
Тақсын келіп сырғасын.
Саған жетер
Жаңбыр болып бір жасым.
Шығар бәлкім
Үмітім де үзілмей,
Сен мен үшін
Дұға тілеп тұрғасын…
Екі арада
Қашықтық бар. Тұр жазық.
Қосамын деп
Жел де жатыр құлазып.
Бергі жақта,
Шабыт теріп жүрермін,
Арғы жақта,
Сен жүрген соң жыр жазып.
Ұ.Н
19.11.2023
#UN_poetry
564
Кейде…
жұмыстан шаршап, басыңдағы бар кеңістік ой дейтін шырмауықпен оралып, үйге қайтып бара жатқанда бос, тас қараңғы үйге емес, жылулыққа оралғың келеді.
Кейде…
көмейдегі жұтылып қалған үніңді еститін, ешкім түсінбей қалған ойыңды түсінетін әрі соның барлығын маңызды деп санайтын жүрекке ашылғың келеді.
Кейде…
жаратылыстың ең болмаса біреуінің аласы болмайтына, араны ала қылмайтынына сенгім-ақ келеді.
#UN_notes
564
Қалқаман Сарин
Мені ешкім сағынбасын.
Сен сағын!..
Сағын... көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма?
– деп, таңғалсын
Аспан.
Ай.
Күн.
Жер шары!..
Мені ешкім іздемесін.
Сен ізде!..
Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе!
Дәл осылай бола ма екен сүюге?
– деп таңғалсын
Өзен,
Мұхит,
Теңіз де!..
Мені ешкім ойламасын.
Сен ойла!..
Сен ойласаң, мен сеземін қалайда...
Сезе тұрып айта алмаған тіл ғәріп,
Көз өтірік айта алмайды алайда!..
Мені ешкім аңсамасын.
Сен аңса!..
Аңсауларда армандар бар о, қанша?!.
...Жер бетінен пәк махаббат жоғалса,
Ғұмыр кешу қиын маған адамша!..
564
Парақталған аппақ менің хаттарым,
Кетірердей жанымның бар дақтарын.
Жолдансын деп есіміңді жазайын,
Ішінде көп үнсіз қалған шақтарым…
Сөздерімді сараладым, баптадым,
Өзімді емес, мен өзіңді ақтадым…
Ішкі әлемім - өз-өзіме құбыжық,
Саған артар кінә бірақ таппадым…
Осы хатты сағынышпен қаптадым,
Жазған құрлы әлеміме жақпадым..
Құрсын бәрі деген оймен соңында,
Жазылғанды жыртып-жыртып,
Таптадым….
Ұ.Н
2.11.23
#UN_poetry
564
Арқаның салқын желі шашын сипап, күні сол шашын сарғайтып өсірген ерке қыздың армандарының аласа болуы мүмкін емес-ау. Ал жүрегі ше? Жүрегі де сол Арқаның даласындай. Кең. Шетсіз. Тыныштық ұялататын ұяңдық пен үнсіздікке толы.
#UN_notes
564
Қарағандым, менің Қарағандым тағы да қара жамылды💔 Отбасын асыраймын деп жер астында тер төккен әрбір шахтерды Алла панасына алсын…
